Дістемелік материалдар кешені


Оқытушы бақылауымен студенттің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар



бет103/155
Дата07.04.2022
өлшемі5,97 Mb.
#30163
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   155
Оқытушы бақылауымен студенттің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар:




Л5.1

Сұрақ №1

П.Я. Гальперин – Н.Ф. Талызинаның ақыл-ой әрекетін кезең- кезеңмен қалыптастыру, немесе іс- әрекеттің бағдарлы негізгі теориясының биологияны оқытуда қолданылуы

Л5.2

Сұрақ № 2

Л.В. Занковтың оқыту процесінде жалпы дамыту теориясының биологиялық білім беруде қолданлуы.

Л5.3

Сұрақ № 3

Д.Б. Эльконин – В.В. Давыдовтың оқу іс-әрекетін мазмұнды қорытындылау әрі қалыптастыру теориясының биологиялық білім беруде қолданылуы.

Л6


Студенттің өзіндік жұмысына сұрақтар :




Л6.1

Сұрақ №1

Биологияны оқыту жүйесіндегі экологияландыру дегеніміз не?

Л6.1.1

СӨЖ-ге тапсырма

СӨЖ дайындау

Л6.1.2

Бақылау түрі

СӨЖ-ді қорғау

Л6.2

Сұрақ № 2

Биологиялық білім жүйесі. 9-11 сыныптардағы биологиялық заңдылықтар, теориялар және фактілер дегеніміз не?


Л6.2.1

СӨЖ-ге тапсырма

СӨЖ дайындау

Л6.2.2

Бақылау түрі

СӨЖ-ді қорғау

Л6.3

Сұрақ № 2

Биологияны оқыту жүйесіндегі ғылыми экология- гуманистік идеялары дегеніміз не?


Л6.3.1

СӨЖ-ге тапсырма

СӨЖ дайындау

Л6.3.2

Бақылау түрі

СӨЖ-ді қорғау

Л7


Сабақты бақылау түрі:

бакылау

Л7.1

1

Биологияны оқыту жүйесіндегі ғылыми экология- гуманистік идеялары дегеніміз не?


Л8


Ұсынылатын әдебиеттер:




Л8.1

Негізгі әдебиеттер:




Л8.1.1

1

Верзилин Н. М., Корсунская В. М. „Общая методика преподования биологии” М. Просвещение 2004.


Л8.1.2

2

Биология. Жалпы орта білім беретін мектептің 6-7- сыныптарына арналған бағдарламалар.- Алматы,2010. Қ.Ә.Жұмағұлова, К.Ж. Жүнісова, Р.С. Сәтімбеков, Ізбасарова Р.Ш.


Л8.1.3

3

Сонин Н.И., Захаров В.Б., Қисымова А.Қ. Биология пәні бойынша жалпы білім беретін мектептің 6-11 сыныптарына арналған бағдарламалар- Программы по биологии для 6-11- классов общеобразовательных школ. Алматы, 2010.


Л8.1.4

4

Конюшко В.С., Павлюченко С.Е., Чубаро С.В. Методика обучения биологии.- Мн., 2004.


Л8.2

Қосымша әдебиеттер:




Л8.2.1

1

Мягкова А.Н., Комиссаров Б.Д. Жалпы биологияны оқыту методикасы.- Алматы, 2007.

Л8.2.2

2

Мырзабаев А.Н., Биологияны оқыту әдістемесі.- Қарағанды, 2001

Л8.2.3

3

Қисымова А.Қ., Обаев С.Н. Биологияны оқыту әдістемесі. Жалпы бөлім: дәріс курсы. Алматы,2010

Л8.2.4

4

А. К. Колеченко. Энциклопедия педагогических технологий. Изд-во АРО, 2002 г.

Л9


Қосымша (ТСО, қызметті танудың жандандыру әдістері, көрнекі жәрдемақы, тесттер, ситуациялық тапсырмалар және т.б.)




Л10

Тарау нөмірі

2

Л11

Тарау атауы

Биологиялық білім берудің мақсаты мен мазмұны және биологияны жалпы білім беретін мектепте оқыту үдерісінің ерекшеліктері


24-сабақ (Дәріс сабақ 18)

Л1


Тақырыбы №

24

Л1.1

(атауы)

Биологиялық білім беру мазмұнының құрылымындағы білік- дағдылар, құзыреттіліктер жүйесі.


Л1.2

___ сабақ

24

Л1.3

№____ дәріс сабағы

18

Л1.4

Сабақ пререквизиттерінің номерлері




Л2


Жоспар:

(қаралатын сұрақтар тізімі)






Л2.1

Сұрақ № 1

1.Биологиялық білім беру мазмұнының құрылымындағы білік- дағдылар, құзыреттіліктер жүйесі.


Л2.2

Сұрақ № 2

2. Инновациялық ізде­ністердің оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы ерекшеліктер


Л3

Дәріс өткізу түрі:

шолу дәрісі

Л4


Мазмұны :

(дәріс материалы)



Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көш­басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру – Қазақстан да­муы­ның басты бағыты» Жолдауында білім беру жүйе­сінің жа­ңа­руына баса назар аударды.

Білім беруді жаңарту оқушы­лар­ға тек білім берумен ғана шектел­мей, сонымен бірге, оны қолдана білуге, яғни функциональдық сауатты­лықтарын немесе құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Одан басқа, білім беруді жаңарту қазіргі оқыту үдерісін оқушы тұл­ға­сын тәрбиелеуге, оларға ұлтжан­дылық құндылықтарды, мораль мен адамгершілік нормаларды, ұлт­аралық келісім мен төзімділікті, ру­­хани және әлеуметтік, дене дамуын, заңға бағынушылықты дарыту үдерісіне бағдарлануға тиіс. Бұл құндылықтар заманауи тәрбие жұмыстарының өзегіне айналуға тиісті.

Қазақстандық білім беруді жаң­ғыртудың стратегиялық бағыттары қазірдің өзінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ қызметінде табыспен жүзеге асырылып жат­қаны белгілі.

Қазақстанның қазіргі жағдайы жаңа заман талаптарымен және Қазақстан Республикасының соған сәйкес жаңа мазмұнмен сипатталады. Бұл ең алдымен, ғаламдық экономикалық дағдарыс және ин­дустрияда инновациялық дамуды же­делдету, республиканы әлеу­мет­тік-экономикалық жаңғырту – дағдарыстан кейінгі даму мен көш­басшылыққа жетелейтін дамудың басты бағыты.

Жаңа технологияларды, заманауи құрал-жабдықтарды өмірде жү­зеге асыру және дамыту үшін, болашаққа жаңа бір серпіліс беретін жаңа міндеттерді өз алдына қоя алатын және оның шешімін тез арада таба алатын, әлеуметтік және өндірістік салада тың бастамаларды қолдана білетін, ой-қиялы ерекше дамыған мамандар өте қажет.

Бұл жағдайда білім беру қандай болуға тиісті? Әлемдік білім беруді дамытудың басымдылығы көр­сеткендей, қазіргі жағдайда білім беру оған қоғам мен мемлекет тарапынан қойылатын талаптарға сәй­кес болуы керек, сондықтан, әлеу­­­меттік өзгерістерге бейімделуге қабілетті әлеуметтік-бейімдеуші механизм ретінде көрініс береді.

Ел Президенті Н.Назарбаев­ кө­терген негізгі өзекті мәселелердің бірі бі­лім беру жүйесін жаңаша­ландыру болатын. Осынау өзекті мәселеге орай Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қала­сында Қа­зақстан Республи­касы химия және биология пән мұғалімдерінің І съезі өтті. Съез­дің тақырыбы «Мектептегі жара­тылыстану-ғылыми білім беру: ХХІ ғасырдағы қоғам, ғылым және технология» деп аталды.

Съезде жаратылыстану-ғы­лы­мының жаңашалануына, әдіс­­на­малық сұрақтарға жаңа көз­қараспен қарау, оқыту технологияларына, мек­тептегі химия және биоло­гия білімінің ақпараттық және тех­ни­калық базасын нығайтуға байланысты мәселелер қаралды.

Съезге отандық және Ұлы­британия, Германия, Франция, Ре­сей, Корея, Қытай, Жаңа Зелан­дия және Моңғолия сияқты шет­ел мемлекеттерінің жетекші ғалымда­ры, барлығы 400-ден астам қо­нақтар мен делегаттар қатысты. Олар жаратылыстану білімін да­мы­тудың көкейкесті мәселелерін талқылап, оны заманауи талаптарға сай модернизациялаудың жолдарын іздестірді. Пленарлық отырыс­ты сөз сөйлеп ашқан білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов: «Ұстаздар Елбасының білім саласы мен оқы­тушыларға деген ықыласы зор екенін сезініп отыр. Елбасының бі­лім және ғылым саласына көрсетіп отырған қолдауының арқасында еліміздегі білім жүйесі бүгінде жаңа сапалық деңгейге көтерілді»,– деп атап өтті. Сонымен қатар, отырысқа Шығыс Қазақстан облысының әкі­мі Б.Сапарбаев, М.Ломоносов ат­­ындағы ММУ биология пәнін оқыту әдістемесі кафедрасының про­фессоры А.В.Теремов, Нью-Касл университетінің профессоры Д.Тимней, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ААҚ басқарма төрайы­мы К.Шамшидинова, экология ғы­лымдарының докторы, Хайдельберг университетінің экология ка­федрасының профессоры Ханс-Йоахим Мадер және тағы басқалары қатысты. Съезге облысымыздан 21 делегат қатысып, химиялық және биологиялық білім берудің басымды бағыттарын анықтауға өз үлестерін қосты: өзекті мәселелер бойынша облыс педагогтарының ойын жеткізіп пікір-таласқа қатысты. «Шебер­лік-кластар» өткізіп, оң бағасын алды.

Съезде мына мәселелерге қатты көңіл бөлінді:

жаратылыстану-ғылымының жаңа же­тістіктерін ескере отырып, химия және биологияны оқыту үде­рісінде мазмұнын, әдістерін және технологияны жетілдіру;

химиялық және биологиялық білім беруді АҚТ арқылы және ин­новациялық әдістерін қолданған ғалым биологтар мен химиктердің, педагог-новаторлардың, жетекші био­лог пен химиктердің озық іс-тәжірибелерін жинақтау және оны тарату;

оқушылардың функциональдық сауат­тылығын дамыту және жаңа білім мазмұнын ескере отырып, биология мен химия пән мұғалімдерінің біліктілігін арттырудағы курстың маз­мұнын жетілдіру;

биологиялық және химиялық білімді тереңдете оқыту және бе­йін­дікке оқу-әдістемелікпен қам­та­масыз ету;

мектептерде аймақтық орналасуын ескере отырып, дарынды ба­лалармен жұмыс жасау барысында элективтік курстарды құрастыру және жүзеге асыру;

биология және химия кабинет­терін жабықтау кезінде нормативтік және инструктивтік базасын жаңарту.



Л4.1

(пункт материалы Л2.1)

Болашақта инновациялық ізде­ністердің нәтижесінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы мынандай ерекшеліктер анықталды:

– өзіндік, жобалау және зерттеу іс-әрекетінің дағдысын қалыптастыру;

– оқушының сын тұрғысынан ойлауын дамыту;

– оқушылардың оқу жетістіктерін критериальдық бағалау жүйесін қолдану;

– пәнаралық кіріктіру.

Съезден кейін Қарағанды облысы бойынша бі­лім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтында академик Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың химия факультетінің деканы, химия ғылымдарының доценті, профессор Е.Тажбаев және биология фа­культетінің деканы, биология ғы­лымдарының кандидаты, профессор А.Айтқұлов білім мазмұны ка­федрасының оқытушыларымен бі­­рігіп, болашақ игі істерді талдады. Химия және биология пән­дері мұғалімдерінің облыстық ассо­циациясын құру мәселесі қарас­ты­рылып, тұжырымдамасы негізделді.



Сонымен қатар, «Мектеп-Жо­­ғары оқу орны – Өндіріс» арасын­дағы өзара байланыс, ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, педагогикалық және өндірістік практика бағдарламаларын жаңа мазмұнмен толықтыру және жаңарту туралы тың ұсыныстар айтылды, болашақта атқарылатын істер жөнінде нақты шешімдер қабылданды.



Л5




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет