Дістемелік кешені



бет80/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   114
Байланысты:
Дістемелік кешені

Бақылау сұрақтары.

  1. Топырақтың климатқа және мал организміне әсері.

  2. Топырақтың механикалық құрамының гигиеналық маңызы.

  3. Топырақтың физикалық құрамы және оның гигиеналық маңызы.

  4. Топырақтың физикалық құрамын анықтау тәсілдері.



2. Топырақтың химиялық қасиетін анықтау
Биохимиялық өзгерістер нәтижесінде топыраққа түскен органикалық заттар бірте-бірте минералды қоспаға айналады. Минералдануды осы қоспа құрамына қарай анықтайды.
Химиялық талдау жүргізу үшін топырақтан сүзінді алады /топырақтағы суда ерігіш заттарды шығару/.
Топырақ сүзіндісін дайындау. Оны дайындау үшін 50 г топырақты колбаға салып, оның үстіне құрамында аммиагы жоқ 250 мл бидистиллят су құяды. Колбаны резиналы тығынмен тығындап, оны үш минуттай 7 проценттік құйдіргіш калий ерітіндісін қосып, шайқайды. Одан кейін колбадағы ерітінділерді сүзгіштен өткізеді. Сүзіндінің мөлдір болғаны жөн, сол себептен де алғашқы бөлінгенді жеке колбаға жинап, ал қалғанын қайта сүзгіштен өткізеді. Алынған сүзіндіні сол қүні тексеруден /анализден/ өткізіп, ондағы аммиактың, нитраттың, нитриттің, хлоридтің, сульфаттың мөлшерін анықтайды. 100 грамм топырақтың ішіндегі химиялық заттардың мөлшерін милиграммен есептейді.
Топырақтың реакциясын анықтау. Топырақ реакциясын рН-метр құралы арқылы анықтайды. Топырақтағы рН-ты анықтау үшін 10 мл сүзіндіні пробиркаға құйып, оның ішіне әмбебап индикаторлы қағазды орналастырады. Стандартты шкала арқылы индикаторлы қағаздың бояуына қарай рН-ты анықтайды.
Топырақтағы аммиакты анықтау. Пробиркаға 10 мл сүзінді құйып оған 4 тамшы Несслер реактивін қосады. Егер топырақта аммиак болса онда 10 минут ішінде сарығыш немесе қоңыр бояу пайда болады. Бояудың түсінің өзгеруіне қарай колориметрикалық кестені пайдалана отырып, аммиактың жуықтау сан мөлшерін анықтауға болады (кесте 1).

Кесте 1 – Топырақтағы аммиакты колориметрикалық тәсілмен анықтау



Жанынан қарағандағы судың боялуы



Жоғарыдан төмен
қараған кездегі бояудың түсі

Мөлшері,мг/л



Жоқ

Жоқ

0,05

Жоқ

Болар-болмас

0,10

Болар-болмас

Әлсіз сары

0,25

Өте әлсіз сары

Сарғылт

0,50

Әлсіз сары

Ашық сары

1,0

Ашық сары

Сары

2,5

Сары

Қоңыр сары

5,0

Бұлыңғыр сары

Қою қоңыр

10,0

Қою қоңыр

Қою қоңыр

25,0

Топырақтағы нитритті анықтау. Пробиркадағы 10 мл сүзінді суға 10 тамшы Грисс реактивін қосады. Пробирканы 5 минуттай қыздырады. Нитрат бар болса солғын қызыл немесе қызыл бояу пайда болады. Бояудың түріне қарай колориметриялық кестені пайдалана отырып, нитриттің сан мөлшерін анықтауға болады (кесте 2).


Кесте 2 – Топырақтағы нитритті колориметрикалық тәсілмен анықтау

Жанынан қарағандағы судың боялуы

Жоғарыдан төмен
қараған кездегі бояудың түсі

Көлбеу қараған кездегі бояудың түсі



Мөлшері,мг/л



Жоқ

Жоқ

Жоқ

0,001

Жоқ

Жоқ

Болар-болмас қызғылт

0,001

Жоқ

-

Өте әлсіз қызғылт

0,002

Болар-болмас қызғылт

Болар-болмас қызғылт

Әлсіз қызғылт

0,005

Өте әлсіз қызғылт

Әлсіз қызғылт

-

0,01

Ашық қызғылт

Қызғылт

-

0,5

Қызғылт

Өте қызғылт

-

0,2

Қызғылт

Ащық қызыл

-

0,5



Топырақтағы нитратты сапалық анықтау. Пробиркадағы 1 мл сүзінді суға 2 мл дифениламин мен кұкірт қышқылының қоспасын құяды. Нитрат бар болса қара көк бояу пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет