10.4. Мәтінді оқып, күріш шаруашылығына еңбегі сіңген қандай тұлғаларды білесіз, әңгімелеңіз. Ыбырай Жақаев (1891ж -1981ж) Ыбырай Жақаев Қызылорда облысының, Шиелі ауданында дүниеге келген әйгілі күріш өсіруші. «Қызыл ту» кеңшарында звено жетекшісі болған. Ол бірінші болып күріш егісін жоңышқа атызына орыналастырды. Тұқымды себу алдында күнге қыздыру, көңмен суперфосфат ертіндісіне бөктіріп, бүршектендіріп себу, қамыс және күрмек арамшөптерімен күресу, күріш егісіне тыңайтқыш енгізу мөлшері мен мерізімін дұрыс анықтау сияқты агротехникалық шараларды өндіріске енгізді. Бұл техникалық әдістер «Жақаевтің агротехникасы» деп аталды. Жақаевтың звеносы бекітілген күріш егісінің 20 га әр гектардан орта есеппен 80-90ц өнім (1942-66),ал тәжірбие телімінің (5г) әр га-дан 171 ц дейін өнім алды. 1966 жылы зейнет демалысына шығып жасының ұлғаюына қарамастан жастарға өз тәжірбиесін үйретті. Осы жылдары республикада Жақаевшылар қозғалысы кеңінен өрістеді. Жақаев Социалистік Еңбек Ері атағын екі рет (1949,1971) алды. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1946), Ленин орденін 4рет, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы ордені мен Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы және Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмелерінің алтын медалдарымен марапатталған. Қызылорда облысының Шиелі ауданының бұрынғы Қызыл Ту ұжымшары, орта мектеп, Қызылорда қаласындағы көше, облыстық емдеу-сауықтыру профилакторийі Ыбырай Жақаев есімімен аталады. 1982 жылы Шиелі ауданында Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихи мұражайы ашылған. Қызылорда қаласында Жақаевқа ескерткіш орынатылған.
10.5. Берілген Ыбырай Жақаевтың қанатты сөздері жайлы өз пікіріңізді баяндаңыз. *Бағбан – жемісті ағашын айтар,
Мұрап – суының ағысын айтар,
Өлеңші - өлең айтқан тойын айтар,
Ұста – соққан тамын айтар,
Диқан - егінінің бабын айтар.
*Өнегелі қарт жоқ жерде өнерлі жас та жоқ.
* «Жер қара болса да, қарын тойғызады,
Қар аппақ болса да, қол тоңғызады»
10.6. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз. СОЯ В соответствии со своеовременной классификацией ВИРа род делится на три подрода. Все возделываемые сорта относятся к подроду. Этот вид
разделен на пять подвидов: дикорастущий, или ссурийский, полукультурный индокитайский, корейский маньчжурский. Манжурьский. Стебли среднерослые (60-95см) или высокие (свыше 100
см) Вегетационный период от 80 до 100 сут, нопреобладают среднеспелые;
ветвитость средняя или повышенная. Стебли средней толщины, изредка
тонкие. Тип роста промежуточный. Цветочные кисти от коротких до
средних, малоцветковые. Бобы средние по размеру, длинные (4-5 см) и
широкие (9-11мм), встречаются узкие; широких нет. Семена средней
крупности, редко крупные, но есть мелкие (масса 1000 зерен от 110 до 260г). Преобладают зерновые формы, в семенах которых содержится до 23-24% масла и 39- 42,5% белка. Включает 26 разновиднестей. Подвид занимает почти всю площадь посева этой культуры Республики Казахстан.