Дістемелік кешені



бет78/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   114
Байланысты:
Дістемелік кешені

Бақылау сұрақтары:
1. Ауаның микробтармен ластануының қандай гигиеналык мәні бар?
2.Ауадағы микробтардың санын анықтауда тұндыру (седиментациялық) тәсілі дегеніміз не?
3) Кротов құралының құрылысы қаңдай және онымен жұмыс істеу ережесі.
4) Арнаулы құралдың көмегімен Петри шыны табақшасындағы микроорганизм колонияларын есептеу тәсілі.
5) Ауаның микробтық ластануын төмендету үшін қандай санитариялық және гигиеналық шаралар қолданылады?

9-10 Зертханалық сабақ


Тақырыбы: Топырақтың физикалық және химиялық қасиеттерін анықтау
Сабақтың мақсаты: Топырақты лабораториялық зерттеу арқылы физикалық, химиялық қасиеттерін анықтап, баға беру.
Керектi құралдар мен жабдықтар: Таразы, цилиндр, колба, пробиркалар, колориметриялық кестелер
Сабақтың мазмұны
Топырақты зерттеуге арналған сынама мөлшерін алу.
Сынаманы алу үшін арнаулы бұрғылау құралы немесе таза күректі пайдаланады. Сынаманы шахмат тәртібімен бірнеше жерден немесе бөліктен /аула, участок/ алаңы 25 м2 , тереңдігі 0,25 м көлденеңінен 3-5 нүктеден алады.
Алынған топырақтың бәрін араластырып, орташа сынаманы 1 кг шамасында алады.
Сынаманы алғаннан кейін /ең кемі 24 сағаттың ішінде/, оны тығыны тығыз жабылатын шыны ыдысқа /банкаға/ салып лабораторияға жібереді.
Топырақ сынамасына жолдама қағаз қосып жібереді. Онда сынаманың алған орнын, уақытын, сынаманы алған тереңдігін ж.б. көрсетілуі тиіс.
Топырақты түйіршіктеріне қарай сұрыптау үшін /диаметрі/ 7,4,2,1 және 0,3 мм, бірнеше елегіштен тұратын жинақты пайдаланады. Жинақты құрған соң /елегіштер бір-біріне тығыз енуі тиіс/ үстіңгі елекке 100 г құрғақ топырақ салып, қақпағын жабады, сөйтіп, топырақ сынамасын елейді. Топырақтың әрбір бөліктерін өлшеп біткеннен кейін процентін анықтаймыз. Оның нәтижесі бойынша топырақ түрі анықталады.
Кесте 1 – Топырақтың түйіршектерінің көлемі бойынша жіктеу

Топырақ түйіршігі

Көлемі , мм

Тастар, қиыршық тастар

3 – тен жоғары

Түйіршігі үлкен, құм

3 – 1

- // - орташа, құм

1 – 0,25

- // - ұсақ, құм

0,25 – 0,05

Үлкен тозаң

0,01 – 0,005

Орташа тозаң

0,005 – 0,001

Ұсақ тозаң

0,001 – ден төмен

Кесте 2 – Топырақтың механикалық құрамының жіктелуі (Н.А. Качинский бойынша)



Саз тұйіршіктерінің көлемі />0,01 мм /, процент.

Құм бөлшектерінің көлемі
/ <0,01 мм / процент

Топырақтың механика-құрамы бойынша аталуы



80 – нен жоғары

20 – дан төмен

Ауыр сазды

80 – 50

20 -50

Сазды

50 – 40

50 – 60

Ауыр саздылау

40 – 30

60 – 70

Орта саздылау

30 – 20

70 – 80

Ұсақ саздылау

20 – 10

80 – 90

Құмды

10 -

90 – 95

Құм

5 – тен төмен

95 – тен жоғары

Борпылдақ құм





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет