дөңгелек үстел, сайыс, пресс-конференция, дискурс, саяхат сабақтарын ұйымдастыру.
оқу пәніне сәйкес баяндамалар мен хабарламаларды талқылау;
териялық білімін жетілдіру;
жоспарға сәйкес оқу пәніне қатысты нақты сұрақтарды талдау.
Практикалық сабақтарды өткізу мен ұйымдастыруға қатысты талаптар.
Практикалық (машықтану) сабақтары оқу пәнінің жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылып жүргізіледі.
Практикалық (машықтану) сабақтары студенттердің академиялық тобына арналып өткізіледі.
Практикалық(машықтану) сабақтары әдістемелік нұсқаулықтармен қажетті оқу және хабарлама –анықтамалық әдебиеттермен, бағдарламаларымен қамтылуы керек:
Студенттердің практикалық (машықтану) сабақтарының қорытындысы рейтингілік жүйеге сәйкес бағалануы тиіс.
Тәжірибелік және семинар сабақтарын өткізу тәртібі
сабақтың тақырыбы мен мазмұны пәнге арналған жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес келуі тиіс;
студенттің білімін бақылау жүйелі түрде іске асырылуы керек.
семестрде студенттің білімі екі рет рейтингтік жүйеде тексерілуі қажет.
Оқытушының құқығы мен жауапкершілігі және міндеті
оқытушы тәжірибелік және семинар сабақтарының осы әдістемелік нұсқаулық талаптаврына сәйкес әрі сабақты өткізу әдістемесінің нормативті құжаттар мазмұнына орай өтуі мен ұйымдастыруына жауапты.
оқытушы студенттің білімін шындыққа сәйкес бағалауға жауапты;
оқытушы оқу үрдісіндегі жоғары сапаны қамтамасыз ететін сабақ өткізу әдіс –тәсілдерін таңдауға тәжірибелік және семинар сабақтардың мазмұнын анықтауға құқылы.