15-практикалық сабақ Тақырыбы : Тұқымның экологиялық әртүрлі сапалылығы – ағза мен қоршаған орта жағдайларының әрекеттесуінің нәтижесі болып табылады. Ол әртүрлі топырақтарда өсіруден, қалыптасып келе жатқан тұқымда су және метаболиттермен қамтамасыз ететін метеорологиялық және басқа факторлардың әсерінен, ал мұның өзі тұқымдардың физикалық, морфологиялық және физиологиялық-биохимиялық белгілері мен қасиеттерінің өзгеруіне ұрындырады.
Бір аудандарда (Қазақстанның солтүстік аудандарында) жыл сайын тұқым тұрақты төмен өнгіштігімен сипатталады. Ал басқа аудандарда тұқымның себу сапасының аталған себептермен төмендеу кездейсоқ жағдайда ғана байқалады.
ТМД елдерінде жүргізілген арнаулы географиялық тәжірибелер көрсеткендей, әртүрлі аймақтарда өсірілген бір сортты бір жерге жинап, қайта өсіргенде астық өніміндегі айырмашылық 83,3 %-ға дейін жеткен, яғни сорттық айырмашылықтардан да асып түскен [5].
Тұқым сапасына экологиялық жағдайлардың әсерізор. Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі негізгі мақсаттардың бірі –жоғары сапалы тұқымдық жадығат өсіру болып табылады, ал ол жоғары өнімділіктегі өсімдіктерден алынады.
Ауыл шаруашылығы дақылдары үлкен полиморфизммен ерекшеленеді, оларға кең экологиялық бейімділік тән және қоршаған орта жағдайларының әсерінен айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды: әртүрлі деңгейде топырақ-климат жағдайларын және жағырапиялық өсіру орындарына байланысты.
Белгілі Италиян экологі Дж. Ацци деректері бойынша тұқымның қалыптасу кезеңіндегі төменгі температура мен мол жауын-шашын оның сапасына теріс әсер еткен. Ылғалды ауа-райы кезеңінде қалыптасқан тұқымнан өнім құрғақ ауа-райына қарағанда 8% кем болған. Жоғары ылғалдылық тұқымда глюкозаның көп, ал сахарозаның аз мөлшерде жинақталуына әкеліп соғады, соның нәтижесінде өскіннің пайда болу жылдамдығы бәсеңдейді, кейіннен өсімдіктердің өсіп-даму қарқыны, болашақ өнімнің қалыптасу үрдісі төмендейді.
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің өсімдік шаруашылығы кафедрасының (Н.А. Шестакова т.б., 2006) зерттеулерінде тіпті бір облыс деңгейінде әртүлі сапада жаздық бидай тұқымы қалыптасты. Солтүстік Қазақстанның қара топырақты өңірінде – ылғал мол түсетін, белсенді температура жиынтығы төмен, бозқырау ерте түсетін аудандарында өну қуаты, өнгіштігі төмен тұқым қалыптасады және астық өнімі азаяды: Ақмола облысының қара қоңыр топырақтарында өсірілген жаздық бидай тұқымы 10,4-11,1 га/ц өнім бергенде, жоғарыдағы жағдайда өсірілген тұқым одан 0,6-0,9 га/ц төмен өнім қалыптастырды.
Тұқымның егістік сапасы әсіресе аурулармен залалданғанда, жапырылған егінде, «дәннің ағуы» байқалғанда төмен болады.
Тұқымның толысуы аяқталарда экологиялық жағдайлар оңтайлы қалыптасса (айтарлықтай жоғары температура, жеткілікті ылғал мөлшері, жарық күндер ж.б.), онда тұқымдық жадығаттың өну қуаты, өсу күші, сақталуы және өнімділік көрсеткіштері жоғары болады. Мұндай заңдылықты кезінде күздік бидай үшін Кулешев Н.Н. (1963), қарақұмық дақылында Строна К.Г. (1966) атап көрсеткен. Ал мұның іссаналық маңызы зор: тұқымның сақтық қорын, ауыспалы егістік қорын жыл сайын емес, тұқымның қалыптасу пісу кезеңдерінде ауа райы оңтайлы қалыптасқан жылдары ғана дайындаған абзал.
Өсімдіктердің жапырылуы да тұқым сапасын төмендетеді, өйткені жоғары ылғалдылықтан, қатты желден ж.б. жарық ережесі нашарлайды, фотосинтетикалық қызметі әлсірейді де пластикалық заттар баяу жинақталады. Бұл құбылысты болдырмаудың кейбір шараларын атап өтсек:
- дәнді және басқа көптеген дақылдарда қысқа сабақты сорттар шығару қажет. Мысалы, Украина селекционері Лукьяненко П.П. кезінде күздік бидай өсімдігінің биіктігі небәрі 78-80 см болғанның өзінде 80-90 ц/га астық өнімін беретін сорттар шығарды.
- агротехникалық шаралардан – азот тыңайтқышының мөлшерін шектей отырып, фосфор тыңайтқышын қолдану; Өсімдіктердің өсу биіктігін және жапырылуын шектейтін препараттарды (кампозан, тур ж.б) қолдану; дақылдардың төменгі себу мөлшерін пайдалану ж.б.
Тұқымтануда маңызы бар шаралардың бірі – танаптық дақылдардың тұқымдары пісіп үлгермейтін солтүстік аудандар үшін оңтүстіктің жылу ресурсын молынан пайдалану. Атап айтқанда, жүгері тұқымын еліміздің оңтүстігінде өсіріп, солтүстіктің шаруашылықтарында сүрлемге өсіруге пайдалану тиімді.
Көптеген көпжылдық, біржылдық шөптердің тұқымдары Солтүстік Қазақстан аймағының жекелеген аудандарында пісіп үлгермейді немесе төмен сапалы тұқым өнімін қалыптастырады. Атап айтқанда, Ақмола облысының Сандықтау ауданында судан шөбінің тұқымы пісіп үлгермейді, ал осы облыстың Аршалы ауданында пісіп үлгіреді де сапалы тұқым қалыптастыра алады.
Экологиялық жағдайлардың дақылдың тұқымдық сапасына әсерін картоптың «температуралық азғындануы» мысал бола алады. Картоптың бұл ауруы картоп өсіру және сақтау кезеңдеріндегі жағдайлар оның биологиялық қасиеттеріне сәйкес келмейді (түйнектердің қорлануы жүріп жатқанда жоғары температураның қалыптасуы ж.б.). Бұл құбылыспен күресу үшін Оңтүстік облыстарда картоптың жазғы отырғызу мерзімі қолданылады, ойпаң жерлер таңдап алынады (температурасы 4-5ºC-ға төмен ж.б.).
Сонымен танаптық дақылдардың тұқымдық сапасына тұқымдық жадығат қалыптасқан жылғы аналық өсімдіктердің өсіп-даму ерекшеліктері елеулі рөл атқарады. Оңтайлы экологиялық жағдайларда қалыптасқан тұқым жоғары егістік сапасымен және өнімділігімен ерекшеленеді.
экологиялық – ажыратылады.