Дістемелік кешені


Топырақтың физикалық қасиетін анықтау



бет79/114
Дата02.11.2022
өлшемі4,47 Mb.
#46855
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   114
Байланысты:
Дістемелік кешені

1. Топырақтың физикалық қасиетін анықтау
Топырақтың физикалық қасиетін анықтау.

  1. Топырақтың түсін анықтау.

  2. Топырақтың иісін анықтау.

  3. Топырақтың температурасын анықтау.

  4. Топырақты суды көтеру / капилярлық / қабілетін анықтау.

  5. Топырақтың су сіңіру / поглотительный / қабілетін анықтау.

  6. Топырақ қуысының көлемін анықтау.

  7. Топырақтың ылғалдылығын анықтау.

Топырақтың түсі. Түсі күңгірт қою болса топырақ құрамында органикалық заттың көп болғаны, соның ішінде микроорганизм де бар. Әйтсе де қара топыраққа қарашірікпен /гумуспен/ және шіріген көң-қимен қатты тыңайтылу арқылы берілетін күңгірттенген топырақты да айыра біоген жөн, себебі бұл топырақта біріншісіне қарағанда ауру қоздырғыш микроорганизмдер жиі кездеседі.
Ақшыл сұр, сортаң топырақ, сондай-ақ ақшыл-сары, құмды, органикалық заттарға жұпыны топыраққа кальций, фосфор және калий сияқты минералдық заттар аз болады.
Топырақ исі. Ластанбаған таза топырақ иісінің гигиеналық тұрғыдан маңызы бар. Жаңа қимен, зәрмен, тазаланбаған былғаныш тоқтау судан, мал өлекселерінен былғанған топырақта шірік, аммиакты, күкіртті сутегі исі пайда болады. Сынама алынысымен сол жерде исін анықтайды.
Лабораторияда жаңа сынаманы колбаға салып, үстіне ыстық су құяды да тығынмен жауып , сілкейді, содан соң тығынды алып иісін анықтайды.
Топырақ қуысының көлемін анықтау. Қуыс /Р/ дегеніміз топырақ бөлшектері аралығының бос көлемінің жиынтығы болап табылады.
Сөйтіп оны барлық алынған топырақ көлеміне қарай процентпен шығады:
Р – қуыстың шамасы оның бөлшектерінің орналасуы мен диаметріне, сондай-ақ ылғалдылығы мен температурасына байланысты. Топырақ бөлшегінің диаметрі аз болған сайын оның қуыстарының көлемі көбейе түседі /шірігіш, торфты және басқалар/.
Анықтау жолы. Қуыстардың қөлемін анықтау үшін өлшеуіш цилиндірге - 50 мл топырақ салып /а/, 50 мл /б/ су құяды. Қуыс суға толысымен сумен араласқан топырақтың қандай қөлемді алатынын анықтайды /К/. Бұдан кейін формула бойынша топырақтың қуысының көлемін процентпен табады.
Р=,
Мұнда: Р- қуыстың көлемі, процент есебімен;
а-сынамаға алынған топырақ көлемі;
б-судың көлемі;
К-топырақ пен судың көлемі.

Топырақтың суды көтеру (капиллярлығын) қабілетін анықтау. Ол топырақтың механикалық құрылымына, ылғалдылығына, тұздың мөлшеріне, өз капилляры бойынша суды төменгі деңгейден жоғары көтеру қабілетіне байланысты. Құрғақ топыраққа қарағанда ылғалды топырақта су тезірек көтеріледі. Егерде ұсақ түйіршікті топырақта, ерігіш тұздың мөлшері көп болса /әсіресе натрий тұзы/ судың көтерілу қабілеті баяулайды. Топырақты суды көтеру қабілеті штативке бекітілген бірнеше биік түтікшелерден /50-100см/ тұратын арнаулы құралмен анықтайды.
Әрбір түтікшені жоғары деңгейге – дейін топырақпен толтырады. Төменгі ұшына дәке орап су құйылған қорапқа салады. Түтікшенің ұшы осы суға 0,5 см еніп тұруы тиіс. Бұдан кейін топырақ түсінің өзгеруіне қарай судың көтерілу жылдамдығымен биіктігін қадағалап 5,10,15,20 және 60 минут аралығында, одан әрі су көтеріліп біткенге дейіни әрбір сағат сайын сантиметр есебімен оның деңгейін белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет