Жаттықтыру-сабағы. Жаттықтыру сабақтары білімнің практикалық бағыттарын үйрететін арнаулы мақсаттарды шешіп қоймай, оқу материалын оқып-игеруге тығыз байланысты бола отырып, оны жете ұғынуға талпындырады.
Оны жүргізудің негізгі әдістері практикалық, зертханалық, сарамандық жұмыстар:
Оқушылар осы жұмыстарды өздігінен жүргізе отырып, алған теориялық білім-білік дағдыларын практикада пайдалануға бейімделіп, үйренеді.
Аралас сабақ.Аралас сабақ-бірнеше дидактикалық мақсаттардың қойылуымен және нәтижеге жетуімен ерекшеленеді.
Аралас сабақтың әр түрлі әдістеріне орай түрлері бар. Аралас сабаққа тән кезеңдер төмендегідей.
Сабақтың тақырыбын таныстыру, мақсаты мен міндетін анықтау.
Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырып бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.
Жаңа тақырыпты баяндау.
Өтілген тақырыпты бекіту.
Сабақты қорытындылау және үй тапсырмасын беру кезеңі.
Семинар сабақ.Семинар сабақтары бір-бірімен байланысты екі белгілерімен сипатталады: оқу бағдарламасын оқушылардың өз бетімен меңгеруі; және сабақтағы олардың таным қабілеттерінің дамуын талдау. Семинарда оқушылар өздері дайындаған хабарламалармен таныстыруға, өз ойларын еркін айтып дәлелдеуге үйренеді. Сонымен қатар оқушылардың таным белсенділіктерін дамытуда семинарлардың рөлі зор. Қарым-қатынас мәдениеті қалыптасады.
Консультация, көмек сабағы.Бұл сабақтар оқушылар біліміндегі кемшіліктерді жоюда, оқу бағдарламасын жүйелеу мен жинақтап қорытуда ғана жүргізілмейді, сонымен қатар білім-білік дағдаларды қалыптастыруда маңызды. Мазмұнына және міндетіне қарай тақырыптық және белгілі мақсатқа арналған көмек сабақтары болады.
Тақырыптық көмек сабағы әр тақырыпты өткенде немесе оқу бағдарламасындағы қиын сұрақтар бойынша ұйымдастырылады.
Мақсатқа арналған көмек сабақтары өздік және бақылау жұмыстарын, сынақтар мен емтихандарды өткізу мен қорытындылауда жүйелі жұмысқа айналуы тиіс. Сонымен қатар бұл қатемен жұмыс, бақылау жұмыстарының анализдеріне арналған сабақтар болуы мүмкін.
Интеграциялық сабақ. Интеграция дегеніміз - пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру. Интеграцияны жүзеге асырудың бір жолы-сабақтарды бір мұғалім арқылы жүргізіп, бірнеше пәндер бойынша біріккен сабақтар білімінің жинақталуы, яғни әртүрлі пәндерден алған білімдерін синтездеу.
Оның жүргізілу әдіс-тәсілі әртүрлі: семинарлар, конференциялар, саяхаттар және т.б.
Сайыс сабақ.Сайыс сабақтың негізін топтар арасында сұрақ-жауап және кезектесіп берілетін тапсырмалар арқылы ұйымдастыруға болады. Мұндай сабақтарды өткізудің әр түрлі тәсілдері бар. Олар «Көңілді тапқыштар тобы» (КВН), «Брейн-ринг», «Жұлдызды сағат», «Бақытты шақ» сияқты атақты ойындар негізінде ұйымдастырылатын жарыстар, эстафеталар, талас-тартыстар. Сайыс сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу төмендегідей үш негізгі кезеңнен тұрады: дайындық, ойын сәті, қорытынды.