Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған басылымдар тізіліміне енгізілген Қр бғм бғсбк 30. 05. 2013 ж



Pdf көрінісі
бет16/33
Дата10.01.2017
өлшемі5,56 Mb.
#1566
түріДиссертация
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33

107
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. - Алматы, 1992. 
2. «Тіл және қоғам» журналы. - № 3. - 2008 жыл.
3. Қайдаров Ә.Т. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас. - Алматы, 1993.
4. «Терминологиялық хабаршы». - №1. - 2007 жыл.
5. www.techkz.kz
6. www.til.gov.kz
Мақала құқық саласындағы тіл және термин жасау жүйесін зерделеу, біріздендіру мәселелеріне 
арналған.
Түйін сөздер: тіл, термин, құқық, біріздендіру.
● ● ● ● ●
Из практики законотворчества на государственном языке
Ш. Құрманбайұлы былай деп жазды: «Аударуды 
қажет етпейтін терминдерді қазақшалаймыз деп 
қателіктерге  ұрыну  жиі  ұшырасады.  Мәселен, 
эпонимдерді аударудың еш реті жоқ. Алгоритмді 
бағдаржол  деп  аударудың  ешқандай  қисынға 
келмейтіні  анық.  Алгоритм  адам  аты  -  «әл  Хо-
резми»,  сондықтан  оны  аударудың  қажетсіздігі 
өзінен  өзі  түсінікті.  Бұл  жөнінде  айтылып  та 
жазылып  та  жүргеніне  қарамастан  бағдаржол 
терминін  қалыптастыруға  ұмтылушылар  бар». 
Бұл  арада  ғалым  «бояғыш  -  бояғыш  десең, 
сақалын  бояйдының»  кебін  киіп  жүрген  тым 
әсіре  аудармашылыққа  қатысты  наразылығын 
айтып отыр. 
«Тілге  кірген  жат  сөздер де сіңу  үшін,  тілге 
«өзілік» болуы үшін сол тілдің заңымен өзгеріп, 
танымастай  халге  келуі  керек.  Бүйтпесе,  жат 
сөздер  бұралқы  болып,  тілдің  шырқын  бұзады, 
тілге  зиян  береді...  Жат  сөздерді  өзгертпей, 
бұлжытпай  алатын  жер  дүниеде  тіл  жоқ  деп 
айтса  да  болады...  Жат  сөздерді  өзгертпестен 
алып,  бастапқы  жат  қалыбымен  тілге  сіңіреміз 
дегендік – шатасқандық. Бұл жолда жүрген адам-
дар тілімізге орасан зиян келтіреді... зорлықпен 
кіргізген  жат  сөздер  елдің  түп  қазығы  болған 
тілді  бұзады»  деп  жазды  кезінде  қазақтың  бір 
туар ұлы Халел Досмұхамедов. Яғни, терминжа-
сам ісінде өте білімділік, аударуға ұсынылатын 
терминнің табиғатын зерттеп, зерделеу керек.
Біздің қоғамда қазір заң терминдерін зерттеп 
білу  міндеті  өзінің  көптеген  шешімдерін  күтіп 
отыр.  Заң  терминдерінің  қалыптасу  кезеңін 
анықтау,  олардың  шығу  төркінін  (генезисін), 
терминдік  жүйе  ретінде  қалыптасуын  зерт-
теу  жолға  қойылғаны  жөн.  Өйткені,  әдеби 
тілдің,  оның  ішінде  құқық  ғылымы  тілінің 
қалыптасуына  термин  жүйесінің  қосатын  үлесі 
зор. 
Қазақстан  Республикасының  Заңына  сәйкес, 
нормативтiк  құқықтық  актінің  мәтiнi  заң  тер-
минологиясы  мен  заң  техникасы  сақтала  оты-
рып  жазылады.  Осыған  орай,  заң  баптары 
мен  тармақтарында,  тармақшаларында  кейбір 
сөздердің қайталануы орынды деп есептеледі. 
Заң терминдері ғана емес, жалпы терминдер 
мәселесі  қоғамдық  қолдауды,  тілдік  тұрғыдан 
жүйелеуді  қажет  етеді.  Сондықтан,  термин 
жасау  жүйесін  бір  ізге  келтіру,  қалыптастыру 
жұмыстарының  жолға  қойылуына  тек  тиісті 
салалар, мемлекеттік органдар ғана емес, қазақ 
тіліне  жаны  ашитын  көзі  қарақты,  көкірегі  ояу 
әр  азамат  атсалысуы  керек.  «Бұл  –  менің  ана 
тілім ғой, тілім бүлінбесін» деген жанашырлық 
көзқарас  болмайынша,  тілдегі  терминдер  де 
түзелмейді.  Ол  үшін  терминдерді  мемлекеттік 
мәртебелі ана тіліміздің табиғатына сай жаңаша 
қалыптастырудың принциптерін белгілеу басты 
мақсат болуы тиіс...
Қазақ  тілінің  тағдырына  қатысты  осын-
дай  мәселелерге  көз  жүгірсек,  Қазақстан 
Республикасының  Президенті  «Қазақстанның 
болашағы – қазақ тілінде» деп бекер айтпағанын 
ұғамыз.  Өйткені,  бүгін  енгізілген  жаңа  термин 
қазақ тілінің дамуына, қазақ терминологиясының 
қалыптасуына негіз болады.

№ 1 (33) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заң шығару институтының жаршысы  
108
Статья  посвящена  проблемам  исследования,  унификации  языка,  системы  составления 
терминов правовой отрасли.
Ключевые слова: язык, термин, права, унификация.
Article  contains  problems  of  studying  and  unification  of  language  and  legislative  terminology’s 
systematization. 
Keywords: language, term, rights, unification.
Жанар Сәндібекқызы Нұрғалиева,
ҚР  Заң  шығару  институты  Лингвистика  орталығының  НҚА  және  халықаралық  шарттар 
жобаларына ғылыми лингвистикалық сараптама секторының ғылыми қызметкері
Тіл және терминдер әлемі
Нургалиева Жанар Сандибеккызы,
научный  сотрудник  научно-лингвистической  экспертизы  проектов  НПА  и  международных 
договоров Центра лингвистики Института законодательства РК
Мир языка и терминов
Nurgaliyeva Zhanar Sandibekkyzy,
research fellow of the sector of scientific-linguistic expertise of legal acts and international agreements 
of the Linguistic Center of the Institute of Legislation of the Republic of Kazakhstan
World of language and terminology

109
Из практики законотворчества на государственном языке
ЗАҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ АУДАРМА МӘСЕЛЕЛЕРІ
Елбасымыз  «Қазақстан-2050»:  қалыптасқан 
мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Страте-
гиясында:  «Елдің  одан  әрі  даму  басым-
дықтарының  бірі  -  мемлекеттік  тілдің  қолдану 
аясын  кеңейту»,  -  деп  атап  өткен  болатын. 
Сонымен  бірге,  көптілділіктің  Қазақстанның 
сөзсіз  артықшылықтарының  бірі  ретінде 
маңыздылығына  тоқтала  келе,  осы  жүйенің 
өзегін  құрайтын,  ұлтты  біріктіретін  әрі 
беріктендіретін  жалғыз  ғана  мемлекеттік  тіл 
болып табылатындығын ерекше басып айтты [1]. 
Шындығында,  мемлекеттік  тілдің  «барша 
қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы» 
екендігін  әрқашан  жадымызда  сақтағанымыз 
жөн.
Әрбір  қазақ  ақын  М.  Шаханов  айтқан  төрт 
ана  –  туған  тілін,  мәдениеті  мен  әдебиетін, 
салт-дәстүрін,  тарихын  білуі  керек.  Бұл  сөздің 
де жаны бар. Себебі бәрі де өз бастауын тілден 
алады, ол қарым-қатынас құралы болумен бірге 
оны  тұтынушы  халықтың  салт-дәстүрін,  әдет-
ғұрпын,  дүниетанымдық  ерекшелігін,  ұлттық 
болмысын,  рухани-мәдени  байлығын,  сан 
ғасырларға  созылған  даму  тарихын  ұрпақтан-
ұрпаққа  жалғастырып,  жеткізуші,  жинақтаушы 
қызметін атқарады. 
Осы  қасиеттеріне  сәйкес  қазақ  халқының 
ана  тілі  –  қазақ  тіліне  мемлекеттік  тіл  ретінде 
басымдылық берілетінін негіздеген Ата заңымыз 
бен  «Тіл  туралы»  Қазақстан  Республикасының 
Заңы және Тілдерді қолдану мен дамыту туралы 
бағдарламаларға сәйкес қазақ тілі еліміздің бүкіл 
аймағында,  қоғамдық  қатынастардың  барлық 
саласында  қолданылатын  мемлекеттік  басқару, 
заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын 
жүргізу тілі болуы тиіс.
Президент  Н.Ә.  Назарбаев:  «Қазақ  тілі 
үш  тілдің  біреуі  болып  қалмайды.  Үш  тілдің 
біріншісі,  негізгісі,  бастысы,  маңыздысы  бола 
береді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік тілі», - деп бекер атап көрсетпегенді. 
Қазіргі  таңда  2011-2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарлама  іске  асырылуда.  Бұл 
бағдарламаны  орындау  –  әрбір  мемлекеттік 
қызметшінің  ғана  емес,  барша  қазақстан-
дықтардың  да  абзал  парызы.  Мемлекеттік 
бағдарламаның  басты  стратегиялық  мақсаты  – 
Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілін 
сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды 
факторы  ретінде  саналатын  мемлекеттік  тілді 
балабақша,  мектеп,  жоғары  оқу  орындары, 
мемлекеттік  қызмет  және  қоғамдық-саяси, 
әлеуметтік кәсіпкерлік саласының барлығында да 
батыл  қолданысқа  енгізіп,  қазақстандықтардың 
өмірлік  қажетіне  айналдыру.  Сондай-ақ  ол 
мемлекеттік тілді үйрену, тілге деген сұранысты 
арттыру,  лексикалық  қорды  жетілдіру  мен 
жүйелеу,  тіл  мәдениеті,  ресми  терминологияны 
әрі  қарай  біріздендіру,  ономастика,  латын 
әліпбиіне  көшу,  ілеспе  аударма  мамандарын 
даярлау,  нормативтік  құқықтық  актілер  мен 
халықаралық  шарттарды,  бизнесте  және  тағы 
да  басқа  салаларда  мемлекеттік  тілдің  қолдану 
аясын кеңейту сияқты өзекті мәселелерді шешуге 
бағытталған. 
Жоғарыда  атап  көрсетілгендей,  мемлекеттік 
тілдің  заң  шығармашылық  үдерісіндегі  орны 
да  бір  бөлек.  Айта  кететін  жайт,  көркем  әрі 
Әбдіреева Мағия,
ҚР Заң шығару институты 
Лингвистика орталығы НҚА 
және халықаралық шарттар жобаларына 
ғылыми лингвистикалық сараптама 
секторының аға ғылыми қызметкері
Бекен Аяна Тоқсанбайқызы,
ҚР Заң шығару институты 
Лингвистика орталығы НҚА
 және халықаралық шарттар жобаларына 
ғылыми лингвистикалық сараптама 
секторының кіші ғылыми қызметкері

№ 1 (33) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заң шығару институтының жаршысы  
110
бай  ауызекі  қазақ  тілімізде  бір  сөздің  бірнеше 
баламасы  қолданылатын  болса,  алайда  заңнама 
саласындағы жағдай мүлдем басқа, себебі заң тілі 
нақтылықты қажет етеді. Әр затты дәл өз атымен 
атауымыз керек. Ауызекі тілде бірнеше мағынасы 
қолданылсын,  бірақ  кәсіби  тілде  бір  мағынасы 
болуы  қажет.  Заңи  терминдерді  қолданысқа 
ұсынып, заңға енгізгенге дейін оларды жан-жақты 
пысықтап, саралап алған дұрыс. Бұған қатысты 
мәселемен жете таныс Қазақстан Республикасы 
Мәдениет  және  ақпарат  министрлігі  Тіл 
комитеті  төрағасының  орынбасары,  филология 
ғылымдарының  докторы,  профессор  Шерубай 
Құрманбайұлының 
сөздерімен 
келіспеске 
болмайды:  «Әр  ғалым  өзі  зерттеп,  ұсынған 
терминді сөздікке енгізіп, қолданысқа жібереді. 
Әркімге  өзінің  еңбегі  ыстық.  Бірақ  мұндай 
ұсыныстарды  қолданысқа  енгізбес  бұрын, 
зерделеп  алған  дұрыс.  Бір  ұғымның  бірнеше 
мағынасы,  бірнеше  сипаты  мен  белгісі  болуы 
мүмкін. Бір ұғымның белгілерін анықтап, ішіндегі 
негізгісін тек сол саланың маманы ғана анықтай 
алады. Сол сияқты Парламентте жиі көтерілетін 
мәселе – халықаралық шарттар мен келісімдерде 
терминдердің  бірізді  қолданылмауы.  Біз  өзге 
елдермен,  биік  дәрежелі  кездесулерде  ел  мен 
елдің  арасында  халықаралық  шарттарға  қол 
қоямыз. Кейде бірнеше елмен осындай байланыс 
орнатамыз.  Сондай  сәттерде  терминнен  қате 
жіберіп, өзге елден кешірім сұрап, Сыртқы істер 
министрлігі  арқылы  нота  жіберіп,  қайтадан 
алдыртып  терминді  түзететін  жағдайлар  да 
болады. Бұл біздің тілімізге де, еліміздің беделіне 
де  ешқандай  абырой  әкелмейді.  Сондықтан 
терминдерді халықаралық құжаттарда қолдануды 
біріздендірудің маңызын байқап отырмыз» [2]. 
Демек,  заң  саласындағы  терминдерді  біріз-
ді  қолдану  бүгінгі  таңда  ең  бір  көкейкесті 
проблемалардың бірі болып отыр. Оның жағым-
сыз  әсері  еліміздің  халықаралық  беделінде 
ғана  емес,  сонымен  бірге  ұлттық  заңнамасын 
қолдануда да теріс із қалдыруда. 
Мәселен, бүгінгі таңда заңнамалық актілерді 
аударуда  бірізділік  қағидасын  сақтамаудың 
теріс  салдары  ретінде  заңнаманы  тікелей 
орындаушыларда  нақты  терминдерге  қатысты 
даулы  сұрақтар  туындау  мүмкіндігін  атап 
өткен  жөн.  Бірізділік  сақталмаған  нормативтік 
құқықтық  актілерге  мысал  ретінде  Қазақстан 
Республикасы  Азаматтық  кодексінің  (бұдан  әрі 
–  Кодекс)  кейбір  баптарын  келтіруге  болады. 
Нақтырақ айтқанда, Кодекстің қазақ және орыс 
тілдеріндегі  нұсқаларын  салыстыра  отырып, 
мынадай  сәйкессіздіктердің  орын  алғандығын 
байқаймыз.
«Непреодолимая сила» сөз тіркесі Кодекстің 
кейбір жерінде, атап айтқанда, 429, 652, 702, 931 
және т.б. баптарында, «дүлей күш» деп алынса, 
182 және 359-баптарында «бой бермейтін күш» 
делінген [3]. 
Тура сол сияқты «ценная бумага» сөз тіркесі 
Кодекстің  16  бабында  «бағалы  қағаз»  деп,  ал       
2 жерінде «құнды қағаз» деп алынған. 
«Безвозмездно» сөзі де кей баптарда «тегін», 
кейбіреулерінде «өтеусіз» делінген [4]. 
Мұндай  мысалдарға  аталмыш  кодекс  лық 
толы.  Дегенмен  де  жолды  жүрген  еңсеретінін 
ұмытпағанымыз  дұрыс.  Осылайша  әлсін-
әлсін  болса  да,  қолданыстағы  заңнамамызға 
өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізе  отырып, 
бірізді  алынбаған  терминдерден  заңнамамызды 
келешекте толықтай тазартамыз деген үміттеміз. 
Мемлекеттік тілдің табысты болашағына біздің 
ешқандай күмәніміз болмауы керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. ҚР Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан 
мемлекеттің жаңасаяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.
2. http://аnаtili.kz/=10853;
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім), 1994 жылғы 27 желтоқсан.
4. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім), 1999 жылғы 1 шілде.
Мақалада заң шығармашылық процесіндегі терминдерді аудару кезіндегі бірізділіктің сақталмау 
мәселелері қарастырылады.
Түйін сөздер: заң терминдері, заң және халықаралық шарт жобаларындағы бірізділік.
● ● ● ● ●

111
Из практики законотворчества на государственном языке
В  статье  рассматриваются  вопросы  несоблюдения  единообразия  при  переводе  терминов                    
в процессе законотворчества.
Ключевые слова: юридические термины, единообразие в проектах законов и международных 
договоров.
Issues of non-uniformity in the translation of terms in the legislative processаre mentioned in  аrtiсle.
Keywords: legal terms, uniformity in the drafts of laws and international treaties.
Мағия Әбдіреева,
ҚР Заң шығару институты Лингвистика орталығы НҚА және халықаралық шарттар жобаларына 
ғылыми лингвистикалық сараптама секторының аға ғылыми қызметкері
Аяна Тоқсанбайқызы Бекен,
ҚР Заң шығару институты Лингвистика орталығы НҚА және халықаралық шарттар жобаларына 
ғылыми лингвистикалық сараптама секторының кіші ғылыми қызметкері
Заң шығармашылығындағы аударма мәселелері
Абдреева Магия, 
старший  научный  сотрудник  сектора  научно-лингвистической  экспертизы  проектов  НПА                           
и международных договоров Центра лингвистики Института законодательства РК
Бекен Аяна Токсанбаевна,
младший  научный  сотрудник  сектора  научно-лингвистической  экспертизы  проектов  НПА                        
и международных договоров Центра лингвистики Института законодательства РК
Вопросы перевода в законотворчестве
Abdreeva Magiya,
senior Researcher fellow of the seсtor of sсientifiс-linguistiс expertise of legаl асts аnd internаtionаl 
аgreements of the Linguistiс Сenter of the Institute of Legislаtion of the Republiс of Kаzаkhstаn
BekenAyanaToksanbayevna,
junior Researcher fellow of the seсtor of sсientifiс-linguistiс expertise of legаl асts аnd internаtionаl 
аgreements of the LinguistiсСenter of the Institute of Legislаtion of the Republiс of Kаzаkhstаn
The issues of translating in law making 

№ 1 (33) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заң шығару институтының жаршысы  
112
РЕАДМИССИЯ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМДЕРДІ ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ 
КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР
Бүгінгі  күні  кеңінен  етек  алып  жатқан 
қарқынды иммиграциялық процестер мемлекет-
тік және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету 
мәселесінің  өзектілігін  нықтай  түсуде.  Заңсыз 
миграциямен күрестің басым бағыттарының бірі 
ретінде осы саладағы, әсіресе, Тәуелсіз Мемле-
кеттер  Достастығының  мүше  мемлекеттерімен 
(ТМД)  ынтымақтастықтың,  реадмиссия  туралы 
келісімдерді әзірлеу мен жасасуды қоса алғанда, 
халықаралық-құқықтық  базасын  жетілдіру  бо-
луы қажет.  
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының 
қатысуымен  реадмиссия  туралы  келісімдерді 
жасасу  процесін  жандандыруға  бағытталған 
бірқатар халықаралық актілер әзірленгенді. Осы-
лайша,  ТМД  мүше  мемлекеттерінің  2009-2011 
жылдарға  арналған  заңсыз  миграциямен  күрес 
саласындағы ынтымақтастық бағдарламасының 
1.1.3-тармағына  сәйкес  ТМД  мүше  мемлекет-
терінің  реадмиссия  туралы  екіжақты  келісім-
дерді  жасасуы  процесін  2011  жылға  дейін 
аяқтау  ұсынылған  [1].  Реадмиссия  туралы 
келісімдерді жасасу ТМД мүше мемлекеттерінің 
құқық  қорғау  органдары  мен  миграциялық 
қызметтерінің миграциямен күрес саласындағы 
ынтымақтастығының  басты  бағыттарының  бірі 
ретінде айқындалған. 1998 жылғы 6 наурыздағы 
ТМД  мүше  мемлекеттерінің  заңсыз  миграция-
мен  күрес  саласындағы  ынтымақтастық  тура-
лы  келісімге  мүше  мемлекеттердің  бірлескен 
комиссиясы  да  заңсыз  миграциямен  күрес 
ісіндегі  жоғары  практикалық  тиімділігі  бар 
халықаралық-құқықтық  құрал  болып  табыла-
тын  реадмиссия  туралы  келісімдерді  екіжақты 
негізде жасасу жұмысының іске асуына ерекше 
назар аударған болатын [2]. 
Реадмиссия  туралы  келісімдерді  жасасу 
процесін  жылдамдатуға  жанама  бағытталған 
қадамдардың  тағы  бірі  ретінде  2008  жылғы                       
14  қарашадағы  ТМД  мүше  мемлекеттерінің 
еңбекші  мигранттары  мен  олардың  отбасы 
Бекен Аяна Тоқсанбайқызы,
ҚР Заң шығару институты Лингвистика орталығы 
НҚА және халықаралық шарттар жобаларына ғылыми 
лингвистикалық сараптама секторының кіші ғылыми қызметкері
мүшелерінің  құқықтық  мәртебесі  туралы  кон-
венцияны  атап  өтуге  болады.  Аталған  актінің 
16-бабына  сәйкес  еңбекші  мигранттардың 
қабылдаушы тарапта болу мерзімі аяқталғаннан 
кейін және ақылы еңбек қызметін көрсеткеннен 
кейін,  сондай-ақ  қабылдаушы  тараптың 
миграциялық  заңнамасын  бұзған  жағдайда, 
қабылдаушы  тарап  пен  еңбекші  мигранттар 
тұрақты  тұратын  тарап  оларды  кері  қайтару 
мәселесін  шешуге  қатысты  барлық  қолда  бар 
шараларды,  оның  ішінде  реадмиссия  туралы 
келісімдерді жасасу арқылы да қолданады [3].
Дегенмен,  реадмиссия  туралы  келісімдерді 
жасауға  кедергі  келтіретін  бірқатар  факторлар 
да  орын  алады.  Олардың  ішіндегі  ең  негізгісі 
–  елеулі  қаржылай  шығындар.  Мемлекеттік 
мәжбүрлеу шарасы ретіндегі реадмиссияны іске 
асыру  реадмиссиялауға  жататын  тұлғаларды 
айқындаумен,  оларды  ұстаумен,  құжаттамалық 
қамсыздандырумен, арнайы мекемелерде ұстау-
мен,  оларды  қабылдаушы  мемлекетке  берумен 
байланысты  айтарлықтай  шығындарды  қажет 
ететіні белгілі. 
Осыған орай, реадмиссия туралы әрбір жеке 
алынған  келісімді  жасасуды  экономикалық 
тұрғыдан егжей-тегжейлі негіздеу қажеттілігі ту-
ындайды. Осылайша, Қазақстан мен еуропалық 
елдер арасындағы реадмиссия туралы келісімді 
жасасудың  әлеуметтік-экономикалық  салдарын 
бағалау  қиынға  соғады.  Оның  қазақстандық 
тараппен  орындалуы  бірқатар  әлеуметтік-
экономикалық проблемалардың пайда болуымен 
ғана емес, сонымен қатар, құқықтық сипаттағы 
мәселелермен  де  ұштасатын  болады.  Көптеген 
мигранттар үшін транзитті мемлекет болып та-
былатын Қазақстан заңсыз мигранттардың «до-
норлары»  саналатын  көршілес  мемлекеттер-
мен  тиісті  келісімдерге  әлі  де  отырмаған.  Сол 
себепті  мұндай  азаматтарды  одан  әрі  өткізудің 
айтарлықтай қиындықтар туғызатыны анық. 
Заңсыз  мигранттармен  қамсыздандырушы 

113
Из практики законотворчества на государственном языке
мемлекеттердің реадмиссия туралы келісімдерді 
жасасуға  ниет  білдірмейтіндері  түсінікті  де. 
Бұл  орайда  «донор»  мемлекеттерді  осындай 
келісімдерді  жасасуға  ынталандыратын  ша-
раларды  қолдану  практикасы  айтарлықтай 
қызығушылық  туғызады.  Бұған  көрнекі  мы-
сал  ретінде  аумағы  арқылы  Еуропаға  заңсыз 
мигранттардың  негізгі  ағыны  келіп  түсетін 
Украинаға  қатысты  ЕО-тың  саясатын  атап 
көрсетуге болады. Атап айтқанда, «Миграциялық 
процестерді  басқару  саласындағы  әлеуетті 
нығайту» жобасы шегінде ЕО Волын және Чер-
ниговск  облыстарында  заңсыз  мигранттарды 
уақытша  ұстауға  арналған  екі  пунктіні  салуға 
қаражат  бөлген  болатын.  Ынталандыру  саяси 
құралдар арқылы да іске асуы мүмкін. Мәселен, 
ЕО-тың  Ресей  Федерациясына  қатысты  ынта-
ландыру  шарасы  калининградтық  транзит  бой-
ынша дауларды реттеу болып табылды. 
Реадмиссия  туралы  келісімдерді  жаса-
су  кезінде  сұрау  салынатын  мемлекеттің  осы 
келісімдер шеңберіндегі міндеттемелерін орын-
дау  бойынша  қаржы-экономикалық  мүмкін-
діктерін  бағалау  маңызды  орынға  ие,  соны-
мен  қоса,  қажет  болған  жағдайда,  аталмыш 
келісімдер шеңберіндегі міндеттемелерді орын-
дамау  салдарынан  туындаған  қарызды  өтеудің 
балама әдістерін қосымша көздеген жөн. 
Реадмиссия  шығындарын  өтеу  тетігінің 
жеткілікті  деңгейде  ойластырылмағандығы 
мәселесі  де  ерекше  көңіл  аударарлық.  Осылай-
ша,  бүгінгі  таңда  мұндай  механизм  Қазақстан 
Республикасының  қатысуымен  жасалған  келі-
сімдерде негізінен реттелмеген.   
Бұл  саланы  зерттеушілердің  пікірінше,  ре-
адмиссияны  іске  асыруға  мемлекет  тарапы-
нан  жұмсалған  айтарлықтай  қаржылай  және 
материалдық  шығындар  мәселесін  тиісті 
шығындарды реадмиссиялауға жататын тұлғалар 
есебінен  өтеу  жөніндегі  механизмді  әзірлеу 
мен  енгізу  жолымен  ішінара  шешуге  болады. 
Айта кетерлік жайт, шығындар өзге субъектілер 
қаржысы есебінен де өтеле алады.  
Реадмиссия  туралы  келісімдерді  орындау 
қиындықтары  мемлекетаралық  өзара  іс-қимыл 
тетіктерін  әзірлеу  қажеттілігімен  де  етене 
байланысты.  Себебі  реадмиссия  бойынша  іс-
шараларды  іске  асыруға  бірнеше  мемлекеттің 
мемлекеттік  билік  органдары  қатысады.  Одан 
басқа,  реадмиссияның  жекелеген  сатыларын 
іске  асыру  кезінде  мемлекетішілік  деңгейде 
ведомствоаралық  өзара  іс-қимылды  барынша 
тиімді  түрде  ретке  келтірген  маңызды.  Әртүрлі 
мемлекеттердің  мемлекеттік  билік  органдары-
ның өзара іс-қимылын айтарлықтай қиындататын 
мән-жайлардың бірі ретінде реадмиссия мәселе-
лерінің мемлекеттік биліктің әртүрлі органдары 
құзыретіне  кіретіндігін  атап  өтуге  болады.  Бұл 
мәселені  миграция    саласындағы  органдардың, 
құқық қорғау органдарының өзара іс-қимыл ту-
ралы келісімдерге отыруы арқылы шешуге бола-
ды деп пайымдаймыз.  
Реадмиссия туралы келісім мәтіндерін әзірлеу 
мен оларды одан әрі іске асыру барысында ба-
сты  назар  ұлттық  және  халықаралық  актілер 
ережелерін ескере отырып, адам және азаматтың 
құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз 
етілуіне  аударылуы  тиіс.  Реадмиссия  туралы 
келісімді іске асыру кезінде адам және азаматтың 
құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселесі 
Қазақстан Республикасына ғана тән емес екенін 
атап өткен жөн. Осылайша, 2009 жылғы қаңтарда 
қызметі адамның (оның ішінде, мигранттардың 
да)  құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғаумен 
тікелей  не  жанама  байланысты  20-дан  астам 
халықаралық 
ұйым 
реадмиссия 
туралы 
келісімдерге  қатысты  ашық  хат  жариялады. 
Онда аталмыш келісімдерді іске асыру барысын-
да жол берілген негізгі бұзушылықтар жайында 
баяндалған [4].  
Еркiн  жүрiп-тұру,  мекендейтін  жерді  және 
тұрғылықты  мекенжайды  өз  қалауынша  таңдау 
құқығы  кез  келген  санаттағы  мигранттардың 
құқықтық  мәртебесінің  ажырамас  бөлігі  бо-
лып  табылады,  ол  адам  құқықтары  жөніндегі 
көптеген іргелі халықаралық актілерде әмбебап, 
тұлғалар шеңбері бойынша шектелмеген құқық 
ретінде бекітілген. Бұл ретте айта кетерлік жайт, 
еркін  жүріп-тұру  құқығы  абсолютті  сипатқа  ие 
емес.  
Халықаралық  нормалар  жүріп-тұру  бостан-
дығын  шектеу  мүмкіндігін  де  көздейді:  еркiн 
жүрiп-тұру  құқығы  және  тұрғылықты  ме-
кенжайды  өз  қалауынша  таңдау  бостандығы, 
сондай-ақ өзiнiң туған елiн тастап шығуға құқық 
мемлекеттік  қауiпсіздiктi,  қоғамдық  тәртіпті, 
халықтың  денсаулығы  мен  имандылығын 
немесе  басқа  адамдардың  құқықтары  мен 
бостандықтарын  қорғау  үшiн  қажет  болған 
жағдайда және тек заңда көзделген шектеулердің 
объектiсi бола алады[5].  
Жүріп-тұру  бостандығына  құқық  бір  мем-
лекет  аумағы  шегінде  болсын,  халықтың 
халықаралық  қозғалысы  шегінде  болсын 
шектеусіз  болып  табылмайды,  қос  жағдайда 
да  халықаралық  құқық  нормалары  мемлекет-
терге  өз  азаматтарының,  шетел  азаматтары 
мен  азаматтығы  жоқ  адамдардың  жүріп-тұру 
еркіндіктерін шектеуіне мүмкіндік береді, алай-
да,  бұл  ретте  мұндай  шектеулердің  мақсаттары 
мен  шарттары  міндетті  түрде  ескерілуі  керек     
[6; 70 б.].  

№ 1 (33) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заң шығару институтының жаршысы  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет