Дістемелік материалдар кешені



бет107/155
Дата07.04.2022
өлшемі5,97 Mb.
#30163
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   155
Қосымша әдебиеттер:




Лаб11.2.1

1

Журнал „Биология және слауаттылық негізі”. 2001-2006 ж.ж..


Лаб11.2.2

2

В. А. Сластенин „Професиональная подготовка учителя в системе высшего педагогического образования”.-М.: Магистр. 1996.

Лаб11.2.3

3

И. Я. Лернер Проблемное обучение.- М.: Знание. 1974.

Лаб11.2.4

4

Абай. „Қара сөздер”.- Алматы.: Атлас. 2001- 128 бет.

Лаб12

Қосымша (ТСО қызметті танудың жандандыру әдістері, көрнекі құралдар, тесттер, ситуациялық тапсырмалар және т.б.)




Лаб13

Тарау нөмірі

2

Лаб14

Тарау атауы

Биологиялық білім берудің мақсаты мен мазмұны және биологияны жалпы білім беретін мектепте оқыту үдерісінің ерекшеліктері


26-сабақ (Дәріс сабақ 19)


Л1


Тақырыбы №

26

Л1.1

(атауы)

Биологияны жалпы білім беретін мектептерде оқыту үдерісінің ерекшеліктері: оқыту сатылары, кезеңдерімен компоненттері. Биологияны оқыту әдістері оның жіктелуі. Теориялық және эмпирикалық әдістер.

Л1.2

___ сабақ

26

Л1.3

№____ дәріс сабағы

19

Л1.4

Сабақ пререквизиттерінің номерлері




Л2


Жоспар:

(қаралатын сұрақтар тізімі)






Л2.1

1

1. Оқыту әдістері және жүйеленуі.


Л2.2

2

2. Әдістердің сипаттамалары


Л3

Дәріс өткізу түрі:

шолу дәрісі

Л4


Мазмұны :

(дәріс материалы)



1. Жалпыға даму білім беретін мектептерде, оқушыларлға білім мен тәрбие беру үшін, пәннің мазмұны мен құрылымы және даму өткізу үшін пайдаланылатын көрнекіліктер мен қажетті материалдардан басқа, мұғалімнің қолданатын оқыту әдістерінің даму маңызы бар. Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы мен психологиясын ескере отырып, оқыту әдісін дұрыс таңдап алғанда ғана, оқушыларға сапалы білім даму, тәрбие қалыптастыруға болады.

1963 жылғы философиялық сөздікте «метод» немесе «әдіс» даму белгілі бір алға қойған мақсатқа жетудің тәсілі, реттелген іс-әрекет даму түсіндірілген. Демек, «іс-әрекетті» дидактикалық даму тер тұрғысында алатын болсақ, жасөспірімдерге білім беру мен тәрбиелеу жолындағы мұғалімнің алдына қойған мақсатына жету үшін жасайтын, пайдаланатын тәсілдері даму қарастырамыз.

Қорыта келгенде, оқыту әдісі дегеніміз-мұғалімнің оқушыларға білім мен тәрбие беру тәсілдері және оқушылардың білімді қабылдау барысындағы іс-әрекеттері –даму айтуға болады. Екі жақты бір-біріне тығыз байланыстағы, бір мақсатқа жету үшін жасалатын әрекеттер жиынтығы. Оқыту, білім беру көзі мен оқулықтың мазмұны міндетті түрде оқу бағдарламасында көрсетілген тақырыптар бойынша анықталады.

Биологияны пән ретінде оқыту барысында алуантүрлі әдістер мен тәсілдердің қалыптасқаны белгілі және олардың кейбір ерекшеліктеріне байланысты төмендегідей топтастыруға болады.

1. оқушылардың білім қалыптастыру кезіндегі іс-әрекетінің даму.

2. мұғалімнің білім берудегі іс-әрекетінің даму.

3. Білім алу көзі.

Әдістерді жүйелеуде осы үш ерекшелік негіз болып табылады. Дәстүрлі даму беру ежелден келе жатқан білім беру жүйесі. Осы орайда білім берудің негізі классикалық әдістері үшеу екендігі белгілі: ал сөздік әдіс, көрнекілік әдіс және практикалық әдіс. Қазіргі заманның талабына сай білім берудің жаңа әдістері де оқу-тәрбие жұмыстарында кеңінен қолданылуда. Олар: оқулық және алуантүрлі техникалық жүйелер. Әдістердің сызбанұсқасын төмендегідей етіп көрсетуге болады.




Л4.1

(пункт материалы Л2.1)

2.Әр әдістің өзіне тән қолдану ерекшеліктері бар. Сөздік әдістерді қолдануда оқушылардың білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады. Мұғалім әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, лекция түрінде білім береді, ал оқушылардың іс-әрекеті тыңдау. Тақырыпты өтіп болғаннан соң, оқушылар ауызша немесе жазбаша түрінде есеп беру барысында алған білімдері мен түсініктерін қортындылайды, бекітеді.

Көрнекілік әдісін пайдаланған кезде мұғалімнің сөзі басқа мағына алады да, оқушылардың алатын білім көзі мұғалімнің заттар мен құбылыстарды көрсету; демонстрациялауы больш табылады. Оқушылар көрген фактілерін ой елегінен өткізіп, белгілі бір қорытындыға келіп жаңа білім қалыптастырады. Бұл жағдайда оқушылардың бақылаған, көрген құбылыстары білім көзі болып есептелінеді.

Практикалық әдісті қолдануда мұғалімнің сөзі нұсқау беру үшін және орындалатын жұмыстың мақсатымен таныстыру үшін қажет. Оқушылардың алатын білім көзі, өздерінің орындайтын практикалық жұмысы.


  1. Бірқатар жағдайларда мұғалімнің нұсқауымен білім алу үшін кітаппен жұмыс жүргізіледі.

Оқушылар білімді кітаптың мазмұнынан алады. Кітаппен жұмыс алуан түрлі әдістерді қолдану барысында да жүргізіледі мұғалімнің қандайда бір әдістерді қолдануының негізгі мақсаты, оқушыларды белсенді түрде сабаққа қатыстыру. Оқушылар сабақтарда баяндамалар, түсініктемелер, тәжірибелер, практикалық жұмыстар жасайды.

Әдістердің барлық түрлерін қолдануда, оқулықтардың өз бетінше ойлау деңгейін дамыту жағын қамтамасыз етілуі тиіс, сонымен қатар оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін дамыту үшін олардың жауап әрекеттеріне сараптама жасау керек. Бұл жұмыс оқушылардың білімін тексеру, есепке алу арқылы жүзеге асады.

Сөздік әдістерді қолдануда оқушылардың алатын білім көзі, мұғалімнің немесе оқушылардың сөзі болып табылады. Оқушылар тек пассивті тыңдаушы ғана емес тыңдау барысында олардың ойлау әрекеті дамиды. Сөздік әдістерге, сұрақ-жауап «сұхбат», түсіндіру немесе баяндау, мұғалімнің әңгімесі, мектеп лекциялары, пікірталасты жатады. Сұрақ-жауап әдісі. Әдістің басты мақсаты оқушылардың сана-сезімін ояту. Алға қойған мәселені, сұрақты шешу үшін мұғаліммен оқушының белсенді түрде қатысуы шарт, мұғалімнің әдістемелық дұрыс қойған сұрағына оқушылар жауап іздейді, ойлау қабілеттері артады. Мұғалім оқушылардың бұрынғы қалыптасқан білімдеріне сүйене отырьш, жаңа білім алуына мүмкіндік жасайды. Мұғалімнің жетекшілігімен сабақ соңында оқушылар өз білімін жаңа материалдың мазмұнын меңгеріп белгілі бір қорытынды жасауға дағдыланады. Сұрақ-жауап әдістерін жинақтап қорыту сабактарында, жаңа білімді бұрынғы өтіп кеткен тақырыптармен байланыстыруы өте тиімді. Бірнеше ұқсас объектілер мен құбылыстарды оқу кезінде, сұрақ-жауап әдісін индуктивті түрде құрастыруға болады. Индуктивті әдісте жеке фактілерді таңдай отырып, бағыттаушы сұрақтар арқылы оқушыларды жалпы қорытынды жасауға дағдыландырады. Дедуктивті сабақты жүргізу барысында мұғалім оқушыларға бұрыннан белгілі жалпы ережелерді, көзқарастарды пікірлерді, түсініктерді айта келіп, одан жеке-жеке таңдау арқылы қорытынды жасайды. Сұхбат түрінде өткізілетін сабақ өте тиімді. Қазіргі педагогика ғылымдарының көзқарасы бойынша, бұл әдіспен өткізілетін сабақтардың тиімділігі төмендегідей мәселелерді шешуге болатынына байланысты.

1. Оқушылар сабақта белсенді іс-әрекет жасайды, қатысады.

2. Жаңа оқу материалының мазмұнымен танысады.

3. Білімді жүйеге келтіріп, бекітеді.

Сұхбаттың барлық түрлерін қолдануда негізгі рольді мұғалімнің сұрақтары атқарады. Сұрақтар жаңа сабақтың мазмұнына сәйкес қойылып, оқушылардың зейінін мәселелерге аударатындай болуы тиіс. Оқушылардың бұрынғы, алдағы алған білімдері мен олардың жеке өмірден алған тәжірибелеріне негізделеді. Әсіресе оқушылардың білімдерін іс-әрекетте практикада қолдана білуге алуан түрлі мәселелерді шешуге, бағытталып қойылған сұрақтардың маңыздылығы жоғары, мысалы: «Тұқымның спорамен салыстырғанда қандай артықшылығы бар?», «Жануарлардың құрлыққа шығуының себептері қандай?», «ДНК-ның бөлігінен ақпараттарды жазып алу процесі қалай жүреді?» т.б. сұрақтар қойылады. Сабақ барысында мұғалімнің қойылған сұрақтары біртіндеп күрделенеді. Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін жоғарылатьш, өзбетінше алған білімдерін белсенді түрде қолдана білуге жетелейді. Өсімдіктану, жануартану пәндерін өту барысында сұрақтарды біртіндеп күрделендіру жолдарының мысалы: Мүшелер жүйесінің, мүшенің құрлысын сипаттау

-Әр түрлі жануарлар мен өсімдіктердің екі мүшесінің құрлысын салыстыру;

-Мүшелердің құрлысының дамуы барысында салыстыру (тұқым, өскін-өркен және бүршік, гүл және жеміс);

-Мүшенің құрлысы мен қызметін қарастыру;

-Орта және ағзаның, мүшенің қызметтерін құрастыру;

-Әр түрлі мүшелердің қызметтерін салыстыру;

-Ағзаның дамуын сипаттау;

- Екі ағзаның дамуын бір-біріне салыстырмалы түрде сипаттау;

-Экономикалық, морфологиялық, систематикалық белгілерін салыстыру;

-Жануарларды немесе өсімдіктерді жүйелеу;

-Биоценоздарды өсімдіктер мен жануарлардың бейімделуіне байланысты топтарға бөлу т.б.

Оқушылардың ақыл-ойын дамытуда мұғалімнің сәйекстендіріп, біртіндеп күрделендіріп қойған сұрақтарының мазмұнына сай оқушылар күрделі логикалық мақсаттарды шешеді. Сұрақ-жауап әдісімен мазмұндау әдістерін қолдану барысында оқушылардың зейіні ұзақ уақыт талмайды, себебі күрделі мәселелер сұрақ арқылы бөліктермен беріліп оның қабылдау деңгейі үнемі тексеріліп отырады. Бірақ бұл әдісті жиі қолдану оқушылардың білімінің бөлшектеніп, өз ойын байланыстырып жеткізе алуға үйретпейді.

Әңгіме әдісі-биология сабақтарында жаңа тақырыптың мазмұнынан сай табиғат құбылыстарын, кездейсоқ жағдайларды, тарихи жаңалықтардың ашылуы жайлы, атақты жаратылыстану ғылымдарына еңбегі сіңген ғалымдардың өмір жолы мен ашқан жаңалықтары, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің шығу тарихын баяндау барысында қолданылады. Баяндау алға қойған мақсатқа байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді. Кіріспе баяндау, қорытынды баяндау, әңгіме түрінде баяндау. Әңгіме әдісінде педагогикадағы «сөздік кәрнекілік» немесе «образдық» - көрнекілік қолданылады. Мұғалімнің әңгімесі белгілі сюжет бойынша құрылады. Кіріспе баяндау әдісі оқушыларды жаңа тақырыптың мазмұнын түсініп қабылдауға дайындау үшін қолданылса, қортынды баяндау мазмұнының белгілі бір бөлігінің қорытындылап түсіндіру үшін, біртұтас көріністі бейнелей отырып оқушылардың сезімін терең ояту, күрделі ойларды логикалық жүйемен жеткізу болып табылады. Әңгіме түрінде баяндау алдын-ала құрылған жоспар бойынша оқу материалының мазмұнын баяндау. Жаңа сабақты баяндауға мұғалім алдын-ала жоспар түзіп, алдына қойған мақсатқа жету үшін әдіс-әрекеттерді таңдап алады. Мұғалімнің әңгімесі оқушыларда терең әсер қалдыратындай болу керек. Бұл әдіс төменгі сыныптың оқушыларының зейінін тез шаршатады, сондықтан әңгімелеудің уақыты 10-15 минуттан аспайды. 6-7 сынып оқушыларының назары көрсетілген уақыттан артыққа шыдамайды. Әңгімеден түсіндіру әдісінің айырмашылығы-сабақтың мазмұнын нақты фактілермен, дәлелдемелермен және қортындылармен ашады. Сабақ нақты мазмұндалады, ал практикалық сабақ барысында түсіндіру әдісі, нұсқау беру сипатына көшеді.

Мектеп лекциялары. Орта буын оқушыларды оқытуда қолданылмайды. Жоғары сынып сабақтарында мұғалім сабақ кезіндегі лекцияның барысында оқушыларға сұрақ койып жауап алады, үйге тапсырма береді. Мұғалім лекцияның жоспарын түзгеннен соң, сабақ барысында оның мазмұнын логикалық жүйеде рет-ретімен мазмұндайды. Басты проблеманы ашу барысында фактілерді, мысалдарды, нақты пайдалану, оқушылармен тығыз байланыста, ойлау әрекеттерін басқара білу, терминдерді көрсетіп мәнін түсіндіру, көрнекіліктерді пайдалану лекцияның мазмұнын аша түседі.

Көрнекілік әдісін педагогиканың көрнекілік принциптерімен шатастырмау керек. Бұл екі түрлі түсінік, бірақ бірімен-бірі тығыз байланыста.

Көрнекіліктер биология сабақтарының барлығында қолданылады, бірақ бұл сабақтарды көрнекілік әдісімен өткізу деген түсінік емес.

Сөздік әдістерін қолдануда алуан түрлі суреттерді, таблицаларды көрсету барысында мұғалімнің сөзі дәлелденеді. Мысалы: өсімдіктер мен жануарлар туралы әңгімелеуде, табиғи объектілерді қолдануға, және олардың суреттерін көрсетуге болады. Сондай-ақ ғалымдардың өмір жолын, ашқан жаңалықтарын баяндау кезінде суреттер, таблицалар т.б. қолданылады. Бұл кезеңдерде оқушылардың білім алу көзі, мұғалімнің сезі, баяндауы, лекциясы немесе түсіндіруі. Ал қолданған көрнекілігі қосымша материал ретінде сабақтың мазмұнын әсерлеу үшін қажет.

Ал, сабақты көрнекілік әдіспен өткен кезде, пайдаланылған көрнекіліктің сипаты өзгереді, жасалған тәжірибелер, көрсетілген тірі объектілер, кинофильмдер, таблицалар, бейнетаспалар-оқушылардың білім алу көзі мұғалімнің сөзі екінші ретте көмекші құрал ретінде көрініс алады.

Көрнекіліктер мен объектілерді демонстрациялау барысында оқушылар өз бетінше бақылап немесе мұғалімнің жетекшілігімен қортындылар мен тұжырымдар жасап, жаңа білім алады.

Көрнекілік әдісін қолдану, оқушылардың жаңа мазмұнды қабылдау және ойлау қабілетін дамытады. Биология сабақтарында қолданылатын көрнекіліктер 2 топқа бөлінеді.

1. Табиғи түріндегі (табиғи тірі объектілер және препараттар).

2.Бейнелеу құралдары (таблицалар, сызбанұсқалар, муляждар, бейнефильмдер т.б.)

Әсіресе табиғи объектілерді демонстрациялау пәнді оқытудағы тиімділігі өте жоғары. Оқушылар өсімдіктер мен жануарлар жайында нақты ұғымдар қалыптастырады. Өсімдіктер, тіршіліктану пәндерін оқытуда өсімдіктерді демонстрациялауға мүмкіншіліктері мол өсімдіктері алдын-ала табиғаттан тірі табиғат мүйісінен, т.б. дайындауға болады.

Өсімдіктану пәнінен жапырақтардың түр өзгерісі «тақырыбында, суды аз мөлшерде буландыру үшін жапырақтардың экологиялық ортаға бейімделуін олардың түк қабаттары мен шаңданған қабаттарын, жапырақ тақталарының көлемінің кішірейуін бөлме өсімдіктерінен көрсетуге болады, оқушылар тірі объектіден бейімделуді көреді. Мысалы: Монстера (Бразилияның ылғалды тропиктік ормандары), Камелия (Оңтүстік Қытай), Алоэ (Оңтүстік Африканың Калахари тақыры), Кактустар (Мексика шөлейті) шыршаның инелерінен, сексеуілдің жапырақтарынан, жантақтың теңге жапырақтарынан т.б. көрсетуге болады.

Жануартану адам физиологиясы сабақтарында тірі жануарларды демонстрациялайды. Сүт қоректілердің, құстардың орташа көлемді түрлерін торда ұстап немесе арнайы жасалған ұяларда көрсету үшін мұғалімнің үстеліне қояды. Ұсақ жануарларды құрбақа, кесірткі, шаян сияқты шыны ыдыстарға салып бетін дәкемен жауып көрсетеді. Пробиркаларда өте ұсақ жануарларды, бунақ денелілерді, өрмекші тәрізділерді, қуыршақтарының дамуының әр түрлі сатысында демонстрациялайды. Үлкен жануарлардың қаңқасын, модельдерін, муляждарында контрасты экран жарық сәулелерін қолдану арқылы арнайы үстелдерде керсетеді. Тәжірибелерді демонстрациялау биология пәндерінің барлық сабақтарында қолданылады. Тәжірибелерді бірнеше оқушыларға бөліп береді. Оқушылар жұмыс дәптерлеріне тәжірибені қою төртібінің суреттерін салып, қорытынды нәтижерелін жазады. Мысалы, жасыл өсімдіктердің жарықта оттегін бөлуі, өніп келе жатқан тұқымның көмір қышқыл газын бөлуі туралы. Көпшілік микроскоптық объектілер биология сабақтарының барлығында қолданылуы мүмкін. Сондықтан оқушылар микроскоппен жұмыс істеу икем-дағдыларын қалыптастырады.

Практикалық әдістер-бұл әдістер мұғалімнің ұйымдастыруы мен бағыттауының нәтижесінде оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын сөздік көрнекілік және практикалық жұмыстардың күрделі байланысы болып табылады. Практикалық әдістерді қолдану оқушылардың рецепторлары мен анализаторларын белсен-діреді, еңбекке баулиды. Оқу-тәрбиелеу жұмыстарын іске асыруда практикалық жұмыстарды орындау өте құнды. Оқушылар бұрын-ғы алған білімдерін іс-жүзінде практикалық тапсырманы орындау нәтижесінде жүзеге асырады, дағдылары қалыптасады. Осындай жағдайда практикалық жұмыстар білім көзі Жалпыболып табылады. Практикалық әдіс түріне жататындар.

1.Табиғи абъектілерді танып білу және анықтау.

2.Құбылысты бақыла, есепке алу.

3.Эксперимент жасау.

Жоғарғы кластардың өзінде де практикалық толық оқушылардың, өз бетнше орындауына бермейді.Бұл жөнінде К. А. Тимирязев былаи деген «Бұл жағдаида оқушылар кездеисоқ идея- мыс биология курсының барлық бөлімдерінде жүзеге асырылады

Эксперимент әдістерінің төңірегінде айналып жүреді, олар ғылымның жан-жақты салаларымен және оның зерттеу әдістерімен танысулары қажет. Онсыз олардың болашақта өз бетінше іс-әрекеті дамымаиды». Практикалық жұмыс жасау кезінде мұғалім оқушыларға жетекшілік жасап жұмысты бір-неше бөлімдерге бөліп, инструкциялық таблицаны көрсетіп, оқушылардың қолына инструкциялық тапсырма береді.

Фронтальды түрде орындалатын жұмыстың мысалы ретінде қосжарнақты өсімдіктердің құрлысы зеріттеуді тамырдың формаларын, жапырақтың, сабақтың, гүл шоғыроларының, форм-аларын анықтау беріледі. Өсімдіктерді танып-білу, жануарлардыдң бөліктерін ажырата білу, анатомиялық- морфо-

Логиялық жұмыс. Практикалық жұмысы морфологиялық және

Систематикалық тұрғыдма жүргізіледі жануарларды жару, кесу үшін жиналған таблимцалар қажет.Бірінші сабақтарда мұғалім таблицалардан жануарлардың мүшелерін көрсетеді. Омыртқалылар тегінің жануарларының ішкі құрлысын талдау үшін 4-8 оқушыдан құралған топтарда жарылған, кесілген обьектілермен жұмыс жүргізеді. Оқушылардың столдары бір-біріне жақындастырылады, оқушылар айнала қоршап отытырады, ішінен жауапты оқушы сайланады. Анықтау жұмыс биология курсының барлық бөлімдерінде жүзеге асырылады.




Л5




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет