2.2. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз. Биология ғылымында өсімдіктерді топтау, жіктеудің әр түрлі әдістері олардың әрқайсысы өздерінің саласына байланысты пайдаланылады.
Астықтану пәні үшін, ол дақылдардың химиялық құрамына байланысты,
ауыл шаруашылығы салаларындағы пайдалану орындарына қарай мынадай
бес топқа бөлінеді:
1. Дәнді дақылдар – бұған барлық, дәнді дақылдар тұқымдастығына
жататын бидай, қара бидай, арпа, сұлы, жүгері, күріш, тары және қарақұмық
кіреді. Бұл топтағы дақылдар тамақ өнеркәсібіне түрлі тағамдар алуға және
құрамажем жасауға пайдаланылады.
2. Бұршақ тұқымдас дақылдар – ноқат. Үрме бұршақ, жасымық, қытай
бұршақ, асбұршақ, т.б. Бұлардың дәні ақуызды көп ұстайды, ал
кейбіреулірінің дәнінде оған қоса май көп болады.
3. Өсімдік майын алуға арналған топқа әр түрлі тұқымдастарға жататын
көп өсімдіктер кіреді. Оның ішінде ең маңыздысы күнбағыс, мақта, зығыр,
сора, шаршыгүлді өсімдіктер тұқымдастығына жататын қыша, жер жанғақ,
майкене, көкнар, т.б. өсімдіктер жатады. Олардың дәнінде көптеген тамаққа,
техникалық және дәрі – дәрмек алуға арналған майлар болады.
4. Эфирлі майлы өсімдіктер – кориандр анис, зире фенхель, жалбыз, т.б.
хош иісті майлар беретін өсмдіктер.
5. Шабындық өсімдіктері – жоңышқа, беде, түйебұршақ, атқонақ,
еркекшөп, т.б. көптеген өсімдіктер жатады.
Дәнді дақылдар өзара екіге бөлінеді
1. Нағыз нандық дақылдар – бидай, қара бидай, арпа және сұлы.
2. Тары тектес дәнді дақылдар – тары, жүгері, күріш, қарақұмық сияқты
жарма алуға арналған дақылдар жатады.
2.3. Берілген сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құраңыз Бидай, ең негізгі дақыл, кең тараған, ауыл шаруашылық дақылдары, бірінші орын, химиялық құрамы, тағамдар, бидай ұнынан пісірілген нан, өте сіңімді, дәнді дақылдар. Жұмсақ бидай, жаздық бидай, күздік бидай, қауыз, зиянды жәдіктер, мал азығы.
2.4. Мәтінді оқып, аударыңыз. Сұлы Сұлы дәнді дақылдар тұқымдасының тегіне жатады. Түрлері аз. Ол мәдени сұлы және жабайы сұлы немесе арамшөптер деп бөлінеді. Мәдени сұлыға егістік сұлы, византия және құм сұлылары жатады. Сұлыдан жарма, ұн және спирт алады. Сұлының негізінен қабықты, жалаңаш дәнді түрлері де аздап кездеседі. Сұлының жақын туысы қара сұлы өте қауіпті және жайылып кеткен арамшөп. Оңтүстікте оңтүстік қара сұлысы өседі.
Оңтүстік қара сұлы дәнінің түп жағында таға сияқты таңбасы бар. Сондықтан піскеннен кейін сөгіліп кетеді. Сұлы егісі жатып қалса, оның дәні сарғайып кетеді. Егер ақ сұлы мен сары сұлыны айыру қиын болса, оны азот қышқылының 10 пайызды қоспасына минутқа салып, содан кейін кептірсе, 18 сағаттан кейін ақ сұлы ақшыл қоңыр, сары сұлы – ашық сары болып өзгереді. Кейде піспей жиналған сұлы көк болып көрінеді.