жұмыстың тақырыбын, есептің қойылымын және оның орындалу тізбегін;
бақылау сұрақтарына жауаптарды;
жұмыстың негізгі кезеңдері мен орындалу нәтижесін сызба түрінде көрсету.
Лаб10
Сабақты бақылау түрі:
Бақылау сұрақтарына жауап
Лаб11
Ұсынылатын әдебиет:
Лаб11.1
Негізгі әдебиеттер:
Лаб11.1.1
1
Қуанышева С. Е. „Ауылшаруашылық биотехнологиясына зерделік шолу”. ЮКГУ 2000
Лаб11.1.2
2
Д. Қ. Пошаев, М. Д. Пошаев „Оқыту мазмұнының ұлттық моделінің методологиялық негіздері. XXI ғасырдың басындағы ғылымның, білімнің және қоғамның тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму проблемалары”. ОҚМУ.- Шымкент.: 8т. 2003-113б.
Лаб11.1.3
3
Ә. А. Қалыбекова, Ж. Ы. Ысқақов, Т. М. Әлсатов „Мұғалімдердің педагогикалық сөздігі мен анықтамалығы”. Алматы.:Алматы Қазақ университеті. 2002- 287бет.
Лаб11.1.4
4
Абай. „Қара сөздер”.- Алматы.: Атлас. 2001- 128 бет.
Лаб11.2
Қосымша әдебиеттер:
Лаб11.2.1
1
В. А. Сластенин „Професиональная подготовка учителя в системе высшего педагогического образования”.-М.: Магистр. 1996.
Лаб11.2.2
2
Қазақстан Республикасының Мемлекттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. 0303440. - Астана 2001.
Лаб11.2.3
3
И. Я. Лернер Проблемное обучение.- М.: Знание. 1974.
Лаб11.2.4
4
Закон об образовании от 07.07.1999.
Лаб12
Қосымша (ТСО қызметті танудың жандандыру әдістері, көрнекі құралдар, тесттер, ситуациялық тапсырмалар және т.б.)
Лаб13
Тарау нөмірі
2
Лаб14
Тарау атауы
Биологиялық білім берудің мақсаты мен мазмұны және биологияны жалпы білім беретін мектепте оқыту үдерісінің ерекшеліктері
23-сабақ (Дәріс сабақ 17)
Л1
Тақырыбы №
23
Л1.1
(атауы)
Биологиялық білім беру мазмұнының негізгі ғылыми экология- гуманистік идеялары. Биологиялық білім жүйесі: теориялар, заңдар, заңдылықтар және фактілер.
Л1.2
№___ сабақ
23
Л1.3
№____ дәріс сабағы
17
Л1.4
Сабақ пререквизиттерінің номерлері
Л2
Жоспар:
(қаралатын сұрақтар тізімі)
Л2.1
Сұрақ № 1
Биологиялық білім беру мазмұнының негізгі ғылыми экология- гуманистік идеялары.
Л2.2
Сұрақ № 2
Биологиялық білім жүйесі. 9-11 сыныптардағы биологиялық заңдылықтар, теориялар және фактілер- білім жүйесінде.
Л3
Дәріс өткізу түрі:
шолу дәрісі
Л4
Мазмұны :
(дәріс материалы)
«Биологияға кіріспе» (1 сағат). «Жалпы биология негіздері» пәнінің жаратылыстану-ғылыми пәндер жүйесіндегі орны. «Жалпы биология негіздері»-нің мақсаты мен міндеттері. Жалпы биология биологиялық заңдылықтарды зерттейтін және диалектико-материалистік көзқарастарды қолдайтын ғылым салаларының бірі. Тіршілік әлемінің көптүрлілігі. Тірі материяның құрылым деңгейлері. Бүкіл тірі табиғатты түсініп білудегі пәнінің маңызы. Топсеруен. Тіршілік әлемінің көптүрлілігімен танысу мақсатында табиғатқа топсеруен жасау.Жасуша— тіршіліктің бірлігі (14 сағат):
«Жасушаның химиялық құрамы» (5 сағат). Цитология пәні және міндеттері. Зерттеу әдістері және олардың басқа биологиялық ғылым салалары, медицина, ауыл шаруашылығы өндірісі үшін маңызы. Жасушаның ашылу тарихы. Жасушалық теория — ХІХ ғасырдың ең үлкен жаңалығы. Жасушалық теорияның негізгі қағидалары. Жасуша барлық тірі организмдердің құрылымдық-функциялық бірлігі. Тірі материя химиялық құрамының бірлігі. Өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар мен бактерия жасушаларының химиялық құрамы. Химиялық элементтер, су және басқа бейорганикалық қосылыстар, олардың жасуша тіршілігіндегі рөлі. Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, нуклеин қышқылдары, АТФ, липидтер, олардың элементарлық құрылысы, жасушадағы рөлі. Ферменттер, тіршілік процестерін реттеудегі олардың рөлі. Зертханалық жұмыс: «Тірі ұлпаларда ферменттердің катализдік белсенділігі»;
«Жасушаның құрылымы мен қызметі» (3 сағат). Жасушалық құрылымдар: цитоплазмалық мембрана, цитоплазма. Эндоплазмалық тор, гольджи жиынтығы және лизосомалар, митохондриялар пластидтер, қозғалу органоидтері, олардың құрылысы мен атқаратын қызметтері; жасушалық қосындылар. Ядро, оның құрылысы және қызметі. Ядроның жетекші рөлі. Прокариоттық және эукариоттық жасушалар, олардың құрылыс ерекшеліктері. Зертханалық жұмыс: «Пияз қабықшасының жасушасындағы плазмолиз және деплазмолиз». «Өсімдік, жануар және бактерия жасушаларының құрылысы».Олардың құрылысындағы айырмашылықтарды табу;
«Жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуі» (2 сағат). Биологиялық жүйелердегі зат алмасу және өздігінен реттелу. Фотосинтез - күн энергиясының органикалық заттар энергиясына өзгеруі. Биологиялық «аккумуляторларда» жарық энергиясының қорлануы. Фотосинтездің жарық және қараңғылық сатылары. Судың фотолизі. Органикалық заттардың тотығуы есебінен жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуі. Биологиялық тотығу және жану. Анаэробтық гликолиз. Аэробтық гликолиз — оттектің қатысуымен биологиялық тотығу. Электронды тасымалдау тізбегі. Тотықтыра фосфорлану. Митохондриялар — жасушаның энергиялық стансасы. Жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуі тарауы бойынша алған білімді қорыту және жүйелеу;
«Тұқым қуалау ақпараты және оның жасушада жүзеге асырылуы (4 сағат). Генетикалық ақпарат. Н.К. Кольцов.ДНҚ — нәруыз синтезделу үшін матрица (қалып) болып табылады. ДНҚ-ның екі еселенуі (редупликациясы). ДНҚ тізбегіне сәйкес ақпараттың РНҚ-ның түзілуі. Генетикалық код. Генетикалық кодтың қасиеттері. Нәруыздың синтезі. Транскрипцияның реттелуі. Гендік және жасушалық инженерия. Бактерияларда транскрипция мен трансляцияның реттелуі. Бұл процестердің жоғары сатыдағы организмдерде реттелуі
. «Организмдердің көбейуі және жеке дамуы» (6 сағат):
«Өзін-өзі ұдайы өндіру - тіріге тән жалпылама қасиет» (4 сағат). Митоз жыныссыз көбеюдің негізі екендігі, оның фазалары. Митоздың биологиялық мәні. Организмдердің көбею формалары. Жыныссыз көбеюдің түрлері. Жынысты көбею. Мейоз және биологиялық мәні. Мейоздың фазалары. Сперматогенез. Овогенез. Жануарлар мен гүлді өсімдіктердегі ұрықтану. Ұрықтанудың биологиялық маңызы;
«Организмдердің жеке дамуы» (2 сағат). Организмдердің жеке дамуының элементарлық түсінігі. Жасушалардың бөлінуі, өсуі, жіктелуі, органогенез, даму, қартаю, даралардың өлуі. Ұрықтардың ұқсастығы. Организмнің біртұтастығы. Қоршаған орта өзгерістеріне организмнің бейімделу деңгейлері. Өзін-өзі реттеу. Организм дамуының бастапқы кезеңдерінде сыртқы орта жағдайларының әсері. Биологиялық сағат. Анабиоз.
Генетика және селекция регіздері» (13 cағат):
«Тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтары» (5 сағат). Генетиканың қысқаша даму тарихы. Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтары. Мендель ашқан белгілердің тұқым қуалау заңдылықтары. Тұқымқуалаушылықты зерттеудің гибриодологиялық әдісі. Моногибридтік будандастыру. Бірінші ұрпақ будандарының біркелкілігі. Басымдылық көрсету заңдылығы. Екінші ұрпақта белгілердің ажырауы. Ажырау заңы. Гомозиготалы және гетерозиготалы даралар. Генотип және фенотип. Аллельді гендер. Талдаушы шағылыстыру. Толық және толық емес доминаттылық. Тәуелсіз тұқым қуалау. Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы.Жыныстық генетикалық анықталуы. Жыныспен тіркес тұқым қуалау. Гендердің өзара әрекеттесуі. Цитоплазмалық тұқым қуалаушылық. «Ген — белгі» қатынасы. Генотип біртұтас жүйе екендігі. Хромосомалық (ядролық) және цитоплазмалық тұқымқуалаушылық. Сандық және сапалық белгілердің тұқым қуалауына орта жағдайларының әсері. Реакция нормасы. Жыныс генетикасы. Адамның генетикалық әртүрлілігі. Денсаулықтың генетикалық негіздері. Адамның генетикалық денсаулығына ортаның әсері. Адамның генетикалық аурулары. Сарамандық жұмыс: «Қарапайым генетикалық есептер шығару, Өз ататегіңе шежіре құрастыру»;
«Өзгергіштіктің заңдылықтары» (4 сағат). Модификациялық және тұқым қуалайтын өзгергіштік. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің типтері. Гендік мутациялар. Хромосомалық мутациялар. Геномдық мутациялар. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің гомологтік қатарлар заңы. Мутацияларды экспериментальдық жолмен алу. Адамның тұқым қуалайтын өзгергіштігі. Генетика және медицина. Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері. Адамның кейбір тұқым қуалайтын ауруларының алдын алу және емдеу. Резус-фактор. Туыстық некенің жағымсыздығы. Медико-генетикалық кеңес беру. Зертханалық жұмыс:«Модификациялық өзгергіштіктің вариациялық қатарын және вариациялық қисық сызығын құрастыру». «Организмдердің өзгергіштігі»;
«Генетика және селекция» (4 сағат). Жануарларды қолға үйрету селекцияның бастапқы кезеңі екендігі. Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары. Жануарларды қолға үйрету аймақтары. Үй жануарларының шығу тегі. Заманауи селекцияның әдістері. Сұрыптау үшін өзгергіштіктің маңызы. Сұрыптау және оның шығармашылық рөлі, тұқым-қуалаушылық сапасын бағалау. Туыстық будандастыру және оның селекциядағы маңызы. Гетерозис, оны ауыл шаруашылығында қолдану. Полиплоидия. Әріден будандастыру. Жасанды мутагенез, оның селекциядағы маңызы. Селекция жетістіктері. Зертханалық жұмыс: «Жергілікті өсімдік іріктемелерінің фенотиптері».
«Эволюция» (23 сағат):
«Эволюциялық көзқарастардың дамуы. Эволюцияның дәлелдемелері» (4 сағат). Эволюциялық ұғымның шығуы және дамуы. Эволюционизмнің алғышарттары. Ламарктың эволюциялық теориясы. Ч.Дарвин және оның түрлердің пайда болу теориясы. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының негізгі ұстанымдары. Эволюцияның синтетикалық теориясының шығуы. Эволюцияның дәлелдемелері. Эмбриологиялық дәлелдемелер. Морфологиялық дәлелдемелер. Палеонтологиялық дәлелдемелер. Эволюцияның биогеографиялық дәлелдемелері. Түр. Түрдің критерийлері. Популация. Зертханалық жұмыс: «Әр түрге жататын өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері»;
«Эволюциялық процестің механизмдері» (7 сағат). Өзгергіштіктің эволюциялық процестегі рөлі. Мутациялық өзгергіштік. Үйлесімдік өзгергіштік. Табиғи сұрыпталу-эволюцияның бағыттаушы факторы. Тіршілік үшін күрес. Түрішілік күрес. Түраралық күрес. Сұрыптаудың тиімділігі. Популяциялар ішіндегі табиғи сұрыпталудың формалары. Қозғаушы сұрыптау. Тұрақтандырушы сұрыптау. Гендер дрейфі. Популяциялық толқындар. Оқшаулану. Бейімділік. Қорғаушы рең. Жасырушы рең. Мимикрия (еліктеуші рең). Сақтандырушы рең. Бейімділіктің жетілдірілуі және оның салыстырмалы сипаты. Түртүзілу. Эволюциялық процестің негізгі бағыттары. Эволюция бағыттарының арақатынасы. Зертханалық жұмыс: «Организмдердің мекен ортасына бейімделуі», «Өсімдіктердегі ароморфоздар және бунақденелілердегі идиоадаптациялар»;
«Жерде тіршіліктің пайда болуы» (2 сағат). Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастардың дамуы. Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы теориялар Л.Пастердің тәжірибесі. Органикалық молекулалардың абиогендік синтезі. Тіршіліктің пайда болуы жайлы қазіргі көзқарастар. Қазіргі кезде Жерде тіршіліктің пайда болуы мүмкін бе?
«Жерде тіршіліктің дамуы» (6 сағат). Криптозойда тіршіліктің дамуы. Архей. Протерозой. Жануарлардың алуантүрлілігінің жоғарылауы. Палеозой заманында тіршіліктің дамуы. Кембрий. Ордовик. Силур. Девон. Тас көмір. Пермь. Мезозой заманында тіршіліктің дамуы. Триас. Юра. Бор. Кайнозой заманында тіршіліктің дамуы. Палеоген. Неоген. Антропоген. Органикалық дүниенің алуантүрлілігі. Жүйелеудің ұстанымдары. Жүйелеудің шығуы. Жасанды және табиғи жүйелер. Организмдерді жіктеу. Тіршіліктің жасушалық емес формалары — вирустар, фагтар. Тіршіліктің жасушалық формалары. Прокариоттар. Эукариоттар;
«Адамның шығу тегі» (4 сағат). Адам шығу тегінің дәлелдемелері. Адам мен адам тәрізді маймылдардың ұқсастығы мен айырмашылықтары. Еңбек және адамның пайда болуы. Антропогенездің алғышарттары. Алғашқы адамдар. Ежелгі адамдар. Ертедегі адамдар. Осы заманғы алғашқы адамдар. Адам нәсілдері. Нәсілшілдіктің дәрменсіздігі, керітартпалығы.
«Экология негіздері» (11 сағат):
«Экожүйелер» (7 сағат). Экология пәні. Ортаның экологиялық факторлары.Биотикалық оптимум. Организмдердің тіршілік ортасына бейімделуі.Әртүрлі түр популяцияларының өзараәрекеттесулері. Бірлестіктер. Экожүйелер. Бірлестіктердегі организмдердің қызмет атқаратын топтары. Экожүйелердің мысалдары. Энергия ағымы және қоректік тізбектер. Экологиялық пирамида. Экожүйелердің өнімдері. Экожүйелердің алмасуы. Адамның әрекетіне байланысты экожүйелердің алмасуы. Агроценоздар. Адамның практикалық әрекетінде экологиялық білімді пайдалану;
«Биосфера. Адам әрекетінің биосфераға әсері. Биосфераны қорғау» (4 сағат). Биосфера туралы В.И.Вернадскийдің ілімі. Биосфераның құрамы: тірі зат,түрлік құрамы. Табиғатта көміртек пен азот айналымы. Биосферадағы биохимиялық процесстер. Тірі организмдердің шөгінді жыныстар түзудегі рөлі. Тірі организмдердің топырақ түзудегі рөлі. Адамның биосферадағы рөлі. Ауқымды экологиялық проблемалар. Озон қабатының бұзылуы. Атмосфераның ластануы. Су жүйелерінің ластануы. Ормандардың жойылуы. Топырақтың жағдайлары. Шөлге айналу. Биоәртүрліліктің жойылуы. Энергиялық проблемалар. Қоғам және қоршаған орта. Халық санының артуы. Индустриялық тұтынушылар қоғамы. Халықаралық ынтымақтастық және кедейлікпен күрес. Қазақстанның экологиялық проблемалары. Тұрақты даму.
«Цитология» (7 сағат):
«Заманауи цитология пәні, міндеттері және зерттеу әдістері» (2 сағат). Жасушаның ашылуы және зерттеу тарихы. Жасуша тірі тіршілік иесі дамуының, құрылымы мен қызметінің бірлігі. Прокариотар. Эукариотар;
«Жасушаның химиялық құрамы» (3 сағат).Су және басқа бейорганикалық заттар, олардың жасуша тіршілігіндегі рөлі. Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, липидтер, нуклеин қышқылдары, АТФ, олардың құрылысы және жасушадағы рөлі. Ферменттер, олардың тіршілік әрекеттерін реттеудегі рөлі;
«Жасушаның құрылысы» (2 сағат). Жасушаның негізгі құрам бөліктері. Түрлі жасушалық құрылымдар мембраналарының құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері. Цитоплазма органоидтері, олардың құрылысы және қызметі (эндоплазмалэық тор, Гольджи жиынтығы және лизосомалар, митохондриялар, пластидтер,жасуша орталығы, рибосомалар) қозғалту органоидтері, олардың құрылысы мен атқаратын қызметі; жасушалық қосындылар. Ядро, оның құрылысы мен қызметі. Зертханалық жұмыс: Эукариоттық (өсімдік, жануар,саңырауқұлақ) және прокариоттық (бактериялық) жасушалардың құрылысы.
10. «Тіршіліктің жасушалық емес формалары. Вирустар және фагтар» (1 сағат). Вирустар және фагтар.ЖИТС-тің (жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы) вирусы. Оның құрылысы мен тіршілігінің ерекшеліктері. Вирустық аурулардың алдын алу.
11. «Жасушадағы зат және энергия алмасу» (6 сағат). Жасушадағы зат және энергия алмасу. Зат алмасу реакцияларының катализдік сипаты. Пластикалық және энергиядық алмасулар.Энергиялық алмасудың негізгі кезеңдері. Жасушалық тыныс алу процесінің ерекшеліктері. Органикалық заттарды түзу әдістері: автотрофтар және гетеротрофтар. Фотосинтез, оның сатылары. Хемосинтез, оның биосферадағы рөлі. Нәруыз биосинтезі. Генетикалық ақпараттың негізі — ген түсінігі. Генетиткалық код. Нәруыз синтезіндегі матрицалық принцип. ДНҚ-лық матрицаға сәйкес а-РНҚ-ның түзілуі. Көрсетілім: өсімдік және жануар жасушаларының микропрепараттары; фотосинтез процесін бейнелейтін тәжірибелер; жасуша модельдері; ДНҚ және РНҚ-ның, түрлі молекулалар мен вирустық бөлшектердің моделдері; жасушадағы метаболизм жолдарының сызбанұсқалары, “Нәруыз биосинтезінің” аппликациялық — моделі. Зертханалық жұмыс: «Эукариоттық (өсімдік, жануар, саңырауқұлақ) және прокариоттық( бактериялар) жасушалар».
12. «Организмдердің көбеюі және жеке дамуы» (6 сағат):
«Өсімдіктер мен жануарлардың жыныссыз көбеюі» (2 сағат). Өзін-өзі ұдайы өндіру — тіріге тән жалпылама қасиет. Митоз жыныссыз көбеюдің және көпжасушалы организмдер өсуінің негізі, оның фазалары және биологиялық маңызы. Организмдердің жыныссыз көбею формалары: қарапайымдар жасушаларының митоздық бөлінуі, споратүзілуі; біржасушалы және көпжасушалы организмдердегі бүршіктену; вегетативтік көбею. Жыныссыз көбеюдің эволюциялық маңызы;
«Жынысты көбею» (2 сағат). Жынысты көбею. Мейоз, оның биологиялық маңызы. Сперматогенез. Овогенез. Ұрықтану. Гүлді өсімдіктердегі ұрықтанудың ерекшеліктері. Ұрықтанудың биолдогиялық маңызы;
«Жеке даму (онтогенез)» (1 сағат).Организмдердің жеке дамуы (онтогенез) түсінігі. Бөліну, өсу, жасушалардың жіктелуі,органогенез, көбею, картаю, организмнің өлуі. Э. Мюллер және Э. Геккельдің биогенетикалық заңы;
«Организмнің дамуы және қоршаған орта» (1 сағат). Организмнің эмбриондық және постэмбриондық дамуындағы қоршаған орта факторларының рөлі. Улы заттардың (токсиндік): темекі түтіні, алкоголь, есірткі, түрлі-түсті және ауыр металлдардың, радиоактивті заттардың эмбриондық және постэмбриондық даму барысына әсері( туа біткен кемтарлықтар). Көрсетілім: жыныссыз, жынысты көбеюді, жоғары сатыдағы өсімдіктердің эмбриондық және постэмбриондық дамуын бейнелейтін кестелер, сызбанұсқалар; омыртқалы жануарлар ұрықтарының ұқсастығы, митоз және мейоздың сызбанұсқалары.
13. «Генетика негіздері» (7 сағат):
«Тұқымқуалаушылықтың негізгі заңдылықтары» (4 сағат). Генетиканың даму тарихы. Белгілердің Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтары. Тұқым қуалаушылықтың гибридологиялық әдісі. Моногибридтік будандастыру. Басымдылық көрсету заңдылығы.Ажырау заңдылығы. Толық және толық емес доминганттылық. Гаметалар тазалығының заңы, оның цитологиялық негіздемесі. Көптік аллельдер. Талдаушы шағылыстыру. Дигибридтік және полигибридтік шағылыстыру. Тәуелсіз үйлесімділік заңы. Фенготип және генотип. Тұқым қуалаудың генетикалық заңдарының цитологиялық негіздері. Жыныстың генетикалық анықталуы. Жыныс хромосомаларының генетикалық құрылымы. Гомогаметалы және гетерогаметалы жыныс. Жыныспен тіркес тұқым қуалайтын белгілер. Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы. Гендердің тіркесу топтары. Белгілердің тіркес тұқым қуалауы. Т. Морган заңы. Гендердің толық және толық емес тіркесулері. Хромосомалардың генетикалық картасы;
«Өзгергіштіктің негізгі заңдылықтары» (3 сағат). Өзгергіштіктің негізгі формалары. Генотиптік өзгергіштік: Мутациялар. Гендік, хромосомалық және геномдық мутациялар. Мутациялардың себептері мен жиілігі, мутагендік факторлар. Мутациялардың эволюциялық рөлі. Үйлесімдік өзгергіштік. Гендердің түрлі үйлесімдерініңң пайда болуы және олардың генетикалық алуантүрліліктің (түрдің шегінде) қалыптасиуындағы рөлі. Үйлесімдік өзгергіштіктің эволюциялық маңызы. Тұқым қуалайтын өзгергіштік. Фенотитік немесе модификациялық өзгергіштік. Белгілер мен қасиеттердің дамуы және жарыққа шығуында сыртқы орта жағдайларының рөлі. Модификациялық өзгергіштіктің статистикалық заңдылықтары. Көрсетілім: тұқымқуалаушылық заңдылықтарын, хромосомалардың айқасуын бейнелейтін модель — аппликациялар; қоршаған орта жағдайларының организм өзгергіштігіне әсерін көрсететін тәжірибе нәтижелері; кеппешөп материалдары, будандық, полиплоидтық өсімдіктердің жинақтамалары, нақпішіндері. Зертханалық жұмыс: «.Өсімдік фенотиптерін зерттеу».Практикалық жұмыс. «Генетикалық есептер шығару».
14. «Адам генетикасы» (2 сағат). Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері. Адамның генетикалық әртүрлілігі. Адамның және адам нәсілдерінің шығу тегі туралы генетикалық мәліметтер Адам белгілерінің тұқым қуалау сипаты. Денсаулықтың генетикалық негіздері. Адамның генетикалық денсаулығына ортаның әсері. Генетикалық аурулар. Популяция генофонды. Биологиялық және әлеуметтік тұқым қуалаудың арақатынасы. Генетиканың әлеуметтік проблемалары. Гендік инженерияның этикалық проблемалары. Генетикалық болжау және медициналық-генетикалық кеңес беру, оның практикалық маңызы, міндеттері және болашағы. Көрсетілім: «Адамның хромосомалық аурулары және олардың фенотиптік көрініс беруі». Зертханалық жұмыс. «Шежіре құру».
15. «Селекция және биотехнология негіздері» (4 сағат). Селекцияның міндеттері және әдістері. Генетика — организмдер селекциясының ғылыми негізі. Селекция үшін бастапқы материал. Өсімдіктер және жануарлар селекциясы. Селекциядағы қолдан сұрыптау. Будандастыру — селекциялық әдіс екендігі.Шағылыстыру типтері. Өсімдіктер селекциясындағы полиплоидия. Заманауи селекцияның жетістіктері. Микроорганизмдер, саңырауқұлақтар, прокариоттар-биотехнологлиялық нысандар. Микроорганизмдер селекциясы және оның микробиологиялық өнеркәсіп үшін маңызы. Тамақ өнімдерін, дәрумендерді, ферменттер мен дәрілерді микробиологиялық өндіру. Көрсетілім: тірі өсімдіктерді, кеппешөптерді, нақпішіндерді, кестелер, суреттер мен сызбанұсқаларды, селекциялық жұмыстардың нәтижелерінбейнелейтін басқа да материалдарды тпайдалану. Белгілі ғалым селекционерлердің фотосуреттерін, микробиологиялық өндірістің сызбанұсқаларын, микробиологиялық синтез өнімдерін көрнекілеу.
Л4.1
(пункт материалы Л2.1)
«Жалпы заңдылықтар» пәнінің мазмұнын оның биология курсындағы орнына қарай ірі блоктарға бөле отырып, пәннің тұжырымдамалық мнемосызба нұсқа:
«Биологияға кіріспе»→ «Жасушаның химиялық құрамы» → «Жасушаның құрылымы мен қызметі» → «Жасушаның энергиямен қамтамасыз етілуі» → «Тұқым қуалау ақпараты және оның жасушада жүзеге асырылуы»→ «Өзін-өзі ұдайы өндіру - тіріге тән жалпылама қасиет» → «Организмдердің жеке дамуы» → «Тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтары» → «Өзгергіштіктің заңдылықтары» →«Генетика және селекция» → «Эволюциялық көзқарастардың дамуы. Эволюцияның дәлелдемелері» → «Эволюциялық процестің механизмдері» →«Жерде тіршіліктің пайда болуы» → «Жерде тіршіліктің дамуы» → «Адамның шығу тегі» → «Экожүйелер» → «Биосфера. Адам әрекетінің биосфераға әсері. Биосфераны қорғау».