Диссертация с. М. Исаев Ғылыми жетекші: филол. ғ. д филол ф.ғ. к. К. Н. Уәли Алматы, 2007 жыл мазмұНЫ



бет20/47
Дата29.05.2022
өлшемі1,15 Mb.
#35856
түріДиссертация
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47
Сағат он екілерде келеді, жасы он үштер шамасында, жеті-сегіздерге келген бала т.б. дегендегі он екілер, он үштер, жеті-сегіздер – лексикалық бүтін емес, болмаса сан есімнің лексика-семантикалық категориясы емес, бұлар көптік қосымшасының мағыналық реңктері (қырлары). Мұны сызба түрінде көрсетсек:

тер


Он бес

Он бес+тер

туынды түбір тіркесті түбір грамм. форма


(лексикалық мағына) (лексикалық мағ.) (грамм. мағ.)
Сызбадан байқайтынымыздай, он бестер деген тәрізді көптік жалғау жалғанып тұрған сөздер дәстүрлі түсінікте сөз тудырушы бірлікке жатқызылған еді. Ал Ы.Мамановтың ғылыми концепциясы бойынша бұл сөздер сөз тудырушы емес, сөздің грамматикалық формасын жасаушы бірлікке жатады. Өйткені мұндай аффикстерде талғампаздық болмайды, типтес сөздердің барлығына жалғанады да, грамматикалық абстракция жасайды, сондықтан сөздің грамматикалық формасына жатады. Ғалым былай деп жазады: «-лар, -лер қосымшасы жалғану арқылы жасалған көптік форманың мағыналық қырлары да әр алуан. Түркі тілі грамматикаларында есептік сан есімге -лар, -лер қосымшасы жалғанған түрін (екілер, үштер, ондар) болжалдық сан есім деп атап, оны өз алдына жеке, сан есімнің семантикалық тобы деп үйретеді (Мысал 1954 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында). Осы тәрізді бір грамматикалық форманы, контекстегі немесе түбір сөздің семантикасына байланысты туатын әртүрлі мағыналарына бағындырып, әр жеке грамматикалық құбылыс деп қараушылық тюркологиялық еңбектерде жиі кездеседі. Әрине, сөздің грамматикалық формасы мен оның мағынасы бір-бірімен тұтас өзара байланысты құбылыс. Ал сөздің морфологиялық құрылымын талдауда, бірінші планға сөздің грамматикалық формасын қою керек пе, жоқ, грамматикалық мағынасын қою керек пе? Бұл тіл білімі үшін тез шешуді керек ететін өте маңызды мәселелердің бірі» [3, 54 б.].
Ы.Маманов көптік жалғаудың мағыналық қырларын көрсету барысында оның сөзжасам мен формажасамға қатысын көрсете алған. Мысалы, -лар, -лер көптік жалғау формасын барлық сан есімге жалғап болжалдық мағына білдіруге болады: екілер шамасында, он үштерге келіп қалған, жиырмалар шамасында т.б. Грамматикалық абстракция форма тудырушы қосымшаларға тән екіші сипаты болса, ал бірінші сипаты – жалғанған сөзінің лексикалық мағынасына нұқсан келтірмей, грамматикалық мағына үстеу.
Сонымен Ы.Мамановтың (Ғалым теориясын дамытқан С.Исаевтың) ғылыми концепция бойынша мынадай тұжырымдар нақты айқындалды:
1) көптік жалғау – сөзжасамдық қосымша емес. Өйткені оның бойында сөзжасамдық қосымшаларға тән талғампаздық қасиет жоқ. Ол зат есім, сын есім, сан есім, етістіктің есімше формасына жаппай жалғанып, грамматикалық абстракция жасайды. Басқа сөз таптарына жалғанғанда ол сөздерді көбінесе заттандырып тұрады. Ал кейбір жағдайларда басқа да мағыналар үстеп, жанама қызметте жұмсалады. Осымен байланысты көптік жалғаудың жанама қызметте жұмсалуындағы кейбір мағыналық реңктеріне қарай, оларды басқа сөз табының (мысалы, болжалдық сан есім) сөзжасамдық қосымшасы деп қарау дұрыс емес.
2) қай тілдің болмасын, морфологиялық құбылыстарын зерттегенде, грамматикалық форманы бірінші кезекте қарау керек те, оның білдіретін мағынасын сол формадан туатын екінші кезектегі құбылыс деп тану керек. Бұл орайда ғалым грамматиканың «формадан мағынаға қарайғы» бағытын басшылыққа алып, оны қатаң ұстанған. Тілдің құрылымдық жүйесін осы принципті ұстану арқылы ғана толық сақтауға болады деп таныған. Осымен байланысты көптік жалғаудың көпмағыналық қызмет атқаруын, яғни болжалдық т.б. мағыналарда жұмсалуын, оның жанама қызметі деп көрсеткен.
3) Ы.Маманов лексикалық тәсілді сөздердің ішкі семантикасында болатын тілдік құбылыс деп түсіндіреді. Синтаксистік тәсілді де басқаша қарастырады. Ғалымның пайымдауынша, грамматикалық форма ол синтаксистік түрі болсын, не аналитикалық түрі болсын жеке тұрып сұраққа жауап бере алмайды, жеке сөйлем мүшесі бола алмайды. Ғалым бұл мәселеге морфологиялық тұрғыдан қарайды.
4) көптік жалғау жалғаудың басқа түрлерінен сөйлемде атқаратын функциясына қарай ерекшеленеді. Тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары сөйлемде сөз бен сөзді байланыстырса, көптік жалғау үнемі сөз байланыстырушылық қызмет атқара бермейді. Көптік жалғаудың сөз байланыстырушылық қызметі бірінші және екінші жақта предикаттық қатынасқа түскен сөздерде ғана байқалады. Әрқашан сөз байланыстырмайтын сипаты жағынан ол жалғаудан гөрі жұрнаққа жақын.
Ы.Мамановтың жоғарыда тұжырымдалғандай көптік жалғау туралы тың ойлары бір көптік жалғау мәселесін ғана емес, оның тілдік табиғатымен байланысты грамматикалық категория, функционалдылық, көпмағыналылық, сөзжасам т.б. тілдік құбылыстардың табиғатын кеңірек түсінуге септігін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет