Дістемелік кешені


Зиянды газдар және оларды азайту шаралары



бет25/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   114
3.3. Зиянды газдар және оларды азайту шаралары
Мал қораларында күтіп-бағу жақсы болып, төсеніштер қолданылса, канализация мен желдету жүйесі жақсы жұмыс істесе улы газдар жиналмайды.
·Еденде саңлау және оның астында бос жер болмау керек (ондай жерде NH3 және басқа газдар жиналады).
·Төсенішке суферфосфат қосу (1кг суферфосфат+2,5кг төсенішке) NH3 қосып алып, қиды азотпен байытады.
·Көң жинайтын орындардан зиянды газдар түспеу үшін канализацияға гидравликалық қақпа орнату.
· NH3 азайту үшін ауаға формальдегид аэрозолін шашу пайдалы.
·Зиянды газдарды қора-жай ауасында озондау және иондау нәтижесінде азайтуға болады.

4 дәріс


Дәрістің тақырыбы: Ауаның биологиялық қасиеттері және олардың мал организміне әсері
Дәрістің мақсаты: Атмосфералық ауаның биологиялық құрамы және әсер ету механизмін меңгеру
Қарастырылатын сұрақтар:
4.1 Ауа құрамындағы аэроиондар, олардың мал организміне әсері және аэроионизацияны мал наруашылығында қолдану
4.2. Ауадағы шаңның (механикалық қоспалар) және олардың организмге әсері
4.3 Биологиялық аэрозольдардың гигиеналық маңызы
4.4 Мал қора ауасының көрсеткіштерін санитариялық – гигиеналық тұрғыдан бақылау және анықтау ережелері
4.5 Атмосфералық ауаны қорғау.


4.1. Ауа құрамындағы аэроиондар, олардың мал организміне әсері және аэроионизацияны мал шаруашылығында қолдану.
Аэроиондар. Ауада үнемі оң және теріс зарядтапған ұсақ бөлшектер- аэроиондар болады, соның салдарынан электр өткізгіштік пайда болады. Аэроиондар газдар молекуласының атомдарынан пайда болады. Бейтарап атомдарды ядроның оң зарядтарының саны электрондардың теріс зарядтарының санына тең. Иондайтың факторлар ( радиоактивті саулелену, электр разядтары, космос, рентген және ультракүлгін сәулелер) атом қабаттарынан бір немесе бірнеше электрондарды жұлып алады, атомдарды оң аэроиондарға айналдырады. Теріс аэроиондар газдың бейтарап атомдар және молекулалары өзара соқтығысқанда, босаған электрондар соларға қосылу арқылы пайда болады. Бұл аэроиондарды жеңіл аэроиондар деп атайды. Ауада қатты және сұйық аэроиондар болса, жеңіл аэроиондар осыларға қонады да ауыр аэроиондар пайда болады. Олар ірілеу, баяу қозғалады, аондықтан да көбірек өмір сүреді.
Қарама-қарсы зарядты иондардың қосылуы нәтижесінде шаң мен будың сіңуі арқылы жаңа иондар пайда болуымен бірге, әрі жоғала береді. Сондықтан да таза ауалы жерлердің 1 мл ауасында 1000 есе, ал тауда 3000 есе жеңіл иондар кездеседі. Ауасы ластанған қала атмосферасында аэроиондар мөлшері 400-ден 100-ге дейін кездеседі (1 мл ауада). Жабық қора-жайларда тыныс алу процесінде шаңмен, микроорганизмдермен бірге жеңіл теріс иондар да көптеп жойылады. Сонымен қатар деммен шығатын ауа (пайдаланған) теріс иондар жоқтың қасы деуге болады. Сондықтан да қора ауасында қолайлы микроклимат жағдайында теріс иондар мен оң иондардың қатынасы 5:1 шамасында болу керек. Ол үшін қора ауасы әр уақытта алмасып тұруы қажет немесе жасанды ионизаторлар көзі пайдаланады.
Теріс иондардың малға әсері. Ауаның теріс зарядталған жеңіл иондары оң зарядталған ауыр иондарға қарағанда мал, құс, тіпті балық шабақтарының организміне қолайлы әсер етеді. Иондалған ауа организмнің арнайы емес төзімділігін ұлғайтады, белоктық, көмірсутектік және газоэнергетикалық процестер, азықтың қорытылуы, ферменттердің активтілігі күшейеді, қанда эритроциттер мен гемоглобин көбейеді, малдың жалпы денсаулығы жақсарып, өнімділігі жоғарылайды. Сондай-ақ, иондардың организмге тері рецепторлары арқылы (мәселен, шошқада) тікелей, ал зат алмасу процестерінің нейроэндокриндік реттейтін жоғарғы тыныс жолдарының нерв ұштары арқылы жанама әсер етуі мүмкін. Аэроиондау, соныі ішінде жасанды аэроиондау мал қораларының микроклиматына қолайлы әсер етеді.
Мәселен, ауауның шаңмен, микробпен және аммиакпен ластануы шошқа қорада 1,5-2 есе, құс қорада 4 есе азаяды. Теріс иондар әсерімен көптеген микроорганизмдердің (ішек таяқшалары, ақ стафилококк, т.б.) морфологиялық және өсімталдық қасиеттері өзгереді. Олардың өсу қарқындылығы 47-70 пайызға кемиді.
Мал қораларын аэроиондау. Бұл жұмыс электрофлювиалды люстра (Чижевка) типтес негізгі заряд ажыратқыш ионизатор, ҒЗИ жүйесінің антенді ионизаторлары, ЛВИ, АФ-2, АФ-3 аэроионизаторлары, радиоизотопты ионизатормен, тағы басқа құралдармен атқарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет