Дизайн, тестиль және киім технологиялары факультеті Кафедра «Тоқыма өндірісінің технологиясы» ЕҢбекті қОРҒАУ


Жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау



бет9/48
Дата05.12.2022
өлшемі230,26 Kb.
#55063
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48
Байланысты:
ЕҚ дәрістер кешені (копия)

Жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау — бұл жұмыс орындарын оларда орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндылығын, ауырлығын, қаурыттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және ең­бекті қорғау нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында бағалау жөніндегі қызмет.
Аттестация жұмысшыларды сауықтыру іс - шаралары мақсатында өткізіледі. Мысалы: жұмысшыларды еңбек жағдайымен таныстыру үшін, өндірістік обьектіні сертификаттау үшін, және жұмысшыларға берілетін төлемақымен жеңілдіктерді бекіту немесе алып тастау есебінен, сондай - ақ жұмыстың ауыр, өмірге қауіпті болуы және денсаулыққа тигізер зияны көп болған жағдайда өткізіледі. Жұмыс орындарын аттестациялау еңбекпен қамту және қорғау мақсатында гигиеналық тұрғыда, жарақаттануы мүмкін жағдайларда жұмысшының жеке басын қорғау мақсатымен бағаланады.
Еңбек жағдайына байланысты жұмыс орындарында өткізілетін аттестация заңға сәйкес өткізілу керек.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтәк қорғау министрінің 2007 жылғы 23 тамыздағы №203-ө «Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімді аттестациялауды өткізу ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес өндірістік нысандардың еңбек жағдайы бойынша аттестация нәтижелері құқықтық нормативтік құжаттарға сәйкес болу керек:
- өндірістік обьектлерді сертификаттау еңбекті қорғау және қамту ұйымының талаптарына сәйкес болу керек;
- жұмысшыларға көрсетілетін жеңілдіктермен өтемақы төлемдері болса, жұмыстың ауырлығымен, адам денсаулығына зиян екені анықталған жағдайда заңмен қарастырылады;
- жұмысшылар мамандыққа байланысты ауру тауып, оның кәсіптік ауру екені расталып және еш даусыз деп сот шешімімен келген жағдайда қарастырылады;
- адам денсаулығына тигізер зияны анықталып ол цех эксплуатациясынан, технологиядан аластатылды, ол құрылғыны қолданудан алынып тасталғаны туралы мәліметтердің нақты екенін қадағалайды;
- жұмысшыларға жұмыс орнының еңбек келсім шартында көрсетілгендей екенін дәлелдеп, жұмысшыларға көрсетеді;
- жұмысшыларға қойылған жеңілдіктермен компенсациялық төлемақылардың дұрыстығын, адам денсаулығына қауіпті деп табылған құрылғылардың алынып тасталғандығына есептік құрылымдар жасайды;
- әкімшілік - экономикалық санкциялар (әсерлік өлшемдер) анықтап еңбекпен қорғау және қамтуда тәртіп бұзылған жағдайда оған кінәлілерді іздеуді қарастырады.
Жұмыс орнын аттестациядан өткізу уақыты ондағы еңбек уақытына қарай бес жылда бір рет болып тұрады.
Аттестациядан өту әдетте кәсіпорынға жаңа құрылғылар орнатылып, технологиялық үрдістер енгізілген жағдайда, ұжымдық сұраныс болғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік заң органдарының талап етуімен (онда құқықтық тәртіп бұзылғыны анықталса) өткізіледі.
Аттестация нәтижелері еңбекпен қамту және қорғаудың талаптарына сәйкес жұмыс орнының аттестациялық картасына жазылады.
Өндірістегі зиянды және қауіпті деп табылған факторлар параметрлерін өлшеу, жұмыс үрдісінің ауыр екенін дәлелдейтін көрсеткіштер сол мекеменің зертханалық бөлімдерінде жасалады. Бұл көрсеткіштерді анықтайтын технологиялық құрылғылар болмаған жағыдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитарлық - эпидемиялогиялық бақылау орталықтарынан мамандар шақырылады.
Жұмыс орындарында жарақат алу - оны бағалауды кәсіпорынның өзі өткізеді немесе тапсырыс бойынша оны анық анықтауға құқы бар басқа кәсіпорыннан мамандар шақыра алады.
Аттестация комиссиясының құрамына - еңбекпен қамту және қорғау қызметінен, әлеуметтік төлем ұйымынан, кәсіпорынның барлық бас мамандары, медициналық қызметкерле, кәсіподақ және еңбек ұйымынан келген адамдар кіреді.
Аттестацияда - жұмыс орындарындағы барлық қауіпті, зиянды факторлар (биологиялық, физикалық, химиялық) сондай – ақ шаршататын, ауырлық әсерлердің бәрін қарастырады. Өндірістік факторлардың әсерін құрал - жабдықтармен өлшейді және хаттама толтырады.
Кәсіпорындағы жарақат алу факторларын бағалаудың негізгі бөлімдері: өндірістік құрылғылар, бейімдеу, құрал - жабдықтар, нұсқаулықтар, жұмысшыларды үйрету және оқыту. Егер жұмыс орындарында зиянды, өмірге қауіпті факторлар болмаса немесе өте аз мөлшерде болса және барлық талаптар орындалған жағдайда кәсіпорын аттестациядан өте алады.
Ал жұмыс орнында бұл факторлар көп екені анықталған жағыдайда ол аттестациядан өтпейді, құқықтық нормативтік заңға сәйкес қайта каралып жабылады, ал жұмысшылар сауықтыру орындарына жіберіледі.
Аттестация нәтижесі жұмысшыларға толығымен жеткізіледі, ол туралы мәліметтер мемлекеттік бақылауда болып 45 жыл сақталады. Аттестацияның өтілуі өнеркәсіптің басшылығына тапсырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет