Дістемелік кешен


ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ



бет3/103
Дата17.03.2023
өлшемі1,41 Mb.
#75148
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ
Пәннін сипаттамасы
«Саясаттану » пәні жоғарғы оку орны студенттеріне окытылатын, жалпы білім беретін пәндердің циклына кіреді. Қазақстан Республикасында саясаттану ғылымының мамандануы мен институттануы белсенді түрде жүзеге асуда Бұл процестің айқын көрінісі ретінде саясаттанудың кәсіби білім алушылар үшін ғана емес, жоғары білімге ұмтылушы басқа да жас мамандар үшін арнайы оку пәніне айналуын айтса да жеткілікті.
Саяси білім әрбір коғам мүшесі үшін қажет. Әсіресе гуманитарлық білім салаларында маманданушы жастар үшін қоғамның саяси болмысын білу, саяси дамудың мәселелеріне терең бойлауға мүмкіндік береді.
Пәннің мақсаты
Студенттерге саяси өмір саласындағы күрделі қубылыстар мен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын үялату, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасында ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету.
" Саясаттану " пәнін оқып білу студенттердің саяси мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, олардың Қазақстан Республикасы алдында тұрған міндеттерді шешуге белсенді қатысуына септігін тигізеді.
Пәннің міндеттері
Студенттерді Қазақстандағы және одан тыс жерлерде жүріп жатқан саяси процестерді ұғынуға және еркін бағдарлай алу ептілігіне тәрбиелеу. Курсты оқу нәтижесінде студент мынаны білу қажет:

  • саясаттың мәнін, мүмкіндіктерін, шекараларын, келешегін және негізгі түрлерін;

  • саяси биліктің мәнін, жүйесін, көздері мен функцияларын;

- саяси процестердің мәнін және саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың
ролін, соның ішінде Қазакстан Республикасындағы саяси процестерді.
Саясаттануды оқуда келесі оқу пәндерінен алынған білімдерге сүйенуі кажет: философия, әлеуметтану, экономика теориясы, құқық негіздері, тарих және дінтану, мәдениеттану, психология сияқты оқу пәндерімен қатар өтілуі кажет.
Қазіргі кезеңде саясаттануды оқытуда саясаттанудың өз алдына жеке оқу пәні екенін, оның ролінің үздіксіз артып отырғанын есепке алу керек.
Үсынылып отырған " Саясаттану " курсының силлабусы соңғы жылдардағы Қазақстан мен ТМД елдеріндегі пәнді оқыту тәжірибесі негізінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттарына сәйкес құрылған.
Біз дүниежүзілік саяси ғылымдардың маңызды проблемаларын, ғылыми игеру деңгейін, сонымен қатар Қазақстан қоғамын және жалпы бұрынғы кеңестік елдерінің реформалау тәжірбиесінің теориялық қорытындыларын назарға алдық .
Силлабуста саясаттанудың негізгі тақырыптары мен мәселелері, сонымен қатар Республикада және басқа да ТМД елдерінде жарық көріп, қазіргі уақытта жинақталған оқу және оқу - әдістемелік әдебиеттер пайдаланылды.
Лекциялык курстың такырыптарының сұрақтарымен қатар, белгіленген семинар сабақтарының тақырыптары және студенттердің өз бетінше орындайтын жұмыстарының сұрақтары мен рефераттарының тақырыптары берілген.
Ұсынылған әдебиеттер тізімінің саясаттану ғылымына тікелей катысы бар, Қазақстан Республикасында шыққан оқу кұралдары мен монографиялар енгізілген. Қазіргі талаптарға орай әдебиеттер негізгі және қосымша болып, бөлініп берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет