3.2. Мал қораларының ауа құрамы және оның мал организміне әсері Мал қора ауасының құрамы атмосфералық ауадан өзгеше (қорадағы санитариялық-гигиеналық режимге байланысты). Себебі онда зиянды газдар жиналады (тіршілік барысында, қидың, төсеніштің және азық қалдықтарының ыдырауы арқасында).
·Зиянды газдар (СО2, NH3, H2S, метан, индол, скотол, меркаптандар, пропан, бутан, метанол, этанол және басқа органикалық заттар шірігенде және ашуы кезінде пайда болатын газдар) мал организміне жергілікті (местное) және жалпы резорбтивтік әсер етеді (тері, көз, тыныс жолдарын және басқаларын тітіркендіреді).
·Қора ауасы сыртқы ауаға қарағанда СО2 көптігімен (100 есеге дейін) және оттегінің төмендігімен (25%) ерекшеленеді
Хроматографиялық зертеулердің нәтижесінде мал қораларында 30 астам газдар бар екені анықталған. Алайда, ең зиянды әсері барларға СО2, NH3, H2S және СО жатады. Ал, шөппен қоректенетін малдар метан мен сутегі бөледі.
·Қора ауасында қалыпты жағдай сақталғанда N пен О2 мөлшерлері өзгермейді.
·Қора ауасының құрамына деммен шыққан ауа үлкен әсер етіп, құрамын нашарлатады.
·Малдың зиянды газдар жиналған қорада ұзақ ұсталуы олардың организмін уландырады, малдың өнімділігі, ауруға төзімділігі төмендейді. Ал, кейде күшті әсерлі патологиялық процестер туындайды.
·Көмірқышқыл газ әсері – негізгі көзі мал болып табылады. Организмде СО2 плазма (натрий бикарбонаты түрінде) мен эритроциттерде болады. СО2 көбеюі тотығу және қалыптасу процесін бұзады, дене температурасы төмендейді, ұлпа қышқылдығы ұлғаяды(аноксия), мұндай жағдай ацидотикалық ісінуге және сүйектің деминералдануына соғады. Қорада желдету жүйесінің нашар істеуі немесе мал басының тығыз ұсталуы СО2 көбейтеді (20-30 есе). Қыс кезінде малды жабық ауасында СО2 1% және оданда жоғары бар қорада ұстағанда үнемі олардың улануы мүмкін: азыққа тәбеті нашарлайды, өнімділігі мен ауруға төзімділігі төмендейді. СО2 мөлшерімен қора ауасына санитариялық баға беріледі. СО2 ауада 8% болғанда ауыр уланудан мал өледі.
·Аммиактың әсері – улы газ, құрамында азоты бар заттар (зәр мен қи) ыдырағанда уреазаактивті анаэробтар әсерімен түзеді. NH3 көп болмасада әсері зиянды: өнімділігі мен резистенттілігі төмендейді. NH3 жергілікті және резорбтивті әсері бар. ·Жергілікті әсері: көз бен тыныс жолдарының кілегей қабаттарын қатты тітіркендіреді: жөтелу, түшкіру, көзден жас ағу, кілегей қабықтардың қабынуы байқалады (мұрынның, тамақтың, трахея мен бронхылардың). Ал, қора ауасында NH3 өте көп болғанда (1000-3000мг/м3) дауыс саңлауы тарылып, трахея және бронхы бұлшық еттері жиырылып, соңынан мал өкпе ісігінен және тыныстың салдануынан өледі.
· Резорбтивтік әсері: аммиак қанға түскенде гемоглабин гематинге айналып азаяды, газ алмасу бұзылады, оттегі жетіспеушілік байқалады, қоректік заттардың қорытылуы төмендейді. Орталық жүйке жүйесі қатты күйзеліп қалтырау, коматоздық бейне байқалады. NH3 улану, әсіресе құстарда аурудың балауын қиындатады (қан аздық, А-авитаминоз, респираторлық микоплазмоз және инфекциялық бронхит).
Құсты еденде ұстағанда NH3 2-3 есе көбейсе олардың жұмыртқалауы 2-3 аптаға шегеріледі, өнімділігі 10-13% азаяды, өлім-жітім 1,5-2 есе көбейеді. Ал, сиыр қорада NH3 нормадан 1мг/м3 және одан жоғары көбейсе сүттілігі 1,7% азаяды, азық шығыны 2,7% артады. Мұндай жағдайда торайларда алиментарлы қан аздық, бұзауларда бронхопневмания байқалып, мал жиі ауырғыш болады.
NH3 улылығы мен агрессивтігі ылғал жоғары болса қатты байқалады (NH3 тотығуы ұлғаяды, азот қышқылы түзеді, ал ол қабырға сылағындағы кальцимен үйлесіп қабырғаның бұзылуына себеп болады).
NH3 жоғарылағанда микробтар 30-60% көбейетіні анықталған.
NH3 зиянсыз нормасы 10-20мг/м3 (ПДК 2-3 есе асса “аммиактық соқырлық” және аэросокулиттер байқалады).