Дістемелік кешен



бет9/76
Дата18.11.2023
өлшемі2,05 Mb.
#124436
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   76
Агрономияның міндеті: өсімдіктің өсуіне қолайлы жағдай туғызу, олардың өнімділігін арттыру, өсімдік селекциясын жақсарту, топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және арттыру екендігі айқындалды. Қазақ жерінде агрономиялық ғылми-зерттеу жұмыстары Темір (1907), Семей (1911) тәжірибе танаптары ашылғаннан кейін кәсіби жолға қойылды. 1925 – 32 ж. Қазақстанда өлкені зерттеу қоғамы құрылды. Алматы, Семей, Орал т.б. қалаларда ауыл шаруашылық мамандарын дайындайтын мектептер, курстар,техникумдар ашылды. Оларда оқу-ағарту ісімен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстары да жүргізілді. 1924 ж. өсімдік қорғау стансасы (1958 жылдан
Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институты), 1926 ж. Тыңайтқыш және агрономиялық топырақтану институты (1934 жылдан Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институты) және 1929 ж. құрамында ботаника бөлімі бар. Топырақтану институты (1934 жылдан Қазақстан Ғылым академиясының Топырақтану институты) ұйымдастырылды. Қазақ ауыл шаруашылық институты (1930) және ВАСХНИЛ-дің Қазақ филиалы (1940) құрылғаннан бастап агрономия ғылымы бір жүйеге түсіп зерттеле бастады. Соның нәтижесінде Қазақстан ғалымдары егіншіліктің топырақ қорғау жүйесінің негізі – топырақты су және жел эрозиясынан қорғайтын сыдыра жыртып өңдеу әдісін тапты. Кезінде сол үшін бір топ ғалымдарға (Александр Бараев, т.б.) Лениндік сыйлық (1972) берілді. 1939– 45 жылдары Ақтөбе облысының Ойыл ауданындағы «Құрман» ұжымшарының диқаны Шығанақ Берсиев тары шығымдылығын арттыруда дүниежүзілік рекорд жасады. Ол әр гектардан: 1940 ж. 155,8 ц; 1941 ж. 165 ц; 1942 ж. 175 ц; ал 1943 ж. 201 ц өнім жинады. Сондай-ақ Ыбырай Жақаев (Қызылорда облысы, Шиелі ауданы) бекітілген егістіктің әр гектарынан орта есеппен 80 – 90 ц (1942 – 66), ал тәжірибе телімшесінің әр гектарынан 171 ц күріш алды. Қазақстанда агрономия ғылымының салалары: егіншілік, агрохимия, топырақтану, өсімдік өсіру, т.б. өз алдына жеке сала ретінде дамыған.
Агрономиялық кендер. Кентастар–минералдық тыңайтқыштар алынатын шикізат (құрамында фосфор, калий, азот, т.б. элементтер бар) немесе өңделмеген күйінде қолданылатын тау жыныстары мен минералдық түзілімдер. Фосфорлы агрономиялық кендерге апатит пен фосфорит жатады. Апатит Көкшетау өңірінің жер қойнауындағы жыныстарда, Қостанай облысындағы Соколов – Сарыбай, Қашар кендерінің магнетит кентастарында кездеседі. Фосфориттің аса ірі кендері Қаратау, Ақтөбе фосфоритті алаптарында шоғырланған. Калий тыңайтқыштары алынатын. калий тұздары кендері. Азот тыңайтқыштары алынатын агрономиялық кендер–калий мен натрий селитрі, сапропелит. Магнийлі, калий-магнийлі тыңайтқыштар өндірілетін агрономиялық кендер сульфаттар мен хлоридтер. Соңғылары Атырау облысындағы Индер, Ақтөбе облысындағы Шалқар т.б. көлдерде көптеп ұшырасады. Өсімдіктердің өсуі мен дамуына өте керекті микротыңайтқыштарды өндіруге мыстың, бордың, марганецтің, мырыштың,
тікелей өндіріске жарамсыз кентастары мен өндіріс қалдықтары да пайдаланылады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет