Дістемелік материалдар кешені


Оқытушы бақылауымен студенттің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар



бет104/155
Дата07.04.2022
өлшемі5,97 Mb.
#30163
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   155
Байланысты:
УМКД БОӘ каз

Оқытушы бақылауымен студенттің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар:




Л5.1

Сұрақ №1

П.Я. Гальперин – Н.Ф. Талызинаның ақыл-ой әрекетін кезең- кезеңмен қалыптастыру, немесе іс- әрекеттің бағдарлы негізгі теориясының биологияны оқытуда қолданылуы

Л5.2

Сұрақ № 2

Л.В. Занковтың оқыту процесінде жалпы дамыту теориясының биологиялық білім беруде қолданлуы.

Л5.3

Сұрақ № 3

Д.Б. Эльконин – В.В. Давыдовтың оқу іс-әрекетін мазмұнды қорытындылау әрі қалыптастыру теориясының биологиялық білім беруде қолданылуы.

Л6


Студенттің өзіндік жұмысына сұрақтар :




Л6.1

Сұрақ №1

Биологияны оқыту жүйесіндегі экологияландыру дегеніміз не?

Л6.1.1

СӨЖ-ге тапсырма

СӨЖ дайындау

Л6.1.2

Бақылау түрі

СӨЖ-ді қорғау

Л6.2

Сұрақ № 2

Биологиялық білім жүйесі. 9-11 сыныптардағы биологиялық заңдылықтар, теориялар және фактілер дегеніміз не?


Л6.2.1

СӨЖ-ге тапсырма

СӨЖ дайындау

Л6.2.2

Бақылау түрі

СӨЖ-ді қорғау

Л6.3

Сұрақ № 2

Биологияны оқыту жүйесіндегі ғылыми экология- гуманистік идеялары дегеніміз не?


Л6.3.1

СӨЖ-ге тапсырма

СӨЖ дайындау

Л6.3.2

Бақылау түрі

СӨЖ-ді қорғау

Л7


Сабақты бақылау түрі:

бакылау

Л7.1

1

Биологияны оқыту жүйесіндегі ғылыми экология- гуманистік идеялары дегеніміз не?


Л8


Ұсынылатын әдебиеттер:




Л8.1

Негізгі әдебиеттер:




Л8.1.1

1

Верзилин Н. М., Корсунская В. М. „Общая методика преподования биологии” М. Просвещение 2004.


Л8.1.2

2

Биология. Жалпы орта білім беретін мектептің 6-7- сыныптарына арналған бағдарламалар.- Алматы,2010. Қ.Ә.Жұмағұлова, К.Ж. Жүнісова, Р.С. Сәтімбеков, Ізбасарова Р.Ш.


Л8.1.3

3

Сонин Н.И., Захаров В.Б., Қисымова А.Қ. Биология пәні бойынша жалпы білім беретін мектептің 6-11 сыныптарына арналған бағдарламалар- Программы по биологии для 6-11- классов общеобразовательных школ. Алматы, 2010.


Л8.1.4

4

Конюшко В.С., Павлюченко С.Е., Чубаро С.В. Методика обучения биологии.- Мн., 2004.


Л8.2

Қосымша әдебиеттер:




Л8.2.1

1

Мягкова А.Н., Комиссаров Б.Д. Жалпы биологияны оқыту методикасы.- Алматы, 2007.

Л8.2.2

2

Мырзабаев А.Н., Биологияны оқыту әдістемесі.- Қарағанды, 2001

Л8.2.3

3

Қисымова А.Қ., Обаев С.Н. Биологияны оқыту әдістемесі. Жалпы бөлім: дәріс курсы. Алматы,2010

Л8.2.4

4

А. К. Колеченко. Энциклопедия педагогических технологий. Изд-во АРО, 2002 г.

Л9


Қосымша (ТСО, қызметті танудың жандандыру әдістері, көрнекі жәрдемақы, тесттер, ситуациялық тапсырмалар және т.б.)




Л10

Тарау нөмірі

2

Л11

Тарау атауы

Биологиялық білім берудің мақсаты мен мазмұны және биологияны жалпы білім беретін мектепте оқыту үдерісінің ерекшеліктері


25-сабақ (Зертханалық сабақ 9)


Лаб1



Тақырыбы:


Жаратылыстану-математика бағдарындағы жалпы биология курсының мазмұнын оның биология курсындағы орнына қарай ірі блоктарға бөле отырып, курстың тұжырымдамалық мнемосызбанұсқаларын жасап шығару.


Лаб1.1

___ сабақ

25

Лаб1.2

___ зертханалық сабағы

9

Лаб2

Оқу-зертханалық жабдықтар тізімі:

Дербес компьютер, электрондық кесте бағдарламасы, курстың тұжырымдамалық сызбанұсқаларын жасау

Лаб3

Мақсаты :

Жаратылыстану-математика бағдарындағы жалпы биология курсының мазмұнын оның биология курсындағы орнына қарай ірі блоктарға бөле отырып, курстың тұжырымдамалық мнемосызбанұсқаларын жасап шығаруға дағдыландыру.


Лаб4

Сабақ пререквизиттерін, постреквизиттерді көрсету керек




Лаб5

Қысқаша теориялық мәлімет:

1. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес заттар, химиялық реакциялар мен олардың заңдылықтары, сондай-ақ қоршаған әлемнің материалдық бірлігі туралы жаратылыстану-ғылыми кіріктірілген білімдерін қалыптастыруға арналған.

2. Оқу пәнінің білім мазмұны теориялық және қолданбалы негіздер мен «Жалпы биологияны» оқытуға бағытталған бөлімдер мен тақырыптырды, практикалық дағдыларды меңгеру мақсатында, қоршаған орта мен адам денсаулығын сақтау мәселелері, зертханалық жұмыстарда берілген.


3. Оқытудың мақсаты:

1) тірі материя, оның биологиялық құрылым деңгейлері туралы негізге алынатын түсініктерді қалыптастыру;

2) тірі және өлі материяның жалпы белгілерін оқушыларға ұғындыру;

3) жасушалық теорияның негізгі қағидалары туралы білім қалыптастыру;

4) өсімдік және жануар жасушаларының құрылысы туралы түсінік қалыптастыру;

5) органикалық және бейорганикалық заттардың рөлі туралы білім қалыптастыру;

6) организмнің жеке даму заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыру;

7) органикалық дүние дамуының негізгі ретінде генетикалық заңдылықтар туралы түсінік қалыптастыр

8) адамның тұқымқуалаушылығына қоршаған ортаның қолайсыз факторларының зиянды әсері туралы түсінік қалыптастыру;
4. Оқытудың міндеттері:

1) түр және оның критерий туралы түсініктің мәнін ашып көрсету;

2) эволюциялық ілімнің негіздері туралы білім қалыптастыру;

3) экологиялық факторлар және пәннің ролін ашу;

4) экологиялық міндеттерін ашу;

5) экосистема, биоценоз, биосфера ұғымдарының маңызын ашу;

6) экологиялық жүйелерге адамның іс-әрекетінің әсерін ашып көрсету;

7) табиғатты қорғау бойынша қазақ халқының салт-дәстүрлерінің мәнін ашып көрсету;

8) Қазакстанның табиғатын қорғау туралы Қазақстан Республикасыеың заңдарын негіздеу;

9) цитологияның міндеттерін игеру;

10) жасушалық теорияның негізгі қағидаларын меңгеріп алу;

11) энергия алмасудың кезеңдерін және оның жасушадағы рөлін сипаттау;

12) органикалық дүниедегі көбею әдістері мен жасушалардың бөліну типтерін игеру;

13) организмнің дамуын және орта жағдайларын сипаттау;

14) тұқымқуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын ашып көрсету;

15) өзгергіштіктің негізгі заңдылықтарын ашып көрсету;

16) селекция және биотехнология негіздерін сипаттау.

5. «Биология» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

10-сыныпта оқу жылына 68 сағат, аптасына 2 сағат;

11-сыныпта оқу жылына 68 сағат, аптасына 2 сағат.

6. Биологияны оқып білу барысында мына төмендегі оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:

7.Пәнаралық байланыс «Қазақ тілі және әдебиетімен»:

1) сөздік қордың биологиялық терминдермен одан әрі байытылуы;

2) органикалық дүниенің құрылысы мен эволюциясының ерекшеліктері бойынша оқу материалын қабылдау арқылы ауызша сөздің дамуы;

3) қысқаша шығармалар-сипаттамалар, ойбөлісу түрінде материалды баяндау, баяндаманы дұрыс көркемдеу, Эссе,хабарлама, биологиялық диктанттар жазу, шығармашылық тапсырмалар орындау арқылы жазбаша сөздің дамуы.

8. Пәнаралық байланыс математикамен:

1) биологиялық эксперименттердің тәжірибелердің, бақылаудың, зертханалық жұмыстардың қорытындысын шығаруда математикалық білімді пайдалану;

2) биологиялық өлшеулер жүргізу және математикалық талдау жасау.

9. Пәнаралық байланыс тарихпен:

тарихтың бірінші кезеңінің мәдениетін оқып білу, ашылған ұлы географиялық жаңалықтарды білу;

10. Пәнаралық байланыс физикалық география:

1) географиялық аймақтылықты ескере отырыпжер бетінде органикалық дүниенің таралу ерекшеліктерін оқып білу барысындагеографиялық білімге сүйену;

2) орта факторларының адам организмінің жағдайы мен қасиеттеріне және жалпы органикалық табиғатқа әсерін білу;

3) континенттер тарихының білімін пайдалану.

11. Пәнаралық байланыс экономиялық географиямен:

1) бүкіл әлем халықтарын оқып, зерттеп білу;

2) әлем халықтарының географиялық аймақтарға таралуын білу.

12. Пәнаралық байланыс «Химиямен»:

1) бейоргникалық химия.Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінің элементтері, олардың негізгі қасиеттері;

2) тірі жүйенің құрамына кіретін негізгі химиялық қосылыстар;

3) жасушаның химиялық құрылымын оқып білу;

4) органикалық ортада жүретін биохимиялық процестерді (зат және энергия алмасу - бұл органикалық заттардың биосинтезі және ыдырауы) оқып білу.

13. Пәнаралық байланыс физикамен:

1) биологиялық жүйелердегі өзгерістердің динамикасы;

2) тірі организдердің жағдайы мен қасиеттеріне атмосфералық қысым ауытқуының әсері.

14. Пәнаралық байланыс ақпараттық мәдениет:

1) жалпы биологияның тақырыптары бойынша электрондық көрсетілім құрастыру;

2) жұмыс барысында электрондық материалдарды пайдалану.

15. Пәнаралық байланыс «Музыка»:

1) «Адам генетикасы» тақырыбын оқытуда музыкалық шығармаларды пайдалану;

2) «Адамның шығу тегі» сабағын оқыту барысында музыкалық шығармаларды пайдалану.

16. Пәнаралық байланыс «Бейнелеу өнері»:

1) зертханалық,практикалық және шығармашылық жұмыстарды кестелермен, суреттермен және сызбанұсқалармен безендіру.

Жаратылыстану-математика бағдарындағы 6- сынып биология курсының мазмұнын блоктарға бөле отырып жасалынған мнемосызбанұсқасы

Тірі организмдер → Өсімдіктермен жалпы танысу→ Өсімдік жасушасының құрылысы→ Гүлді өсімдіктердің мүшелері, жемістер және тұқымдар→ Гүл, жеміс → Өсімдіктердің негізгі тіршілік әрекеттері → Өсімдіктер дүниесінің негізгі бөлімдері → Балдырлар бөлімі → Мүктәрізділер бөлімі→ Қырықжапырақтәрізді өсімдіктер бөлімі→ Ашық тұқымды өсімдіктер бөлімі → Жабық тұқымды (Гүлді) өсімдіктер бөлімі →Жердегі өсімдіктер әлемі көптүрлілігінің тарихи дамуы → Вирустар дүниесі Бактериялар дүниесі Саңырауқұлақтар дүниесі. →Қыналар — ерекше, симбиоздық организмдер → Табиғи бірлестіктер.


Лаб6




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет