Дістемелік материалдар кешені


Оқытудың дидактикалық принциптері(ұстанымдары)



бет90/155
Дата07.04.2022
өлшемі5,97 Mb.
#30163
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   155
Байланысты:
УМКД БОӘ каз

Оқытудың дидактикалық принциптері(ұстанымдары)
1. Ғылыми ұстанымы.

2. Жүйелілік пен бірізділік ұстанымдары.

3. Теория мен тәжірибенің байланысы ұ станымдары.

4. Саналылық және белсенділік ұстанымдары.

5.Көрнекілік ұстанымы.

6. Беріктік ұстанымы.

7. Түсініктілік ұстанымы.

8. Политехникалық ұстанымы.

Принцип «ұстнанымдар» басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида деген сөз. Дидактикалық ұстанымдар оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі. Оқыту ұстанымдары дидактиканың категорияларына жатады. Оқыту үрдісінде кез-келген мұғалім дидактиканың ұстанымдарын басшылыққа ала отырып оқытудың мазмұнын, амал- тәсілдерін және ұйымдастыру формаларын таңдап, шәкірттерінің білімдерін жоғары нәтижеге жеткізуі шарт. Мұғалім дидактикалық ұстанымдарды дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса сабақ тиімді және нәтижелі болары даусыз.

К.Д. Ушинскийдің айтуы бойынша, оқыту- баланың байқағыштығыштығының, ойының, тілінің, есінің дамуы, баланы еңбекке, өмірге дайындау.

Дидактикалық ұстанымдардың қызметі: оқушыларда оқытудың мақсатына сәйкес берілетін білім мазмұнын жүйелі, саналылық пен белсенді түрде меңгеруге деген қызығушылықтарын туғызу, ұстанымдар бір-бірімен логикалық өзара байланыста болады.

Педагогикалық ережелер ұстанымдарға сүйенеді, ұстанымдар ережелер арқылы жүзеге асады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет