Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған басылымдар тізіліміне енгізілген Қр бғм бғсбк 30. 05. 2013 ж



Pdf көрінісі
бет15/33
Дата10.01.2017
өлшемі5,56 Mb.
#1566
түріДиссертация
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33

100
ұғымдардың  аудармасының  болу-болмауымен 
емес,  сөйлемдердің  дұрыс  құрылып,  мазмұнды 
түсінікті  бере  білуімен  байланысты  екендігін 
ескеру. Дұрыс сөйлем құруда тілдік құралдардың 
барлығын  орынды  қолдана  білуді  ескерудің 
маңызы зор. 
Бүгінгі  күні  заңнама  тіліне  ең  қажеттісі: 
аудармадағы тілге түсініктілік, заңнама стилінде 
беруге  ұмтылу,  сөйлемнің  жатықтығы  мен 
сөздердің арасындағы, сөйлемдердің арасындағы 
байланыстың болуы.
Қорытындылай  келе,  заң  жобасын  әзірлеу-
шілердің  заң  техникасы  талаптары  мен  қазақ  
тілін  жетік  меңгермеуі,  іс  қағаздары  мен 
нормативтік  құқықтық  актілердің  қазақ  тілінде 
дайындалмауы,  ал  орыс  тілінде  дайындалған 
құжаттарды  мемлекеттік  тілге  аударуда  тең 
түпнұсқалықтың  сақталмауына  байланысты 
кемшіліктер орын алып отыр. Осының салдары-
нан мемлекеттік тіл дамуының қазіргі деңгейінде 
заң әзірлеу, құжат тілі аудармашы мамандардың 
күшімен ғана орнығып, ұлттық заңнама тілі мен 
терминологиясы  орыс  тіліндегі  нұсқаға  байла-
нып қалу құбылысы белең алуда. 
Қазақ  тіліндегі  заң  мәтіндерінде  мәтін 
мазмұнын  өзгертіп  жіберетін,  заң  нормаларын 
өрескел  бұрмалайтын  аударма  кемшіліктерінен 
арылу үшін заң жобаларын қазақ тілінде әзірлеп, 
заңгерлік  сараптамалық  тұрғыдан  жүйелі  сара-
лаудан өткізу қажеттілігі туындап отыр. 
Мемлекеттік тіл мемлекеттік іс болғандықтан, 
қазақ тілінде заң әзірлеу ісі мемлекеттік деңгейде 
қойылуға  тиіс.  Сондай-ақ,  мемлекеттік  тіл  сая-
сатын  іске  асыру  міндетіне  жауапкершілікпен 
қарау  қажеттілігі,  заң  саласында  терминдердің 
дұрыс  әрі  бірізді  қолданылу  мәселелері  әлі  де 
болса ерекше назар аударуды қажет етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан 
халқына арнаған Жолдауы.
2.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2009  жылғы  24  тамыздағы  №858  жарлығымен 
бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық 
саясат тұжырымдамасы.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.
4.  О  нормативных  правовых  актах:  Закон  Республики  Казахстан  от  24  марта  1998  года  //                              
БД «Закон».
Мақалада заңнамалық актілерді аударуда кездесетін түйткілді мәселелер қарастырылған.
Түйін сөздер: ұлттық заңнама тілі, аударма мәселелері, тең түпнұсқалық.
В  статье  рассматриваются  проблемные  вопросы,  возникающие  при  переводе  нормативно-
правовых актов.
Ключевые слова: язык национального законодательства, проблемы перевода, аутентичность. 
In article the problem questions arising at the translation of normative legal acts are considered.
Keyword: language of the legislation, translation problem, authenticity.
Гүлжан Кәрімқызы Ақылбекова, 
ҚР  Заң  шығару  институты  Лингвистика  орталығының  НҚА  және  халықаралық  шарттар 
жобаларына ғылыми лингвистикалық сараптама секторының жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к.
Нормативті  құқықтық  актілердің  қазақ  және  орыс  тілдеріндегі  мәтіндерінің  тең 
түпнұсқалығы мәселелері (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі материалында)
● ● ● ● ●

101
Из практики законотворчества на государственном языке
Акылбекова Гульжан Каримовна, 
ведущий  научный  сотрудник  сектора  научно-лингвистической  экспертизы  проектов  НПА                   
и международных договоров Центра лингвистики Института законодательства РК, к.ф.н.
Проблемы  аутентичности  текстов  нормативно-правовых  актов  на  казахском  и  русском 
языках (На примере Гражданского кодекса Республики Казахстан)
Akylbekova Gulzhan Karimovna,
leading  research  fellow  of  the  Linguistic  Center  of  the  Institute  of  Legislation  of  the  Republic                                 
of Kazakhstan, c.f.s.
Problems of authenticity of texts of normative legal acts in the kazakh and russian languages            
(of Сivil Code of the Republic of Kazakhstan as an example)

№ 1 (33) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заң шығару институтының жаршысы  
102
Кез келген мемлекет ел болып қалыптасқан 
кезден бастап ішкі және сыртқы күштерін рет-
теп,  барлық  үде-үрдісін  заңды  жолға  қоюға 
қам жасайды. Мемлекетте тұрып жатқан әрбір 
азаматтың  әл-ауқатын  жақсарту  жолында 
құқығын  қорғауға  қолайлы  жағдай  туғызуға 
тырысады.  Ал,  бұл  белгілі  бір  құрылым,  ел-
жұртына жаны ашитын патриот азаматтардың 
араласуынсыз жолға қойылмайтын шаруа. 
Дәл осы мақсатты жүзеге асыру үшін еліміз 
тәуелсіздік  алған  алғашқы  жылдары-ақ  Заң 
шығару  ғылыми  зерттеу  институты  құрылған 
болатын.  Бұл  ұйым  құрылған  күннен  бастап, 
еліміздің  заң  жобалау,  қалыптастыру  ісіне  ба-
рынша  ат  салысып  келеді.  Сол  игі  істердің 
бірі  ретінде  Институт  құрамында  2011  жылы 
ашылған Лингвистика орталығының қарқынды 
түрде  қызметін  бастағандығын  және  оның 
алғашқы  нәтижелері  жайлы  ауыз  толтырып 
айтуға болады. 
Лингвистика  орталығын  құрудағы  басты 
мақсат  Қазақстан  Республикасының  Заңы  жо-
баларына,  Қазақстан  Республикасы  қатысушы 
болуға  ниеттенетін  халықаралық  шарттардың 
жобаларына  ғылыми  лингвистикалық  сарап-
тама  жасау,  яғни,  олардың  қазақ  және  орыс 
тілдеріндегі мәтіндерінің тең түпнұсқалылығын 
қамтамасыз ету болып табылады.  
Қазақстан  Республикасының  Үкіметіне, 
Парламент Мәжілісіне, Президент Әкімшілігіне 
ұсынылар  алдында  заң  жобаларына  және 
халықаралық шарттардың жобалары бойынша 
– оларға қол қойылғанға дейін лингвистикалық 
сараптама  міндетті  түрде  жүргізілуі  тиіс.  Бұл 
міндет  «Қазақстан  Республикасы  қатысушы 
болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бой-
ынша,  сондай-ақ  халықаралық  шарттардың 
жобалары  бойынша  ғылыми  сараптама  жүр-
гізу  қағидасын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Рес-
публикасы  Үкіметінің  2010  жылғы  14  қыр-
күйектегі  №938  қаулысында  және  «Норма 
шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөнiндегi 
шаралар  туралы»  Қазақстан  Республика-
сы  Үкіметінің  2002  жылғы  30  мамыр  №598 
қаулысында бекітілген. 
Жүргізіліп  жатқан  ғылыми  сараптама 
нәтижесінде кездесіп жатқан түсініспеушіліктер 
мен  ескертулер  көп  жағдайда  жауапсыз  қалып 
сол сапасыз құжаттардың ұсынылуы тілге деген 
намысты көзқарастың жоқтығын көрсететіндігі 
сөзсіз. 
Жұмыс  барысында  қолданыстағы  заңнама-
дан  Қазақстан  Республикасы  Азаматтық 
кодексінің  Ерекше  бөлімін  (бұдан  әрі  -  Ко-
декс)  талдай  отырып  әттеген-ай  деген  көп 
жағдайларды кездестіруге болады, соларға шолу 
жасап  өтсек.  Аталған  кодекстің  422-бабында 
орыс тіліндегі мәтінде екі рет қайталанған «та-
кого  рода»,  «для  целей»  сөз  тіркестері  қазақ 
тіліне  екі  түрлі  нұсқада  аударылғанын  атап 
өтеміз.  Мысалы,  422-баптың  2-тармағының 
орыс тіліндегі мәтіні: «2. При отсутствии в до-
говоре условий о качестве товара продавец обя-
зан передать покупателю товар, пригодный для 
целей,  для  которых  товар  такого  рода  обычно 
используется.». 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСІНДЕГІ 
БІРІЗДІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мединаева Ақерке Аманқызы,
ҚР Заң шығару институты 
Лингвистика орталығының НҚА 
және халықаралық шарттар жобаларына 
ғылыми лингвистикалық сараптама 
секторының аға ғылыми қызметкері
Хамзина Назгүл Амантайқызы,
ҚР Заң шығару институты 
Лингвистика орталығының НҚА 
және халықаралық шарттар жобаларына 
ғылыми лингвистикалық сараптама 
секторының аға ғылыми қызметкері

103
Из практики законотворчества на государственном языке
Осы  тармақтың  қазақ  тіліндегі  нұсқасы: 
«2.  Шартта  тауардың  сапасы  туралы  талаптар 
болмаған  жағдайда  сатушы  сатып  алушыға 
әдетте  осы  сияқты  тауар  пайдаланылатын 
мақсаттарға жарамды тауар беруге міндетті.». 
Ал осы баптың 5-тармағының орыс тіліндегі 
мәтіні:  «5.  Товар,  который  продавец  обязан 
передать  покупателю,  должен  соответствовать 
требованиям, предусмотренным настоящей ста-
тьей, в момент его передачи покупателю, если 
иной момент определения соответствия товара 
этим требованиям не предусмотрен договором, 
и в пределах разумного срока должен быть при-
годным  для  целей,  для  которых  товар  такого 
рода обычно используется.». 
Тиісінше,  5-тармақтың  қазақ  тіліндегі 
нұсқасы:  «5.  Сатушы  сатып  алушыға  беруге 
мiндеттi  тауар  оны  сатып  алушыға  берер  кез-
де,  егер  тауардың  бұл  талаптарға  сәйкестiгiн 
айқындаудың 
өзгеше 
жағдайы 
шартта 
көзделмесе,  осы  бапта  көзделген  талаптарға 
сәйкес  келуге  тиiс  және  қисынды  мерзiм 
шегінде әдетте осы тектес тауар пайдаланыла-
тын мақсаттар үшін жарамды болуға тиіс.» [1].
Көрсетілген тармақтарда орыс тіліндегі «та-
кого  рода»  тіркесі  қазақ  тілінде  «осы  сияқты» 
және  «осы  тектес»  деп  екі  түрлі  аударылған. 
Айта кетейік, орыс тіліндегі дәл осы тіркестің 
«осы  тектес»  деп  аударылған  нұсқасы  орын-
ды  деп  пайымдаймыз.  Бұл  тіркес  434-баптың 
2-тармағында, 
771-баптың 
2-тармағында, 
784-баптың 2-тармағында да кездеседі. 
Одан  басқа,  мысалға  келтірілген  тармақ-
тарда  «для  целей»  тіркесі  де  кездеседі.  Оның 
қазақ  тіліндегі  нұсқасына  назар  аударсаңыз 
2-тармақта  «мақсаттарға»,  ал  5-тармақта 
«мақсаттар үшін» деп екі түрліше аударылғанын 
байқаймыз. 
Сонымен  қатар,  осы  Азаматтық  кодекстің 
кейбір  баптарында  орыс  тіліндегі  «законода-
тельные акты» сөз тіркесі «заң актілері» деп те, 
«заңнамалық  актілер»  деп  те  аударылған.  Біз 
жоғарыда  қарастырған  баптың  4-тармағында 
«Если  в  соответствии  с  установленными  зако-
нодательными  актами  порядком  предусмотре-
ны обязательные требования к качеству прода-
ваемого товара, то продавец, осуществляющий 
предпринимательскую  деятельность,  обязан 
передать  покупателю  товар,  соответствующий 
этим обязательным требованиям.» делінсе, оның 
қазақ  тіліндегі  нұсқасында:  «Егер  сатылатын 
тауардың сапасына заң актiлерiнде белгiленген 
тәртiпке  сәйкес,  мiндеттi  талаптар  көзделсе, 
кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын сатушы 
сатып алушыға осы мiндеттi талаптарға сәйкес 
келетiн  тауар  беруге  мiндеттi.»  деп  жазылған. 
Егер  осы  Кодексте  «заңнамалық  актілер»  сөз 
тіркесі 41 рет қолданылса, «заң актілері» - 32 рет 
қолданылған. Ал орыс тіліндегі «законодатель-
ные акты» сөз тіркесі 321 рет қолданылған. Бұл 
аталған терминдердің бірізді қолданылмағанын 
және  кейбір  баптарда  олардың  мүлдем  қалып 
кеткенін  куәландырады.  Айта  кетейік,  «за-
конодательные  акты»,  «заңнамалық  актілер», 
«заң  актілері»  тіркестері  әр  түрлі  септікте 
қолданылғандықтан,  оларды  атау  септігінде 
жазып отырмыз. 
Демек,  көрсетілген  тармақтарда  орыс 
тіліндегі  тіркестерді  екі  түрліше  аударуға 
жол  берілген,  ал  бұл  қазіргі  уақытта  өзекті 
проблемалардың  бірі  болып  саналады,  себебі 
терминдер  мен  сөздердің  бірізділігінің  сақта-
луына  заң  жобаларында  және  халықаралық 
шарттар жобаларында аса назар аударылады. 
Сондай-ақ 
осы 
Кодекстің 
493-бабы 
2-тармағының екі тілдегі мәтіндерін салыстыра 
келе, қазақ тіліндегі мәтінде тең түпнұсқалылық 
сақталмағанына  куә  боламыз.  Атап  айтқанда, 
аталған  баптың  2-тармағының  орыс  тіліндегі 
мәтіні: «2. Права и обязанности по отношению 
к  работникам  предприятия  переходят  от  про-
давца  к  покупателю  предприятия  в  порядке, 
предусмотренном трудовым законодательством 
Республики Казахстан.».
Ал  қазақ  тіліндегі  нұсқасында:  «2. 
Кәсiпорынның 
қызметкерлерi 
жөнiндегi 
құқықтар  мен  мiндеттер  Қазақстан  Респуб-
ликасының  еңбек  заңнамасында  көзделген 
тәртiппен  сатушыдан  сатып  алушыға  ауыса-
ды.» деп жазылған. [1].
Осы  тармақтағы  «по  отношению  к  работ-
никам»  тіркесін  «қызметкерлерiне  қатысты» 
деп  аударған  орынды  деп  пайымдаймыз,  ал 
«сатушыдан»  сөзінен  кейін  «кәсіпорынды» 
деген  сөздің  аударылмағанын  жоғарыда  атап 
өткен «мүлдем қалып кеткен» сөздер қатарына 
жатқызуға болады.  
Сонымен қатар, осы Кодекстің 790-бабының 
2-тармағы  екінші  бөлігінің  орыс  тіліндегі 
мәтінінде:  «Хранителем  по  судебному  секве-
стру может быть как лицо, назначенное судом, 
так  и  лицо,  определяемое  по  взаимному  со-
гласию  спорящих  сторон.»  делінген.  Ал  қазақ 
тіліндегі  нұсқада  «Сот  секвестрi  бойынша 
сақтаушы сот тағайындаған адам да, дауласушы 
жақтардың өзара келiсуi бойынша белгiленген 
адам  да  болуы  мүмкiн.»  деп  аударылған.  Осы 
тармақтағы «сторон» сөзі қазақша «жақтардың» 

№ 1 (33) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заң шығару институтының жаршысы  
104
деп аударылып кеткен. Ең қызығы, аталған Ко-
дексте «сторона» сөзі бірнеше рет кездессе де, 
оның  қазақша  баламасы  барлық  жағдайларда 
«тарап» деп аударылған да, тек осы бапта ғана 
«жақтар» деп 1 рет қолданылған [1].  
Осылай  аталған  Кодекстің  әрбір  бабын 
салыстырсақ, қазақ тіліндегі мәтінде көптеген 
қателіктер  кездесетіні  анық.  Бұған  аударуға 
берілген  уақыттың  тығыздығы,  сол  уақытта 
мамандардың  жетіспеуі,  олардың  біліктілік 
деңгейі  себеп  болды  деп  өзімізді  өзіміз  ақтап 
шыға  келеміз.  Алайда,  мемлекеттік  орган-
дардан  келіп  түскен  заң  жобаларына  және 
халықаралық  шарттар  жобаларына  ғылыми 
лингвистикалық  сараптама  жүргізу  кезінде 
дәл  осы  себептер  қазіргі  кезде  де  орын  алып 
тұрғанына  көз  жеткіземіз.  Мұндай  себептер 
заң жобалары қазақ тілінде жазылса ғана жой-
ылады деп ойлаймыз. Бірақ заң жобаларының 
қазақ  тілінде  жазылмауына  да  мамандардың 
жетіспеуі,  олардың  біліктілік  деңгейі,  қазақ 
тілін  жетік  білетін  заңгерлердің  саны  бірден-
бір себеп бола алады.     
Әр кезеңде не әр елде болсын заң шығарма-
шылығын  жетілдіру  қызметінің  сол  кезең  мен 
сол елге тән өзекті мәселесі орын алатындығы 
сөзсіз. Айтқымыз келгені көрші мемлекет, атап 
айтқанда,  Ресей  Федерациясы  да  заң  жобала-
рына  лингвистикалық  сараптама  жүргізеді. 
Бірақ  та  олар  жүргізетін  лингвистикалық 
сараптаманың  мақсаты  мәтіннің,  яғни,  заң 
жобасы  мәтінінің,  нормативтік  құқықтық 
актілер  тілінің  ерекшеліктерін  ескере  отырып, 
қазіргі заманғы орыс әдеби тілінің нормалары-
на  сәйкестігін  бағалау  және  грамматикалық, 
синтаксистік, 
стилистикалық, 
логикалық, 
редакциялық-техникалық  қателіктерді  және 
терминдерді  пайдаланудағы  қателіктерді  жою 
бойынша ұсынымдар беру болып табылады [2]. 
Олар өздерінің ана тілінде жазылған заң жо-
басына лингвистикалық сараптама жүргізеді. 
Ал  біздің  елімізде  бұл  мәселе  қашан  өз 
шешімін табар екен?
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім) Қазақстан Республикасының 
1999 жылғы 1 шілдедегі № 409 кодексі.
2. Двойных О.С., Харитонов В.И. К вопросу о проведении правовой экспертизы в современной 
России и странах СНГ. http://sibac.info/index.php/2009-07-01-10-21-16/4677-2012-11-11-05-46-40
Мақалада Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде терминдер мен жекелеген сөз 
тіркестері қолданылуының бірізділік мәселелері көтеріледі. 
Түйін сөздер: Кодекс, заң жобалары, халықаралық шарттар жобалары, бірізділік, терминдер, 
заңнамалық актілер.
В  данной  статье  идет  речь  о  вопросах  единообразия  употребления  терминов  и  отдельных 
словосочетаний в Гражданском кодексе Республики Казахстан.   
Ключевые слова: Кодекс, проекты законов, проекты международных договоров, единообразие, 
термины, законодательные акты. 
This article deals with the question of uniformity the use of terms and phrases specific to the Civil Code 
of the Republic of Kazakhstan.
Keywords: Code, draft laws, draft international agreements, uniformity, terms, legislation.
Ақерке Аманқызы Мединаева,
ҚР  Заң  шығару  институты  Лингвистика  орталығының  НҚА  және  халықаралық  шарттар 
жобаларына ғылыми лингвистикалық сараптама секторының аға ғылыми қызметкері
● ● ● ● ●

105
Из практики законотворчества на государственном языке
Назгүл Амантайқызы Хамзина,
ҚР  Заң  шығару  институты  Лингвистика  орталығының  НҚА  және  халықаралық  шарттар 
жобаларына ғылыми лингвистикалық сараптама секторының аға ғылыми қызметкері
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіндегі бірізділік мәселелері
Мединаева Акерке Амановна,
старший  научный  сотрудник  сектора  научно-лингвистической  экспертизы    проектов  НПА  и 
международных договоров Центра лингвистики Института законодательства РК
Хамзина Назгуль Амантаевна,
старший  научный  сотрудник  сектора  научно-лингвистической  экспертизы    проектов  НПА  и 
международных договоров Центра лингвистики Института законодательства РК
Вопросы единообразия Гражданского кодекса Республики Казахстан
Medinayeva Akerke Amanovna,
senior  research  fellow  of  the  sector  of  scientific-linguistic  expertise  of  legal  acts  and  international 
agreements of Linguistic center of the Institute of Legislation of the Republic of Kazakhstan
Hamzina Nazgul Amantayevna,
senior  research  fellow  of  the  sector  of  scientific-linguistic  expertise  of  legal  acts  and  international 
agreements of Linguistic center of the Institute of Legislation of the Republic of Kazakhstan
Questions uniformity of the Civil Code of the Republic of Kazakhstan

№ 1 (33) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заң шығару институтының жаршысы  
106
Нұрғалиева Жанар Сәндібекқызы,
ҚР Заң шығару институты Лингвистика орталығының НҚА 
және халықаралық шарттар жобаларына ғылыми лингвистикалық 
сараптама секторының ғылыми қызметкері
ТІЛ ЖӘНЕ ТЕРМИНДЕР ӘЛЕМІ
Тіл  –  тірі  организм.  Сол  себепті,  тіл  ұдайы 
қозғалыс үстінде болады. Неміс ғалымы Франс 
Роктың  пайымдауынша,  «тіл  –  биологиялық 
құбылыс,  оны  құдай  жаратқан».  Яғни,  бұл  – 
тілдің  адам  өмірінде,  қоғамда  алатын  орнын, 
мәнін айқындаса керек. 
Байлығы,  мазмұндылығы  жағынан  өзге 
тілдерден еш кем түспейтін біздің ана тіліміздің 
қазіргі ақпараттық технология заманындағы бет-
бейнесі мүлде басқаша. Қазақ тілі жаңа термин-
дермен  толықты.  Еліміз  тәуелсіздік  алғаннан 
кейін жаңа заңдар қабылданды. Ақпараттық тех-
нология  заманының  үрдісіне  орай,  түрлі  жаңа 
құқықтық түсініктер мен терминдер айналымға 
енді. Мемлекетімізбен қоса, тіліміз де жаңарып, 
байыды. 
Көненің  орнын  жаңаның  басатындығы 
дәлелдеуді  қажет  етпейтін  аксиома.  Соның 
куәсіндей кейбір терминдер жаңартылып, жаңа 
мәнге ие болды. Мысалы, бұрынғы ұлық, қазы, 
би,  болыс  сияқты  сөздердің  архаизмге  айна-
лып,  олардың  орнын  сот,  прокурор,  қорғаушы, 
тергеуші  сөздерінің  басуы  заңдылық  ретінде 
қабылданды.  Біз  бұдан  әлеуметтік  меншік  пен 
мемлекетті қорғаушы субъектілердің мазмұнын 
білдіретін  терминдік  мәнге  ие  сөздердің  пайда 
болғанын байқаймыз. Яғни, пайда болу төркініне 
қарай әр термин өзіндік қалыптасу тарихына ие. 
Бұрын  заң  терминдері  негізін  халықтың  әдет-
ғұрып,  салт-жоралғыларынан  алса,  қазір  тек 
тұрмыстық сана-сезіммен ғана емес, қоғамдағы 
түрлі өзгерістерге байланысты әлеуметтік тыны-
спен де астасып жатады.
Академик  Ә.  Қайдаров  өзінің  «Қазақ 
термиологиясына  жаңаша  көзқарас»  атты 
еңбегінде:  «Егеменді  ел,  тәуелсіз  мемлекеттің 
басты  белгілерінің  (атрибуттарының)  бірі  – 
мемлекеттік тіл десек, оның негізгі тіректерінің 
бірі  –  терминологияны  жан-жақты  дамытуға, 
реттеуге,  қалыптастыруға,  кеңінен  қолдануға 
сол  мемлекеттің  өзі  қамқорлық  жасауы  керек. 
Салалық  терминдер  мен  атауларды  жаңадан 
жасауда,  өзгертуде,  ауыстыруда  ең  алдымен 
қазақ  тілінің  бұрыннан  қалыптасқан  байырғы 
төл  лексикалық  байлығын  сарқа  пайдалану. 
Бұл – термин саласында бұрыннан келе жатқан 
негізгі  де  дәстүрлі  принцип.  Бірақ  термино-
логия  мәселесінің  бүгінде  күн  тәртібіне  қайта 
қойылуына себеп болып отырған да осы негізгі 
принциптің іс жүзінде орындалмай, бұрмаланып 
келуі» - деп атап өткен. 
Соңғы  жылдары  тілді  жаңа  терминдер-
мен  байыту  үрдіске  айналды.  Бірақ  «термин 
құмарлық  та  –  тіл  бұзарлықтың  бір  түрі»  деп 
«Ана  тілі»  газетінде  жазылғандай,  термин  жа-
сау  ісі  аса  қырағылықты  қажет  етеді.  А.  Бай-
тұрсынов  айтқандай,  тілді  жұмсай  білу,  сөзден 
сөз  жасап  шығару  екінің  бірінің  қолынан  келе 
бермейді.  Олай  десек,  қазіргі  таңда  қазақ  тер-
минологиясы  ғылымы  қоғамда  қалыптасқан 
түрлі  жағдайларға  байланысты  үлкен  дағдарыс 
кезеңіне ұшырап отыр. Сол себепті, әр саладағы 
мамандардың  өз  бетінше  термин  жасау  прак-
тикасы  кең  орын  алуда.  Еліміздің,  әр  адамның 
тағдыры  шешілетін  кейбір  заңналамаларда 
бір  мағынадағы  терминдердің  әр  түрлі  ау-
дармада  қолданылуы  бірізділіктің  жоқтығын 
көрсетеді.  Демек,  қолданыстағы  терминдерді 
ғана емес, сөз тіркестерін де бірізділікке түсіру 
заң,  құқық  саласындағы  келелі  мәселелердің 
бірі.  Себебі,  кейбір  заңнамадан  бір  тіркестің 
екі  түрлі  берілгенін  кездестіруге  болады. 
Мысалы,  «оперативное  управление»  деген 
тіркес  Азаматтық  кодекстің  (Ерекше  бөлім) 
406-бабының  1-тармағында  және  931-бабының 
1-тармағында  «жедел  басқару»  деп,  ал, 
412-501-510-559-715-885-баптарда  «оралымды 
басқару»  деп  екі  түрлі  берілген.  Сондықтан, 
заңнамада және ресми құжаттарда қолданылатын 
сөздер мен сөз тіркестерін біріздендіруді үнемі 
жетілдіріп отыру керек.
Әсіресе халықаралық терминдерді аудару аса 
сақтықты  қажет  етеді.  Мысалы,  баланс,  фар-
мацевт,  терапевт  сияқты  сөздерді  сол  күйінде 
қалдырған жөн тәрізді. Аталмыш мәселеге орай 
филология ғылымдарының докторы, профессор 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет