Жүйелілік пен бірізділік ұстанымдары- оның өзекті негіздері адам миында сыртқы дүниені өзара байланысты түсініктер жүйесі қалыптасқанда ғана оның білімі толық және шынайы болады, оқытылатын оқу материалын белгілі реттілікпен оқушыларға жеткізгенде олардың санасында ғылыми білімдер жүйесі қамтамассыз етіледі. Бұл ұстанымның ережесі:
-Оқу міндеттерін оқушылар түсініп, оқу материалын логикалық тұрғыда жүйелі қабылдау мақсатында кесте, сызба нұсқа, жоспарларды қолдану;
-Оқу мазмұны мен әдістерінің жүйелілігін сақтау, бірізділігін сақтау;
-Оқу пәні ғылымның көшірмесі болғандықтан оқушыларға ғылымның жүйесін көрсетіп, пәнаралық байланыстарды пайдалану;
-Бұрынғы ұғындырған білімді жиі қайталау және жетілдіру; қысқа қорытындылауды сабақтың басында, ортасында, аяғында жүргізу;
-Мұғалім сабақта оқушылардың сөйлеу шеберлілігі мен үнемі қателерін өздері тауып, талдауға, пікір айтуға үйрету.
-Әрбір тақырып, бөлім, тарау, пән аяқталғанда қорытындылау және жүйелеу сабақтарын өткізу.
-Оқушылардан әр тарау мен бүкіл бағдарлама бойынша білім, білік, дағды жүйесін меңгеруді талап ету.
Бірізділікпен, жүйелелікпен қабылдаған білім оқушылардың есінде ұзақ сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |