Ғылыми ұстанымдар- оқушыларға ғылыми білімдер мен ғылыми әдістерді меңгерту, дүниені танып білуге үйретіп, оқытудың мазмұны мен мұғалімнің іс-әрекеті арқылы іс жүзінде асады. Мұғалім ғылым жаңалықтары адам үшін қызмет ететінін түсіндеріне отырып, оқушыларда дүниеге ғылыми материалистік көзқарас қалыптастырады.
Ғылымилық ұстанымдарды іске асыру үшін мұғалімге қойылатын талаптар:
-Білім мазмұнын педагогика, психология ғылымдарын қазіргі даму ережесіне сәйкестендіру, жаңа әдістемелер мен жаңашыл ұстаздардың тәжірибелерін қолдану;
-Оқушылардың ғылыми диалектикалық ойлау қабілетін дамыту, индукциялық және дедукциялық оқытуды іске асыру;
-Шәкірттерге жаңа ғылыми ұғымдарды түсіндіру, жүйелі түрде қайталау, пайдалану, қолдану, іске асыру;
-Оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізденушілікке, шығармашылыққа, ой толғауға баулу, оқулықтармен, әдебиеттермен, анықтамалармен жұмыс істеуге ынталандыру;
Әрбір ғылыми жаңалықтарды оқушылар санасына жүйелі қарапайым ұғымдармен берік түсінікті тілмен жеткізу.
Достарыңызбен бөлісу: |