Participation non-governmental organizations to conduct of legal monitoring in the Republic of
Kazakhstan
105
Из практики законотворчества на государственном языке
ҰЛТТЫҚ ЗАҢНАМАДАҒЫ ТЕРМИНОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ
«Әділет органдары туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес Әділет
министрлігі заң жобалау жұмысын жүргізу
арқылы ұлттық заңнаманы қалыптастыруға
қатысады.
Сонымен қатар «Нормативтік құқықтық
актілер туралы» Заңның 23-бабына сәйкес
Әділет министрлігі заң жобаларына ғылыми
лингвистикалық сараптама жүргізуді ұйым-
дастырады.
Осы сараптаманы жүргізу Әділет министр-
лігінің ведомстволық бағынысындағы Заңнама
институтының құзыретінде. Сонымен бірге,
Институттың Жарғысына сәйкес оның құзыре-
тіне мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз
ету саласындағы іргелі және ғылыми-қолдан-
балы зерттеулерді жүргізу де жатады.
Осы
зерттеулер
аясында
Заңнама
институтының Лингвистика орталығы 2012
жылдан бастап «Қазақстан Республикасының
заңнамасында қазақ тіліндегі заң лексикасының
қолданылуына
мониторинг
жүргізу»
тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізіп
келеді. Заң лексикасы, оның ішінде заң
терминологиясының
қазіргі
уақыттағы
қалыптасу процесі, оның сапасы мен заң жобалау
жұмысы барысында қолданылу мәселелерін
талдау – іргелі ғылыми зерттеудің ауқымды әрі
өзекті тақырыбы.
Жүргізілетін зерттеудің негізгі мақсаты
– Қазақстан Республикасының азаматтық
заңнамасының лексикалық және нормативтік
базасын зерттеу және талдау, заң терминдері мен
жалпы азаматтық-құқықтық заңнаманың тілдік
негіздерін жетілдіру, заң шығару процесінде
терминдер мен сөз тіркестерін бірізді қолдану,
сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың және
әзірленетін нормативтік құқықтық актілер
жобаларының сапасын арттыру.
Осыған дейін түрлі себептермен жіберілген
тілдік кемшіліктер заңнаманың сапасына,
сонымен қатар құқық қолдану тәжірибесіне де
теріс әсерін тигізіп келеді. Ұлттық заңнамада
кездесетін кемшіліктер қатарында қарапайым
орфографиялық қателіктермен қатар, дұрыс
аударылмауы себебінен құқықтық мағынасы
өзгеріп кеткен нормалар да кездеседі.
Сонымен қатар қолданыстағы заңнамада
бірізділікті қажет ететін ұғымдар мен тіркестер
көп кездеседі.
Мысалы, осы зерттеу жұмысын жүргізу
барысында мынадай олқылықтар анықталды.
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР
Заңында бүкіл мәтін бойынша «иностранные
периодические печатные издания» деген сөз
тіркесін қазақ тіліндегі мәтінде қолдануда
бірізділік сақталмаған. Аталған Заңның
4-4-бабында «шетелдік баспасөз басылымдарын»
деп «мерзімді» деген сөз қалып қойса, 4-2-бапта
осы тіркес «шетелдiк мерзімді баспасөз
басылымдарын» деп дұрыс қолданылған. Осы
олқылық бүкіл мәтін бойынша кездеседі.
Мырзаева Шолпан Рысбайқызы,
ҚР Заңнама институты
Лингвистика орталығының
НҚА және халықаралық шарттар жобаларына
ғылыми лингвистикалық сараптама
секторының
жетекші ғылыми қызметкері
Талғат Егінбайұлы Мұшанов,
ҚР Заңнама институты
Лингвистика орталығының
НҚА және халықаралық шарттар жобаларына
ғылыми лингвистикалық сараптама
секторының
кіші ғылыми қызметкері
№4 (40) 2015 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы
106
Осыған ұқсас олқылық «Ойыншықтардың
қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының 7-бабында да анықталды. Осы
баптағы «маркировка» деген термин 4-тармақта
«таңбалау» деп қолданылса, ал келесі 5-тармақта
«таңбаланым» деп жазылған, яғни осы терминді
қолдануда бірізділік сақталмаған әрі дұрыс
аударылмаған. Қазіргі уақытта бұл термин
«маркалау» деп қолданылып жүр, ал «таңба»
деген сөз «знак» деген сөздің аудармасы ретінде
қолданылады.
Осымен бірге, «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер
құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңының
6-бабының үш тармағында «насильственные
действия» деген термин бірізділік сақталмай
әртүрлі қолданылған:
«6-бап. Осы Заңның 5-бабында аталған,
соттар негiздеп айыптаған, сондай-ақ сот емес
органдардың шешiмдерiмен қылмыстық жазаға
тартылған, iстерiнде мына төмендегi жасаған
қылмыстары жеткiлiктi дәлелденген адамдар
ақталуға жатпайды:
а) шетелге қашып немесе ұшып кетуден басқа
Отанды сатудың барлық формалары; қарулы
көтерiлiс немесе қарулы бандылар құрамында
Республика аумағына революцияға қарсы
мақсатта басып кiру және олар жасаған кiсi
өлтiрулерге, басқа да күш көрсету әрекеттерiне;
тiмiскiлiк, терроризм актісі, бүлдiру әрекеттерiне
қатысу;
б) жай халық пен әскери тұтқындарға
қатысты күштеу әрекеттерi, сондай-ақ Ұлы Отан
соғысы кезiнде осындай әрекеттер жасауына
басқыншылар мен Отанын сатқандарға дем
берушiлiк;
в) қарулы бандыларды ұйымдастыру және
олар жасаған кiсi өлтiрулерге, басқа күштеу
әрекеттерiне қатысу.
Осы норманың орыс тіліндегі мәтіні
төмендегідей:
«Статья 6. Не подлежат реабилитации
лица, перечисленные в статье 5 настоящего
Закона, обоснованно осужденные судами, а
также подвергнутые уголовным наказаниям
по решениям внесудебных органов, в делах
которых имеются достаточные доказательства
совершения следующих преступлений:
а) измена Родине во всех формах, кроме бегства
или перелета за границу; вооруженное восстание
или вторжение в контрреволюционных целях на
территорию Республики в составе вооруженных
банд и участие в совершенных ими убийствах
и других насильственных действиях; шпионаж,
акт терроризма, диверсия;
б) насильственные действия в отношении
гражданского населения и военнопленных, а
также пособничество оккупантам и изменникам
Родины в совершении таких действий во время
Великой Отечественной войны;
в) организация вооруженных банд и участие
в совершенных ими убийствах и других
насильственных действиях.».
Осы
норманың
мәтіндерін
оқып
салыстырғанда, бірізділік сақталмағаннан басқа
да көптеген олқылықтар кездеседі.
Мәселен, «насильственные действия» деген
тіркесті «күш қолдану әрекеттері» деп қолданған
дұрыс. Сондай-ақ, а) тармақшасында «шпионаж»
деген сөз «тiмiскiлiк» емес, «тыңшылық» деп,
«диверсия» деген сөз «бүлдiру» емес, «диверсия»
деп аударылмай қолданылуға тиіс.
Жалпы осы норма қазақ тіліне сөздердің орны
сақталмай, синтаксистік те, стилистикалық та
тұрғыдан дұрыс аударылмаған.
Тағы бір айтатын мәселе, тәуелсіздігіміздің
алғашқы кезеңінде қабылданған нормативтік
құқықтық актілерде кейбір терминдер дұрыс
аударылмай қолданысқа енген. Мысал ретінде,
«законодательство» деген термин де, «закон»
деген термин де «заң» деп аударылды. Осы
мәселені шешу үшін ғалымдар және қазақ
тілімен тікелей жұмыс істейтін мамандар «заң»
деген терминге балама ретінде «заңнама»
деген терминді қолданысқа енгізді. Осы
термин толығымен мағынасы жағынан қазақ
тілінің нормаларына сәйкес келеді. Бұған ұқсас
мысалдар көп, осылайша аударылмаған немесе
дұрыс аударылмаған терминдер мен сөздерден,
сөз тіркестерінен заңнамамызды бара-бара
арылтып, аталған мәселені шешуге болады.
Қате тұжырымдалған не аударылған сөздер
мен тіркестерді түзету, оларды тыңғылықты
талдау ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді
талап етеді. Жоғарыда келтірілген кемшіліктерді
түзету және келешекте болдырмау мақсатында
азаматтық-құқықтық заң терминдерінің тілдік-
құқықтық табиғатына теориялық зерттеулер
жүргізу де қажет. Осындай зерттеулердің
негізінде азаматтық-құқықтық заң терминдерінің
түсіндірме сөздігін қалыптастыру бүкіл ұлттық
құқықтық заңнама салалары бойынша үлкен
жобаның бөлігі болады деп жоспарланды.
Осыдан келіп зерттеу жұмысының өзектілігі
анықталады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2009 жылғы 28 тамыздағы №858 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасының 2010
жылдан 2020 жылға дейiнгi кезеңге арналған
107
Из практики законотворчества на государственном языке
құқықтық саясат тұжырымдамасында заңнама
сапасын жетілдіру мәселелері қамтылған.
Құқықтық жетілдірумен қатар қолданыстағы
заңнаманың тілдік кемшіліктерін де түзету қажет
болып отыр. Осыған орай, заң шығару, норма
түзу процесінде орыс және қазақ тілдеріндегі заң
терминдерінің бірізділігін қамтамасыз ету өзекті
мәселе болып табылады.
Осымен бірге бұл бағытта жұмыс алғашқы
рет жүргізіліп отырғанын және көп жылдық
зерттеуді талап ететіндігін атап өту қажет.
Заң
терминдерін
саралау,
олардың
құқықтық-нормалық
анықтамасын
әзірлеу
және олардың заңнамада қолданылып жүрген
нұсқаларын жинақтап, талдау бойынша зерттеу,
зерделеу жұмыстарының түйіні жалпы заң
терминологиясын қалыптастыруға бағытталады.
Заң терминологиясын қалыптастыру –
белгілі бір мерзімді қамтитын, біліктілікті, жан-
жақты талдауды және сараптауды қажет ететін
іргелі ғылыми-практикалық еңбек. Заңнама
институтының Лингвистика орталығының
қолданыстағы заңнаманың негізінде қазіргі
уақытта жүргізіп отырған іргелі ғылыми зерттеу
жұмыстарының нәтижесі заң терминдерінің
анықтамалықтарын жасау арқылы алдағы
жылдарда әртүрлі тақырыптық анықтамалық
сөздіктер сериясын шығаруды көздейді.
Ал бұл, өз кезегінде, заң терминологиясы
мәселелерін тақырыптық жағынан жүйеге
келтіріп жетілдірудің өзекті де, нақты бір
көрінісі. Мұндай сөздіктер азаматтық-құқықтық
заңнаманың заң терминдері мен ұғымдарының
тілдік негіздерін жетілдіруге, заң шығару
процесінде қолданылатын терминдер мен
тіркестерді біріздендіруге, қолданыстағы және
қабылданатын нормативтік құқықтық актілердің
сапасын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Айтып өтетін жайт, Заңнама институты
Лингвистика орталығының қазіргі құрамының
Қазақстан
Республикасының
азаматтық
заңнамасының терминдеріне талдау жүргізуге
әлеуеті мен мүмкіндігі жеткілікті.
2012-2014 жылдар аралығында ҚР Азаматтық
кодексінің Жалпы және Ерекше бөлімдері
терминдерінің қазақша-орысша анықтамалық
сөздігін және «Заңнама терминдерінің қазақша-
орысша және орысша-қазақша сөздігін» жасау
бойынша жұмыстар жүргізілді.
Осының
нәтижесінде
ҚР
Азаматтық
кодексінің Жалпы және Ерекше бөлімдері
терминдерінің қазақша-орысша анықтамалық
сөздігінің 600 терминді қамтыған кітапшалары
және «Заң терминдерінің қазақша-орысша және
орысша-қазақша сөздігінің» жалпы көлемі 120
баспа табақтан асатын бірінші және екінші
басылымдары жарық көрді. Осы соңғы сөздіктің
алғашқы басылымы Қазақстан бойынша барлық
мемлекеттік органдарға таратылды, ал екінші
басылымы Заңнама институтында қызмет
бабында пайдалануға арналған 30 данамен
шығарылып байқаудан өткізілуде.
2015 жылға арналған іргелі және қолданбалы
зерттеудің объектісі ретінде қолданыстағы
Қазақстан
Республикасының
азаматтық
заңнамасының әлеуметтік саласы алынды. Бұл
ауқымды көпсалалы заңнама ғылыми талдау
жасап, қажетті заң терминдерін іріктеп алу
үшін көп жұмысты қажет етеді. Сондықтан
2015 жылғы зерттеу барысында азаматтық
заңнаманың әлеуметтік саласының қолданыстағы
3 кодексі және 53 заңы бойынша талдау жүргізу
жоспарланған болатын. Жылдың соңында
күтілетін нәтиже – Қазақстан Республикасының
азаматтық заңнамасының әлеуметтік саласы
терминдерінің түсіндірмесі.
Заңнама институтының Лингвистика орталығы
қызметкерлерінің
ғылыми-практикалық
ізденістерінің нәтижесі болған бұл жұмыстардың
негізгі мақсаты – заң жобалары мәтіндеріне
құқықтық-лингвистикалық сараптама жасауды
сапалы түрде жүйелеп, мемлекеттік тілдегі
заң терминдерін қалыптастыруға және оларды
бірізділікке келтіру. Бұл бағыттағы жұмыс
заң жобалары мәтіндеріне жүргізіліп отырған
күнделікті практикалық сараптама жұмысымен
және заң терминдерінің қолданысын сараптау
мәселелеріне арналған, әр жартыжылдықта
жоспарлы түрде өткізілетін ғылыми семинарлар
мен дөңгелек үстелдерге шығарылатын өзекті
мәселелермен ұштастырылып отырады. Атап
айтқанда, соңғы жылдарда орталық мемлекеттік
органдардың жауапты қызметкерлері, заңгер
мамандары,
лингвист
аудармашыларының
қатысумен
әртүрлі
ғылыми-практикалық
іс-шаралар өткізіліп, Заңнама институтының
заң терминдерін сауатты да сапалы пайдалану
арқылы заң мәтіндерін жетілдіруге арналған
нақты ұстанымдары мен ұсыныстары ортаға
салынды. Осы өткізілген іс-шаралардың
барлығында да жүргізіліп отырған іргелі ғылыми
зерттеулердің нәтижесі күн тәртібіне негіз
болды. Осы іс-шаралар заң бастамашылығымен
айналысатын органдармен ортақ пікірге келудің
алғышарттарын жасады. Осыған дәлел ретінде
соңғы екі жылдың ішінде заң жобаларының
мемлекеттік тілдегі мәтіндері сапасының
жақсаруы, Үкімет және Парламент палаталары
№4 (40) 2015 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы
108
депутаттары мен аппараттарының тарапынан
мемлекеттік заң терминдерінің бірізділігіне
қатысты ескертулердің барынша азайғандығын
атап өтуге болады. Мәселен, заң әзірлеуші
мемлекеттік
органдардан
лингвистикалық
сараптамаға келіп түсетін заң жобалары
мәтіндерінің сапасы 2011-2012 жылдармен
салыстырғанда анағұрлым жетілдірілді.
Заңнама институтының Лингвистика орталы-
ғы жүргізіп отырған осы зерттеу нәтижелерін
қолдану аясы кең болып табылады. Азаматтық
заңнама терминдерінің түсіндірме сөздігін заң
шығару процесі субъектілерінің барлығы қолдана
алады. Сонымен қатар, түсіндірме сөздік құқық
саласында ғылыми зерттеу жүргізетін ғылыми
мекемелер мен оқу орындары үшін де көмекші
құрал бола алады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы // «Әділет»
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі.
2. «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы // «Әділет» Қазақстан
Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі.
3. «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы //
«Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі.
Осы мақала қолданыстағы заңнамада жіберілген кемшіліктер мен олқылықтар, терминдердің
бірізділігі проблемасына және оларды жою жолдарын айқындауға арналған.
Түйін сөздер: «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ Лингвистика орталығы,
ғылыми лингвистикалық сараптама, терминдер, бірізділік, олқылық.
Настоящая статья посвящена проблемам наличия пробелов и ошибок, отсутствия единобразия
терминов в действующем законодательстве и определению путей их устранения.
Ключевые слова: Центр лингвистики ГУ «Институт законодательства Республики Казахстан»,
научная лингвистическая экспертиза, термины, единобразие, пробелы.
The real article is sanctified to the problems of presence of omissions and errors, absence of sameness
terms in a current legislation and to determination of ways of their removal.
Keywords: Linguistic center of the Institute of legislation of the Republic of Kazakhstan, scientific
linguistic expertise, terms, sameness, omissions.
Шолпан Рысбайқызы Мырзаева,
ҚР Заңнама институты Лингвистика орталығының НҚА және халықаралық шарттар жобаларына
ғылыми лингвистикалық сараптама секторының жетекші ғылыми қызметкері
Талғат Егінбайұлы Мұшанов,
ҚР Заңнама институты Лингвистика орталығының НҚА және халықаралық шарттар жобаларына
ғылыми лингвистикалық сараптама секторының кіші ғылыми қызметкері
Ұлттық заңнамадағы терминология мәселелері
● ● ● ● ●
109
Из практики законотворчества на государственном языке
Мырзаева Шолпан Рысбаевна,
ведущий научный сотрудник сектора научно-лингвистической экспертизы проектов НПА и
международных договоров Центра лингвистики Института законодательства РК
Мушанов Талгат Егинбаевич,
младший научный сотрудник сектора научно-лингвистической экспертизы проектов НПА и
международных договоров Центра лингвистики Института законодательства РК
Вопросы терминологии в национальном законодательстве
Myrzayeva Sholpan Rysbayevna,
Leading researcher of sector of research linguistic expertise of drafts of laws and regulations and
international agreements of SI Institute of Legislation of the Republic of Kazakhstan
Mushanov Talgat,
Junior researcher of the sector of research linguistic expertise of drafts of laws and regulations and
international agreements of SI Institute of Legislation of the Republic of Kazakhstan
Questions of terminology are in national legislation
№4 (40) 2015 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы
110
ЗАҢНАМАДА ТЕРМИННІҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ
Есенқұл Сафуани,
ҚР Заңнама институты
Лингвистика орталығының
НҚА және халықаралық шарттар жобаларына
ғылыми лингвистикалық
сараптама секторының
жетекші ғылыми қызметкері
Әлия Кадирова,
ҚР Заңнама институты
Лингвистика орталығының
НҚА және халықаралық шарттар жобаларына
ғылыми лингвистикалық
сараптама секторының
ғылыми қызметкері
Заңнамада терминдерді қалыптастырудың
басты шарты – жан-жақты, терең ғылыми
талдаудан өткен түсіндірме сөздіктер әзірлеу.
Орыс тілінің түсіндірме сөздігін жасау жұмысы
ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында басталып,
ол жұмысты құрастырушы әрі бас редактор
ретінде орыс тіл білімінің белгілі маманы
Дмитрий Николаевич Ушаков атқарды. Бұл
зерттеу жұмысы заң шығару практикасымен
бірге күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Орыс
тілін зерттеуші – лингвист ғалымдар Сергей
Иванович Ожегов пен Наталья Юльевна
Шведова «Толковый словарь русского языка»
деген сөздігінде «Заң» деген сөзге мынадай
анықтама береді: «Закон – не зависящий ни
от чьей воли, объективно наличествующая
непреложность, заданность, сложившаяся в
процессе существования данного явления, его
связей и отношений с окружающим миром.
Законы природы. Законы движения планеты.
Законы общественного развития. Законы
рынка.» [1].
Яғни заң ешкімнің көңіл-күйіне де, сезіміне де,
еркіне де бағынбайтын, қоғамдық қатынастарды
реттеуде тек қана өзінің арналған функциясын
атқаратын, күшті мен әлсізді теңестіретін
бұлжымас қағида. Ал осы заңнамада терминнің
атқаратын рөлі қандай? «Новый словарь
иностранных слов» сөздігіне сүйенсек: «Термин
(латынша – terminus – шек, шекара), Рим
мифологиясында межелік белгілерді сақтаушы
құдай.» [2]. Біз термин сөздерді қалыптастыруда
көбінесе мағынасына қарай енгізе саламыз.
Тіпті тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында
термин сөздердің бәрін орыс тілінің сөз қорынан
алынған деп ұғынып, еліміз қандай тәуелсіз
болса, біздің тіліміз де сондай тәуелсіз болуы
керек, орысшаға байланып қалуға болмайды,
ондай космополиттіктен алылатын кез келді
деген шамшылдыққа ерік берген жағдайымыз
аз болған жоқ. Мұндай тұжырым заң, ғылым
тілімен айналыспағандардың көңіліне қонымды
болды.
Қазақтан шыққан ұлы лингвист, тоғыз
жұрттың тілін білген ғұлама Құдайберген
Жұбанов та термин жөнінде ой толғай келіп,
кейбір термин сөздердің алғашқы мағынасына
сай келмеуі де мүмкін екенін айтты. Тіл біліміне
тереңірек үңілсек мұның нағыз ғылыми тұжырым
екеніне көзіміз жетеді. Мысалы, атом деген
сөзді күнделікті өмірімізде жиі қолданамыз.
Ежелгі грек тілінен келген мағынасы химиялық
элементтің қасиетін сақтайтын оның ұсақ бөлшегі
– бөлінбейтін деген сөз. Ғылым дами келе оған
мынадай түсінік беріледі: «Понятие об атоме как
о наименьшей неделимой части материи было
впервые сформулировано древнеиндийскими и
древнегреческими философами (см.: атомизм).
В XVII и XVIII веках химикам удалось
экспериментально подтвердить эту идею,
показав, что некоторые вещества не могут быть
подвергнуты дальнейшему расщеплению на
111
составляющие элементы с помощью химических
методов. Однако в конце XIX – начале XX
века физиками были открыты субатомные
частицы и составная структура атома, и стало
ясно, что атом в действительности не является
неделимым. На международном съезде химиков
в Карлсруэ (Германия) в 1860 году были приняты
определения понятий молекулы и атома. Атом
– наименьшая частица химического элемента,
входящая в состав простых и сложных веществ»
[3]. Атом осылай мың бөлек болып бөлінетін
болса да ол термин ретінде сол алғашқы
«бөлінбейтін» деген атауымен қалды.
Егемендіктің алғашқы күндерінен бастап
«форма» деген терминді қазақша заңдарда
«нысан» деп алдық. Тіл білімі институты 2005
жылы шығарған Орысша – қазақша сөздікте
де «форма – нысан; формалист – формалист;
формальность – нысаншылдық; формализм –
формализм, түршілдік; формат – пішім, тұрпат»
[4] деп алынған. Ал баспасөзде объектіні нысан
дейді. Ал «Қазақ әдеби тілінің түсіндірме
сөздігінде: «Нысан – 1. Белгілі бір зат, бізден
тыс өмір сүретін материалдық дүние; 2. Бір іс-
әрекеттің орны, мекеме, кәсіпорын, шаруашылық
не қорғаныс мақсатындағы телім; 3. Белгілі бір
іс-әрекет бағытталған не зерттеуге, бақылауға
арналған зат, құбылыс». Дегенмен қазіргі кезде
заңды іске асырушылар нысан деген сөзді форма
деп түсінетін болды. Бірақ түбірі формадан
шығатын терминдердің қазақша аталуы әртүрлі.
Бұларға қатысты нормалар қалай орындалмақ?
Баспасөзде «институциональный» термині
«институттық» деп алынып жүр. Ал оның
анықтамасында: «Понятие институционализма
включает в себя два аспекта: «институции»
– нормы, обычаи поведения в обществе, и
«институты» – закрепление норм и обычаев в
виде законов, организаций, учреждений.
Смысл институционального подхода состоит
в том, чтобы не ограничиваться анализом
экономических категорий и процессов в чистом
виде, а включить в анализ институты, учитывать
внеэкономические факторы.» [5] делінеді. Яғни
бұл терминді «институттық» деп шолақ қайыру
жөн болмайды. Термин жасауда негізгі терминге
қазақы шапан жауып, «институционалдық» деп,
өзіміздің төл сөзімізге айналдырған орынды
болар еді. Бұл тек біз үшін ғана қажет әдіс емес,
дүние жүзінің барлық тілдерінде ғасырлар бойы
қолданылып келе жатқан әдіс. Советтік кезеңде
біздің ғалымдарымыз, қазақ тілі өзбек және
басқа орталық азия елдерінің тілдері сияқты
араб, парсы сөздерімен былғанбаған, таза тіл
дегенді санамызға сіңіріп келді. Бірақ сол кездің
өзінде тіліміздегі сөздердің 15-20 пайызы араб,
парсы тілінен келгенін айтпау керек болды ма,
кім білсін?! Оның үсіне өзбектің «жұмхурият»,
«ихтисод» деп парсыдан алған сөздерін таза емес
деп, өзіміздің «республика», «экономика» деп
еуропадан алған сөздерді таза сөз деуге міндетті
болдық па?
Біз заңдарда, әсіресе Республикалық бюджет
кодексінде «кепіл», «кепілдік» терминдерін
шатастыруға жол беріп жүрміз. Қазақстан
Республикасының Бюджет кодексі 21-бабының
3-тармағының төртінші абзацы (орысшасы):
«Часть Национального фонда Республики
Казахстан, используемая для осуществления
стабилизационной
функции,
определяется
в размере, необходимом для обеспечения
гарантированного трансферта». Осы мәтіннің
қазақшасы: «Қазақстан Республикасы Ұлттық
қорының тұрақтандыру функциясын жүзеге
асыру үшін пайдаланылатын бір бөлігі кепілдік
берілген
трансфертті
қамтамасыз
етуге
қажетті мөлшерде айқындалады». Осы термин
23-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында:
«кепілді трансферт», 49-баптың 4-тармағының
2) тармақшасында «кепілдендірілген трансферт»
[6]. Еліміздің жыл сайынғы Республикалық
бюджет туралы Заңы мәтінінің өн бойында да
осындай шатасушылыққа жол берілген.
Бұл тұрғыда айтпағымыз, «кепіл» және
«кепілдік» деген терминдердің аражігін ажырата
білу керек. Қазақ әдеби тілінің сөздігіне сүйенсек,
кепіл сөзі о баста араб тілінен қолөнерге қатысты
түсінік ретінде енген. Ал қазіргі кезде заңнамада
француздың «garant» терминінің мағынасымен:
«Борышкер
міндеттемені
орындамаған
жағдайда бұл міндеттеме кепілге берілетін
мүліктің есебінен өтелетін несиелердің қанағат
табу құқығы; міндеттемелердің орындалуын
қамсыздандыру тәсілі» [7]. Бұл орайда
заңдарымызда «кепіл», «кепілдік» терминдерінің
шатастырылып,
заңдардағы
нормалардың
орындалуын
қиындатып
жүргендігін
айтқалы отырмыз. Бұл сөздің түбірі «кепіл»
болғандықтан
«гарантированный»
сөзінің
қазақшасын «кепілдендірілген» деп аударсақ, ол
«кепілдік берілген» емес, «кепілмен қамтамасыз
етілген (обеспеченный залогом)» деген, ал
«кепілді» дегеніміз «кепілі бар (имеющий
залог)» деген мағынаны береді. Орыс тіліндегі
терминге сілтеме жасамай-ақ қазақ тілінде
«кепіл салу», «кепілдік беру» деген сөздерді
саралап қарасақ, олардың арасында аспан мен
жерде айырмашылық бар. Термин өзінің дәл
Из практики законотворчества на государственном языке
№4 (40) 2015 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы
Достарыңызбен бөлісу: |