Lesson Study тиімділігі
Lewis (2002) Lesson Study тиімділігін былайша сипаттайды:
білім беру стандарттары мен мақсаттарын сыныпта жүзеге асырады;
ақпаратқа жүгініп дамуды көздейді;
оқушылардың түрлі қасиеттеріне әсер ете отырып, оқу үдерісін дамыту қажеттігі жайлы мәселе қояды;
мұғалімдерді бағалайды.
Dley (2011) Lesson Study тиімділігін былайша сипаттайды:
оқушылардың оқу үдерісі әдеттегіден тереңірек түсіндіріледі;
оқу үдерісінде оқушылардың не оқып жатқаны жайлы ой-пікірлері айқын көрінеді;
оқу үдерісі оқушылардың қажеттіліктеріне сай жоспарланады.
Көбінесе Lesson Study үдерісі имплициттік білім алу және мектеп мәдениетін дамыту ретінде сипатталады.
Эксплициттік және имплициттік білім
Бізге «Сіз өзіңіздің оқыту дағдыңызды қалай дамытасыз?» деген сұрақ қойылса, кітаптан оқығанымызды не болмаса конференцияға қатысқанымызды айтамыз. Ал басқалары сабақтарда алған тәжірибесін айтады. Кітапты оқудан және конференцияларға қатысудан тек эксплициттік білім алынады. Бірақ көп жағдайда тәжірибе үшін эксплициттік білім жеткіліксіз. Эксплициттік білімді имплициттік білімге айналдыру үшін тәжірибеге сүйенеді. Тәжірибе арқылы имплициттік білім алуға болады. Lesson Study тәжірибесі имплициттік білім алудың аса тиімді тәсілі болып табылады, себебі Lesson Study мұғалімнің сабақ жөніндегі ойы мен бақылау дағдысын дамытады.
Дәріс №13.
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
«Сын тұрғысынан ойлау» деген сөз тіркесінде қолданылатын «сын тұрғысынан» деген термин ойдың мәселені немесе проблеманы шешу үдерісіне шоғырлануын білдіреді. Бұл тұрғыдан алғанда сын сөзі «мақұлдамау» немесе «теріске шығару» дегенді білдірмейді. Сын тұрғысынан ойлау пайымдау, тұжырым жасау немесе проблеманы шешу үдерісі жүрген барлық жағдайларда, яғни неге сенуге болады, не істеу керек және бұны ойластырылған әрі рефлексиялық тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау қажет болған жағдайлардың барлығында орын алады.
Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша оқып, өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл дағдылар дамыған және іс-тәжірибеде қолданылады деп болжанады.
Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |