Диссертация с. М. Исаев Ғылыми жетекші: филол. ғ. д филол ф.ғ. к. К. Н. Уәли Алматы, 2007 жыл мазмұНЫ



бет22/47
Дата29.05.2022
өлшемі1,15 Mb.
#35856
түріДиссертация
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47
Бірінші тарау бойынша тұжырым

- қазақ тіліндегі түбір сөз морфема емес, ол туынды, біріккен, қосарлы сөздер қатарында тілдің сөздік құрамына және екі тілдік сөздікке енетін негізгі атауыш сөздер;


- Ы.Е.Маманов грамматикалық форма тудырушы қосымшаларға қойылатын мынадай критерийлерді көрсетеді: а) жалғанған сөзінің лексикалық мағынасын өзгертпейді, грамматикалық формасын тудырады; ә) грамматикалық форма тудырушы қосымша бірнеше сөз табына не тұтас бір сөз табына, не бір сөз табының белгілі бір тобына талғаусыз түрде жалғанып, грамматикалық абстракция жасайды; б) грамматикалық форма тудырушы қосымша жалғану арқылы жасалған грамматикалық форма тілдің сөздік құрамына және екі тілдік сөздікке енбейді, олар тек сөйлемде ғана қолданылады;
- сөйлемде грамматикалық формалармен түрленетін толық мағыналы атауыш сөздер (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) тек қана екі түрде: не түбір сөз түрінде, не грамматикалық формада қолданылады. Былайша айтқанда, қазақ тіліндегі қосымша жалғанған сөздер не тілдің сөздік құрамына енетін туынды түбір сөз (лексикалық бүтін), не белгілі бір сөз табына тән грамматикалық форма болып қалыптасады;
- қазақ тіліндегі қосымшаларды тілдік материалға сәйкес, сөз тудырушы және форма тудырушы деп екі топқа бөліп қарау арқылы ғана сөздің морфологиялық құрылымын лингвистикалық тұрғыдан дұрыс тануға болады;
- -дай, -дей тұлғасын форма тудырушы қосымша, ал осы қосымша жалғанып жасалған жаңа сөздер -дай, -дей қосымшасының сөзжасамдық қызметінің негізінде жасалмаған, ол сөздер о баста форма тудыру, яғни салыстыру, ұқсату мағыналарын үстеу үшін қолданылып, бірте-бірте үнемі қолданыла келе, тұрақталып, сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі арқылы бүтін сөзге айналған деген қорытынды шығарып, бұл тұлғаны зат есімнің функциялық формасын тудыратын грамматикалық көрсеткіш деп көрсетеді;
- Ы.Маманов -ша, -ше қосымшасының сөзжасамдық, форма жасаушылық қызметін ажыратып көрсетеді. Ғалымның көзқарасы бойынша, қимыл-әрекеттің субъектісі болатын кез келген зат есім сөзге -ша, -ше тұлғалығын жалғап (менше, Оспанша, құсша, адамша, оқушыша, шешенше т.б.), сонымен қатар олардың көптік (Оспандарша, адамдарша), тәуелдік (әкесінше, достарынша) формаларынан кейін жалғап салыстыру мағынасын беруге болады;
- Ы.Маманов -сыз, -сіз қосымшасын зат есімнің функциялық формасын тудыратын грамматикалық көрсеткіш (зат есімнің жоқтық мағынасын білдіретін атрибут формасы) деп анықтайды;
- -лық, -лық қосымшасының зат есім, сын есім, сан есім және өткен шақ формасына түгелдей жалғануын негізге алып, -лық, -лік о баста форма тудырушы болып, келе-келе бұл формадағы кейбір сөздер белгілі бір ұғымда ұдайы қолданылу нәтижесінде мағыналары нақтыланып, туынды түбір сөзге айналған деген қорытынды жасайды;
- ғалым -ғы, -гі қосымшасы түбір сөздерге жалғанғанда, сөз тудыру қызметін атқарып, сөздік құрамға енетін туынды түбір сөздер жасайды. Ал грамматикалық формаларға жалғанғанда, форма тудыру қызметінде жұмсалып, жалғанған сөзіне екінші бір грамматикалық мағына үстейтінін негізге алып, екі түрлі қызмет атқарады деген қорытынды жасайды;
- Ы.Маманов -шы, -ші қосымшасы түбір сөздерге жалғанғанда, сөз тудыру қызметін атқарып, сөздік құрамға енетін туынды түбір сөздер жасайды. Ал грамматикалық формаларға жалғанғанда, форма тудыру қызметінде жұмсалып, жалғанған сөзіне екінші бір грамматикалық мағына үстейді» деп, -ғы, -гі қосымшасы сияқты екі түрлі қызмет атқарады деген тұжырым жасайды;
- Ы.Маманов -сы, -сі аффиксі есімше формасынан кейін жалғанған кезде сол жалғанған сөзін модификацияландырады, яғни жалғанған сөзіне субъективтік рең білдіретін етістік формасын жасайды деп көрсетеді;
- Ы.Маманов шырай категориясына байланысты екі мәселенің басын ашып берді: бірі – шырай категориясындағы жай шырай деп аталатын түрінің шырай формасы бола алмайтындығы, оның басқа шырай формаларына негіз болатын түбір сөз екендігі, екіншісі – -ғыш, -шыл, -қай, -қылтым т.б. жұрнақтарының шырай жұрнақтарына жатпайтындығы, оларды грамматикалық абстракция жасамайтындықтан сөзжасам қосымшаларына жатқызу қажеттігі;
- көптік жалғау – сөзжасамдық қосымша емес. Өйткені оның бойында сөзжасамдық қосымшаларға тән талғампаздық қасиет жоқ. Ол зат есім, сын есім, сан есім, етістіктің есімше формасына жаппай жалғанып, грамматикалық абстракция жасайды; көптік жалғаудың жанама қызметте жұмсалуындағы кейбір мағыналық реңктеріне қарай, оларды басқа сөз табының (мысалы, болжалдық сан есім) сөзжасамдық қосымшасы деп қарау дұрыс емес; тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары сөйлемде сөз бен сөзді байланыстырса, көптік жалғау үнемі сөз байланыстырушылық қызмет атқара бермейді. Көптік жалғаудың сөз байланыстырушылық қызметі бірінші және екінші жақта предикаттық қатынасқа түскен сөздерде ғана байқалады. Әрқашан сөз байланыстырмайтын сипаты жағынан ол жалғаудан гөрі жұрнаққа жақын;
- Ы.Маманов нөлдік формаға ілік, табыс, барыс септік тұлғасын және бұйрық райдың екінші жақ жекеше түрін жатқызады; нөлдік формада тұрған сөз бен сөздің түбірі бір емес. Түбір сөзде лексикалық мағына мен жалпы грамматикалық мағына болады, ал нөлдік формадағы сөзде лексикалық мағына, жалпы грамматикалық мағына, бұған қосымша категориялық грамматикалық мағына болады. Өйткені нөлдік форма грамматикалық категорияның бір мүшесі; нөлдік форма сыртқы тұлғасы жағынан ғана түбір сөзбен сәйкес келеді. Ол түбір сөзден категориялық грамматикалық мағына білдіруімен, сондай-ақ сөз байланыстырушы қызметі арқылы ажыратылады;
- Ы.Е.Маманов қазақ тілінде белгілілік-белгісіздік категориясы бар деп көрсетеді. Олардың арнаулы грамматикалық көрсеткіштерін де анықтайды. Ғалым табыс, ілік септіктерінің ашық, жасырын келу ерекшеліктерін қазақ грамматикасындағы белгілілік-белгісіздік ұғымымен байланысты қарау керек деген концепция ұсынады.

2 Ы.Е.МАМАНОВТЫҢ ЕТІСТІК ТЕОРИЯСЫ: ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ МЕН КӨЗҚАРАСТАРЫ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет