Дістемелік кешен


Мәтіннен термин сөздерді табыңыз



бет42/76
Дата18.11.2023
өлшемі2,05 Mb.
#124436
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76
Байланысты:
Агрономия УМК 2017

10.2. Мәтіннен термин сөздерді табыңыз.


10.3. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.
Арал өңірі жағдайында әртүрлі алғы дақылдарға күріштің
«Лидер» сортын себу мерзімдерінің өнімділікке әсері

Қазақстанның суармалы жерлерінде өсірілетін негізгі дақылдардың бірі - күріш. Өнімділігі және халық шаруашылығына пайдалылығы жағынан дәнді (бидай, арпа, сулы) және техникалық (мақта, қант қызылшасы дақылдарынан кем түспейді. Күріш егіншілігі Сырдария және Іле мен Қаратал өзендерінің бойындағы алқаптарда орналасқан. Бұл өлкелердің топырақ- мелиоративтік және агроэкологиялық жағдайы күріш егісінен өнім алуға қолайлы. Ғалымдардың (М.К. Каюмов,1972) мәліметі бойынша, 40-50 ендікте егістерге түсетін фотосинтстикалык активті радиация (ФАР) мөлшері 3,0-2,5 млрд. ккал/га, ал биомасса өнімі гектарына 400-250 центіріне дейін жетеді. Осы ендікте Қазақстандағы күріш өсіруші ең үлкен аймақ – Сыр өңірінде (43-46 С) орналасқан. Арал теңізінің суы азайып, құрғауының негізгі себебі - Амударня және Сырдария суын мақта, күріш және басқа дақылдар егісіне пайдаланады. Соңғы 30-35 жылдар ішінде екі өзеннің суы түгелдей ауыл шаруашылығы мақсатына жұмсалды. Арал өңірінде күрішті қарқынды технологиямен өндіру салыстырмалы жоғары және тұрақты өнім алуға мүмкіндік береді. Соңғы жылдары күріш өнімділігінің жоғарылағаны байқалып,ол 4,8-5,0 т\га мөлшеріне жетті.Бірақ күріш өнімділігінен жеткен жетістіктер аймақтың дақыл бойынша көрсеткіштері емес. Сондықтан күріштің келешектегі өнімділігін жоғарылатудағы резерв күріштің жоғары өнімді сорты ЛИДЕР ғылыми негізде өңдеп, оны Сырдария өзені жағалауындағы аймақтарға енгізу болып табылады. Зерттеу жұмыстары 2007-2009 жылдары Қызылорда қаласындағы Күріш ғылыми-зерттеу институтының тәжірибе егістігінде тәжірибе егісін егу арқылы жүргізілді. Тәжірибе егістігінде бақылаулар, есептеулер мен зертханалық талдаулар жасалды. Күріштен жоғары өнім алуда уақытылы себудің ең маңызды шарт екені белгілі. Күріш себу мерзімі шаруашылықтың ұйымдастыру-экономикалық мүмкіншілігіне, алғы дақылдарына, сорттың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Ғылыми мекемелердің зерттеулер нәтижесі күріш егу тәжірибесі осы дақылды өндіретін негізгі аудандарда себудің қолайлы мерзімі топырақ пен ылғалдың 12-14 С жылыған кезі екенін дәлелдеп отыр. Табиғат жағдайларына қарамастан күріш себу мерзімін оның өскіні мамыр айының соңғы онкүндігінде шығатындай етіп себу керек деп саналады. Күрішті дән өнуіне кажетті температураны күтпей-ақ себу маңызды. Толығымен алғанда, ерте мерзімде себілген күріш жинауға қолайлы уақытта 4-6 қыркүйекте пісіп жетілген, ал кешірек себілген, яғни 20 мамырда себілген күріштің толық пісуі шамамен 2 аптаға кешірек байқалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет