Дістемелік кешен


Студенттік құқығы мен жауапкешілігі және міндеті



бет8/76
Дата18.11.2023
өлшемі2,05 Mb.
#124436
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76
Студенттік құқығы мен жауапкешілігі және міндеті

  • студент оқу кестесіне сәйкес практикалық сабақтарға жан-жақты дайындықпен қатысуға міндетті.

  • студент себепті жағдайға байланысты сабақ босатса онда оқытушымен келісе отырып оны өтпеуге мүмкіндігі бар.

  • студент обьективті аргументтер негізінде өзіне қойылған бақылау немесе қорытынды бағаға келіспеуіне құқылы.

  • студент сабақты себепсіз босатпауға;

  • практикалық сабаққа дайындықсыз келмеуге;. Тапсырманы уақытында орындауға;

  • этикалық және моральдық нормаларды сақтауға жауапты.



1-практикалық сабақ
Тақырыбы: Агрономияның мақсаты, міндеті және орны.



    1. Мәтінді мәнерлеп оқып өз сөзіңізбен әңгімелеңіз.



Агрономия — диқаншылық туралы ғылым.Диқаншылықтың тарихы
өте ертеден басталды. Агрономия agrуs – жер, танап, егіс және nуmos – заң дегенді білдіреді. Шығыс елдерінде (Мысыр, Үндістан, Қытай, т.б.) диқандар егіншілік ережелерін, астрономиялық білімдерді, күнтізбені пайдаланған.Оны ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткізіп отырған. Қазақстан аумағында неолит дәуірінен бастап егіншілік дами бастады. Мәселен, Усть-Нарым қонысында (Шығыс Қазақстан) табылған қыстырма орақтар егіншіліктің болғанын көрсетеді. Негізінде бидай, қара бидай, тарыны өзендердің
жайылмаларындағы шағын алқаптарға еккен. Біздің заманымыздан бұрынғы 1 мың жылдықтың аяғында мал өсіретін ірі-ірі қауымдармен бірге егіншілікпен айналысатын адамдар қоныстары да пайда болды. Астық тұқымдас дақылдарды таулы және жазық жерлерде өсіре бастады. Сырдария өзенінің жағалауында, сақтардың Шірік-рабат, Бәбіш-Молда, Баланды тұрақтарында суару жүйелерін (арналарды) пайдаланған. 60 шаршы м-ден 150 шаршы м-ге дейін өңделген шағын танаптардың іздері Жоңғар Алатауы, Шолақ (Іле аңғарларында) және Шу-Іле (Шу аңғары) тауларының қойнаулары мен баурайларында Қырғыз Алатауының (Талас аңғарында) кездеседі. Жетісуда суармалы егіншілік қана емес, сонымен қатар суарылмайтын тәлімі егіншілік түрі де қолданылған. Біздің заманымыздың 3 ғасырында қазақ жерінде бау-бақша және тәлімі егіншілік дами түсті. Ал грек және рим философтары (Гесиод, Аристотель, Варрон, Колумелла, т.б.) Біздің заманымыздан бұрынғы 8 – 4 ғасырларда топырақ өңдеу, дақыл өсіру, ауыл шаруашылық ұйымдастыру ережелерін жазбаша жинақтай бастады. Сол еңбектердің кейбір қағидалары: арамшөптермен күресу, тыңайтқыштар қолдану, агротехниканың топырақ, климат жағдайына, өсімдіктің түрі мен сортына байланыстылығы кейін агрономия ғылымының негізгі болып қаланды. Орта ғасырларда Батыс Еуропаның кейбір елдерінде егіншіліктің тыңайған жүйесі дәнді, сүрі жер жүйесімен алмастырылды. Америка құрлығы ашылып, Батыс Еуропаға картоптың, жүгерінің, темекінің жаңа сорттары әкелінді. 18 ғасырдың 2-жартысында Антуан Лавуазье, Джозеф Притсли, т. б. өсімдіктер көмір қышқыл газымен тіршілік ететінін ашты. Сол кезеңде Англияда егіншіліктің сүрі жер жүйесі егіншіліктің ұрық алмастыру жүйесіне ауыстырылды. Агрономия 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап тез дами бастады. Осы кезеңде өсімдік физиологиясы, химиясы, кейіннен микробиологиясы өз алдына ғылым саласы болып бөлінді. 20 ғасырда Батыс Еуропа, Америка, Ресей елдерінде топырақ эрозиясымен күресу, тыңайтқыштар шашу, ауыл шаруашылық өсімдіктерінің жаңа тұқымдарын шығару ғылыми жолға қойылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет