Диссертация Отандық ғылыми кеңесшілер: п.ғ. д.,профессор


«Құзыреттілік», «Болашақ дене мәдениеті мұғалімдерінің басқарушылық құзыреттілігі» ұғымдарының сипаттамасы



бет26/63
Дата31.12.2021
өлшемі3,92 Mb.
#23522
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   63
Байланысты:
3-ДИССЕРТАЦИЯ-РЫСКАЛИЕВ-С.Н.

«Құзыреттілік», «Болашақ дене мәдениеті мұғалімдерінің басқарушылық құзыреттілігі» ұғымдарының сипаттамасы

Халықаралық Комиссияның «Білім беру: жасырын қазына» баяндамасында білімнің негізін құрайтын «төрт тірек» тұжырымдалды: білім алуды үйрену, жасауды үйрену, бірге өмір сүруді үйрену, өмір сүруді үйрену. Бұлар шын мәнінде негізгі жаһандық құзыреттіліктерді анықтады [93].

Берндегі симпозиумда (1996 ж. 27-30 наурыз) Еуропа Кеңесінің бағдарламасы бойынша білім беру реформалары үшін білім алушылар табысты жұмыс үшін де, одан әрі білім беру үшін де меңгеруі тиіс негізгі құзыреттерді айқындау маңызды болып табылады деген мәселе қойылды [94].

«Құзыреттілік» және «құзыретті болу» ұғымдары бүгінгі таңда негізгі педагогикалық категориялардың бірі ғана емес, сонымен қатар пәнаралық зерттеулердің объектісі болып табылады.

Бұл жағдайда зерттеу процесі әлеуметтік өзгерістерге ыңғайлы бейімделуге, білім әлеуетін толықтыруға, кәсіби дағдылар мен дүниетанымдық бағыттарды жаңартуға ішкі ресурстарды табуға мүмкіндік беретін жеке тұлға құрылымындағы компоненттерді анықтауға негізделген.

Осы екі ұғымның мазмұны туралы пікірлердің кең ауқымы И.А. Зимняя [41], А.В. Хуторский [14], А.К. Маркованың [42] және т.б. еңбектерінде келтірілген.

Қазіргі педагогикада «құзыреттілік» термині келесідей түсіндіріле бастады:


  • кәсібиліктің жеке компоненті (Т.Ю. Базаров [95]);

  • маманды даярлау сапасының нәтижесі мен критерийі (И.А. Зимняя

[41]);

  • білім беру мазмұнын жаңғыртудың практикалық көрінісі (В.В.

Краевский [96]);

  • кәсіби-педагогикалық құзыреттіліктің базалық құрамдас бөлігі (В.М. Антипова [97], К.Ю. Колесина [98]);

  • рефлексивті құзыреттіліктің құрамдас бөлігі (В.А. Метаева [99]) және

т.б.

Анықтамаларда жекелеген айырмашылықтар болса да, авторлар пікірін

тоғыстыратын нәрсе - құзыреттілік ұғымының кәсіби бағыттағы қызметтің

қандай да бір түріне қатысты болуы. Басқару қызметі қажетті білім, білік, қабілет жиынтығына ие тұлғаның белгісі не бейнесі ретінде жұмыс атқара отырып, туындаған проблемаларды тиімді шешуге, нәтижелі іс-қимыл жасауға септеседі.

Құзыреттілік ұғымына келетін болсақ, ол кәсіби өкілеттіктер мен қызметтердің жиынтығы ретінде білім беру үдерісі үшін тиімді қызмет етуге қажетті шарттармен қамтамасыз ететін құбылыс деп түсініледі.

А.В. Хуторский оқушыға қатысты құзыреттілік ұғымын былайша сипаттайды:

«Құзыреттілік – білім алушының белгілі бір саладағы сапалы да нәтижелі қызметі үшін қажетті білім дайындығына қойылатын әлеуметтік талап (норма). Құзыреттілік - оқушының қызмет бағыты бойынша жеке көзқарасын қамтитын қажетті құзыреттілікке ие болуы. Құзыреттілік - оқушының қалыптасқан жеке ерекшелігі (қабілеттер жиынтығы) және тиісті саладағы белгілі тәжірибесі. Құзыреттіліктер оқушыларға тиісті құзыреттіліктерді игеру, қалыптастыру үшін ұсынылады» [14].

Г.К. Селевко еңбектерінде осы ұғым туралы сәл өзгеше түсінік бар. Ол:

«Құзыреттілік ұғымы көбінесе түлектің дайындығында көрсетілген білім беру нәтижесін көрсету үшін қолданылады. Ол түлектің іс-әрекеттің әдістерін, құралдарын нақты иелену, қойылған міндеттерді шешу мүмкіндігінен, қоршаған ортаны түрлендіруге мақсат қоюға және оған қол жеткізуге мүмкіндік беретін білім, білік пен дағдылардың үйлесімінен көрініс табады. Құзыреттілік көбінесе оқу және әлеуметтену процесінде алынған және іс- әрекетке тәуелсіз және сәтті қатысуға бағытталған білім мен тәжірибеге негізделген іс-әрекетке жалпы қабілет пен дайындықта көрінетін тұлғаның интегралды сапасын білдіреді»- дейді.

Г.К. Селевконың атап өтуінше, «Құзыреттілік ұғымы білім немесе дағды ұғымына қарағанда әлдеқайда кең, ол когнитивті (білім) және операциялық- технологиялық (дағдылар) компоненттерін ғана емес, сонымен қатар мотивациялық, этикалық (құндылық бағдарлар), әлеуметтік және мінез-құлық компоненттерін де қамтиды. Құзыреттілікті игеру ақыл-ойды ұйымдастыруды, маңызды интеллектуалды дамуды қажет етеді: яғни абстрактілі ойлау, өзін-өзі көрсету, өз ұстанымын анықтау, өзін-өзі бағалау, сыни ойлауды талап етеді» [100].

Э.Ф. Зеер «құзыреттілік» және «құзыретті болу» ұғымдарын мүлдем басқаша түсіндіреді [32]. Кәсіптік білімге қатысты, оның пікірінше, адамның құзыреттілігін оның білімі, дағдылары мен тәжірибесі анықтайды. Белгілі бір әлеуметтік-кәсіби жағдайда осы білімді, дағдыларды және тәжірибені жұмылдыру қабілеті кәсіби табысты тұлғаның құзыреттілігін сипаттайды.

Т.В. Абрамова, Н.Г. Корнещук пен Ш.Г. Рубин «құзыреттілік» және

«құзыретті болу» ұғымдарын түсіндіруге тағы бір, алтыншы көзқарасты ұсынады»: «Құзыреттілік - өз білімі мен дағдыларын қолдану қабілеті. Құзыреттілік нақты проблемалық жағдайларда кез-келген қызметті жүзеге асыруға дайындықта көрінеді. Ол жеке тұлғаға бағытталған іс-әрекетте

көрінеді және адамның (маманның) кәсіби қызмет үшін адами әлеуетін іске асыру қабілетін сипаттайды [101].

Құзыреттілік деп жеке тұлға қасиеттерінің ықпалдастырылған сипаттамасы, білім беру мекемесінің белгілі бір салаларда қызмет атқару үшін даярланған түлегін даярлау нәтижесі түсініледі.

Құзыреттілік - адамның өз құзыреттілігін іс жүзінде жүзеге асыру қабілеті, кәсіби қызметтің нәтижелі орындалуын қамтамасыз ететін іс- әрекеттің жалпылама тәсілдері. Құзыреттілік сөздің кең мағынасында қабілет, білік,мүмкіндік, дағды және түсіну дегенді білдіреді. Құзыретті адам - белгілі бір салада жеткілікті дағдылары, білімі мен мүмкіндіктері бар адам».

Ғылыми–педагогикалық әдебиеттерді талдай келе, басқарушылық құзыреттілік басқару құзыреттерінің жүйесі деп анықтауға болады, олар оқу мен кәсіби міндеттерді шешуде сапаға мән береді.

Құзыреттіліктерді қалыптастыру нақты ресурстарды ұйымдастыруды қажет ететіндігін 3-ші суреттен көруге болады.





Сурет 3 ‒ Құзыреттіліктерді қалыптастырудың ішкі ресурстары Сонымен қатар, құзыреттіліктерді қалыптастырудың сыртқы

ресурстарын атап өтуге болады (Сурет 4).

Ресурстарды бірлесіп ұйымдастыру жеке мақсат қоюды, өзін-өзі ұйымдастыруды, командалық жұмысты таңдау үшін жағдай жасау арқылы қалыптасады.




Сурет 4 ‒ Құзыреттіліктерді қалыптастырудың сыртқы ресурстары
Құзыреттілікті қалыптастыру оқытудың мазмұнын да, психологиясын да өзгертуді талап етеді:

  • ішкі мотивация өзін-өзі дамыту көзі ретінде;

  • өзін-өзі ұйымдастыру тұтас қызметті меңгеру шарты ретінде;

  • өз құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін өзіндік референция;

  • тұлғалық-маңызды нәтижелерге қол жеткізу;

  • білім беру үрдісінің барлық субъектілерінің тиімді өзара іс-қимылы.

Құдайбергенева К.С. құзырлылық табиғаты оқу нәтижесінен бастау алғанымен, негізінен, іс-әрекеттік, тұлғалық тәжірибелерінің өз бетімен ұйымдастырылуында, адамның өздік дамуының, өздік өсу сатысына көтерілуінің салдары, құзырлылық жеке пәндер жетістіктерінің емес, білім беру жүйесінің нәтижесі деген тұжырымдарымызға сәйкес түлектің нәтижелілігін, тиімділігін айқындаушы «шығу» критерийі рөлін атқарады деп түйіндейді [46].

Әрі қарай, біз В.Г. Афанасьевтің басқару функцияларының ең жалпыланған жіктелуін қарастырамыз. В.Г. Афанасьев басқару шешімдерін даярлау мен қабылдауды, ұйымдастыруды, реттеу мен түзетуді, есепке алу мен бақылауды басқару циклынан туындайтын негізгі қызеттерге жатқызады. Автор ақпаратты жинау және түрлендіру функциясы барлық кезеңдерге, тұтастай алғанда бүкіл басқару цикліне сәйкес келетінін нақтылап өтеді [102]. Бұл тұжырымды Б.Ф. Ломов пен А.Л. Журавлев те қолдайды. Олар басқарушы қызметінің құрылымында оның қызметінің басты сатыларына сай боп табылатын төмендегідей іс-әрекеттерді атап өтеді: ұзақ және қысқа мерзімді жоспарлау, жедел жоспарлау, жағдаят болмысына бейімделу және оны болжау-бағалау, шешімдер даярлап, қабылдау, болашақта орын алар нәтижелерді болжамдау, қол жеткізілген шешімдер жиынтығының нәтижелі болуын ұйымдастыру, қорытындыларды қадағалау, оларды сыннан өткізу

және бағыттау [74].

Менеджер немесе басқарушының бірқатар даусыз қасиеттерге ие болуы керек екені баршаға аян: біріншіден, басқару ғылымын (теория мен практиканы) білу; екіншіден, дамудың жоғары жалпы деңгейіне ие болу (тұжырымдамалар мен бағдарламалардың мәнін түсіну, талдау жүргізу, өз ойларын нақты жеткізе білу қабілеті); үшіншіден, өзіне деген сенімділік (оның ішінде ұмтылыс, өзін-өзі бақылау, мақсаткерлік); төртіншіден, коммуникативті болу, адамдардың мінездері мен құлқын жақсы түсіну; бесіншіден, жұмысты соңына дейін, қажетті нәтижелерге дейін жеткізе білу.

М. Вудкок пен Д. Фрэнсис қазіргі жағдайда менеджерлердің келесі дағдылар мен қабілеттерге ие болу қажеттілігін атап өтеді: өзін-өзі басқару қабілеті; ақылға қонымды жеке құндылықтар; нақты жеке мақсаттар; тұрақты жеке өсуге баса назар аудару; мәселелерді шешу дағдылары; тапқырлық және жаңашылдық қабілеті; басқаларға әсер етудің жоғары қабілеті; қазіргі басқару тәсілдерін білу; басқару қабілеті; бағыныштыларды оқыту және дамыту қабілеті; тиімді жұмыс топтарын қалыптастыру және дамыту қабілеті [103].

Менеджерлердің адамдарға әсер ету қабілеті мен тиімді топтар құру қабілетінің ерекше маңыздылығын барлық зерттеушілер мен мамандар атап көрсетеді. Өткен ғасырдың танымал менеджері Ли Якокка өзінің әйгілі кітабында барлық экономикалық операцияларды үш сөзбен белгілеуге болады деген. Олар: адамдар, өнім, пайда. «Егер сенімді команда болмаса, онда басқа факторлардан көп нәрсе күтуге болмайды». Шамасы, бұл туралы одан артық ешкім айта алмас [104].

Бұл ұстанымды барлық заманауи ресейлік зерттеушілер қолдайды. Мысалы, Л.Б. Сульповар мен Р.Г. Маннапов менеджердің маңызды қасиеттерінің қатарына «көпқырлы, көпфункционалды топтарды басқару және олардың жұмысына сындарлы қатысу қабілетін» жатқызады [105].

Сонымен қатар, өз командасын өз бетінше әрекет етуге үйрету өте құнды. Шетелдік зерттеушілер атап өткендей, басшылықтың міндеті проблемаларды анықтау мен шешуде ғана емес, адамдардың өздері өз мәселелерін анықтап, шеше алатын ортаны құру болып табылады. Ол үшін басшылық ұйымды қайда апаратыны және оны мақсатқа жеткізетін күш туралы нақты түсінікке ие болуы керек. Бұл идея ұйымдастырушылық мәдениетке үлкен аса зор әсер етеді.

Сонымен қатар, ұйымда қолайлы орта құруға үлкен мән беріледі, осыған байланысты «жақсы менеджердің басты артықшылығы - өндірістік процестерді дамыту үшін не қажет екенін анықтау, содан кейін өнімді жұмыс ортасын құруға көмектесетін бастамаларды таңдау және енгізу мүмкіндігі» деп баса айтылады [106].

Ол үшін менеджердің аналитикалық, ұйымдастырушылық, психологиялық, шығармашылық қабілеттері болуы керек. Жақсы денсаулыққа, дене шынықтыруға, дұрыс өмір салтына, тұрақты психикалық жағдайға негізделген менеджердің жоғары жеке өнімділігі маңызды.

Сонымен қатар, менеджерге тән эмоциялар (және оларды пайдалы және жағымды деп санайтын себептер) мыналарды қамтиды: а) толқу: өйткені ол

белсенділікті ынталандырады; б) эмпатия: өйткені ол басқаруды адамгершілікке жұмылдырады; в) білуге құштарлық: себебі ол алға жылжуға көмектеседі; г) қызығушылық: себебі ол жаңа салаларды игеруге көмектеседі; д) сенімділік: өйткені ол жұмысшылардың күш-жігеріне беріктік қосады [107]. Егер біздің зерттеуімізге жақынырақ қарайтын болсақ, жоғары оқу орындары шығаратын мамандардың дене шынықтыру саласындағы басқарушылық құзыреттілігі олардың кәсіби құзыреттілігінің ажырамас бөлігі болып табылады, себебі дене шынықтыру университетінің барлық түлектері дене шынықтыру және спорт қозғалысының әртүрлі буындарын басқару субъектілері ретінде әрекет етеді және әртүрлі масштабтар мен бөлімшелерде

басқару функцияларын орындайды.

Мамандардың басым бөлігі дене шынықтыру институтын бітіргеннен кейін бірден орта буын басшылары (аға жаттықтырушылар және т. б.) және арнайы, мақсатты бағытталған басқарушылар (спорт мектептерінің директорлары, спорттық комитеттер басшылары, спорт клубтарының, кооперативтердің жетекшілері және т. б. ретінде) болады. Олардың барлығы, негізінен, институтта оқу процесінде алған басқарушылық құзыреттілікке сүйенеді. Алайда, мамандықтың қолданыстағы біліктілік сипаттамалары, біздің ойымызша, осы әлеуметтік қажеттіліктегі қызметтің барлық спектрін қамтымай, маман даярлау процесінің негізгі мазмұны мен ұйымдастырылуын ғана анықтайды.

Зерттеулер көрсеткендей, сенімді, жігерлі және тапқыр әрекет ету қабілеті эмоционалды жетілуді қажет етеді, оны өткір жағдайларға тап болу, олармен тиімді күресу, өз іс-әрекеттері туралы алаңдамау және келесі жолы оларды қалай жақсарту керектігін білу қабілеті ретінде анықтауға болады.

Дене шынықтыру және спорт мамандарын басқарушылық даярлаудың мазмұны: гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер блогын (сөйлеу мәдениеті, философия, экономикалық теория және т. б.); Арнайы пәндер блогын (спорт метрологиясы, дене шынықтыру және спорт педагогикасы мен психологиясы, дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі, және т.б.); басқару бағытына жататын пәндер жиынтығын (дене шынықтыру және спорт менеджменті және т. б.) қамтиды.



Сонымен бірге, мәселе бойынша ғылыми әдебиеттерге шолу болашақ дене мәдениеті мұғалімдерінің іс-әрекетінің кейбір ерекшеліктерін бөліп көрсету қажеттілігін қарастырады (Сурет 5):

    • Педагогикалық (оқыту, дамыту, тәрбиелеу). Айналысатын салалар (денсаулық және қозғалыс мүмкіндіктері)

    • Оқу-әдістемелік (жоспарланған құжаттарды, оқу-әдістемелік

құралдарды, әзірлемелерді, схемаларды және т. б. әзірлеу) оқыту, білім беру және тәрбиелеу технологиясы

    • Ғылыми-зерттеу қызметі (жаңа білімдерді, жүйелер мен технологияларды әзірлеу) оқыту және білім беру заңдылықтары

    • Ұйымдастыру-басқару (дене шынықтыру мен спортты әлеуметтік дамыту) қызмет процесіндегі байланыстар мен қатынастар жүйесі

    • Үгіт-басқару қызметі (халықты ағарту, дене шынықтыру мен спортты насихаттау) Шұғылданушылардың қажеттіліктері мен мүдделері.



Сурет 5 ‒ Болашақ дене мәдениеті мұғалімдерінің қызмет түрлері


Орыс ғалымдарының мұғалімдердің басқарушылық қызметі туралы ғылыми зерттеулерін талдау компоненттердегі ерекше белгілері бар авторлық ұстанымдарды көрсетеді.

Мысалы, М.В. Селиверстова менеджер мұғалімнің басқару қызметінің моделінде басқарушылық құзыреттердің бес блогын бөліп қарастырған: стратегиялық басқару, тактикалық басқару, ақпараттық ағындарды басқару, өзін-өзі басқару (өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі дамыту), ұжымдарды басқару [108], ал Е.Ю. Зимина өз зерттеулерінде [109] функционалды-аналитикалық тәсіл негізінде кешенді жүйе болып табылатын басқару құзыреттілігінің компоненттерін негіздейді және анықтайды: құндылықты мақсат қою, алдын ала жоспарлау, нәтижелерді болжау және басқару қызметінің рефлексиясы (Сурет 6).

Дене шынықтыру және спорт маманы кәсіби қызметін бастай отырып, әлеуметтік мәртебесін арттыруға дайын болуы тиіс, бұл құзыреттілікке, атап айтқанда, басқару қызметінің дағдыларына арнайы талаптар қояды.

В.С. Шериннің айтуынша, басқару дағдылары оқу процесінде қалыптасады және маманның спорттық менеджменттің мазмұны болып табылатын жоспарлау, ынталандыру, үйлестіру, ұйымдастыру, бақылау, байланыс және зерттеуге байланысты мәселелерді шешуге дайындығын анықтайды.






Сурет 6 ‒ Ресей ғалымдарының еңбектеріндегі мұғалімнің басқарушылық қызметінің компоненттерін салыстырмалы талдау
Ал бұлар, өз кезегінде, спорттық менеджменттің мазмұны болып табылады. Дайындық оқу процесінде қалыптасқан басқарушылық білімді, дағдыларды біріктіруден және оларды нақты жағдайларда – басқарушылық шешімдерді дайындау мен іске асыруда қолданудан көрінеді [110]. Интеграцияланған нақты білім, дағдылар өз кезегінде кәсіби құзыреттіліктің негізі болып табылатын кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастырады.

Сонымен, дене шынықтыру және спорт бағытындағы маманның басқару



қызметін қалыптастырудың құзыреттілік моделін келесі 7-суретте ұсынамыз [111].


Сурет 7 ‒ Дене шынықтыру және спорт маманының басқару қызметінің құзыреттілігін қалыптастыру моделі (В.С. Шерин)
Бұдан әрі біз 1-ші кестенің контент-талдауы негізінде «басқару»,

«басқару құзыреттілігі» категорияларының мәнін ашуға тырыстық.


Кесте 1 - Шетелдік және қазақстандық зерттеушілердің еңбектеріндегі

«басқару», «басқару құзыреттілігі» ұғымдарының контент-талдауы (1991- 2018 жж.)




Авторлар

Анықтама

Әдебиет

1

2

3

Басқару

авторлар ұжымы

басқару - әр түрлі ортаның белгілі бір құрылымын сақтай отырып, белгілі бір

Национальная энциклопедия




қызмет режимінде қолдау (әлеуметтік, биологиялық, техникалық)

Казахстана Алматы, 1999 г

2 том, 720с., С.164



Шамова Т. И.

басқаруды білім беру мекемесінің

Менеджмент в




басшылары мен білім беру процесінің басқа қатысушыларының оны ретке

управлении школой: учеб. пособие для




келтіру және қойылған міндеттерді орындауға неғұрлым жауап беретін жаңа сапалы күйге ауыстыру бойынша белсенді

слушателей системы ППК организаторов образования/ М.:




өзара іс-қимылы ретінде қарастырады.

1995. - 226 с.

1 – кестенің жалғасы


1

2

3

Сластёнин В.А.

басқару деп қойылған мақсатқа сай басқару нысанын ұйымдастыруды, қадағалауды, жүйелеуді, негізді мәлімет

арқылы талдау мен қорытындылауды қамтитын қызмет деп санайды.



Педагогика: инновационная деятельность. М., 1997-220с.

Атаманчук Г.В.

басқару-бұл мақсат қою, яғни тікелей (өзін-өзі басқару нысандарында) және арнайы құрылған органдар мен құрылымдар (мемлекеттік органдар, саяси партиялар, Қоғамдық бірлестіктер, кәсіпорындар, қоғамдар, одақтар және т.б.) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін адамдардың өздерінің қоғамдық өміріне шығармашылық, ойластырылған,

ұйымдастырушылық және реттеуші әсері.

Управление: сущност ь,

ценность, эффективно сть: учебное пособие для вузов. - М.: Акад. проект, Культура, 2006.



Нурмухаметова Р. Молдагалиев Б.

іс-шаралар тобы: жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, ынталандыру

және оның нәтижелерін талдау процесі.



Педагогика. Сөздік. – Ақтау, 2010. - б. 13.

Коняева Е.А., Павлова Л.Н.

білім беруді басқару қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және басқару жүйесі.

Краткий словарь педагогических понятий. - Челябинск,

2012. - С.118.



Новиков А.М.

әр түрлі сипаттағы ұйымдасқан жүйелердің биологиялық, әлеуметтік, техникалық компоненті, қызметі ретінде олардың тиісті жүйелілігінің, жұмыс тәртібінің сақталуын, бағдарламаның

жүзеге асырылып, қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.



Педагогика. Словарь системы основных понятий.-– Москва, 2013. -С. 227.

Сулейменова З., Кошанова М.

мектептегі психологиялық, ұйымдастырушылық және әдістемелік процестер мен қатынастарды саналы

реттеу.


Словарь психолого – педагогических терминов. Көкшетау,

2014. С. 9.



Басқарушылық құзыреттілік

Шамова Т.И.

жеке және әлеуметтік маңызды педагогикалық нәтижелерге қол жеткізуге басқарушылық білім, білік және әлеуметтік тәжірибе, жеке қасиеттер,

шығармашылық бағыт кешенін біріктіру.

Внутришкольное управление: вопросы теории и практики. - М.: 1991.

Марин М.И., Иванихин И.В., Лончак С.И.

педагог қызметінің барлық құрамдастарына (мақсаттарына,

принциптеріне, мазмұнына, технологияларына және т.б.) сәйкес білім алушыларды тиімді басқаруды ұйымдастыру үшін қажетті ішкі ресурстар

жүйесі.


Оценка управленческой компетентности руководящих кадров ГПС: Метод. пособие.

- М.: 1998. - С. 10.



1 – кестенің жалғасы


1

2

3

Заславская О.Ю.

белгілі бір пәндік салада тиімді білім беру процесін жүзеге асыру үшін қажет және жоғары мамандандырылған білімді, пәндік дағдылардың ерекше түрін, ойлау тәсілдерін, сондай-ақ олардың іс- әрекеттері үшін жауапкершілікті қамтитын ерекше қабілет

Развитие управленческой компетентности учителя в системе многоуровневой подготовки в области методики обучения информатике: Автореф. дис д-ра

пед. наук. - М.: 2008. - С. 3.



Шамина Н.П.

бастауыш мектепте білім беру процесінің барлық субъектілерін оқыту, тәрбиелеу және дамыту мақсатында басқарушылық функциялар мен жеке қасиеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін функционалды және жеке компоненттердің интегративті бірлігі.

Формирование управленческой компетентности будущего педагога начальной школы: Автореферат дис. …

канд. пед. наук. - Самара, 2013. -24 с.



Мальгин В. Е.

Басқару құзыреттілігін дамыту кәсіби білімді үнемі игеру және жаңарту процесіне ықпал етеді, бұл өз кезегінде көшбасшыны оқыту және сертификаттау жүйесі арқылы мүмкін болады.

Проблемы и перспективы развития образования.

Статья: «Развитие управленческой компонентности руководителя

спортивной школы» 2014.


Асқарқызы С.

Әлеуметтік педагогтың басқарушылық құзыреттілігі мынадай басқарушылық функцияларды жүзеге асырады: ақпараттық-аналитикалық, мотивациялық-мақсаттық, бақылаушы- диагностикалық, реттеуші-түзетуші, жоспарлы-болжамдық, ұйымдастырушы және орындаушы.

Университет жағдайында әлеуметтік- педагогикалық жұмыс менеджерлерін даярлаудың ғылыми- педагогикалық негіздері, философия докторы дәрежесін алуға арналған дисертация,Алматы,

2018.

Осылайша, басқару кең мағынада ұйымдық жүйелердің (биологиялық, техникалық, әлеуметтік, педагогикалық және т. б.) жалпы функциясы ретінде түсініледі.

Кестедегі мәліметтерді қорытындылай келе, мұғалімнің басқарушылық құзыреттілігі функционалды, әдістемелік және жеке компоненттерден тұрады деп айта аламыз. Демек, педагогикалық іс-әрекеттің мазмұны кәсіби

құзыреттермен анықталады, яғни мұғалімнің мамандыққа дайындығы мен іске асырылу деңгейі; педагогикалық басқарудың мазмұны құзыреттілікті құрайтын компоненттермен анықталады. Бұдан шығатыны, педагогикалық қызметтің мазмұны мамандықтың шартты түрде өзгермейтін құрамдас бөлігі болып табылады; педагогикалық басқарудың мазмұны бір-біріне әр түрлі тәуелділікте болатын және осы құзыреттілікті жүзеге асыру кезінде сұраныстың әр түрлі деңгейінде болатын басқарушылық құзыреттіліктің құрамдас бөліктері жиынтығымен анықталады.

О.И. Сторожева жалпы білім беру мекемелері басшыларының арнайы және әдістемелік басқарушылық құзыреттерінің құрамын, оның ішінде компоненттер жиынтығын атап көрсетеді: арнайы басқарушылық құзыретінің компоненттері: басқарушылық шешімдердің нұсқаларын өз бетінше әзірлеу қабілеті; типтік басқарушылық міндеттердің стандартты емес шешімдерін табу қабілеті және дайындығы; өзінің басқарушылық қызметінде кәсіби лексиканы сауатты пайдалана білу; басқарушылық жағдайларды талдаудың қарапайым дағдыларын меңгеру; жаңалықтар бағдарламаларын әзірлеу қабілеті және дайындығы [112].

Әдістемелік басқару құзыретінің құрамдас бөліктері: басқару функцияларын жүзеге асыру қабілеті және дайындығы; нормативтік құжаттарды пайдалана және жасай білу; қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыра білу; Басқару объектілерінде әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық процестердің дамуын болжау және бағалау әдістерін білу; экономикалық өсу бағдарламаларын әзірлеу және пайдалану қабілеті; басқаруда талдамалық, зерттеу жұмысына қабілеті және дайындығы.

Сонымен қатар, көптеген зерттеушілердің пікірінше, мұғалімнің басқарушылық құзыреттілігі - бұл өзін-өзі айқындау, жағдаяттық мақсат қоя отырып, оған қол жеткізудің қажетті ресурстарын іріктеу, дербес шешім шығару, білім алушылардың танымдық іс-қимылын үйлестіру, өз іс-әрекетін рефлекстеу және білім беру процесінің барлық қатысушыларының іс- әрекетінің рефлексиясын ұйымдастыру қабілеттерін қамтитын күрделі жеке психологиялық білім..

Осылайша, ғылыми әдебиеттерді талдау мұғалімнің басқарушылық құзыреттілігі дегеніміз негізгі және арнайы құзыреттіліктер қызметіндегі өзекті көрініс, оның ішінде басқару саласындағы теориялық және практикалық бағытталған білім, дағдылар, мектептегі оқу процестерін алдын-ала жоспарлау, модельдеу және болжау, оқыту әдістемесін тиімді меңгеру, өз қызметін басқару, сонымен қатар оқушылардың оқу процесінде олардың іс- әрекетін басқару қабілеті деп түсінілетіндігін көрсетті. Олардың қатарына оқыту кезінде технологияларды іріктеу және барабар тиімді пайдалану, мектепте осындай технологияларды іріктеу мен пайдалануды басқару; мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттерін жетілдіру арқылы оқыту процесінде басқарушылық функцияларды іске асыру, басқару саласында жаңа білім мен дағдыларды өз бетінше алу, өз қызметінің барысы мен нәтижелерін ұғыну негізінде кәсіби құзыреттілікті жетілдіру жатқызылады.

Жоғарыда айтылғандар болашақ дене мәдениеті мұғалімінің басқарушылық қызметі оның имидждік бағытымен тығыз байланысты екенін растайды.

Біздің көзқарасымыз, басқарушылық қызметтің тиімділігін арттыратын маңызды талап етілетін кәсіби сапа кәсіби имиджге айналады[113] .

С.Н. Захарова кәсіби имидж бұл әрбір педагогтың маңызды құзыреті, оны қалыптастыру еңбекті көп қажет ететін процесс және өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың нәтижесі екенін атап өтеді [114]. Имидж - бұл адамдармен қарым-қатынас орнатуға көмектесетін құрал. Мұғалімнің имиджі - бұл оқушылардың, әріптестердің, әлеуметтік ортаның көрінісіндегі қалыптасқан бейне. Жеке педагогикалық имиджді және педагогикалық қызметтің жеке стилін дамытуда педагогикалық кәсіби имиджді қалыптастырудың шарты ретінде жеке имиджді қалыптастыруға басымдық беріледі.

С.Д. Якушева пікірінше, мұғалімнің имиджі – бұл тұлғаның интегративті сапасы, зияткерлік, габитарлық, кинетикалық, сөйлеу, қоршаған орта және көркем мәдениеттің синтезі.

Педагог имиджінің құрамдас бөліктері: – зияткерлік мәдениет – бұл шығармашылық бастаудың дамуымен және педагог тұлғасының кәсіби шеберлігінің өсуімен байланысты ойлау, рефлексия және өзін-өзі тану икемділігі; - габитарлы (лат. habitus-сыртқы келбеті) мәдениет - бұл жеке тұлғаның мәдениеті, оның ішінде түс схемасын, физикалық және психофизиологиялық ерекшеліктерін анықтайтын жеке тұлға; кәсіптің талаптарына сәйкес жеке шығармашылық сипаттаманы белгілейтін стиль (романтикалық, спорттық, драмалық); педагогке әріптестер мен білім алушылар арасында қазіргі заманғы және танылуға көмектесетін қазіргі заманғы мәдениет; - сөйлеу мәдениеті - стиль сезімін, дамыған талғам мен эрудицияны көздейтін, тіл мен танымдық үдерістер арасындағы объективті байланыстар қағидаты негізінде дамитын жеке мәдениет; – орта мәдениеті - материалдық және әлеуметтік талғам (қоршаған орта мен аксессуарлар); - әртістік мәдениет - кәсіби қызмет пен қарым-қатынастың әртүрлі түрлерінде жалпы мәдениет пен әртістік, аксиологиялық және эстетикалық-этикалық қағидаттардың бірлігін жүзеге асыратын тұлғаның интеграцияланған сапасы [16].

С.Д. Якушева пікірінше, мұғалім имиджінің моделі - өзара байланысты төмендегідей компоненттердің құрылымдық жиынтығы: Ішкі (білім, білік, қабілет, көзқарас, құндылық, өзін-өзі бағалау, өзіндік тұжырымдама), сыртқы (габитарлы, вербалды, кинетикалық, экологиялық және материалдандырылған элементтер) және процессуалдық (басшылық стилі және қарым-қатынас стилі). Аталған компоненттер өзара бірін-бірі толықтырып отыратын коммуникативті, ақпараттық, конативті, когнитивті, эмоционалды, мотивациялық, ұйымдастырушылық, тәртіптік, селективті, компенсаторлық, өкілдік, шығармашылық, тәрбиелік, бейімделу, денсаулық сақтау функциялардан көрініс табады [16].

Мұғалімнің имиджін қалыптастыруда оның өзін-өзі таныстыру қабілеті мен көрсетуі маңызды орын алады.

Е.Б. Перелыгина өзін-өзі таныстыруды имиджді құру қызметі ретінде анықтайды. Егер басқалар адамның бейнесін тартымды деп қабылдаса, мұндай әрекетті тиімді деп тануға болады [115].

Позициялау, яғни өзін-өзі көрсету Г.Г. Почепцовтың пікірінше, белгілі бір адамдар тобының мүдделерін, қажеттіліктерін, үміттерін, талаптарын білуді ескере отырып, имидж құру; өзара әрекеттесу процестерін оңтайландыруға ықпал ететін сыртқы бағаланатын сипаттамаларды таңдау және ұсыну мүмкіндігі; визуалды модельдеу, сыртқы ортадағы қызмет нәтижелерін жобалау және ұсыну [116].

Мұғалім қандай білікті маман болса да, ол өзінің жеке және кәсіби қасиеттерін үнемі жетілдіріп отыруы керек, осылайша ол өзінің жеке имиджін, жеке «Мен» бейнесін жасайды. Мұғалімнің имиджін қалыптастыру киім стилінің, бет-әлпеттің, ым-ишараттың, сөйлеудің ерекшеліктерімен жасалған алғашқы әсерден басталады. Сыртқы сипаттамалар ішкі жеке қасиеттер тарапынан қолдау табуы керек: жалпы эрудиция, өмірлік мақсаттар мен көзқарастар, айналадағы адамдарға және болып жатқан оқиғаларға деген көзқарас. Имидж тұлғаның өз әлеуетін жүзеге асыруының негізі болып табылады: ал педагог үшін ол қоғам тарапынан бағалау және айналадағы қоршаған ортаның өзіне деген қарым-қатынасының индикаторы болып табылады.

А.Н. Жмыриков мінсіз, бастапқы және қайталама имиджді ерекшелейді. Мінсіз имидж - бұл адамдардың қалаған көшбасшының қасиеттері туралы орташа бейнесі. Мінсіз имиджді ешқашан шынайы өмірде жүзеге асыру мүмкін емес. Бастапқы имидж - бұл белгілі бір адамның жеке тұлға, индивид, іс-әрекет субъектісі ретіндегі жан-жақты көрінісі, бастапқы имидж адаммен алғашқы танысу нәтижесінде адамдардың санасында көрініс табады. Бастапқы имидж идеалды имидждің негізгі сипаттамаларын көрсетеді, бірақ бірқатар басқа ерекшеліктерде ол идеалдан ерекшеленеді. Екінші имидж бәсекелестік процесінде ғана пайда болады. Бұл адамдар санасында бейнесі идеалды имиджге жақын көшбасшыны табуға деген ұмтылыс пен бейнесі идеалды идеяға қайшы келетін көшбасшыдан аулақ болуды қалау арасындағы көрініс. Бастапқы имидждің негізгі ерекшеліктерін сақтай отырып, қайталама имидж дамып келе жатқан жағдайдың шындығын көрсететін жаңа «үстірт» белгілерді қосады [117].

Имидждің қалаған түрі біз ұмтылатын нәрсені көрсетеді. Бұл әсіресе жаңадан құрылған жаңа құрылымдар үшін өте маңызды. Олар туралы әлі ешкім білмейді, сондықтан бұл мүмкін болатын жалғыз имидж ретінде әрекет ете алатын қалаулы имидж. Біз әртүрлі қоғамдық қозғалыстардың сипаттамаларында және жаңа құрылымдарды құруда осындай тәсілдерді жиі кездестіреміз. Ескі құрылымға жаңа тұлғаның әр келуі бірден оның жаңа қалаулы имиджімен байланысты.

Параграф бойынша қорытындылар:

Мұғалім қандай білікті маман болса да, ол өзінің жеке және кәсіби қасиеттерін үнемі жетілдіріп отыруы керек, осылайша ол өзінің жеке имиджін, жеке «Мен» бейнесін жасайды. Мұғалімнің имиджін қалыптастыру киім стилінің, бет-әлпеттің, ым-ишараттың, сөйлеудің ерекшеліктерімен жасалған алғашқы әсерден басталады. Сыртқы сипаттамалар ішкі жеке қасиеттер тарапынан қолдау табуы керек: жалпы эрудиция, өмірлік мақсаттар мен көзқарастар, айналадағы адамдарға және болып жатқан оқиғаларға деген көзқарас.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет