Диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға арналған басылымдар тізіліміне енгізілген Қр бғм бғсбк 30. 05. 2013 ж



Pdf көрінісі
бет15/37
Дата12.01.2017
өлшемі3,95 Mb.
#1731
түріДиссертация
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37

118
-  іздеудегі  объектілердің  жоғалып  кету  мүм-
кіндігі;
-  мақсатқа  жетпеуді  негіздейтін  жағымсыз 
салдардың пайда болу мүмкіндігі. 
Жедел-тергеу 
тәжірибесінің 
талдауына 
сәйкес,  тиімді  нәтижелер  алу  мақсатында 
іздеу-бөгеу  шараларын  жүзеге  асырудың 
ұйымдастырушылық-іздеу  нысанын  қамтып, 
қылмыстарды  ашу  мен  тергеу  барысында 
алынған  ақпараттарды  сапалы  жүзеге  асыру 
қажет. 
Бұл  ретте,  тек  процессуалды  ақпараттарды 
ғана емес, жедел ақпараттар өңделеді және жүзеге 
асырылады.  Сонымен  қатар  ақпараттың  нағыз 
(субъективті)  үлгісімен  қатар  (жәбірленушінің, 
куәлардың,  сезіктілердің,  айыпталушылардың 
және  тағы  басқа  тұлғалардың  айғақтары), 
материалды-ақпараттық бекітілген үлгісін (оқиға 
болған жерді қарау уақытында, басқа да тергеу 
іс-қимылдарын  жүргізу  барысынды  табылған 
іздер) өңдейді де, қылмыстарды ашу мен тергеу 
барысында қолданады.
Олардың 
қызметі 
криминалистикалық 
маңызды ақпараттың қайнар көздерін анықтауға, 
олардан жедел көңіл бөлінетін тұлғалар туралы 
ақпарат  жинап,  қылмысқа  қатысы  бар  деп 
сезіктелген жеке тұлғаларды немесе кінәлілерді 
анықтау  мен  ұстауға  бағытталған  іздеу-
бөгеу  шараларын  жүзеге  асыруды  қамтиды 
және  қылмыстың  тек  криминалистикалық 
сипаттамаларына  ғана  негізделіп  құрылуы 
екіталай, 
сонымен 
қатар 
қалыптасушы 
жағдайларды да ескерген жөн. 
Қылмысты  ашу  мен  тергеу  үдерісінде 
қалыптасатын  жағдайларды  оқып-білу  мен 
бағалау  тергеуші  мен  жедел  қызметкердің 
ойлану  қызметінің  логикалық,  эвристикалық 
және  сезімталдық  нысандарында  жүзеге 
асырылады.  Бұл  үдеріс  жеке  іздеу  шараларын 
немесе олардың кешенін, тергеу іс-қимылдарын 
және  нақты  міндеттерді  шешуге  арналған 
басқа  да  шараларды  жүргізу  үшін  шешім 
шығару  мақсатында  болжамды  объектілер  – 
криминалистикалық  маңызды  ақпарат  қайнар 
көздері туралы мәліметтерді жинау, өңдеу және 
бағалау түрінде көрініс табады. 
Криминалистикада  жағдайлық  көзқарасқа 
негізделе  отырып,  ұйымдасқан  қылмыстық 
топтарға тән криминалды жағдайлардың әр түрлі 
аспектілері  қарастырылады  немесе,  мысалы, 
криминалды  құрылымдардың  қылмыстық  істі 
тергеуге  «қарсы  әсер  етуінде»  туындайтын 
тергеулік жағдайлардың белгілері талданады [3; 
118-130 бб.].
Іздеу  қызметіндегі  іздеу-бөгеу  шараларына 
белгісіздік  элементтері  тән.  Олардың  бірыңғай 
шешімдері  болмағандықтан,  ең  алдымен, 
ақпараттың  аздығынан,  оның  әр  түрлі 
бағалануынан  және  қарсылығынан  қиындық 
туындайды. 
Іздеу-бөгеу қызметіндегі криминалистикалық 
ақпарат  қайнар  көздерін  іздеуде  белгісіздіктің 
мінездемесі  мен  ерекшеліктерін  оқып-білу 
ұғынушылық көзқарастың мол маңызын көрсете 
біледі,  себебі  бұл  қызметтің  субъектісі  нақты 
анықтау мүмкін емес жағдайларда әрекет етеді 
де,  жоғарғы  мәселелік  (қиындық)  жағдайына 
душар болады. 
Белгісіздіктерді  жою  тәсілдерін  таңдау 
шектеулі қиын және шығармашылықты үдеріс, 
себебі  іздеудегі  объект  туралы  тексерілген 
және  бір  мағыналы  ақпараттың  жоғында 
жүзеге  асырылады.  Іздеу  жағдайының  осы 
белгісіне  назар  аудару,  әсіресе,  ғылыми 
зерттеудің  криминалистикалық  ақпарат  қайнар 
көздерін  іздеу  үдерісінде  ұйымдастырушылық-
басқарушылық, тактикалы-психологиялық және 
логикалық-ұғынушылық әдістер мен тәсілдерді 
жалпылау  үшін  маңызды  [4;  121  б.],  бірақ  бұл 
жерде  белгісіздік  факторларының  әсерінен 
толығымен  «құтылу»  мәселесі  қозғалып 
тұрған  жоқ  (тәжірибеге  сай,  бұл  мүмкін 
емес),  керісінше,  іздеу  жағдайын  тиімді  шешу 
бойынша  нақты  шешімдер  мен  тәжірибелік  іс-
қимылдар  кешенін  таңдау  мақсатында,  оны 
терең  талдау  мен  бағалау  қажеттілігі  туралы 
пікірлер айтылуда. 
Пайда  болу  нысандары  мен  мазмұны 
бойынша  белгісіздік  бірқалыпты  жаратылыс 
емес.  Осымен  байланысты,  ұғынушылық  және 
қоғамдық  қызмет  үдерісіндегі  белгісіздіктің 
көлемді  де  жан-жақты  аймағы  бар  екенін 
ұмытпаған жөн, сондықтан тергеуші мен жедел 
қызметкер  қылмыстық  іс  бойынша  іздеу-
бөгеу  шараларын  жоспарлау  мен  жүзеге  асыру 
барысында оларды есепке алуы қажет. 
Сөйтіп, іздеу-бөгеу қызметінің жүйеқұрушы 
факторлары  ретінде  бірнеше  объектілерді 
қарастыруға 
болады: 
криминалистикалық 
ақпараттың  қайнар  көздері  және  қалыптасқан 
іздеу  жағдайының  сипаттамасы.  Қылмыстық 
іс  жүргізу  заңдылықтарына  көз  сала  отыра, 
белгілі  ғұлама  ғалымдардың  көзқарастарымен 
пікір  таластырсақ,  «қылмыстық  іс  бойынша 
дәлелденуі міндетті жағдайлар – қылмыстық істі 
дұрыс  ашуға  және  кез  келген  нақты  жағдайда 
сот  өндірісінің  міндеттерін  шешуге  арналған 
зерттелуші  жағдайдың  маңызды  белгілері  мен 

119
байланыстарын  көрсететін  жағдайлар  жүйесі» 
деген қорытындыға келуге болады [5; 139 б.].
Бұлар келесі жағдайлар: 
- қылмыс жағдайы (қылмыстың жасалу уақы-
ты, орны, тәсілі және басқа да жағдайлары);
- қылмыс жасаудағы айыпталушының кінәлі-
лігі, жасалған іс-қимылдың ниеті;
- жауаптылықтың дәрежесі мен мінезіне әсер 
ететін  және  айыпталушының  жеке  тұлғасын 
мінездейтін жағдайлар; 
-  қылмыспен  келтірілген  зардаптың  мінезі 
мен көлемі;
- қылмыс жасауға себеп болған жағдайлар. 
Арнайы  әдебиеттерде,  бұл  жағдайлардың 
жеткілікті  де  жоғары  дәрежедегі  түсініктер 
болып  табылатыны  айтылады.  Қылмыстардың 
криминалистикалық сипаттамасы осы тұрғыдан 
алғанда олардың типтік элеметтік-компоненттік 
құрамын анықтайды: 
- қылмыскер; 
- мақсаттар мен міндеттер; 
- ниет; 
- дәлелдеу заты; 
-  қылмыстық  мақсатқа  жету  құралдары  (іс-
қимылдар,  қылмыс  жасау  тәсілдері,  қылмыс 
құралдары, т.б.); 
- қылмыстың механизмі мен салдары
-  іс-қимыл  (қимылсыздық)  мен  салдар  ара-
сындағы себептік байланыс [6; 74 б.]. 
Жалпы  айтқанда,  бұл  көзқараспен  келісуге 
болады,  бірақ  ол  нақтылау  мен  қосымшаларды 
қажет етеді. Іздеу-бөгеу шараларын жүзеге асыру 
бойынша  қызметіне  тек  криминалистикалық 
сипаттама  ғана  емес,  қылмыстың  қылмыстық-
құқықтық, криминалистикалық, жедел-іздестіру 
мінездемелері, қылмыс болған аймақтағы жедел 
жағдайлар да негіз бола алады. 
Әрқилы криминалистикалық ақпарат үлгісін 
өңдеу  мен  жүзеге  асыру,  біздің  көзқарасымыз 
бойынша,  іздеу  жағдайының  мазмұнына 
байланысты келесі нысандарда жүргізіледі.
Бірінші  нысан:  «Жәбірленушіден  қылмыс-
керге»,  «куәдан  қылмыскерге»,  «сезіктіден, 
айыпталушыдан  қылмыскерге»,  демек,  іздеу 
жүргізуде  қылмыскерге  криминалистикалық 
ақпарат  қайнар  көздерін  қолдану  арқылы 
шығу  (қылмыскердің  немесе  ұрланған  мүлікті 
болжамды сатушының бейнесі).
Мысалы,  В.А.  Образцов  «тану»  тәріздес 
іздеу  шаралары  қылмыскердің  болжамды 
пайда болар орындарында оның бейнесін ойша 
құрастырушының  көмегімен  жүзеге  асырылуы 
қажет екенін атап өткен [7; 74 б.]. 
Қылмыстарды ашу мен тергеу барысындағы 
іздеу-бөгеу  шараларын  жүргізудің  негізін 
қалаушы 
бағыты 
болып 
қылмыскердің 
ақпараттық  үлгісі  саналады.  Сол  уақытта, 
іздеу  жүргізудің  басқа  да  ақпараттық  үлгілері 
қолданылуы мүмкін.
Екінші 
нысан: 
Бұл 
нысан 
іздеу-
бөгеу 
шараларын 
жүргізу 
барысында 
криминалистикалық  ақпарат  қайнар  көздерін 
қолдану 
мүмкіндігі 
болмаған 
немесе 
криминалистикалық  ақпарат  қайнар  көздерінің 
жоқтығымен  (жәбірленуші  немесе  куә  өліп 
қалған, өлтірілген және тағы басқа себептермен) 
байланысқан жағдайларда жүзеге асуы мүмкін: 
«жалған 
жәбірленушіден 
қылмыскерге», 
«болжамды  жәбірленушіден  қылмыскерге». 
Сонымен қатар ұқсас немесе белгісіз (латентті) 
қылмыстарды  (мысалы:  көптеген  зорлау 
қылмыстары  бойынша  жәбірленушілер  құқық 
қорғау  органдарына  арызданбайды)  зерттеуге 
ерекше көңіл бөлінген жөн. 
Қылмысты  «ізін  суытпай»  ашу  мүмкін 
болмаған  жағдайда,  тәртіпке  сай,  аталмыш 
шаралар  қылмыстық  іс  бойынша  құрылады. 
Тергеу  тәжірибесінің  талдауына  сүйенсек, 
тергеу  барысында  сезіктінің  сыртқы  белгілері, 
қылмыстың  жасалу  тәсілі  және  қоғамға  қауіпті 
іс-қимылдың  басқа  да  кейбір  жағдайлары 
(сезіктіде  іздердің  қалып  кетуі  немесе  жүріс-
тұрыс белгілері) анықталғанда, нақты қылмысты 
ашу  үшін  іздеу  топтары  құрылуы  мүмкін. 
Осымен  бірге,  аталған  белгілер  тиімді  іздеу 
үдерісін  қиындататын  шамаға  жуық  мінезде 
болуы  мүмкін.  Жоғарыда  көрсетілгендей,  іздеу 
объектісінің  тек  толық  анықталғанында  ғана 
іздестіру үдерісі жүзеге асырылады. 
Іздеу-бөгеу  жұмысын  ұйымдастыру  үшін 
белсенді  іздеу  режимі  қолданылады.  Іздеу 
қызметінің негізін ұқсастықты, бірыңғайлықты, 
айырмашылықты  анықтайтын  психологиялық 
операциялар құрайды.
Айырмашылығын  табу  үдерісі  келесідей 
жүзеге асырылады: 
-  іздеу  тобының  жұмысын  ұйымдастыру 
барысында нақты міндеттерді анықтау;
-  дайындық  үдерісінде  сақталған  ақпаратты 
еске  түсіру  немесе,  керісінше,  есінде  крими-
налистикалық ақпарат қайнар көздерінің ойдағы 
бейнелерін құру;  
- есіне түсірген объектілерді, ойдағы бейнелер 
мен заттарды біріктіру, салыстыру;
- іздеу объектілерін тану немесе танымау. 
Іздеу-бөгеу  шараларын  жүзеге  асыру 
барысындағы негізгі міндеттер:
- белгілері бойынша іздеудегі қылмыскерлер-
Уголовное право и уголовный процесс

№ 3 (35) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
120
ге ұқсас тұлғаларды анықтау, ал оларды тапқан 
кезде ұстау;
-  қылмыскерді  жаңа,  әсіресе,  ұқсас  қылмыс 
үстінде ұстау;
-  денесінде,  киімінде  қылмыстың  іздері  бар 
тұлғаларды анықтау;
- қылмысқа қатысты болуы мүмкін тұлғаларды 
әрқилы  жүріс-тұрыс  белгілері  бойынша  анық-
тау.
Іздеу-бөгеу қызметін ұйымдастыру мен жүзеге 
асыру  өзінің  ерекшеліктері  мен  анықталған 
қиындықтарына  ие.  Себебі  топ  мүшелері  тек 
нақты  қылмысқа  қатысты  тұлғаларды  анықтап 
қана қоймай, сонымен қатар сондай тұлғаларды 
ұстап, ішкі істер органдарына жеткізулері қажет. 
Бұндай  күрделі  жағдайларда  жақсы  бағыт 
алушы  ішкі  істер  органдарының  жоғары 
білікті,  мамандандырылған  қызметкерлерінен 
құралған  белсенді  құрылымдардың  іздеу-
бөгеу  жұмыстары  келесі  аумақтарда  жүзеге 
асырылады:
-  қылмыстың  болжамды  жасалатын  аумақ-
тарында;
-  қылмыскердің  болжамды  қозғалыс  бағыт-
тарында;
- қылмыскердің болжамды тұрғын-жай неме-
се  жұмыс  орны  аумағында  (мөлтекаудан,  ауыл 
немесе кәсіпорын, ұйым, мекеме және олардың 
орналасу аумағы).
Сонымен қатар қарастырулы жағдайлардағы 
жұмыс  істеу  аумақтар  болып  қалалар  мен 
ауылдардың  көшелері,  үйлердің  аулалары, 
қоғамдық  көлік  аялдамалары,  саябақтар  және 
тағы  басқалары  табылуы  мүмкін.  Кейбір 
жағдайларда іздеу топтары көршілес орналасқан 
зауыттарда,  кәсіпорындарда,  мекемелерде, 
ұйымдарда  және  тағы  басқа  жерлерде  іздеу-
бөгеу шараларын жүргізуі мүмкін. 
Әрбір  нақты  жағдайда  іздеу  топтарының 
іздеу-бөгеу қызметін  ұйымдастыру қылмыстың 
түріне,  оның  жасалу  орны  мен  уақытына, 
сонымен қатар тергеудегі қылмыстық істің басқа 
да жағдайларына тәуелді болады.
Іздеу-бөгеу  шараларын  жүзеге  асыру 
үдерісінде  болжамды  сезіктіні  анықтау  мен 
ұстау  үшін  іздеу  топтарының  бірнеше  түрі 
құрылуы  мүмкін.  Бұл,  ең  алдымен,  жаңа 
қылмыстың болжамды жасалу мүмкіндігіне және 
қылмыскердің болдамды қозғалыс бағыттарына 
тәуелді. 
Өзінің 
құрамы 
бойынша 
іздеу-бөгеу 
шараларын  жүзеге  асырушы  топтар  келесі 
түрлерде болуы мүмкін:
- куәлармен, жәбірленушілермен және басқа 
да тұлғалармен біріккен ішкі істер органдарының 
қызметкерлері;
-  арасындағы  біреуі  «алдаушы»  рөлін  орын-
дайтын ішкі істер органдарының қызметкерлері. 
(Қылмыскерді  «қылмыс  үстінде»  ұстау  үшін 
«алдаушы»  немесе  жалған  жәбірленуші  рөлін 
өзінің  өтілі  мен  сыртқы  белгілері  бойынша 
неғұрлым  сәйкес  келетін  қызметкер  ғана 
орындай алады).
Аталмыш  топтардың  неғұрлым  тиімді 
қызметі үшін жәбірленушілерді, куәларды және 
басқа  да  тұлғаларды  қатыстырады,  әсіресе, 
бұлардың  көмегін  сезіктіні  жақсы  есіне  сақтап 
қалған  немесе  оны  сыртқы  белгілері  бойынша 
тануы  мүмкін  жағдайларда  қолданған  жөн  [8; 
44-53 бб.].
Жәбірленушілердің,  куәлардың  және  басқа 
да тұлғалардың өмірі және денсаулығына қатер 
төнетін  жағдайларда,  оларды  бұл  топтардың 
жұмысына қатыстыруға қатаң тыйым салынады.
Сонымен  қатар  аталмыш  қызмет  үдерісінде 
келесі тәртіпті сақтау қажет:
- қылмыскерді анықтау бойынша шараларды 
өзгелерден жасырын түрде жүзеге асыру;
-  қылмыскерге  белгілері  және  жүріс-тұрысы 
бойынша  ұқсас  тұлғалардың,  мүмкідігінше, 
барлығын анықтау; 
-  өзгелерге,  топ  мүшелеріне  және,  әсіресе 
«алдаушы» рөлін орындаушы қызметкерге, деген 
зиян  келтіруші  жағдайларды  жою  шараларын 
жүргізу;
- қылмыскердің жаңа қылмыстар жасау мүм-
кіндігін жою.
Іздеу-бөгеу  жұмысы  басталмас  бұрын, 
ұйымдастырушылық 
сипаттағы 
келесі 
сұрақтарды шешіп алған жөн:
- топтардың жалпы саны мен олардың құра-
мын анықтау;
-  топ  (топтардың)  мүшелеріне,  сонымен  қа-
тар белгіленген шараларға қатысушы  басқа да 
тұлғаларға олардың міндеттерін түсіндіру;
- топ мүшелерін қылмыскердің белгілерімен 
және  жүріс-тұрыс  ерекшеліктерімен  толық 
таныстыру;
-  топ  мүшелерін  анықталған  бағыттарға, 
аумақтарға, тұрғылықты жерлерге, кәсіпорындық 
және әкімшілік объектілерге бекіту;
- іздеудегі тұлғаның субъективті портреттерін, 
фотороботтары мен фотосуреттерін көбейту;
-  топ  жұмысы  үшін  қажетті  крими-
налистикалық, жедел және басқа да техникалық 
құралдарды дайындау;
-  топтың  және  оның  жұмысына  қатысушы 
тұлғалардың  жағдайға  сәйкес  жасырыну 

121
мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.
Аталмыш  жұмыстың  тактикалық  аспек-
тілерінің  өзіндік  ерекшеліктері  бар,  сесебі  топ 
мүшелері  өздерінің  ішкі  істер  органдарына 
қатыстылығын  өзгелерден  құпияда  ұстаулары 
қажет.  Бұл  сұрақтар,  өкінішке  орай,  жедел 
аппараттардың  қызметтік  құпиясын  құрайтын 
себептен, нағыз мақалада қарастырылмайды. Ең 
маңыздысы – бұл өзінің ішкі істер органдарына 
қатыстылығын мұқият жасыру және өзін білдіріп 
қоймау. Топтармен қарастырулы жұмысты дұрыс 
және  мұқият  ұйымдастыра  білу,  тәртіпке  сай, 
қылмыстың тез және толық ашылуына әкеледі. 
Бұл топтармен жүзеге асырылған іздеу-бөгеу 
шаралардың  нәтижелері  сәйкес  мәлімдемемен 
құжатталады.  Оны  топ  басшысы  толтырады, 
онда топтың барлық жұмыс үдерісі және алынған 
нәтижелер,  ал  кейбір  жағдайларда,  тактикалық 
және ұйымдастырушылық мінездегі ұсыныстар 
көрініс табады.
Сөйтіп,  қылмыстарды  ашу  мен  тергеу 
барысында  іздеу-бөгеу  шараларын  ішкі  істер 
органдарының  жедел  қызметкерлері  мен 
қылмысты ашу мен тергеу бойынша іздеу-бөгеу 
жұмысының  алдына  қойылған  мақсаттарына 
неғұрлым  тиімді  жету  үшін  қолданылатын 
басқа  да  тұлғаларды  қамтитын,  сонымен  қатар 
қылмыстық  іс  бойынша  қойылған  міндеттерді 
шешуге  арналып  арнайы  ұйымдастырылған 
құрылымдар жүзеге асырады. 
Аталған 
қызметті 
атқару 
барысында 
жүргізілетін 
іздеу-бөгеу 
шараларының 
үдерісінде  көптеген  күрделі  қиындықтар 
туындайды. Дегенмен, тек қысқа түсініктегі іздеу 
қызметін жүзеге асырып қана қоймай, сонымен 
қатар нақты да тиімді іздеу болжамдарын құру, 
сапалы деңгейде типтік іздеу кестелерін қолдану, 
қалыптасқан іздеу міндеттерін тез де толық шешу, 
қылмыс  жасауда  сезіктілер  мен  кінәлілердің 
орналасу  орнын  неғұрлым  жақын  дәрежеде 
болжау  мен  анықтау  және  оларды  іздеуге 
қатысушылардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз 
ете  отырып,  неғұрлым  қысқа  мерзімде  ұстау 
арқылы  көрсетілген  қиындықтарды  шешеді  де, 
қылмыстарды  ашу  мен  тергеу  барысындағы 
іздеу қызметіне маңызды нәтиже береді. 
Пайдаланылған әдебиет тізімі
1.  Воронин.  С.Э.  Проблемно-поисковые  следственные  ситуации  и  установление  истины  в 
уголовном судопроизводстве. – Барнаул, 2000 ж. Самыгин Л.Д. 
2. Расследование преступлений как система деятельности. - М., 1989 ж. 
3. Карагодин В.Н. Преодоление противодействия предварительному расследованию. - Свердловск. 
1992 ж. 
4. Шульц Д. Теория нечетких множеств и многозначная логика // философские науки. 1983 ж.      
№ 6.
5.  Миньковский  Г.М.  Понятие  предмета  доказывания  //  Теория  доказывания  в  Советском 
уголовном процессе. - М., 1973 ж. 
6. Образцов В.В. Выявление и изоблачение преступника. - М., 1992 ж. 
7. Образцов В.А. Выявление и изобличение преступника. - М., 1997 ж. 
8. Руководство по расследованию убийств / под. ред. С.И. Гусева. - М., 1977 ж. 133-бет.
Бұл  ғылыми  мақалада  қылмыстарды  ашу  мен  тергеу  барысында  іздеу-бөгеу  шараларын 
ұйымдастыру және жүзеге асыру мәселелері қарастырылады.
Түйін  сөздер:  жедел  қызметкер,  криминалды  полиция  аппараттары,  жедел  топ,  тергеуші, 
тергеу органдары, жедел-іздестіру қызметі, ішкі істер органдары, тергеу іс-қимылдары, жедел-
іздестіру шаралары, өзара әрекеттестік, құқық қорғау органдары. 
В  данной  научной  статье  рассматриваются  организация  и  осуществление  поисково-
заградительных мероприятий в процессе раскрытия и расследования преступлений.
● ● ● ● ●
Уголовное право и уголовный процесс

№ 3 (35) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  
122
Ключевые  слова:  оперативный  сотрудник,  аппараты  кримиинальной  полиции,  оперативная 
группа,  следователь,  следственные  органы,  оперативно-розыскная  деятельность,  органы 
внутренних  дел,  следственные  действия,  оперативно-розыскные  мероприятия,  взаимодействие, 
правоохранительные органы.
The given article observes the organizational matters of realty-supervision interrogation in preliminary 
investigation.
Keywords:  quick  employee,  offices  of  krimiinalny  police,  task  force,  investigator,  investigating 
authorities, operational search activity, law-enforcement bodies, investigative actions, operational search 
actions, interaction, law enforcement agencies.
Досжан Асылбекұлы Уақасов,
Қазақстан  Республикасы  ІІМ  Бәрімбек  Бейсенов  атындағы  Қарағанды  академиясының                               
ЖІҚ кафедрасының доценті, з.ғ.к., полиция майоры 
Ержан Оразханұлы Мұхамеджанов,
Қазақстан  Республикасы  ІІМ  Бәрімбек  Бейсенов  атындағы  Қарағанды  академиясының                              
ЖІҚ кафедрасының оқытушысы, полиция майоры 
Қылмыстарды  ашу  мен  тергеу  барысында  іздеу-бөгеу  шараларын  ұйымдастыру  және 
жүзеге асыру
Уакасов Досжан Асылбекович,
доцент кафедры ОРД Карагандинской академии МВД Республики Казахстан имени Баримбека 
Бейсенова, к.ю.н., майор полиции
Мухамеджанов Ержан Оразханович,
преподаватель  кафедры  ОРД  Карагандинской  академии  МВД  Республики  Казахстан  имени 
Баримбека Бейсенова, майор полиции
Организация  и  осуществление  поисково-заградительных  мероприятий  в  процессе 
раскрытия и расследования преступлений
Uakasov Doszhan Asylbekovich,
the  associate  professor  of  HORDES  of  the  Ministry  of  Internal Affairs  Karaganda  academy  of  the 
Republic of Kazakhstan of Barimbek Beysenov, Cand.Jur.Sci., the police major
Mukhamedzhanov Yerzhan Orazkhanovich,
the teacher of HORDES chair of the Ministry of Internal Affairs Karaganda academy of the Republic of 
Kazakhstan of B. Beysenov, the police major
The organization and implementation of search and protecting actions in the course of disclosure 
and investigation of crimes

123
РЕАДМИССИЯ В ПЛАНИРУЕМЫХ ДВУСТОРОННИХ ДОГОВОРАХ 
КАЗАХСТАНА С ЕВРОПЕЙСКИМИ И ИНЫМИ ГОСУДАРСТВАМИ
Сарсембаев Марат Алдангорович,
главный научный сотрудник отдела международного законодательства 
и сравнительного правоведения 
Института законодательства РК, доктор юридических наук, 
профессор
Некоторые  люди  могут  поставить  перед 
собой вопрос: что такое «реадмиссия»? Обычно 
по  поводу  реадмиссии  государства  заключают 
двусторонние  договоры  и  соглашения  и  под 
реадмиссией понимают передачу компетентным 
органом  запрашивающей  стороны  граждан 
запрашиваемой  стороны,  граждан  третьих 
государств,  лиц,  не  имеющих  гражданства, 
которые  незаконно  въехали,  пребывают  или 
проживают  на  территории  запрашивающей 
стороны.  Видимо,  не  совсем  понятно.  Тогда 
попробуем  раскрыть  значение  этого  понятия 
применительно  к  Казахстану  и,  к  примеру, 
Кыргызстану,  которые  решили  разработать 
и  подписать  между  собой  двустороннее 
соглашение  по  реадмиссии.  На  территории 
Казахстана находятся как законно пребывающие 
кыргызы, так и незаконно пребывающие на ней 
люди  той  же  национальности.  Компетентные 
органы 
Казахстана, 
выявив 
незаконно 
проживающих лиц, в качестве запрашивающей 
стороны  высылают  запрос  запрашиваемой 
стороне  –  Кыргызстану  о  реадмиссии  (об 
обратном  возвращении  Казахстаном  и  приеме 
Кыргызстаном) этих лиц. Среди этих лиц могут 
быть  постоянно  проживающие  в  Кыргызстане 
иностранцы  и  апатриды,  которые  также 
незаконно  въехали  на  территорию  Казахстана, 
незаконно  пребывали  в  нем.  В  казахстанском 
запросе  о  реадмиссии  могут  вести  речь  и  о 
подобного  рода  иностранцах  и  апатридах, 
которые также подлежат реадмиссии – обратному 
возврату Казахстаном и приему Кыргызстаном. 
Теперь,  уяснив  себе  это  основное  понятие, 
попробуем  перейти  к  критическому  анализу 
проектов договоров и соглашений Казахстана с 
европейскими и иными государствами в целях 
их совершенствования. 
Автор  этих  строк  надлежащим  обра-
зом  изучил  текст  Соглашения  между 
Правительством  Республики  Казахстан  и 
Правительством  Республики  Болгария  о 
реадмисии лиц, состоящий из 20-ти статей и 7-ми 
приложений. В статье 1 приведены 9 терминов 
и  столько  же  определений  к  ним.  В  статье  1 
«Определения»  отсутствуют  встречающиеся 
в  тексте  Соглашения  термины:  «незаконное 
(нелегальное)  пребывание»,  «собственные 
граждане»,  «расходы  Стороны,  связанные  с 
реадмиссией лиц», «третьи лица, привлекаемые 
для возмещения расходов, связанные с передачей 
лиц»,  а  также  определения  к  ним.  Автор 
статьи  предлагает  статью  1  дополнить    этими 
терминами, а также определениями к ним. 
В  тексте  статьи  16  Соглашения  механизм 
реализации  данного  Соглашения  в  виде 
уполномоченных  государственных  органов 
Сторон  с  названиями,  по  возможности  их 
структурных  подразделений,  не  до  конца 
отработан.  Казахстанская  сторона  указала  на 
Комитет  миграционной  полиции  Министерства 
внутренних  дел  Республики  Казахстан  как  на 
один  из  важных  элементов  механизма,  но  от 
Болгарской  стороны  ни  одно  министерство 
или  ведомство  не  указано.  В  статье  16  можно 
дополнительно  прописать:  «Для  Республики 
Болгария компетентным органом для реализации 
данного 
Соглашения 
уполномочивается 
Министерство  (или  ведомство),  занимающееся 
миграционными  делами».  Говоря  другими 
словами,  от  болгарской  стороны  надо  бы 
обозначить  наименование  соответствующего 
уполномоченного министерства или ведомства. 
Пункт  3  статьи  5  рассматриваемого 
Соглашения  содержит  такие  положения: 
«Ходатайство  о  реадмиссии  должно  содержать 
следующую  информацию:1)  все  имеющиеся 
сведения о лице, подлежащем реадмиссии (имя, 
Международное право и сравнительное правоведение

№ 3 (35) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет