Дістемелік кешені


Дәріс №11. Ойын және оның түрлері. Ойынның педагогикалық мәні



бет28/45
Дата29.10.2022
өлшемі0,81 Mb.
#46191
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45
Байланысты:
umkd - koa - inf-21-21

Дәріс №11.
Ойын және оның түрлері. Ойынның педагогикалық мәні

Оқытудың белсенді әдістерінің ішінде оқушылардың қызығушылығын арттыруда ойынның атқаратын рөлі зор. Кезінде А.В.Луначарский «ойын – белгілі дәрежеде барлық адамзат мәдениетінің негізі болып саналады» деп жазды. Ойын, оқу, еңбек адамның негізгі іс-әрекеті. «Ойын» деген сөздің өз мағынасын алсақ, тек уақыт өткізу үшін ермек сияқты елестейді. Ал шын мәнінде дүние танымдық, білімділік мәні бар, білім жарысындағы ойындар шығармашылық әрекеттерді керек етеді.


Ойын арқылы оқыту техналогиясының мәні – оқушыны ойынға қызықтыра отырып, оқу материалын меңгерту. Ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді.
Дидактикалық ойындар оқытудың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ойын білім алушының оқуға, білім алуға деген оң көзқарасын қалаыптастыруға көмектеседі. Білім беру практикасында қолданылатын ойын технологиясы мазмұны өтіліп жатқан оқу материалына сәйкес болуы керек. Ойын әрекетінің негізгі ұстанымдары:

  1. Оқу мазмұны мен мақсатының сәйкес келуі.

  2. Технологиясы мен құрылымының қарапайымдылығы мен көрнекілігі;

  3. Пайдалану жүйелілігі және біртіндеп қиындалуы;

  4. Ойын әрекетінің әртүрлілігі;

  5. Тұлғаның еріктілігі, ойын кезіндегі белсенділігі;

  6. Қарым-қатынастың дамуы, өзара әсердің жағымдылығы.

Іскерлік ойын әдісі – басқаруға және әрекет жасауға үйрететін әдіс. Оқушыны нақты жағдайда ойынға қатысушы рөлінде айқын және мәнді ойлауға мәжбүр етіп, елеулі нәтижелерге жетуге деген мақсатын қалыптастыруға баулиды. Сондықтан бұл жағдай оқушының зейінін арттырады, ойлауды мақсатқа бейімдейді.
Іскерлік ойын оқытуды ұйымдастыру формасы ретінде педагогтың басқаруымен, алдын ала жоспарланған ойын сценарийі арқылы мақсатты негізде жүзеге асырылады. Білім беруде оқытудың ойын формасы көп жағдайда оқытудың тәжірибелік бағыттылығын мақсат тұтатын іскерлік ойындар арқылы жүзеге асырылады. Оқу үдерісінде іскерлік ойындардың мына түрлері қолданылады: рөлдік, операциялық, ұйымдық іскерлік ойындар.
Іскерлік ойындарының негізгі педагогикалық мәні мынада: білім алушылардың ақыл-ойын дамыту, ойлауды жандандыру, танымдық белсенділігін қалыптастыру, оқыту үдерісіне шығармашылық ізденіс енгізу.
Іскерлік ойындардың тәрбиелік міндеттерді шешуде үлкен үлесі бар:
1) танымдық: ойын барысында оқушылар тәрбие жұмысын ұйымдастырып, өздерінің жеке міндеттерімен танысады;
2) дамытушылық: ойын үстінде қисынды ойлауы дамиды, берілген сұрақтарға жауап іздеуге қабілеттері, сөйлеу мәдениеті, пікірталасқа қатысу деңгейі дамиды;
3) тәрбиелік: іскерлік ойын барысында оқушылардың ұжымдық түсініктері қалыптасып, әрқайсысының ойынға қатысу дәрежелері анықталады, жалпы міндеттерді шешуде өзара қарым-қатынастары білінеді, барлық сұрақтарды ұжымдық талдау барысында сыншылдық, ұстамдылық, басқаның пікірін түсіну, ілтипат көрсету сияқты қасиеттері қалыптасады.
Іскерлік ойынның негізгі белгілері мыналар:

  1. Шешімін күтетін мәселелерінің болуы.

  2. Әлеуметтік, кәсіптік және оқу міндеттерін ойын жағдайында модельдеу.

  3. Ойынға қатысушылар арасында рөлдерді бөлу және олардың рөлге сәйкес белсенді әрекетімен көрінуі.

  4. Ойынға қатысушылардың ортақ мақсаттарының болуы және ұжымдық шешімін шығаруы.

  5. Шешімдердің көп нұсқалығы.

  6. Ойын соңында талдау жасау.

  7. Қатысушылардың жоғары эмоционалдық күйі.

Іскерлік ойындарының негізгі міндеттері мынадай:

  1. Оқылған материалды еске сақтау және терең ұғынуға жағдай жасау.

  2. Дұрыс шешім қабылдау және жағдаяттарға баға беру білігін қалыптастыру.

  3. Қабылданған шешімді жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру.

  4. Шығармашылығын дамыту.

Іскерлік ойынды өткізудің келесі кезеңдері төмендегідей түзіледі:
1-кезеңде: мұғалімнің тақырыпты таңдауы, мақсаттар мен міндеттерді белгілеп, күтілетін нәтижені болжауы, құрылымын анықтау, топтағы ойынға қатысушылардың рөлдік қызметіндегі қасиеттерін ескеру, ойын барысындағы әсер етуші жағдайларды зерттеу.
2-кезеңде: соңғы оқу материалдарын талдау, мәселені шешудің әдіс-тәсілдерін талдау. Тиімді әдістемені таңдап алу және оны ойша қолдануда шығармашылық өңдеу, сценарийді дайындау, рөлдерге бөлу.
3-кезеңде: мұғалімнің оқушыларды іскерлік ойынның сценарийімен, мақсатымен, мазмұнымен таныстыруы, ойынды ұйымдастыруы, оқушылардың рөлдік қызметтерін орындауы, педагогтың және оқушылардың ойынды басқаруы, ойын барысын, нәтижесін талдау, мұғалімнің қорытынды жасауы жүзеге асырылады.
Іскерлік ойындарын өткізудегі мұғалімнің міндеттері мыналар:

  • белгілі бір мәселеге, материалға байланысты қажетті иллюстрацияларды іріктеу;

  • дидактикалық материалдарды дайындау;

  • әр білім алушыға тапсырма беру;

  • білім алушыларды рөлге, топтарға бөлу;

  • міндеттерді белгілеу;

  • мүмкін болатын жағдайлар туралы ойлау;

  • оқушылардың қызығуын ояту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет