4-СОӨЖ Тақырыбы: Гидротермиялық коэффициент - аймақтың ылғалмен қамтамасыз етілуінің көрсеткіші.Аймақтың ылғалдану деңгейін бағалауда гидротермиялық коэффициентті (ГТК) есептеу керек, ол жер аумағының (территориясының) ылғалдануын білдіретін көрсеткіш болып табылады. Г.Т. Селянинов бойынша ГТК орташа тәуліктік ауа температурасы 10º -тан жоғары кезеңнің жауын-шашын жиынтығы (r) мм, сол уақыттағы он рет азайтылған температура жиынтығына (t) қатынасы, яғни
ГТК –ны ауыл шаруашылық дақылдарының әртүрлі аймақтарында ылғалмен қамтамасыз етілуін анықтау үшін ауылшаруашылығында климатты бағалауға қолданады: ГТК неғұрлым төмен болса қуаңшылық солғұрлым күшті және 1-ден төмен көрсеткіш климаттың қуаңшылығын дәлелдейді. Республикамыздың аймақтарында өсіп-даму кезеңдегі орташа көрсеткіштері: орманды-далалы және далалы аймақтарда - 0,8-0,9, құрғақ-дала және шөлейт аймақтарда - 0,3-0,6, шөл аймақтарда - 0,1-0,2-ден келмек. ГТК-ны өсіп-даму кезеңінің жеке бір бөлігіне де есептеуге болады: ГТК = 0,4-0,5 – күшті, ал ГТК - 0,6- қуаңшылықтың орташа белгісі. Орманды далалы, далалы аймақтардың ылғалдану жағдайлары (жаздық дәнді дақылдар: жұмсақ және қатты жаздық бидайдың күшті сорттарын, арпа, сұлы, тары, қарақұмық; дәнді бұршақ дақылдары - асбұршақ, ноғатық, ноқат; майлы дақылдар - майлы зығыр, күнбағыс, рапс және т.б.; көпжылдық мал азықтық шөптер-жоңышқа, қылтықсыз арпабас (аймақтың солтүстік бөлігінде), эспарцет, еркекшөп (аймақтың оңтүстік бөлігінде), түйе жоңышқа және т.б.; біржылдық шөптер сиыржоңышқа (солтүстік аймақта), судан шөбі, итқонақ, қонақтары, мал азықтық тары; сүрлем дақылдар - жүгері, күнбағыс, шай жүгері және т.б.) өсіруге мүмкіншілік береді.
Метеорологиялық жағдайына және агротехника деңгейіне байланысты дақылдардың өнім деңгейі үлкен ауқымда (диапозонда) өзгереді: дәнді және дәнді бұршақ дақылдарда 5-тен - 20 ц/га дейін, сүрлемдік дақылдарда 60-тан - 120 ц/га дейін жасыл балауса, көпжылдық шөптерде 5-тен-25 ц/га аралығында пішен қалыптасады.
Барлық дақылдардың өнімі көбінесе түсетін жылдық жауын -шашын мөлшеріне және олардың вегетациялық кезең бойы бөлінуіне байланысты. Өсімдіктердің ылғалға барынша жоғары қажетсіну (қиын-қыстау кезең) кезеңдерін - түтікке шығу, масақтану (бүрлену), гүлдену - ескеру қажет. Солтүстік Қазақстанда біржылдық дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты аталған кезеңдер біреулерінде маусымның соңында, екіншілерінде – шілдеде, үшіншілерінде – тамыздың бірінші онкүндігінде ,ал көпжылдық шөптерде мамыр, маусым, айларының бірінші жартысына сәйкес келеді.
Солтүстік Қазақстан аймағында көптеген жылдар бойы жазғы кезеңде жауын-шашын мөлшері негізінен маусым айының соңында, шілде және тамыз айының бірінші онкүндігінде түседі, осыған орай жазғы кезеңінде түсетін жауын - шашын мөлшерін тиімді пайдалану үшін жазғы ерте пісетін тобына жататын дақылдардың себу мерзімін кеш мерзіміне ауыстыру қажет, бидайды 15-25 мамыр кезеңіне, ал өте ерте пісетін дақылдар арпа мен сұлыны- мамырдың соңына және маусым айының басына жылжыту керек.