Джек Лондон. Мартин Иден



Pdf көрінісі
бет37/48
Дата22.09.2023
өлшемі1,5 Mb.
#109789
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48
Байланысты:
pdf Martin Iden Dzhek London

Отыз алтыншы тарау
— Жүріңіз, мен сізге «нағыз адамдарды» көрсетейін,— деді Бриссенден
Мартинге бір күні январь айының ішінде.
Бұл ой оған екеуі Сан-Францискодан түскі тамақ ішіп, Оклендтің
паромына енді ғана отырғалы тұрғанда келген. Осы сөзді айтты да
Бриссенден жалт бұрылып, плащының етегі делегейленіп, қалаға қарай
тартты. Ере бұрылған Мартин оған əрең ілесіп келеді. Жолда Бриссенден
сыртына тал тоқыған құты ыдысқа құюлы екі галлон ескі портвейн сатып
алды да, Мишен-стритке баратын трамвайға отырды. Сол трамвайға
бірнеше бөтелке виски өңгерген Мартин де мінді. «Мені қазір Руфь көрсе,
не дер еді» деген ой сап ете түсті оған, бірақ қазір оның есіл-дерті «нағыз
адамдарда».
— Мүмкін, бүгін үйінде ешкім болмас,— деді Бриссенден екеуі
трамвайдан түсіп, Маркет-стриттен оңтүстікке қарай айырылатын
жұмысшы кварталының бір қараңғы орамына бұрылғансын.— Олай болса
бүгін көптен іздегеніңізді көре алмайсыз!
— Ол не?
— Жаңағы нағыз ақылды адамдарды айтамып. Екеуіміз тұңғыш
кездесетін шарапханадағы жаман саудагерлер секілді қу мылжың емес
бұлар. Сіз кітапқа көп үңіліп, жалғыздық зарын талай тартқан жансыз ғой!
Мен сізді солармен таныстырайын, өзіңіз сықылды олар да кітапқа көп
қараған кісілер. Мұнан былай жалғызсырамайтын боласыз.
— Олардың ұзақ талас сөзінің маған қажеті шамалы,— деді Бриссенден
бір квартал өткесін,— жалпы кітаби философияны суқаным сүймейді.
Бірақ бұл кісілер буржуазиялық доңыздар емес, нағыз зиялылар! Сақ
болыңыз, не туралы сөйлемесін, басыңызды айналдырып əкетеді!
— Нортон бүгін үйінде шығар,— деді ол аздан кейін, өкпесі қабынып,
алқынып. Қолындағы портвейінді Мартин алғысы келіп еді, бермеді,—
Нортон — идеалист. Гарвард университетін бітірген! Өте зерек адам!


Идеализм ақыры философиялық анархизмге киліктіріп, семьясы өзінен
безіп кетіпті. Əкесі — темір жол компаниесінің президенті, асқан бай
миллионер, баласы — айына жиырма бес доллар жалақы үшін анархистік
журналға редактор болып, Фрискода ішер асқа жарымай жүрген сиқы
мынау.
Мартин Сан-Францисконы, əсіресе, қаланың бұл жағын жақсы
білмеуші еді, Бриссенденнің қайда бастап келе жатқанын түсінбеді.
— Маған ол кісілер хақында толығырақ айтсаңыз, білгім келеді, қандай
адамдар, қалай күн көріп жүр, қайдан келген?
— Гамильтонды кездестірсек жақсы болар еді,— деді Бриссенден
солығын басу үшін сəл кідіріп.— Оның фамилиясы қос сөзден тұрады:
Страун-Гамильтон. Өзі оңтүстікте тұратын байырғы семьядан шыққан,
табиғатында кезбе, мейлінше жалқау адам. Осында бір кооперативте
аптасына алты доллар алып, жұмыс істейді. Дұрысы, жұмысқа енді кірейін
деп жүр. Кежегесі кері тартқан кезбенің өзі! Сан-Францискоға да сол
кезбелікпен келіп шыққан болу керек. Бірде ол күн ұзын ас-су татпастан
паркте скамьяда отырды да қойды. Менің қасыма еріп жүріңіз, ресторанға
барып тамақ ішейік, осы арадан екі-ақ квартал жерде, деп едім, «əуреленіп
қайтеміз, достым. Онан да бір пашке папирос алып беріңіз» деді. Ол да
өзіңіз сияқты спенсершіл еді. Кейін Крейс оны материалистік монизм
жолына түсіріпті. Өзін монизм туралы сөйлету керек. Нортон да монист.
Бірақ оныкі идеалистік монизм. Нортонның Гамильтон, Крейс екеуімен
таласы-ақ бітпейді.
— Крейс дегеніңіз кім?
— 
Қазір 
соның 
үйіне 
кіреміз. 
Бұрын 
профессор 
болған...
Университеттен қуылған, осы кезде жиі кездесетін жайт қой бұл. Ақылды,
өткір тілді адам. Кəкір-шүкір кəсіппен күнелтеді. Көшеде жүк тасушы да
болды. Ырым-жырымды білмейтін бірбеткейлеу. Өліктің кебінін шешіп
алудан да тайынбайды. Буржуадан айырмасы — ұрлығын айтып істейді,
монтанысып, өзін-өзі алдамайды. Ол Ницше, Шопенгауэр, Кант туралы да
еркін сөйлей беретін кісі. Ал ұстаған жолы монизм. Өзінің зайыбы Мериді
де монизмдей мадақтамас. Тəңірісі — Геккель. Шамына тигіңіз келсе —
Геккельді жамандаңыз. Мінеки, келіп те қалдық.


Брисседен жоғары көтерілмей тұрып, ентігін басайын дегендей,
қолындағы құтыларын басқышқа қойды. Үй əдетте бұрышта тұратын екі
этаж, астында салоны мен азық-түлік дүкені бар көп үйлердің бірі екен.
— Бəрі бір жерде, екінші этажда тұрады,— деді Бриссенден.— Крейстің
ғана екі бөлмесі бар. Жүріңіз!
Жоғарыда жарық жоқ. Бриссенден қараңғыда үй иесіндей еркін жүріп
келеді. Бір сəтте сəл кідіріп, Мартинге:
— Стивенс деген біреу бар, теософ,— деді. — Қызып алса, егескен
кісісін жеңбей қоймайды. Жақында ресторанда ыдыс жууға орналасыпты.
Жақсы сигараны жанындай көреді. Мешкей базарынан он центке тамақ
ішіп, елу центке сигара сатып алатын трашыңның өзі. Соған керек бола ма
деп екі сигара ала шықтым. Мұнда тағы бір австриялық тұрады,
фамилиясы Парри, статистик. Өзін спорт жөніндегі жанды энциклопедия
деуге болады. Парагвай елі бір мың тоғыз жүз үшінші жылы егіннен қанша
өнім алды, немесе Англия бір мың сегіз жүз тоқсанышы жылы Қытайға
қанша кенеп шығарды немесе Баттлинг-Нельсонды жеңген Джимми
Брайттың салмағы қанша еді немесе Құрама Штаттарда бір мың сегіз жүз
алпыс сегізінші жылы орта салмақтан чемпион атағын алған кім еді деп
сұрастырсаңыз автоматтан тез жауап аласыз. Энди деген бір кісі бар, тас
қалаушы — не нəрсе жайлы болмасын өзінше пікір айтып отыратын адам,
шахмат ойынын өте жақсы біледі. Гарри деген бір наубайшы да тұрады
осында, барып тұрған социалист, кəсіподақ қайраткері. Аспазшылар мен
даяшылар ереуілі есіңізде ме? Соны ұйымдастырған Гамильтон. Крейстің
бөлмесінде отырып, одақ құрған, ереуілдің жоспарын жасаған. Осының
бəрін ол ермек үшін істепті. Артынан жалқаулығы ұстап, одақ жұмысына
қатыспай кетеді. Қаласа, əлдеқашан көрнекті орында отыратын адам. Не
шара, мүмкіншілігі зор бола тұрса да, жалқаулығы желкесінен тартып,
жібермейді.
Бриссенден қараңғыда жүріп келеді. Бір кезде табалдырықтан
жылтыраған жарық көрінді. Есік қағылды, əлдекім: «Кіріңіз!» деді. Бұлар
үйге кірді. Мартин барып, Крейстің қолын алып амандасты. Ажарлы, тісі
маржандай тізілген, қара мұртты, үлкен қара көзді, қара торы кісі екен.
Аққұбаша келген жас Мэри кішкене бөлмеде ыдыс жуып жатты. Ол
бұлардың ас пісіретін, əрі ас ішетен бөлмесі болса керек. Бірінші бөлме
өздері жататын жəне қонақ күтетін жайлары сияқты. Бөлменің о шеті мен


бұ шетіне жіп керіп, кір жайып қойыпты. Мартин қапелімде бұрышта
əңгімелесіп отырған бөгде екі кісіні байқаған жоқ-ты. Бриссенден мен
оның қолындағы құтыларын көргенде, үйдегілер самбырлап, қуанып
қалды. Мартин таныса келе жаңағы бұрышта отырғандар Энди мен Парри
екенін білді. Парри кеше болған бокс ойынын əңгімелеп отыр екен. Мартин
де құлағын сала қойды. Бриссенден асығып-үсігіп, бөтелкелердің аузын
ашып, пунш жасауға кірісті. Бриссенден «шақырыңыз бəрін» деген еді,
Энди басқаларына хабар бергелі үйден шығып кетті.
— Жолымыз болды, бəрі де орнында екен,— деп Бриссенден Мартинге
сыбыр етті.— Мынау отырған Нортон мен Гамильтон. Жүріңіз,
таныстырайын. Стивенс əзір көрінбейді. Мен монизм туралы сөз қозғап,
бұлардың делебесін қоздырайын.
Əдепкіде əңгіме оншама қыза қоймаса да, бұлардың ақылды, алғыр
адамдар екені сезіле бастады. Əрқайсысының өзіндік пікірі бар. Сөздерінде
қайшылық та жоқ емес, бірақ əзіл-мысқылын араластыра сөйлегенімен
ұшқары пікір айтылған жоқ. Мартин олардың (не туралы сөйлесе де)
ғылымнан зор хабардар екенін жəне өмір мен қоғам туралы өздерінің
тұжырымды айқын пікірі барлығын аңғарды. Бəрі де елге ресім болған
дайын пікірді қайталамайтын, қайта қажетті жерінде қасқайып тұрып,
қарсы пікір айта алатын, пасықтыққа баспайтын қайсарлар тəрізді.
Морздардың үйінде Мартин мұндағыдай тынысы кең, талғамы мен
тақырыбы бай сөз естіп көрген емес. Дүниеде бұлардың талқысына
түспейтін көп жоқ сияқты. Əңгіме біресе миссис Хэмфри Уордтың соңғы
кітабынан басталып, аяғы Шоудың жаңа комедиясына ұласып кетеді
немесе драманың болашағы жайлы сөз Мэнсфилд туралы естеліктерге
жалғасады. Олар таңертеңгі газеттердің бас мақалаларын не мақтайды, не
мысқылдайды. Жаңа Зеландия жұмысшыларының ахуалын, Генри Джеймс
пен Брэндер Мэтьюзді сөз етеді. Германияның Қиыр Шығыстағы саясаты
туралы жəне қоңыр нəсілді халықтардың қаупі дейтіннің экономикалық
зардабы жайлы пікір айтылады, Германиядағы сайлау хақында жəне
Бебельдің соңғы сөзі жөнінде сөз таластырады. Біресе жергілікті саясатты,
социалистік партия басшыларының арасындағы алауыздықты, порт
жүкшілерінің ереуіліне түрткі болған себептерді талқылап кетеді.
Мартин олардың не турасынан болса да айрықша хабардар екеніне таң-
тамаша. Газетте ешуақытта жазылмайтын жайттар, нендей бір істің
астарында қандай сыр жатыр, ол оқиға кімнің дүмпуімен осылай болып


отыр — осының бəрін сайратып соғып береді. Əңгімеге ара-тұра Мэри де
араласып кетеді. Мартин өзі танитын əйелдер арасынан ақылы мен білімі
оған пара-пар келетін ешкімді таба алмай, таңырқап отырды.
Бұлар Суинберн мен Россеттиді əңгімелей келіп, француз əдебиетіне
көшкен. Сол кезде Мэри сөзді Мартиннің қаперінде жоқ бір соныға қарай
бұрып əкетті. Аңырып қалған Мартин реті келген бір сəтте «Күн масқара
болдының» өзегі тəрізді өзіне қанық бір дəлелді алдына кесе-көледенең
тартып, сөзден əрең тоқтатты.
Бөлмеге тағы бірнеше кісі келді, үй іші темекі түтінінен көкала тұман.
Міне, осы тұста Бриссенден қызу айтысты бастамаққа бел байлады.
— Арамызда өнер тапсам, өнеге көрсем деген жауқазындай бір жігіт
отыр, Крейс,— деді ол,— албырт жас Герберт Спенсерді пір тұтады. Кəне,
шамаңыз келсе осыны Геккельдің жолына түсіріп көріңізші!
Крейс денесінен электр тоғы өткендей дүр сілкінді. Нортон Мартинге
қарап, саспа жігітім, қасыңда қол ұшын беретін мен отырмын дегендей
жымиып қойды.
Крейс қапияда Мартинге тарпа бас салған. Бірақ Нортон оқтын-оқтын
қияңқы сөз тастап, аяғынан шалуын қоймады да, ақыры Крейс екеуі нағыз
жекпе-жекке көшті. Олардың сөзін ұйып тыңдап отырған Мартин өз
құлағына өзі сенбеді. Оған осының бəрі түсімде емес, өңімде болуы мүмкін
бе жəне бір елеулі орында да емес, мынау Маркет-стриттің оңтүстігі секілді
жұмысшы кварталында болуға ықтимал ма деген ой келді. Баяғыдан бері
оқыған кітаптарына жан бітіп, бүгін тілге келсе болар ма. Екі шешен
елеуреп, қызына-қызына сөйлейді, кейбір кісінің ашуланса, не арақ ішсе
делебесі қозып кететіні бар ғой. Ал бұл екеуін пікір таласы — ақыл
жарысы ғана арқаландыратын тəрізді. Бұлардікі Кант пен Спенсер
сықылды мифологиялық пірлер таратқан семік, жазба философия емес,
жанды философия, айтушының қаны мен тəніне сіңген, соның сөзі арқылы
лебізі анық естілетін тірі философия. Өзгелері де бірте-бірте сөзге
араласып немесе темекі тартып, əңгіме тыңдап отырысты.
Мартин ешуақытта идеализммен шұғылданып көрген емес. Нортонның
айтуына қарағанда ол бір жаңалық сықылды. Əйтсе де Мартинге даусыз
сияқты көрінген логика Крейс пен Гамильтонға ешқандай əсер етпейді.


Қайта олар Нортонды сіз метафизиксіз деп əжуа қылады. Нортон жоқ, мен
емес, өздеріңіз метафизиксіздер деп оларды кекетеді.
«Феномен», «ноумен» деген сөздер қайта-қайта айтылып жатты. Крейс
пен Гамильтон Нортонға сіз сананы сананың өзімен түсіндірмек боласыз
деп кінə тағады. Ал Нортон болса сіздер жалаң сөзді қақпақыл қыласыздар,
ешбір факты келтірместен, ұғымға ғана арқа сүйеп, тұжырым айтасыздар
деп олардың өзін айыптайды. Анау екеуі бұған бұрқан-талқан болады.
Өйткені, олардың негізгі принципі де əуелі фактыдан бастап, сол фактыға
лайықты есім табу.
Нортон Канттың қиын-қиын қисындарына түсіп кеткен шақта, Крейс
оған: ескі мектептен тəрбие алған əрбір абзал неміс философының жаны
өзі өлсе Оксфордқа барады екен деп қойды. Нортон Гамильтон айта беретін
шарттылық заңын сөз еткен кезде, анау екеуі біз де осы заңға сүйеніп
отырамыз деп шыға келді. Мартин екі тізесін құшақтаған қалпында,
қалтырай тыңдап отыр. Нортан Спенсердің жолын берік ұстаған кісі емес
екен, əңгіме үстінде Мартинмен де пікірі жараспай таласып қалып отырды.
— Сіздер əлі күнге дейін ешкімнің Берклиге жауап бере алмағанын
білесіздер ме,— деді ол Мартинге қарап.— Герберт Спенсердің оған жауап
беруге жақындап келгені рас, бірақ толық жауабын айта алған жоқ. Ал
Спенсердің жолын қуған ең батыл деген шəкірті ұстазынан оза алмады.
Спенсер туралы Салибидің мақаласын оқыдым. Ол да Спенсер Берклидің
сауалына жауап берді «деуге болады» деп сырғақсыпты.
— Ал, бұл туралы Юмнің айтқаны есіңізде ме?!—деді дауыстап
Гамильтон.
Нортон басын изеді, бірақ Гамильтон пікірін басқаларға түсіндіргісі
келгендей:
— Юм Берклидің дəлелдері ешқандай жауап беруді керек етпейтін
шүбəлі нəрселер деген,— деді.
— Шүбəлі болса, Юмға ғана солай шығар,— деді Нортон.— Сіз Юммен
пікірлес адамсыз ғой, бірақ араларыңызда бір айырмашылық бар — Юмнің
сіздей емес, Берклиге жауап табу өте қиын деп шынын айтуға ақыл-ары
жетіпті.


Нортон өзін-өзі ұстай білгенімен, аптықпа, ашушаң адам екен, ал Крейс
пен Гамильтон асықпай-саспай, сынай қарап, əуелі жауының осал жерін
аңдайтұғын сазарған салқын қанды тағы адамдар тəрізді. Ұзақты кеш екеуі
бірдей метафизиксің деп əжуалауын қоймағасын, шамдана бастаған Нортон
қызулық жеңіп, орнымнан атып тұрмайын дегендей екі қолымен стулдан
мықтап ұстап алып, көздері жарқ-жұрқ етіп, əріптестеріне азуын батыра
сөйледі.
— Жарайды, Геккелшіл сабаздарым,— деді ол қатты дауыстап,— осы
арада диуананың сөзін сөйлеген мен-ақ болайын. Сонда сіздер кімсіздер?
Ретті жерінде де, ретсіз жерде де позитивті ғылым туралы даурыға бермей
айтыңыздаршы, арқа сүйейтін мардымды нелеріңіз бар? Сіздер, надан
догматиксіздер! Материалистік монизм мектебі дүниеге келместен көп
бұрын ғалымдар ескі қонысты қопарып, үстіне қайтадан ірге тас қалауға
ешбір орын қалдырмаған. Мұны жасаған Локк еді! Джон Локк! Мұнан екі
жүз жылдай бұрын ол өзінің «Адамның ақыл-ой тəжирибесі» деген
еңбегінде адаммен іштен бірге туған идея болады дейтіннің қисынсыз
екенін дəлелдеп берді. Ал сіздер əлі күнге соны үржаңа көріп жүрсіздер.
Бүгін ұзақты кеш ешқандай іштен туған идея болмайды деп басымды
қатырдыңыздар. Ал енді осының мəнісі неде екенін білесіздер ме? Оның
мəнісі — адам баласы нағыз асыл шындықты ақырына шейін біле алмайды
деген сөз. Жаңа туған нəрестенің миында ештеме де болмайды. Туғаннан
кейін таным феномендер негізінде ғана пайда болады, оны адам өзінің бес
сезімі арқылы қабылдайды. Ал туғанда жоқ ноумендер, туғаннан кейін
миыңызға сырттан ене алмайды.
— Дұрыс емес...— деді Крейс сөзін бөліп.
Тоқтаңыз, айтып болайын əуелі!—деді Нортон оған.— Қуат пен
материяның бір-біріне етешек ықпалы сіздің сезіміңізге де əсерін
тигізешек. Демек, білдім деп жүргеніңіз міне осы құбылыстың көрінісі
ғана. Көріп отырсыздар, мен талас пікірді айқындай түсу үшін материя бар
деген тұжырымға дейін барудан қашпаймын! Бірақ қазір сіздерді өз
дəлелдеріңізбен жығып кетем. Өкінсем де өзге ылажым жоқ. Себебі,
сіздерге абстракт, дерексіз ойлау деген қашаннан машық емес. Иə, сонымен
позитивті ғылымның биігінде тұрып айтыңыздаршы, кəне, материя туралы
не білесіздер? Əлбетте, сезім не қабылдаса, соны ғана білесіздер, яки бұл
да бəз-баяғы феномендер. Материяның құбылысын, дұрысы, өзіңізге соның
құбылысы сияқты көрінгендерді ғана біле аласыздар. Позитивті ғылымның


зерттеп жүргені де феномендер. Ал сіздер сияқты есалаңдар біз ноуменмен
шұғылданып жүрміз, біз онтологпыз деп дардай болады. Иə, позитивті
ғылым сырт құбылысты ғана ескереді. Құбылыстар туралы ғылым
құбылыстың өзінен жоғары көтеріле алмайды деген ғой бір білгір. Сондай-
ақ, Канттың ілімін бекерге шығарған күнде де, Берклиге жауап таба
алмайтындарыңыз анық. Сонда да Беркли қателеседі деуді қоймайсыздар.
Өйткені, сіздер жақтаған ғылым құдай жоқ, материя бар дегенге шəк
келтірмейді. Мен материя бар деген де, тек қана пікірім түсінікті болуы
үшін айттым. Мейлі, позитивист-ақ бола қойыңыздар, бірақ позитивті
ғылымнан онтологияға орын жоқ. Олай болса, онтологияны қойып-ақ
қойыңыздар. Спенсердің агностик ретінде айтқандары дұрыс, бірақ
Спенсер...
Оклендтің ең соңғы паромы жүретін мезгіл таянып қалғандықтан,
Бриссенден мен Мартин кетіп қалды. Бұл екеуі ешкімге сездірмей үйден
шыға жөнелген кезде Нортон əлі сөйлеп отырған. Крейс пен Гамильтон
оған енді тап бермекке қос тазыдай қосарлана төніп қалып еді.
— Сіз маған таңғажайып дүние аштыңыз,— деді Мартин Бриссенденге
екеуі паромға мінгеннен кейін.— Осындай адамдармен əңгімелескен сайын
дүниеде өмір сүруге болады деп ойлайсың! Басым айналып кетті! Осы
уақытқа дейін идеализмнің не екенін жөнді білмеуші едім. Қазір де түсініп,
соны ұнатып кеткенім шамалы. Мен түбі шыншыл, реалист болып кетемін,
жаратылысым солай ма, кім білсін. Бірақ Крейс пен Гамильтон екеуімен
айтысқа бір түсіп көрер едім. Нортонға айтар бір-екі ауыз сөзім де жоқ
емес. Тегі, Спенсерге қарсы байсалды пікір айтыла қоймас. Мен бірінші
рет цирк көрген баладай аңырып қалыппын. Əйтеуір, əлі көп дүние оқуым
керек екені анық. Салибидің кітабын тауып аламын! Спенсерге ешкімнің
тісі батпасына көзім жетеді. Келесі жолы айтысқа мен де түсемін...
Бриссенден қу сүйегі қалған қалақтай иегін жылы шарфына тірей басын
төмен салып, ауыр дем алып, қалғып отыр, винт айналған сайын тарамыс
денесі дір-дір етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет