112
мағынасында берілмегендіктен орындаушы
орысшасын оқымаса түсінбейді.
Пікірімізді түйіндей келе, заңнама мәтінінде
терминнің атқаратын рөлі ерекше екендігін
қатаң ескеруге тиіспіз. Мағынасы келіп тұр ғой
деп, күнделікті қоланылып жүрген қарапайым
сөздерді енгізе салуға болмайды. Терминді терең
зерттеу, нормативтік құжаттардың сан алуан
контекстерінде қолдану арқылы енгізген жөн.
Терминнің анық баламасы табылмайынша дүние
жүзінің барлық тілдерінде қолданылып жүрген
қалпында, қазақ тілінің транскрипциясымен
орнықтырғанымыз дұрыс болады деп ойлаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. С.И. Ожегов и Н.Ю. Шведова, Толковый словарь русского языка, Москва-2001, стр. 207.
2. Новый словарь иностранных слов, Москва АСТ, Минск ХАРВЕСТ-2005, стр. 968.
3. https://kk.wikipeda.orq/wiki/ Атом.
4. Орысша-қазақша сөздік, Алматы, Дайк-пресс-2005, 1080-бет.
5. https://ru.wiktionary.orq/wiki/ Институционализм.
6. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, 2008 жылғы 4 желтоқсан.
7. Қазақ әдеби тілінің сөздігі, Алматы-2011, 7-том, 631-бет.
Мақалада термин сөздердің әртүрлі қолданылуы заңдардың орындалуына нұқсан келтіретіндігіне
мысалдар келтірілген және оларды бірізді қолдану заңшығармашылық процесте бұлжымас қағида
болуы қажеттігі дәлелденген.
Түйін сөздер: термин, терминнің баламасы, түсіндірме сөздіктер.
В статье приведены примеры, где разное применение слов терминов наносит урон исполнению
законов, и авторы доказывают, что единообразное их применения должно быть неотъемлемым
правилом в законотворческом процессе.
Ключевые слова: термин, равнозначность термина, толковые словари.
To the article examples are driven, where different application of words of terms inflicts a damage
to execution of laws and authors prove that their uniform application must be an inalienable rule in a
законотворческом process.
Keywords: term, equipollence of term, explanatory dictionaries.
Есенқұл Сафуани,
ҚР Заңнама институты Лингвистика орталығының НҚА және халықаралық шарттар жобаларына
ғылыми лингвистикалық сараптама секторының жетекші ғылыми қызметкері
Әлия Кадирова,
ҚР Заңнама институты Лингвистика орталығының НҚА және халықаралық шарттар жобаларына
ғылыми лингвистикалық сараптама секторының ғылыми қызметкері
Заңнамада терминнің атқаратын рөлі
● ● ● ● ●
113
Сафуани Есенкул,
ведущий научный сотрудник научно-лингвистической экспертизы проектов НПА и
международных договоров Центра лингистики Института законодательства РК
Кадирова Алия,
научный сотрудник научно-лингвистической экспертизы проектов НПА и международных
договоров Центра лингистики Института законодательства РК
Роль термина в законодательстве
Safuani Esenkul,
leading researcher of scientific and linguistic examination of the NPA projects and international treaties
of the Center of a lingistika of Institute of the legislation of RK
Kadirova Aliya
research associate of scientific and linguistic examination of the NPA projects and international treaties
of the Center of a lingistika of Institute of the legislation of RK
Term role in the legislation
Из практики законотворчества на государственном языке
№4 (40) 2015 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы
114
Мединаева Ақерке Аманқызы,
ҚР Заңнама институты Лингвистика орталығы НҚА
және халықаралық шарттар жобаларына ғылыми лингвистикалық
сараптамасы секторының аға ғылыми қызметкері
ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАНЫҢ ТІЛДІК КЕМШІЛІКТЕРІ
Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел болуын
қан майданда жаумен алысып, елі үшін, жері үшін
жанын пида еткен ата-бабаларымыз көптен арман
еткен. Сол арман 1991 жылы 16 желтоқсанда
орындалды. Яғни, сол күні Қазақстан өзін
тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет
деп жариялады. Ішкі және сыртқы саясатты
өзі жүргізе бастады, басқа мемлекеттермен
халықаралық
құқық
қағидаты
негізінде
қарым-қатынас орната бастады. Егеменді
мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуының
стратегиясы жарияланды. Онда ел дамуының
түбегейлі тұжырымдамасы анықталып, ішкі және
сыртқы саясат саласындағы, ұлттық қауіпсіздік
жөніндегі міндеттер сараланды. Тәуелсіз
мемлекет болып қалыптасу өзінің мемлекеттік
нышандарын, құқықтық мемлекет ретіндегі
нормативтік құқықтық базасын қабылдауды
талап етті. Мемлекеттік нышандар да, алғашқы
конституция да, заңдар мен жарлықтар да, даму
стратегиялары мен экономикалық реформалар
да бекітілді. Қаншама қыруар жұмыстар
атқарылды. Мұның барлығы егемендігіміздің
арқасында болғаны айқын.
Ал осы егеменді Қазақстанымызды дамыған
өркениетті елдердің қатарына қосу бүгінгі
жастардың қолында. Олардың міндеті – еліміздің
намысын қорғап, оны әлемге барынша таныта
білу. Әлемге таныту үшін әрбір жас өз елінің
тарихын, тілін жетік білуі, ақылды да парасатты,
зерек болуы керек.
Ұлттың ұлт болып қалыптасуы үшін, ең
алдымен, оның тілі мен мәдениеті сақталуы
керек. Тіл – халықтың басты қасиетті байлығы.
Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен
еніп, бойға тарайды. Қастерлі де құдіретті тіл
байлығы әр елдің мақтанышы, атадан балаға
мирас болып қалған баға жетпес мұрасы.
«Қазақстан
Республикасындағы
тiл
туралы» 1997 жылғы 11 шiлдедегі Қазақстан
Республикасы Заңының 4-бабында «Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi.
Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында
қоғамдық қатынастардың барлық саласында
қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару,
сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды
факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi
меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр
азаматының парызы» деп нақтылануы бекер
емес [1].
Қазақ тілін заңнамалық актімен мемлекеттік
тіл деп белгілесек те, туған тіліміздің
қолданылуы аясын кеңейту үшін қаншама
мемлекеттік бағдарламалар қабылдасақ та, оны
ұлт тілі деңгейіне көтеру қолымыздан келмей
тұрғаны шындық.
Бұған
мемлекеттік
органдардың
заң
жобаларын орыс тілінде әзірлеп, қазақ тіліне
аударуы дәлел бола алады. Осылайша қазақ тілі
аударма тіліне айналып кеткені қынжылтады.
Мысалы, «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер
құрбандарын
ақтау
туралы»
Қазақстан
Республикасы Заңы 1-бабының орыс тіліндегі
редакциясында:
«В
настоящем
Законе
политическими
репрессиями
признаются
меры принуждения, осуществлявшиеся по
политическим мотивам государственными
органами
или
представлявшими
их
должностными лицами, в виде лишения жизни
или свободы, включая заключение под стражу
и принудительное лечение в психиатрических
учреждениях, изгнания из страны и лишения
гражданства, удаления из мест проживания
или районов обитания (ссылки или высылки),
направления на спецпоселение, привлечения к
принудительному труду с ограничением свободы
(в том числе в так называемых «трудовых
армиях», «рабочих колоннах НКВД»), а также
иное поражение, лишение или ограничение
115
прав и свобод, соединенные с ложным
обвинением в совершении преступления, либо
с преследованием как социально опасных
лиц по признакам политических убеждений,
классовой,
социальной,
национальной,
религиозной или иной принадлежности в
судебном, внесудебном либо административном
порядке.» деп белгіленген. Бұл бапта «меры
принуждения», «принудительное лечение»,
«изгнания из страны», «лишения жизни»,
«удаления из мест проживания или районов
обитания», «привлечения к принудительному
труду», «внесудебном либо административном
порядке», «с ложным обвинением» деген сөздер
мен сөз тіркестерінің қазақ тіліне аудармасы
еріксіз көңіл аудартады. Өйткені қазақ тіліндегі
нұсқада: «Осы Заңда саяси қуғын-сүргiндер
ретiнде мемлекеттiк органдар немесе олардың
өкiлi болып табылатын лауазымды адамдары
саяси себептер бойынша күзетпен қамауға
алуды және психиатриялық мекемелерде
күштеп емдеудi қоса алғанда өмiрiн жою
немесе бас бостандығынан айыру, елден қуып
жiберу және азаматтығынан айыру, өмiр сүрген
жерлерiнен немесе мекендi аудандарынан
аластау (айдау немесе жер аудару), арнайы
қоныс аударуға жiберу, бостандығын шектей
отырып ықтиярсыз еңбекке тарту түрiнде (соның
iшiнде «еңбек армияларында», «iшкi iстер халық
комиссариатының жұмысшы колонналарында»
деп аталатындарға) жүзеге асырылатын көндiру
шаралары, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн
нақақтан айыптаумен, не саяси сенiмдерiнiң
белгiлерiне, таптық, әлеуметтiк, ұлттық, дiни
немесе басқа тегiне қарап, сот, соттан тыс
не әкiмшiлiк тәртiбiнде әлеуметтiк қауiптi
адамдар ретiнде қудалаумен ұштасқан басқа да
құқықтары мен бостандығынан айыру немесе
шектеу танылады» көрсетілген сөздер мен сөз
тіркестері «елден қуып жiберу» және «соттан
тыс не әкiмшiлiк тәртiбiнде» тіркестерін
қоспағанда, тиісінше «көндiру шаралары»,
«күштеп емдеудi», «өмiрiн жою», «өмiр сүрген
жерлерiнен немесе мекендi аудандарынан
аластау», «ықтиярсыз еңбекке тарту», «нақақтан
айыптаумен» деп дұрыс аударылмаған [2].
Бұл жерде «көндiру шаралары» орыс тіліндегі
«меры склонения», ал «күштеп емдеудi» -
«насильное лечение» тіркестерінің баламасы
болып табылатыны айқын. Сондай-ақ заң тілінде
«өмірін жою» немесе «аластау» сөздерінің
қолданылуы өрескел қате болып табылады деп
есептейміз. Мүмкін «өмірін жою» емес, «өміріне
қол сұғу» деп қолдану әлдеқайда түсінікті
болар. Ал «аластау» сөзінің мағынасына келер
болсақ, ол қазақтар арасында көне дәуірден келе
жатқан анимистік және тотемдік наным-сенімге
негізделетін отқа табыну рәсімін білдіреді.
Одан басқа, жоғарыда көрсетілген «изгнания
из страны» тіркесі мен «внесудебном» сөзінің
қазақ тіліндегі баламасы осы 1-бапта «елден
қуып жiберу» және «соттан тыс» деп дұрыс
қолданылса, ал 3-бапта аталған тіркестер тиісті
септікте «елден аласталған» және «сот емес» деп
жазылған. «Внесудебный» сөзі 5 және 6-баптарда
да «сот емес» деп қолданылғанын атап өту керек.
Бұдан тіркестердің бірізді қолданылмағаны,
қазақ тіліндегі заңның пысықталмағаны айқын
болып тұр. Сондай-ақ 1-баптағы «удаления
из мест проживания или районов обитания»
тіркесі қазақ тіліне «өмiр сүрген жерлерiнен
немесе мекендi аудандарынан аластау» деп
аударылса, 3-баптың бірінші абзацында тиісті
септікте «тұрған жерлерiнен немесе мекендi
аудандарынан аулақтатылған», ал екінші
абзацында «тұратын жерлерiнен немесе мекен
еткен аудандарынан аулақтатылу» деп әртүрлі
жазылған.
Сонымен қатар «привлечения к принуди-
тельному труду» және «с ложным обвинением»
тіркестері де еріксіз көңіл аудартады. Бұл
тіркестер қазақ тілінде тиісінше «мәжбүрлі
еңбекке тарту» және «жалған айыптаумен»
деп қолданылуы тиіс сияқты. Тағы да бір айта
кетерлік жайт, «ложный» сөзі 4-бапта «өтірік»
деп берілген.
Осылайша
4-баптың
орыс
тіліндегі
редакциясы мен қазақ тіліндегі нұсқасын
салыстыру барысында «в принудительном
взимании сборов религиозными группами»
сөз тіркесінің баламасы «дiни топтардың алым
қаражаттарын күштеу арқылы жинағаны»
деп жазылғаны анықталды. Бұл жерде де
«принудительное» сөзі «күштеу» деп аударылған.
Алайда, біздің ойымызша, көрсетілген тіркес
«діни топтардың алымды мәжбүрлеп алуы» деп
жазылуға тиіс. Сондай-ақ «религиозные обряды»
сөз тіркесі қазақ тілінде «діни құрыптар» деп
қолданылыпты. Мүмкін, «діни ғұрыптар»
шығар? Осы 4-баптың сөйлем құрылысында да
кемшіліктер бар. Яғни, орыс тілінде: «Статья
4. Объявляются реабилитированными все лица,
осужденные за:
а) контрреволюционную пропаганду и
агитацию;
б) нарушение правил об отделении церкви от
государства...» деп берілсе, қазақ тілінде: «4-бап.
Мынадай айыптары үшiн сотталғандардың бәрi
Из практики законотворчества на государственном языке
№4 (40) 2015 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы
116
ақталған адамдар деп жарияланады:
а) революцияға қарсы үгiт-насихат жүргiзгенi;
б) шiркеудi мемлекеттен бөлу туралы
ережелердi бұзғаны... бойынша» деп сөйлемнің
бірінші бөлігімен ой аяқталады да, екінші бөлігі
түсініксіз жазылған. Мұндай жағдайда қазақ
тілінің грамматикасы бойынша сөйлем әрқашан
да баяндауышпен аяқталуға тиіс деген ережені
ұмытпау керек. Демек, сөйлем құрылысын
былайша: «4-бап. Мынадай айыптары:
а) революцияға қарсы үгiт-насихат жүргiзгенi;
б) шiркеудi мемлекеттен бөлу туралы
ережелердi бұзғаны... үшiн сотталғандардың
бәрi ақталған адамдар деп жарияланады.»
редакциялау қазақ тілінің нормаларына сай деп
пайымдаймыз. Осыған ұқсас қателіктер 5 және
6-баптарда кездеседі.
Одан басқа, 6-бапта «Не подлежат
реабилитации лица, перечисленные в статье 5
настоящего Закона, обоснованно осужденные
судами, а также подвергнутые уголовным
наказаниям
по
решениям
внесудебных
органов, в делах которых имеются достаточные
доказательства
совершения
следующих
преступлений:
а) измена Родине во всех формах, кроме бегства
или перелета за границу; вооруженное восстание
или вторжение в контрреволюционных целях на
территорию Республики в составе вооруженных
банд и участие в совершенных ими убийствах
и других насильственных действиях; шпионаж,
акт терроризма, диверсия;
б) насильственные действия в отношении
гражданского населения и военнопленных, а
также пособничество оккупантам и изменникам
Родины в совершении таких действий во время
Великой Отечественной войны;
в) организация вооруженных банд и участие
в совершенных ими убийствах и других
насильственных действиях.» «насильственные
действия» термині тиісті септікте үш рет
кездеседі. Осы терминнің қазақ тіліндегі
баламасы екі түрлі: «күш көрсету әрекеттерi»
және «күштеу әрекеттерi» деп қолданылған.
Жоғарыда көрсетілген 1-бапта кездескен
тіркестердің ішінде «принудительное» сөзінің
«күштеу» деп аударылғанына куә болсақ, бұл
бапта «насильственный» сөзінің «күштеу» деп
аударылуына не себеп? Біздің ойымызша, екі
нұсқа да дұрыс қолданылмаған, «насильственные
действия» тіркесін «күш қолдану іс-әрекеттері»
деп аудару анағұрлым түсінікті болар еді.
Бұдан басқа, 6-баптың б) тармақшасында «деп
берушілік» сөзі қолданылған. Егер қарапайым
қолданушы Заңның қазақ тіліндегі нұсқасына
жүгінетін болса, бұл сөздің, қала берсе, сол сөз
қолданылған сөйлемнің мағынасына түсінбей,
амалсыздан орыс тіліне жүгінуіне тура келетін
еді. Сонда Заңның қазақ тіліндегі нұсқасын
негізге алатын қолданушылар үшін жасанды
кедергі келтірілетіні айқын. «Деп берушілік»
сөзі «пособничество» сөзінің аудармасы ретінде
қалай қолданылғаны түсініксіз.
Сонымен қатар 19-баптың орыс тіліндегі
мәтініне назар аударсақ: «Лица, подвергшиеся
репрессиям и реабилитированные в порядке,
установленном настоящим Законом, восста-
навливаются в утраченных ими в связи с
репрессиями
социально-политических
и
гражданских правах, в наградах, почетных,
воинских и специальных званиях.
При реабилитации лица только в части
предъявленного обвинения осуществляется
восстановление тех прав, которые были
нарушены
в
связи
с
политическими
обвинениями.», «права» сөзі тиісті септікте екі
рет кездеседі. Ал осы баптың қазақ тіліндегі
мәтінінде дәл осы сөз былайша берілген:
«Қуғын-сүргiндерге ұшыраған және осы Заң
белгiлеген тәртiпте ақталған адамдардың қуғын-
сүргiндермен байланысты айрылған әлеуметтiк-
саяси әрi азаматтық құқтары, наградалары,
құрметтi, әскери әрi арнаулы атақтары қалпына
келтiрiледi.
Адам өзiне тағылған айыптың тек бiр
бөлiгiнде ақталған жағдайда оның саяси
айыптаулармен байланысты бұзылған құқтары
қалпына келтiрiледi.». Бұл жерде «құқықтары»
сөзі «құқтары» деп қолданылып, өрескел
қателікке жол берілген. Оның үстіне, бірінші
бөлігін «Қуғын-сүргiндерге ұшыраған және
осы Заңда белгiленген тәртiппен ақталған
адамдардың қуғын-сүргiндермен байланысты
айырылған әлеуметтiк-саяси әрi азаматтық
құқықтары, наградалары, құрметтi, әскери әрi
арнаулы атақтары қалпына келтiрiледi.» деп
редакциялау қажет сияқты.
Одан басқа, осы заңның 9, 10, 11, 12, 14, 15,
17-баптарының орыс тіліндегі «заявитель» сөзі
қазақ тіліндегі бүкіл мәтін бойынша «өтініш
иесі» деп дұрыс қолданылмаған. Қазіргі таңда
бұл тіркес «өтініш беруші» деп қалыптасып
кеткен.
Өз кезегінде, жүргізілген талдау «Нормативтік
құқықтық
актілер
туралы»
Қазақстан
Республикасы Заңының 19-бабы 3-тармағының
«нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi әдеби
тіл нормалары, заң терминологиясы және заң
117
техникасы сақтала отырып жазылады, оның
ережелері барынша қысқа болуға, нақты және
әртүрлі түсіндіруге жатпайтын мағынаны қамтуға
тиіс. Нормативтік құқықтық актінің мәтінінде
мағыналық және құқықтық жүктемесі жоқ
декларативтік сипаттағы ережелер қамтылмауға
тиіс. Көнерген және көп мағыналы сөздер мен
сөз орамдарын, эпитеттердi, метафораларды
қолдануға, сөздердi қысқартуға жол берiлмейдi»
деген талаптарының сақталмағанын көрсетеді
[3].
Жоғарыда келтірілген мысалдар 1993
жылғы 14 сәуірде, яғни Қазақстанның тәуелсіз,
егемен ел болып қалыптасуының алғашқы
жылдарында қабылданған заңның екі-үш
бабын ғана салыстыру арқылы анықталған
кемшіліктер болатын. Бұл жерде айта кетерлік
жайт, біз талдау жүргізген заң Қазақстан
Республикасының тіл туралы және нормативтік
құқықтық актінің мәтініне қойылатын талаптар
туралы заңдарынан бұрын қабылданған. Сол
жылдары қабылданған құқықтық құжаттардың
мемлекеттік тілдегі мәтінінде кемшіліктердің
көптеп кездесуінің бірден-бір себебі, ресми
тілдің толыққанды қалыптасып үлгермеуі деп
пайымдаймыз. Жоғарыда атап көрсетілген
кемшіліктерді жою үшін, талданған заңға
өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы
түзету керек деп пайымдаймыз. Көш жүре
түзеледі демекші, қазіргі таңда қабылданып
жатқан заңдардың мемлекеттік тілдегі мәтінінің
сапасы әлдеқайда жоғары.
Алайда, сол заңдардың жобаларын әзірлейтін
мемлекеттік органдардың қызметкерлері әлі де
болса мемлекеттік тілге шорқақтығын көрсетеді.
Себебі ғылыми лингвистикалық сараптамаға
ұсынылатын заң жобаларында грамматикалық,
стилистикалық және терминдер мен сөз
тіркестерінің бірізді қолданылмауы сияқты
кемшіліктер көптеп кездесуде. Бұл кемшіліктерді
болдырмау үшін әрбір қызметкер мемлекеттік
тілге, біріншіден, құрметпен қарауы, екіншіден,
тілді дамыту үшін қолданылып жатқан шараларға
белсене қатыса отырып, оны үйреніп алуға тиіс.
Содан соң ғана біртіндеп қазақ тілінде сөйлей
жүріп, ресми тілді де игеріп алады.
Сөз соңында айтарымыз, Президентіміз
Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ
тілінде» дегендей, орыс тілі мен ағылшын тілін
үйренуге қалай талпынсақ, мемлекеттік тілімізді
де солай жетік меңгеруге тырысқанымыз
өзіміздің ұлтжанды, нағыз патриот екенімізді
дәлелдейді. Бұл алға қойған мақсаттарға, яғни
елімізді дамыған елдердің қатарына қосудың
бірден-бір жолы деп есептейміз.
Пайдаланылған әдебиет
1. «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
2. «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының
Заңы.
3. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
Мақалада қолданыстағы заңнаманың орыс және қазақ тіліндегі редакциясын салыстыру
арқылы анықталған кемшіліктер туралы айтылады.
Түйін сөздер: қолданыстағы заңнама, сөздер мен сөз тіркестерінің бірізділігі, мемлекеттік тіл.
В статье рассматриваются недочеты, выявленные путем сравнения редакции действующего
законодательства на русском и казахском языках.
Ключевые слова: действующая редакция, единообразие слов и словосочетаний, государственный
язык.
The article discusses the shortcomings identified by comparing the version of the current legislation of
the Russian and Kazakh languages.
Keywords: current version, uniformity of words and phrases , the official language.
● ● ● ● ●
Из практики законотворчества на государственном языке
№4 (40) 2015 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы
118
Ақерке Аманқызы Мединаева,
ҚР Заңнама институты Лингвистика орталығы НҚА және халықаралық шарттар жобаларына
ғылыми лингвистикалық сараптамасы секторының аға ғылыми қызметкері
Қолданыстағы заңнаманың тілдік кемшіліктері
Мединаева Акерке Амановна,
старший научный сотрудник сектора научно-лингвистической экспертизы проектов НПА и
международных договоров Центра лингвистики Института законодательства РК
Языковые недочеты действующего законодательства
Medinayeva Akerke Amanovna,
senior researcher of the sector of research linguistic expertise of drafts of laws and regulations and
international agreements of SI Institute of Legislation of the Republic of Kazakhstan
Language shortcomings of current legislation
119
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТ МӘТІНІНІҢ
ТЕҢТҮПНҰСҚАЛЫЛЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Тұрғанбаева Ляззат Сұлтанмұратқызы,
ҚР Заңнама институты Лингвистика орталығының НҚА
және халықаралық шарттар жобаларына ғылыми лингвистикалық
сараптама секторының кіші ғылыми қызметкері,
заң ғылымдарының кандидаты
Еліміз нарық экономикаға көшуіне орай
көптеген елдермен экономикалық қатынас
орнатылып, олар халықаралық шарттарға қосылу
не оларды жасасу арқылы бекітілуде. 1969
жылғы Халықаралық шарт құқықтары туралы
Вена конвенциясында негізінде халықаралық
шарт жасасудың: мәтінді әзірлеу және оның
теңтүпнұсқалылығын белгілеу; шарт мәтінін
қабылдау; шарттың міндеттілігіне келісім білдіру
кезеңдері көрсетілген [1]. Аталған кезеңдердің
ішіндегі
мәтіннің
теңтүпнұсқалылығы
мәселесін қарастырып көрейік. Қазіргі таңда
Халықаралық шарт мәтінін аудару әлі толықтай
шешілмеген мәселелердің бірі болып тұр. Бұл
орайда мәтіннің теңтүпнұсқалылығы үлкен рөл
атқаруда. Мәтіннің теңтүпнұсқалылығы (еж.
грек authentikos – түпнұсқалы) – мағынасы
бойынша басқа тілдегі мәтінге сәйкес келетін
және онымен заңдық күші бірдей ресми
құжаттың мәтіні [2]. Ал халықаралық шарттың
теңтүпнұсқа мәтіні келіссөздерге қатысушы
тараптар немесе уағдаласушы тараптар түпнұсқа
(түпкілікті нұсқа) ретінде қарайтын халықаралық
шарт мәтіні немесе егер ол шартта көзделсе
немесе бұл жөнінде оған қатысушылар келіссе,
әртүрлі тілдерде жасалған мәтіндердің арасында
алшақтық болған жағдайда басымдыққа ие мәтін
болып табылады [3].
Шарт бір тілде қабылданып, кейіннен екі
немесе одан көп тілдерде қабылдануы мүмкін.
Мысалы, 1944 жылғы Халықаралық азаматтық
авиация туралы Чикаго конвенциясы басында
тек ағылшын тілінде жасалып, қол қойылған
болатын. Ал бастапқыда теңтүпнұсқалы болып
танылған испан және француз тілдеріндегі
мәтіндер кейіннен, 20 жылдан соң жасалып,
тек 1968 жылы арнайы дипломатиялық
конференцияда қабылданды. Орыс тіліндегі
мәтін КСРО-ның 1970 жылы Чикаго
конвенциясына қосылғаннан кейін әзірленіп,
1970 жылы Монреаль конференциясында
теңтүпнұсқалы ретінде қабылданған болатын [4,
33-34 бб.].
Халықаралық шарттың теңтүпнұсқалылығын
белгілегеннен кейін оның мәтіні келісілген
болып есептеліп, оны қайта пысықтауға
қайтаруға болмайды. Оны белгілеу осы мәтінде
көзделуі мүмкін немесе оны жасасуға қатысқан
мемлекеттермен келісілген рәсімді қолдану
нәтижесінде немесе мұндай рәсім болмаған
кезде - шарт мәтініне қол қою, ad referendum
қол қою, дәйектеу немесе осы мәтінді қамтитын
конференцияның қорытынды актісін қабылдау
арқылы жүзеге асырылады. Мәтінге қол қою
келіссөздердің аяқталуымен және пысықталған
шарт мәтініне келісумен белгіленеді. Ал ad
referendum қол қою (уақытша қол қою) мұндай
қол қою бұдан әрі тиісті мемлекеттің немесе тиісті
халықаралық ұйымның растауы қажет екенін
білдіреді. Дәйектеу – келіссөздерге қатысушы
әрбір тараптың өкілетті өкілдерінің халықаралық
шарт мәтінімен келісу белгісі ретінде келісілген
халықаралық шарттың жобасына немесе оның
жекелеген нормаларына аты-жөндерімен алдын
ала қол қоюы не халықаралық шарт мәтінінің
теңтүпнұсқалығын анықтау тәсілдерінің бірі
[3]. Дәйектеу кезінде мемлекет өкілдері шарт
мәтінінің бірінші не соңғы бетіне аты-жөнінің
және тегінің бастапқы әріптерін жазады, ал
кейбір жағдайда барлық беттерге қол қояды [5].
Шарттың теңтүпнұсқалылығы белгіленгеннен
кейін оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу
қажеттігі туындауы мүмкін, бұл жағдайда
шарттың теңтүпнұсқалылығын қайта белгілеу
керек.
Әртүрлі тілдерде жасалған шартта қай
мәтін теңтүпнұсқалы болып табылатыны
көрсетілмесе, онда барлық мәтіндер бірдей
Из практики законотворчества на государственном языке
№4 (40) 2015 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы
120
заңды күшке ие болады, ал дау туған жағдайда
әрбір тіл нұсқасының теңтүпнұсқалылығы
шарт қатысушылары арасында келісуге
жатады
(Мәселен,
кейбір
халықаралық
шарттардың қатысушылары сол шарттың
мәтінінің аудармасын түсіндіру кезінде шарт
нормаларын өз жағына пайдаланып бұрмалап
аударып жатуы салдарынан дау туғызады).
Өйткені көптеген халықаралық шарттарда,
әсіресе оларға қосылу шарттарында барлық
тілдердің теңтүпнұсқалылығы белгіленбейді).
Бұл жағдайда халықаралық шарттың ресми
аудармасы қолданылуы тиіс. Ресми аударма
қатысушы мемлекет біржақты түрде жасаған
және осы мемлекеттің ресми сайтында
орналастырылған
халықаралық
шарттың
аудармасы. Оны, сондай-ақ халықаралық ұйым
органы да жасауы мүмкін. Алайда мұндай
мәтіннің халықаралық құқықтық күші жоқ және
осы мемлекет тарапынан тексеруге жатпайды
және олар үшін міндетті болып табылады.
Кейде шарттық тәжірибеде халықаралық
шарттың «ресми мәтіні» ұғымы кездеседі.
Мысалы, 1947 жылғы Бейбітшілік шарттарында
ағылшын, ресей, француз телдеріндегілерден
басқа барлық мәтіндер «ресми мәтінге»
жатады. Ресми аудармаға қарағанда ресми
мәтінді барлық уағдаласушы тараптар міндетті
қабылдаған, қол қойылған, бірақ теңтүпнұсқалы
деп жарияланбаған мәтін. Екі жағдайда да
бұл мәтіндер орындалу кезінде қосымша
рөл атқарады, яғни тек мемлекет ішінде ғана
қолданылады [6].
Казіргі таңда Қазақстан қосылған коптеген
халықаралық шарттардың ресми аудармасын
жасау кезінде аудармашылар ағылшын не басқа
тілден ресми аударылған орыс тіліндегі дайын
мәтінді қазақ тіліне аудара салады. Аудармашыда
лингвистикалық, құқықтық сияқты арнайы білім
жоқ болуынан бірқатар аударма олқылықтары,
атап айтқанда: маңызды ақпаратты аудармай
тастап кету, терминдер мен ресми кәсіби
лексиканы жалпы қолданылатын сөздермен
ауыстыру, сөздер тізімін бір жалпыланған
терминмен ауыстыру, әріптік және еркін
аудару, аударма тілінде баламалары бар сөздер
транскрипциясын теріс қолдану, эвфемизмдерді
білмеу салдарынан тілдік тыйым салуларды бұзу
байқалуда [7].
Орыс тіліне аударылған халықаралық
шарттың өзі көбінесе заң тілінде емес, жалпы
қолданылатын тілде жазылғаны байқалуда.
Яғни ол аударманы жасаған адамның заң
лексикасынан бейхабар адам жасағаны көрініп
тұрады. Бұған қатысты тағы бір мәселені
көтеруге болады – ол заңнама тілінің көпшілікке
түсінікті болып жазылуы не аударылуы. Тек
заң тілінің түсінікті болуы салдарынан ғана
құқық суъектісі құқықтық акті бойынша заңды
жауапкершілік көтереді. Бұған қатысты әлемдік
тәжірибеде екі көзқарас қалыптасқан. Біріншісі
бойынша құқықтық актілердің тілі әдеби
тілмен ұқсастығы аз болып қарастырылатыны,
ал екіншісі – құқық тілін жалпы әдеби тілдің
бір түрі (стиль) ретінде қарастырылатыны.
Бірінші көзқарас Германияда көп таралған.
А. Шнитцердің айуынша құқықты білдірудің
анық нысаны тек адамдардың дамуының төмен
дәрежесі қажет етеді. Отто Гирке заңнамалық
актілер тілін маман еместер үшін тіпті түсініксіз
заңгерлердің абстрактілі неміс тілі ретінде
қараған. Өз кезегінде бұл В. Гедеманға заң тілінің
анықтылығымен байланысты қиындықтарды
жеңу мүмкін емес деген тұжырым жасауға негіз
болды [8, 57-58 бб.]. Бұл мәселеге қатысты кейбір
поляк және орыс ғалымдары басқаша көзқарасты
ұстануда. Я. Воленьскийдің ойынша «заңнама
тілі кәдуілгі тілдің тек фрагменті ғана» болып
табылады. А.А. Ушаковтың пікірінше «заңдар
тілі» немесе «заңнамалық тіл» терминдері әдеби
тілге қарсы тұратын ерекше тілді білдірмейді,
ол заң шығарушының ойын және заңнамалық
санаттарды білдіру үшін қолданылатын тілдік
құралдар жиынтығын қамтитын қазіргі таңдағы
орыс әдеби тілінің ерекше функционалдық
стилімен байланысты [9, 142 б.]. А. С. Пиголкин
де заң тілін заң шығарушы ойын білдіруге
арналған
арнайы
композициялық
және
стилистикалық құралдармен, тілдің ерекше
сөздік құрамымен сипатталатын әдеби тілдің
дербес стилі деп қарастырады. Осы көзқарасқа
С.С. Алексеев пен Н.И. Хабибуллина да қосылуда
[10, 19 б.]. Екі көзқарастың айырмашылы:
бірінші жағдайда заңнама тілінің түсінікті болуы
үшін оқырманның осы заң саласынан хабардар
адам болуын қажет етеді, ал екінші жағдайда –
оны түсінуге оқырманның дайындық деңгейін
қажетсінбейді, яғни оны міндетті түрде түсінуі
тиіс деген пікір. Егер бірінші пікірді қолдайтын
болсақ, онда экономикалық қатынастарды
реттейтін заңнама актілерінің тілі өте күрделі
болғандықтан, экономист мамандығын көмегіне
жүгінбей түсіну мүмкін еместігін алға тартуға
болады. Ал екінші пікірді қолдайтын болсақ,
қазіргі таңдағы шет тілінен аударылған көптеген
халықаралық шарттарда жалпы қолданылатын
сөздердің, сөйлем құрудың әдеби не сөйлеу
стиліне ауысып жатқанын да байқаймыз.
121
Дәл сондай жағдайлар қазақ және орыс
тілдерінде жасалған халықаралық шарттар
мәтіндерінің теңтүпнұсқалылығын бергілеуінде
де кездеседі. Мысалы, Қазақстан Республикасы
мен
Корея
Республикасы
арасындағы
Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық
көмек туралы шарт пен Қазақстан Республикасы
мен Корея Республикасы арасындағы Ұстап
беру туралы шартқа 2003 жылғы 13 қарашада
қол қойылған болатын. Алайда қазақ тілінде
бірнеше рет қайталанып анықталған қателерге
байланысты осы мәселе бойынша 6 рет нотамен
алмасып, оларды ратификациялау туралы заңдар
тек 2011 жылы және 2012 жылы қабылданған
болатын, яғни 8-9 жылдан кейін [11].
Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің,
Интернеттің тіліне айналды [12]. Алайда
қазіргі таңда Лингвистика орталығына келіп
түсетін шарт мәтінінің кейбір аударуларында
мәтіннің мағынасы бойынша емес, сөзбе сөз
аудармасы да кездесіп жатады, ол кейбір қазақ
тілінен бейхабар әзірлеушілердің интернеттегі
машиналық аударманы қолдануының нәтижесі
болып табылады. Сондай-ақ аудару кезінде
сөйлемдегі қазақ тілінің пунктуациялық
белгілерін қою қағидаларына қарсы сол шет
тіліндегі пунктуациялық белгілерді қою
практикасы кездесіп жатады. Көбінесе шарттың
аудармасымен заңгер не экономист мамандығы
жоқ мамандар айналысқаннан кейін олардың
заң нормалары бар күрделі сөйлемдерді түсінуі
екіталай болып, оны дұрыс түсіну үшін сол
жөнінде шартқа жауапты әзірлеуші мамандармен
кеңеспей, өзі қалай түсінсе, солай аудара салады.
Халықаралық құжаттарды сапалы аудару
үшін кәсіби аудармашы осы аударма түрінің
өзіне тән лексика, лексикалық үлгілер
аудармасы, сөйлем құрудың анықтылығы,
сөйлем ішіндегі бір ойды басқа ойлардан шектеу,
эмоционалдық элементтердің толық болмауы
кезінде материалды толық баяндау сияқты кейбір
ерекшеліктерді білуі тиіс.
Халықаралық
құжаттардың
дәлме-дәл
аударылуының негізгі талаптары: дәлдік –
түпнұсқада жазылған барлық ережелер түпнұсқа
аудармасында жазылуы тиіс; анықтылық –
аударма тілінің ықшамдылығы және қысқалығы
түпнұсқа лексикасын берудің толықтығына әсер
етпеуі тиіс; баяндаудың әдебилігі – аударма мәтіні
түпнұсқа тілінің синтаксистік құрылымдарын
пайдаланбай әдеби тілдің жалпы қабылданған
нормаларына сәйкес келуі тиіс.
Шет тілінде жазылған шарт мәтінін
аударуда отандық заң әзірлеу тіліне неғұрлым
ұқсас аудару қажет және қазақ тіліне тән емес
транскрипциялар мен пунктуациялық белгілерді,
егер сөйлем мағынасын өзгертпесе, қолдануды
шектеу керек.
Құжаттың атауы түпнұсқаға барынша жақын
болуы тиіс. Түпнұсқада келтірілетін барлық
қысқартулар жалпы қабылданған арнайы
қысқартуларға, олардың аудармасына сәйкес
берілуі тиіс [7].
Егер аудармашы халықаралық құжатты
аудару кезінде жоғарыда аталған талаптарды
тиісті түрде орындайтын болса, онда
халықаралық шарттардың теңтүпнұсқалылығы,
ресми
аудармасы
мәселесінде
көптеген
түсінбеушіліктер жойылар еді, өйткені аударма
сапасына шарттың дұрыс орындалуы, мәтіннің
теңтүпнұсқалылығы қамтамасыз етіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. «Қазақстан Республикасының 1969 жылғы халықаралық шарттар құқығы туралы Вена
конвенциясына қосылу туралы» Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31
наурыздағы қаулысы. «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі // http://www.adilet.gov.kz
2. Википедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет // https://ru.wikipedia.org/wiki
3. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары» туралы Қазақстан Республикасының
2005 жылғы 30 мамыр N 54 Заңы. «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі // http://www.adilet.gov.kz
4. Куэльяр Ч.П. Послания и заявления, посвященные Международному году мира, 1986. ООН.
1987. С. 33-34.
5. В. Т. Батычко. Международное право. Конспект лекций. Таганрог: ТТИ ЮФУ, 2011 /http://www.
aup.ru/books
6. Лукашук И.И. Современное право международных договоров. Том 1. Заключение
международных договоров. Учебный материал / http://nashaucheba.ru/
7. Особенности перевода международных документов /http://fabrikaperevodov.ru
Из практики законотворчества на государственном языке
№4 (40) 2015 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы
122
8. Керимов Д. А. Законодательная техника – М., 1998. С. 57-58.
9. Ушаков А. А. Очерки советской законодательной стилистики. – Пермь, 1967. С. 142.
10. Хабибуллина Н. И. Язык закона и его толкование. – Уфа, 1996. С. 19.
11. Неправильный перевод международных договоров наносит серьезный урон имиджу
Казахстана /http://tengrinews.kz
12. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050»
стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына, Астана қ., 2014
жылғы 17 қаңтар. «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі // http://www.adilet.gov.kz
Мақалада таңда халықаралық шарт мәтіндерінің теңтүпнұсқалылығы, ресми аудармасы
мәселелері қаралған және оларды шешу жолдары көрсетілген.
Түйін сөздер: мәтіннің теңтүпнұсқалылығы, терминдердің аудармасы, ресми аударма.
В статье рассмотрены проблемы аутентичности текстов, официальных переводов
международных договоров и пути их решения.
Ключевые слова: аутентичность текстов, перевод терминов, официальный перевод.
In article problems of authenticity of texts, the official translations of international treaties and a way of
their decision are considered.
Keywords: authenticity of texts, translation of terms, official translation.
Ляззат Сұлтанмұратқызы Тұрғанбаева,
ҚР Заңнама институты Лингвистика орталығының НҚА және халықаралық шарттар жобаларына
ғылыми лингвистикалық сараптама секторының кіші ғылыми қызметкері, з.ғ.к.
Халықаралық шарт мәтінінің теңтүпнұсқалылығы мәселелері
Турганбаева Ляззат Султанмуратовна,
младший научный сотрудник сектора научно-лингвистической экспертизы проектов НПА и
международных договоров Центра лингвистики Института законодательства РК, к.ю.н.
Вопросы аутентичности текстов международных договоров
Turganbaeva Lyazzat Sultanmuratovna,
Junior researcher of the sector of research linguistic expertise of drafts of laws and regulations and
international agreements of SI Institute of Legislation of the Republic of Kazakhstan, Candidate of legal
sciences
Questions of authenticity of international treaties
● ● ● ● ●
123
АУДАРМА ТІЛІНДЕГІ ТЕРМИНДЕР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол
– ұлттық дініміздің көрініс табатын әлеуметтік
құбылысы, мәдениетіміздің биік тұғыры да.
Сондықтан тіл әлемдегі ұлттық мәдениеттің
ара қатынасында аса маңызды рөлге ие. Бұл
ретте Қазақстан Республикасының тіл саясаты
мемлекеттік тілді дамытуға және республикада
қолданылатын өзге де тілдер үшін жағдай
жасауға бағытталған. Бүгінде Елбасының
Қазақстан халқына жолдаған жолдауында
белгіленген басым бағыттардың бірі – барлық
қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы
ретінде мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға
басты назар аударылып отыр. Сондықтан
қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін
нығайту және оның әлеуметтік-коммуникативтік
міндеттерін кеңейту еліміз саясатының басты
стратегиялық басымдығы болып қала береді [1].
Тіліміздің өркен кең жаюына аударма
саласының маңызы өте зор екенің айтып кеткім
келеді. Жалпы алғанда тіл ғылымы саласында
аударма мәселесі жан-жақты зерттеліп, бұл
туралы көптеген теориялар мен тұжырымдар
жасалуда. Солардың бірі аударма саласындағы
трансформация әдісі. Оның негізгі анықтамасына
қарайтын болсақ, аудармалық трансформация –
белгілі-бір тілдегі сөздік және грамматикалық
ережелерге сәйкес келетін мазмұнды екінші
бір тілде сөйлеушілер түсінетіндей етіп
алмастыру болып табылады. Осы үдеріспен
байланысты аудармада «трансформациялық
әдістер», «трансформациялық модельдер» пайда
болғаны белгілі. Аударма туралы көптеген
теориялар арасында ғалым В.Комиссаров
өзінің «Лингвистика перевода» деген еңбегінде:
«Аударма туралы төрт лингвистикалық теория
бар, соған сәйкес аударма ұғымына да төрт түрлі
анықтама беріліп жүр» деп жазған.
Аудармашылар кей кезде аударманың
түпнұсқаларының дәстүрлі түсініктерін сақтауға
тырысып аударылатын тілдің мағынасына
мәң бермейді, ал кей кездерде аударылатын
тілдің ұлттық нақыштарын сақтауға тырысады
да, бастапқы шығармаларды асыра өзгертіп
жіберетін тұстар аударма саласында көп
кездесіп қалып жатады. Бұл мәселе айналасында
С. Маркиш, В. Гумбольдт, Б. Уорф, К. Мэргэн,
Л. Вайсбергер және т.б. ғалымдар өз пікірлерін
білдірген болатын. Мысалы, В. Гумбольдт бұл
қауіпке ұшырамау мүмкін емес екендігін айтса,
өзге ғалымдар мұның себебін философиямен
байланыстырады.Аудармада аудармашы бара-
барлыққа жету, әрқилы тіларалық өзгертулер
жасай білуі керек. Бұндай өзгертулер жоғарыда
айтқанымыздай трансформациялау деп аталып
келеді. Бұндай трансформациялаулар көбінесе
түпнұсқа тіліндегі мағлұматтарды, хабар,
мазмұнды, ақпаратты аударма тіл нормаларын
сақтай отырып жеткізу мақсатында қолданылады.
Сонымен қатар, қазақ тілінде ісжүргізу
әрекеті бүгін жөнді қолға алынып отырған
жоқ. Қазіргі қоғамда мемлекеттік тілдің
қолданыс аясы аудармамен шектеліп тұрғаны
белгілі. Нормативтік-құқықтық құжаттардың,
бұйрықтар мен хаттамалардың көпшілігі орыс
тілінде дайындалып, қазақшаға тексерушілер
үшін,
мемлекеттік
тілдегі
құжаттардың
пайыздық көрсеткішін ұлғайтып көрсету үшін
аударылып қойылады. Мемлекеттік органдардың
аудармасыз қадам жасай алмайтыны да ащы
шындық. Ендеше, мемлекет үшін сауатты,
сапалы аударманың маңызы өте зор. Сауатты,
сапалы аударма жасау - аударма тілінде
туындаған басты мәселе. Аудармалар сапалы
болуы үшін не керек?
Біріншіден, екі тілді де еркін меңгерген,
ісқағаздарын екі тілде де сауатты жазатын
аудармашылар
керек.
Қазіргі
таңда
аудармашылар кімдер? Кәсіби мамандар ма әлде
кездейсоқ адамдар ма? деген сұрақ туындайды
Шынын айту аудармашылардың арасында
толыққанды тілді сөздікпен меңгермейтін, кейде
Жетепова Гүлден Маратқызы,
ҚР Заңнама институты Лингвистика орталығының НҚА
және халықаралық шарттар жобаларына ғылыми лингвистикалық
сараптама секторының кіші ғылыми қызметкері
Из практики законотворчества на государственном языке
№4 (40) 2015 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы
124
арасында орыс тілін білмейтін, жорамалмен
аударатын, толыққанды сөздердің бірізділігін
білмейтін мамандар кездесіп жатады. Ал ол
болса неге акеп соғады? Арине аударманың
сапасыздығына, аудармада бірізділік жоқтығына
акеп соғады. Кейде аудармадағы сауатсыздық
терминологиялық комиссия бекітпеген, не бұрын
бекітіп, қайта өзгерткен атауларды пайдаланудан
да көрініп тұрады.
Екіншіден,
орталық
органдардың
аудармашыларында бірізділік, ортақ стиль
болмай отыр. Өйткені, олардың басын қосатын,
кеңестіретін, келістіретін, аудармашылардың
кәсіби біліктілігіне баға беретін, білімін
шыңдайтын, басқа аудармашылармен тәжірибе
алмасуына мүмкіндік беретін, жаңадан бекітіліген
терминдер, аудармашыға қажетті сөздіктер,
көмекші құралдардың жоқтың қасы. Әркім өз
білгенінше аударады, кейбірінің аудармасын
оқығаннан гөрі түпнұсқасын оқығаның артық.
Ал, осындай бірізділіктің болмауынан өзге
ұлт өкілдерінің ана тілімізге деген көзқарасы,
құрметі қалай болмақ? Сондықтан, мемлекеттік
тілге іс жүзінде көшкенге дейінгі кезеңде
сапалы аудармалар арқылы мемлекеттік тілдегі
сауатты, сапалы құжаттар қорын қалыптастыру
бағытында жұмыс жүргізілсе, нәтижесі жаман
болмас еді. Әр мекеменің ішкі құжаттарын әр
аудармашы әртүрлі аударса да, кіріс-шығыс
құжаттарында бірізділік болу керек. Мысалы,
исходящие – шығасын / шығатын, шығыс;
служебная записка – қызметтік жазба / қызметтік
хат, баянхат; заявка – мәлімдеме / өтінім,
тапсырыс;символ – нышан / рәміз; кредит-
кредит / несие; режим-режім / тәртіп; вакансия-
бос жұмыс орны/вакансия; заработная плата –
жалақы / еңбекақы, төлемақы.
Қазіргі таңда сонымен қатар, сөздіктердің
де әртүрлі шыққаның байқап келеміз. Кәсіби,
салалық, ғылыми терминдердің әр жерде әртүрлі
жазылуы бәрімізді де шатастырады. Қазір
басылымдар сөздіктердің неше түрлісін ұсынып
жатады. Олардың қағидаларына сүйенсек
аударылмайтын бірде бір сөз қалмауы керек.
Бірнеше ғұлама ғалымдарымыз аудармадағы
сөздердің барлығы бірдей дерлік аударыла
бермейтінің айтып өткен еді. Аудармашылар
терминдерді аударғанда абай болған жөн. Қалай
болса, онды солды аудара беретін кейбір сөздерді
аударғандарының есебінен қалжынға қалып
жатқаның көруге болады, кейде өз сөзімізді
өзіміз түсінбей жататын жағдайға жеттік.
Мысалы: Фонтанды-«шаптырма», бассейінді-
«әуіт»,
канализацияны-«кәріз»,
ярлыкті-
«ен»,газетті-«жариядат», минералды – «арасан»,
энциклопедияны – «мағлұтнама», технологты
– «жасалымгер», таблетканы-«түймедақ» десек
кім түсінеді. Бұл ойландыратын мәселе [2].…
Қазір сапасы бар, жоқ сөздіктер де, сөздік
шығарушылар да көбейіп кеткенің көруге болады.
Бұрын қалыптасып қалған сөздерді қазіргі таңда
жаңа балама сөздермен алмастырып жатады.
Мысалы, «охрана» сөзі әуелде «күзет» деп
алынған еді. Енді оны қазақ тілді басылымдар
«қорғауыл», «сырттауыл», «сайдауыл» деп алып
жүр.
Тіл туралы, аударма мәселесі сонымен
қатар бірқатар заңнамалық актілерінде де
кездеседі. Тіл туралы заңды алсақ. Заңның
4-бабында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл
аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық
саласында қолданылатын мемлекеттік басқару,
заң шығару, сот ісін және ісқағаздарын жүргізу
тілі», – деп жазылған. Бірақта, айтылғанымен
жазылғанымен бір құжатты алсақ, кез келген
мекемеде алдымен ол орыс тілінде даярланады,
ал олардың мемлекеттік тілдегі нұсқасын
дайындау тұтастай аудармашының еншісіндегі
іске айналды [4]. Осы жерде аудармашыда
бірізділік болмай заңнаманың сапасыз шығуына
әкеп соқтырады. Аударманың сапалы болып
шығуы үшін аудармашы мынадай қағидаттармен
таныс болса екен деймін:
1) сөздер мен терминдер нақты өз
мағынасында пайдаланса;
2) қолданылатын терминдердің бірегейлігін
сақтаса;
3) терминком бекіткен нақты сөздердің соңғы
нұсқасын пайдаланса;
4) өзі аударған мәтіндегі сөйлемдерді
(абзацтарды) түпнұсқамен салыстыруда;
5) мәтінді аударма тіліне жатпайтын ұғымдар
мен тіркестерден арылтуда;
6) стилистикалық түзетулер енгізсе.
Сонымен қатар осы мақаламда заң
терминдерінің аудармада кездесетін олқылықтар
жөнінде де айтып кеткім келіп отыр. Заң
терминдері аударманы қолдану, терминдерді
ала-құла пайдалану, жарыспалы балама
терминдердің пайда болуы сияқты мәселелерді
де туындатады. Мәселен, «Адамның және
азаматтың конституциялық құқықтары мен
бостандықтарын қорғау жүйесін одан әрі
жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 2004 жылғы 29 қарашадағы №
1474 Жарлығында «ходатайство» «қолдаухат»
деп берілсе, «Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы» Қазақстан Республикасының 2001
125
жылғы 30 қаңтардағы № 155-II Кодексінің
579-бабында «өтініш» деп берілген. Қазақстан
Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі
Қылмыстық кодексінің 175-бабында «кража»
ұғымының анықтамасы былайша берілген:
Статья 175. Кража 1. Кража, то есть тайное
хищение чужого имущества, ал мемлекеттік
тілдегі аудармасында: «Ұрлық 1. Ұрлық, яғни
бөтен мүлікті жасырын ұрлау» деп берілген,
мұнда «хищение» – талан-тараж, талан-таражға
салу мағынасын беретіндіктен, кража – ұрлық
жасау, ұрлық, хищение – талан-тараж деп бөлек
нақтылануы керек еді.. [3].
Негізінде әзірленетін негізгі құжат түрі болып
саналатын заң жобалары және заң жобаларына
ғылыми құқықтық сараптамалар тек ресми тілде
әзірленеді. Заң жобасының бастапқы әзірленген
ресми тілдегі нұсқасына сараптама жүргізіліп,
кейде толықтырылған нұсқасына қайта сараптама
жүргізумен заң техникасына сәйкестендіріледі,
ал мемлекеттік тілдегі нұсқасы аудармашы маман
әзірлеген аударма түрінде, заң техникасына
сәйкес келтіруге ешбір сараптама жүргізілместен
дайындалады. Заңгер маман аудармашы
маманнан біліктілігімен ерекшеленетініндей
құжатты әзірлеуге де әсерін тигізеді, яғни заң
терминдерінің бірізді пайдаланылмауы, мәтіннің
бұрмалануы, құқықтық норма мазмұнының
ашылмауы, терминдер мен ұғымдардың әртүрлі
баламаларының пайда болуы, аударманың
сапасыздығы, мәтіндер сәйкеспейді деген
мәселелердің туындауына себеп болады. Заң
жобаларының мемлекеттік тілдегі аударма
арқылы әзірленген нұсқаларын зерделей отырып
түпнұсқа мәтінге сәйкессіздік, терминдерді
дұрыс пайдаланбау қателіктері жиі кездесетінін
басында айтып өткендей байқалады.
Осы басты қазіргі туындайтын біздің
мәселеміз құжаттарды мемлекеттік тілде де
жүйелеу сараптауды жүзеге асырғанда ғана
шешіледі. Осы іс жүзеге асқанда «қазақ тілінде
аударма да жазылған нормативтік актіде не
жазылғаны түсініксіз, сондықтан орыс тілінде
ғана оқимын» деген пікірлер де айтылмас еді.
Аударма арқылы мемлекеттік тілдің қолданылу
аясындағы мәселелерді шешу әрине мүмкін
емес.
Бүгінгі күнгі өзекті мәселе болып отырған
бұл мәселенің шешімі құжаттарды ресми тілде
дайындап отырған мамандарды мемлекеттік
тілде де қатар дайындауға үйрету болып
табылады. Дайындалатын құжаттарды зерделей
отырып әдістемелік құралдар дайындау, оларды
мемлекеттік тілде құжаттарды әзірлейтін
қызметкерге
дейін
жеткізу.
Аудармашы
құжатты аударушы емес, құжатты әзірлеуге
әдістемелік көмек беруші, іс жүзінде солай емес
пе! Осы бағытта қызметкерлердің арасында
мемлекеттік тілді үйрету курсының жұмысын
тұрақты жүргізіп, орыс тілін іс қағаздарының
тіліне енгізіп алған мекемелердің қызметін
мемлекеттік тілге көшіруге бағыттау –
мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерері анық.
Бұл сонымен қатар заңнамаға сәйкес талап
етіліп отырған нормативтік құқықтық актіде
пайдаланылатын терминдердің сәйкес келуін,
бірыңғай терминологияны пайдалануды жүзеге
асыруға мүмкіндік берер еді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауы.
2. http://www.sozdik.kz/ сайты.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қарашадағы № 1474 Жарлығы.
4. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
Из практики законотворчества на государственном языке
№4 (40) 2015 ж. Қазақстан Республикасы Заңнама институтының жаршысы
126
Мақалада аудармадағы терминдер мәселесі қарастырылған.
Түйін сөзден: аудармадағы тілдік кемшіліктер, бірізділік, мемлекеттік тіл.
В статье рассматриваются проблемы терминологии в переводческом деле.
Ключевые слова: языковые недочеты в переводе, единообразие, государственный язык.
The article deseribes problems of terminology in thanslation.
Keywords: language defects in the translation of uniformity , the national language.
Гүлден Маратқызы Жетепова,
ҚР Заңнама институты Лингвистика орталығының НҚА және халықаралық шарттар жобаларына
ғылыми лингвистикалық сараптама секторының кіші ғылыми қызметкері
Аударма тіліндегі терминдер мәселелері
Жетепова Гульден Маратовна,
младший научный сотрудник сектора научно-лингвистической экспертизы проектов НПА и
международных договоров Центра лингвистики Института законодательства РК
Проблемы терминологии в переводческом деле
Zhetepova Gulden Maratovna,
Junior researcher of the sector of research linguistic expertise of drafts of laws and regulations and
international agreements of SI Institute of Legislation of the Republic of Kazakhstan
Problems of terminology in the translation business
● ● ● ● ●
127
МЕЖДУНАРОДНОЕ ЭКОНОМИЧЕСКОЕ СОТРУДНИЧЕСТВО ЕС
С ГОСУДАРСТВАМИ ЛАТИНСКОЙ АМЕРИКИ
Белоусова Ольга Валерьевна,
соискатель Института государства и права РАН (Москва)
Современная экономическая система ЕС
является важнейшей составной и неразрывной
Достарыңызбен бөлісу: |