Дүкенбай Досжан Қазақтың жүз романы



Pdf көрінісі
бет11/29
Дата03.03.2017
өлшемі1,57 Mb.
#7268
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29
жетеді? Шөпті бастық тасымайды ғой, қораны бастық салмайды емес пе! Ендеше қой 
қырылса – бастықты кіналайтыны қалай? Ендеше қой жамырап өсіп берсе – атақ-абыройға 
Қойшекеңді ұсынатыны қалай? Қойшекең мен өзінің арасындағы ызығуыт түсінбестік 
жәйітті басшылар өзі шешер. Сәл ғана қора жөнделмей қалса, аз ғана шөп тасылмай жатса 
жау шаптылап өзін
табады: ал кергіле! Ал талқыла! Күн көру қиындайды содан. Ол кезде жасыл жайлауда 
ысқырып ән салып Қойшекең жүреді. Алдындағы қойына ие болса болғаны: карта ойнап, 
ішіп кетпесе, ұйықтап қап қойын бөтен қораға қосып алмаса... өйдөйт... өлеңдет, алшаң 
басып дөуірле. Бұл жазған Сырға құласа масаға таланып, Қосүйеңкіге келсе шаңға 
қақалып ала шапқынға түсіп
жүргені; аудан сыпайылары: «Пәленшеев, қимылың сылбыр, сыннан қортынды 
шығармайсың», – дейді. Аудан басшылары: «Сөзге әзірлен, кемшілігіңді бетке айтамыз, 
өтірігіңді шыжғырып басамыз!» – деп зәресін ұшырады. Оқалақ қуған сиырдай етеді. 
Содан көкең ойға-қырға құйғытады кеп, жұмысшыларға нақа бір өзінің жұмысын істетіп 
жатқандай жалынады, үгіттейді: «Жөндеуді уақтылы бітірейік, жігіттер», – деп жігер
береді. «Жігіттер, сылбыр қимылдасаңдар өкпелейміз», – дейді. «Енді ренжіспейік», – 
дейді. Ақыр соңында бет жыртысады, шала бүлініп боқтасады, жерлестерге 
жеккөрінішті болады.
Кей-кейде Үрбаланың балтырына басын қойып көз шырымын алуға да мұршасы 
жоқ. Осы жазда ғой қора жөндеудің жоспарын жылдағыдан ерте тамамдады, Шөпті 
уағында шауып үлгерді. Сөйтіп жүргенде аудан әкімі Ғайнекең алдына шақыртқан. Ішінен 
әлденеге дәмегей боп қуанган. Ойлаған: көрсеткіштерім ауданның алды, мал басы түгел, 

енді дәу де болса жоғары наградаға ұсынар. Сөйлеспекші, дидарласпақшы. Ойлаған: 
жаксылыққа шақыртты деп. Награда түгілі ауызша алғыс та естілмеді. 
Қойшекең төл басын аман сақтапты, жүн беруден алда көрінеді... наградаға 
ұсынайық», – де-е-еп отыр. Іші жиди ашыған. Сыр бермеген. Таудағы көкала майсаңда 
майдақадам аяңдап қой бағып жүрген Қойшекеңді «жанқияр», – деген: «қой соңында 
сүмеңдеп жүр», – деген. Қосыла мақтасқаны жанына батады.
Журналист ағайын қайдағы бір істің бітпей жатқан, пұшпағын тартса жетпей 
жатқан жағын іздеп жүреді ғой. Тісінің арасынан шыққан кемістікті қақшып әкетеді. 
Сосын ойға-қырға сүйрелейді, бүргедейді бүркіттей етіп көзге шұқиды. Онысымен 
тынбайды. Аптадан соң көйлек қылып тігіп киердей газеттің етегіңде есімі журеді. 
Ауданға шақырту, бюролау, жиналыста талқылау, шенеу басталады содан. Өзінен 
көш кейін шаруашылық басшылары мінбеге шығып ап көлпарсып, ақылдымсып өзін 
сынаған кезінде күйеді бір, күйеді. Қалпағын да, папкісін де Ғайнекеңнің алдына атып 
ұрып қарасын батырғысы келеді.
Мүлкаман облыстан көмекке жіберілген вертолетпен қойшыларды көз 
байланып, қас қарайғанша аралады.
Кей қораға шөп тиеп трактор керуенін жөнелтті, кей отарға аз болса да 
вертолетке салып жем жеткізді. Әр қорадан-ақ мал басы шетіней көргенде іші қан 
жылады, өзегі өртенді. Жаздайғы, сосын күздейгі ақ тер, көк тер болып жұмсаған бейнетін 
қатігез біреу босқа күйдіріп жатқандай, ұмыттырғандай.
Кеш түсе қасат қарды қаршылдата кешіп кеңсеге кірген. Мұнда бөлімше бухгалтері 
Нағанай шот қағып тон қымтанып отыр екен. Мұны көріп шошып кетті. Бастығының 
қабағынан қалың мұңды байқаған. Әлі есінде, Жетітөбе деген жерде бағзы заманда өтіп 
кеткен Шіркінбай батырдың моласы бар, басында кішігірім киіз үйдей жәдігер 
болатын; бірде жолы түсіп бастығы екеуі соққан еді; сонда да осы Мүлкаманның 
жүзінен сіре мұңды сезген, жасына жетпей қартайған, қажыған, ешкімге қажетсіз жарты 
дәндей тіршілік кешкен тақуалық қалып танытқан. Бұл жолы да солай көрінді. .
Үстіндегі сірескен тонды шешті, үстел үстіне тастай салды. Пеш тубіндегі 
орындыққа отырды; қолғабын сыпырып тізесіне қойды. Үні қарлығып шықты.
– Мал қырылып жатқанда бұл не отырыс? 
Нағанай сасып қалды.
Жылдық есеппен жағаласып, жанталасып... Өзіңіз емес пе, «тез 
тәмәмда» деген. Содан үй бетін көрмеймін. Тышқан аңдыған мысықтай сіресіп 
отырғаным.
– Сен бәріміздің басымызды жалмайсың ғой. 
– О не дегенің, Мәке. Біреу сыртыңнаң шағыстырған шығар. Сен дескен жерім жоқ 
еді ғой. Алдыңыздан кесіп өткен кезім жоқ еді ғой. Осы шот қаққанды көпсіңсеңіз – 
тастайын, кетейін, қарамды батырайын.
Аштан өліп, көштен қалмаспын.
– Жалмайсың, жалмайсың...
– Бір ауылдың топырағынан өргенбіз, ағайынбыз. Осынша кәріңізге алатындай не 
жаздым? Пәлен жылдан бері ымы-жымымыз қосылып келеді емес пе еді. Қалай қиясыз?
М үлкаман  ымы -жы мы  деген  сөзден  сескеніп  қалды . Бұндай 
пендешілікті қойсаңшы. Кейде шалқисың, кейде тарыласың: артық сөйлейсің, кем түсесің. 
Кей-кейде Нағанайға тізесі батып, жәбірі өтіп те жүрді. Жылпостығын, ыза баспас 
қулығын талай мәрте бетіне басты. Сол кездерде осы «ымы-жымы» деген сөзден 

тосылушы еді, райдан қайтушы еді. Нақа бір қасиетті дұғаның сүресіндей тілін 
байлап тастайтын. Бұл жолы да сөйтті. 
Мүлкаман әлден уақытта барып еңсесін көтерді. 
– Қайтеміз енді?
Нағанай да даусын тым бәсеңдетіп сыбырлап айтты.
– Қырылып жатыр ма, Мәке?
– Қырылып жатыр.
– Бұл жаманатқа біз ғана ілікпейміз. Күнгей беттегі елдің барлығы жұтап жатқан 
болар. Қайтеміз?.. Алыстық, жұлыстық дейміз. Соңғы сағатқа дейін беріспедік дейміз. 
Қойшыларға қол қойдырып, мал дерігеріне актілетіп, сарапшылар алдына құлаш-құлаш 
қағаз тосамыз.
– Сөйтуіне сөйтерміз-ау. Ар-ұждан алдында не демекпіз? Тағы «шөп тапшы 
болды», «тасуға күш көлік жетіспеді», «адам аз» деп еңірейміз бе? Осынымыз 
ұят емес пе? Қашанғы тіленеміз, қашан еңіреуді доғарамыз?!
– Доғармаймыз.
Мүлкаман әлденені есіне түсіргісі келгендей ойланып отырып қалды. Еңсесі 
салбырап түсіп кетті. Нағанай бәсең үнмен тағы сыбырлады.
– Жұттан өйтіп-бүйтіп құтыламыз-ау. Басеке, ананы қайтеміз? – деді.
Мүлкаман пимасының басынан жылан көргендей шошып кетті.
– Нені айтып отырсың?!
– Көктемгі қаракөл сойғанда «жыртық» деп, «жарамсыз» деп актіленіп есептен 
шығарылған, жол-жобаға жаратылған бір тай елтірі бар емес пе. Сол жатсам-
тұрсам ойымнан шықпайды.
– «Жымдастырам, жатыстырам, үстінен өтектеп жіберемін» деп бөскен сен 
емеспісің?!
– Өзімдегі қағаздарды жымдастырдым-ау...
Енді не сандалып тұрсың? 
Мүлкаманның түсі бұзылып кеткен.
– Бас бухгалтер бірдемені сезді білем. Қағазыма қол қоймай шіреніп отыр.
– Қағазың мен есебің дұрыс болса, оның шіренгенінде не тұр?
– Ол қызыл көз пәле тегін шіренбейді. Ертеңгі күні тексере қалса, қол салыстырса, 
қойшылармен жеке-жеке сөйлессе – былығымыз бұрқ етіп шыға келеді. Олардың 
өткізген қаракөл қозысы мен біздің айлық есептегі
елтірі саны дәл ұрмай қиналып тұрмын.
Мүлкаман қопарыла ыңырсыды, от басқандай ыршып тұрып кетті, ішін қос 
қолымен басып бөлмені кезсін, күңіренсін. Әредік әлдекімге «атаңа нәлет-ай» деп 
кіжінеді, бірауқымда барып тәлтіректеп келіп орындыққа отырды.
– Соның бәрін шығарған сен. «Басшылардың аузын алып қоялық!..» «Өкілдерге 
көрініп қалайық!...» «Кейін өсуге жақсы!..» Ал өс, ал жетіл! Өзің былықтырған екенсің – 
өзің дұрыста. Адалын айтып әкімнің алдынан өт!
 – Ешқашан өйтпеймін. Сотқа өзімді-өзім ұстап берер жайым жоқ. Сосын күллі 
қағазда сіздің шұбатылған қолыңыз жүргенін ұмытпаңыз. Қыл бұрауға қоса түсеміз.
Сыртта бөрі боран жортады. Терезенің алдына» өткен сайын тісін 
сақылдатады, тіміскіп есікті қажайды. Қойшыларға да ақыреттің көкесін көрсетіп жүрген 
осы мұндар. Түннің бір уағы болса да екі еркек тапжылар емес.
– Бір ақыл бар, – деді Нағанай.

Мүлкаман түнерген күйі тас мүсінше тапжылмай жылтырап жанған отқа 
қарап отыра берді.
– Бір ақыл бар... Есіңде ме, жазда дүкенші Құлшығаш шаш етектен қарызданып істі 
болғаны. Ел бүлінді. Құлшығаш астанаға шапты, түк шықпады; үйіндегі мүлкін сатты, 
жетпеді. Сонда Доскей бастаған
шалдар қол ұшын беріп құтқарып еді ғой. Үй басы сайын салық салып,
жылу жинап өкіметтің ақшасын өндіріп берген.
– Ие, есімде. Онда не тұр?
– Бас бухгалтер тексерсін, шаңымызды сіліксін, былығымызды ашсын. 
Мойындаймыз, кешірім өтінеміз. «Бір тай елтіріні шалдардың өтініші бойынша жылу 
есебіне шығарып едік, сөйтіп ақшаға айналдырып Құлшығаштың қарызына қосып 
едік. Ел болып жабылып азаматты құтқарып едік», – дейміз. Жаман айтпай жақсы жоқ, 
жауаптаған күнде жалпак жұрттың ақсақал, көксақал жақсыларын кіналай алмайды. 
Жұрт салты дейді де қояды. Іс насырға шауып «елтіріні өндіру керек»
деген жағдайда кінаның күллісі сорғалап барып Құлшығаштың мойнына киіледі.
 Мүлкаманның жанары шатынап шығып бара жатты. Нағанай сөзін әріге 
жалғады.
– Жұрт өліп-талып жылу жинады ма – жинады. Кәриялар қолдан келгенді аямайық 
деп пәтуаласты ма – пәтуаласты. «Біз де қолымыздан келгенше ел-жұртқа қосылып қол 
ұшын бердік, шамалы елтріні
жалпы жылуға қосып жібердік», – дейміз. «Шалдар өтінген», – дейміз. Қойшы біткеннің 
аузына құм құйылады сосын. Олардың ешқайсысы бізден тері даулап шықпайды, ұялады. 
Ендеше жылуды өкіметке өткізер кезге келсек я «теріден шыққан ба», я «жұрттан 
жиналған ақша ма» Құлшығаштың шаруасы қайсы. Тегінде «жылу жиып, өкіметтің 
қарызынан құтылған көзбояушы, жемқор», – деп Құлшығашты жауаптауы мүмкін, үкімет 
заңы әділ ғой.
– Сұмдық-ай, мынау қып-қызыл күна мен қылмыс қой!
– Күна екені күна, бірақ қылмыс емес. 
– Жоқ, мен бір тай елтіріге бола жақсы азаматтың басын шата алмаймын! 
Адамшылыққа жатпайды бұл! 
– Ендеше екеуміз сотталамыз. Тұяқ серпуге келтірмей бауыздайды да 
жібереді.
– Жоқ, басқа бір айласын тап. Мына ақылыңнан Құлшығаш құриын деп тұр ғой.
– Бала-шағамыз шулап қалады, келіншегіміз төркініне таяды. Бүгіндегі әйелдердің 
сырын білесің ғой. Дәуірлеп тұрсаң «әке-көке» деп қасыңнан шықпайды, басыңа іс түсіп 
жіңішкерсең болды тайып тұрады, қарасын да көрсетпейді. Ауқаттырақ бай іздейді.
Құлшығаш ақкөңіл бала еді, айтқанымыздан шықпаушы еді. Шылауымыздан 
ұстап өсіп келе жатқан інілерімізді өстіп орға жығып құлата берсек жал-құйрыкқа 
қалармыз. Күндердің күнінде басымызды сүйейтін ешкім табылмас.
– Ол баланың басы жас, өмірді көрсін, түсінсін. Ал екеуміздің біріміз сүрінейікші – 
адам болмай кетейін енді қайтып көтеріле алмаймыз, сүйегімізді жинап алатын кісі жоқ. 
Моламыздың басын қарайтатын ағайын жоқ.
– Әлі де ойланып көрсек қайтеді? Мүмкін тексермес, сенер, еңбегіміз сіңіп тұр ғой.
– Қылмысты тексеру шықпай тұрып құртқан жөн. Тексерілді екенсің –сенің 
ойбайыңа да, байбайыңа да қарамайды. Мойныңа қыл шылбырды салады да шәңгекке іліп 
тартады да жібереді.

 Мүлкаман маңдайының терін сүртті.
– Мейлі, сөйтсең сөйт. Өстіп едік деп әлгі шіренген бас бухгалтер пәлеңе айтып, 
түсіндіріп қой.
Деді де сүйретіліп тұрып тонын киді, жағасын көтерді ілбіп басып кеңседен шығып 
кетті. Сыртта ак түтек боран. Азынап жер-көкті түтіп жүр: қар мен құмды қоса қуып кеп 
қойны-қонышына іспелейді, есік жапсарынан тілін шығарып шошытады. Айдалада, 
меңіреу қыстауда безілдеген аш қойдың арасында жүрген Қойшекең не халде қазір? 
Манағы шөп тиеп жөнелткен тімірзік тракторлар жетті ме екен? Қасқырдай қысыр жұт 
малдың қаншасын жалмады?..»
Осы пәтуадан табыламыз деп ішінен лүпілдей қуанды Нағанай. «Бұл қатерден де 
жол таптым. Табылмайды-ау деп қауіптеніп едім, әйтеуір сүрлеу шықты. Сол сүрлеуге 
түсемін де қарамды көрсетпей кетемін. Бас істегесін дауа жоқ. Әлгі күңіреніп жөнелген 
Мүлкаман не біледі – ештеме де. Жиналыста көсемсіп сөйлер, құлаш-құлаш уәде берер
жарылқар, қол астындағы жұртқа жол көрсетер; өңге жөні түзу ақыл шықпайды одан. 
Сөйтіп жүріп «халыққа еңбегім сіңген», «аянып қалғаным жоқ» деп бөсетінін қайтерсің. 
Өскісі келетінін қайтерсің?! Ж-о-о-ә... Мүлкаман ешуақытта өспейді, қайта өшеді. Бүгінде 
ағынан жарылып, ақ тер, көк тер боп жүрген ақкөңіл адам жоғарыламайды, қасқи-е-еп 
жеткен жерінде қалады, оның үстін басып Нәкең секілді көкең өрлер. Дәуірлер. Бұл 
өмірде қайсы-бір сырыңды ішке бүгіп қалып, көзге ағынан жарылған бейбақ боп көрінген 
жөн. Әйтпесе ғой түтіп жейді. Сезіп қояды. Осы беттен жаңылмайыншы! Әлгі бастық бұл 
көкеңнің тағы бір жымқырған, және бір жасырған істерінің ымы-жымы білінбей барып 
Құлшығаштың мойнына оратыла түсетінін қайдан білсін. Білмегені жақсы. Зады, бас 
қатырып, ойда пісіріп алған қулық көзге көрінбейтін жылан секілді: жек көретін 
кісіңнің алдын тосады, жақсы көретін кісіңнің қойнында жатады. Арбайды, қажет болса 
шағады. Иесіне пайдасын тигізеді».
Алақанын құшырлана ысқылады.
«Жақсы ойланған қулық көзге көрінбейтін жылан секілді: жек көретін кісінің 
ысқырып алдынан шығады, жақсы көретін кісінің бұйығып қойнында жатады».
34
Терістіктен ұшпа бұлт көтеріліп, бозаң шөпке тозаң тұрды. Екі тау арасынан күн 
күркірегендей гүріл естілді. Бұл қырқаның қыл бөксесін дәрімен бұзып алтын іздеп 
жатқан кеншілер сарыны еді. Тау арасында мың бұратылып ағып жатқан көне 
Ақүйік арнасы неше мәрте лықылдап толып, неше мәрте жылымдап қайтты. 
Осының бәрі ешкімге елеусіз, ешкімнің көңілін алаңдатпай өте берді. Кісі өмірі де сол 
секілді: балағын шөпке ілдіріп жүгіруге тоймайтын, жуа теріп, шекемтас пен каналшы 
ойнайтын балалық шақ: сосын өрік талдың гүліндей ду етіп көтерілген жастық: алаңсыз 
аңқылдап соққан тау самалы секілді шәрбат күндер, алғашқы ерін табы, сол өрік 
гүлінің төгілуі, сол самалдың ызғарға ауысуы бірін-бірі итермелеп, асықтырып өтіп 
жатады. Әйтеуір адам жанына уақыт өз таңбасын басып, жүрекке дақ түсіріп кететін 
кездер көп болады. Саяның да сырты бүтін, іші түтін». Қазір күн көзіне ерте алақан 
жайып, ерте көктеп, ерте қауыз жарып үлгерген қалампыр гүліндей көңілі сап-сап басыла 
бастаған. Сая үшін жастық кеш, махаббат дегенің азап қана болды.
Далабайды елге біржола келіпті деп естігелі күн санауды шығарды.
Ылдидан тауға тырмысып шығып Ақүйік аңғарына құлдилап құлайтын қасқа 
жолға әлсін-әлсін қарайды. Жолын күтеді. Бүгін жылы су шыққан жонға келген, Бастау 
басына әңірейген үлкен үйдің құрылысы басталыпты. Шопандардың демалыс үйі деседі. 

Мұны естіген шеге қағып жатқан ұста мырс етіп күлсін. «Шопандардың демалыс үйі», – 
деп кекетсін.
– Неге өйтесіз? Сенбейсіз бе? – деп сұрады Сая.
– Аты солай ғой. Бірақ мұнда басшылар демалады, – деді ұста.
– Басшылар демалатын жер көп қой. Олардың құрығы ұзын. Қойшылар шулаған 
отбасын, азынаған малын тастап қорасынан ұзап шыға алмас. Үй іргесіндегі ыстық суға 
түсіп емделгенге, демалғанға не жетсін.
Өстіп ұстамен уәждасып тұрғанда бұлақ басындағы көлегей қалқадан Жаным мен 
Алма шықты. Салқын суға шомылып алған секілді.
Өстіп тұрғанда ылдидан ағаш алып мәшине жетті. Кабинасынан Далабай түсті, 
сосын шофер бала.
Әуелде елес пе, көлеңке ме деп қалған. Көз алды қарауытқандай болды, шекесі 
шыңылдады. Саусағымен самайын сипады. Қарсы жүріп келе жатқанын жаңа сезді.
– Көріспегелі көп болды-ау, Сая! – дейді Далабай. 
– Елге қашан оралдың? – дейді Сая.
Үні дірілдеп шықты, жігіттің алақаны ып-ыстық екен.
– Біраз болды. Тағат тауып отыра алмадым. Қашан кездескенше асықтым. Өзіңді 
мүлдем жоғалтып алам ба деп қорықтым.
Далабай өзінің ақкөңілдігіне салып тым салдырап бара жатқанын сезді. Ту 
сыртынан құрылысшылардың шеге қаққаны, керіскен үні естіледі.
– Аулағырақ барып сөйлесейікші, – деді Далабай. 
Қазір колым тимейді ғой, – деді Сая.
Мұны неге айтқанын өзі де түсінбеді. Қарап тұрып өз-өзінен қапаланды, мөжіді. 
Бұрынғыдай аралары кіршіксіз болса: өкпе, реніш, мұң ұмытылса ғой: Далабай бәріне 
қолын бір-ақ сілтеп, мұны жетелеген күйі қалаған жағына алып кетер еді. Неге екені 
белгісіз, қазір өйте алмайды, арасында көзге көрінбейтін перде тұтылған секілді.
Далабай ғашығы алдында бар сырын ақтарды.
– Елге біржолата оралдым. Астанадағы үйді де, күйді де тастадым. Мейрамқалада, 
әзірге аудандық мәдениет бөліміне кішігірім қызметке орналастым. Әкіммен 
сөйлескен едім, кісі танитын, көреген басшы екен. «Кейінірек келіп жолық», – деді. 
«Аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушілігіне ұсынамын», – деді. Далабай алакүлік 
қөңілін аптығып әзер басты.
– Сая, тап қазір жұмыс істейтін жеріңе барсақ қайтеді... көрсек... сырлассақ.
– Осы жерде де айтуға болмас па?
Бұрын мұндай сөзге Далабай шарт ашуланар еді. Қазір тек қолының дірілін басу 
үшін қалтасына сұқты.
– Күтейін бе сонда? – деді Далабай. 
Бұрын болса: «Сені сағынып келдім ғой, қалай ғана шыдап тұрсың? Неге құшып-
сүймейсің? Неге жүрегіңдегіні ақтарып салмайсың?!», – деп шынын айтар еді. Бұл жолы 
батылы жетпей тұр ма, мүдіре береді. Сая жүзін көтерді. Аяғының ұшына қарап тұрған. 
Жанарына үйіріліп жас келді, бірақ жылай алмады. Осы мезет соншама жылағысы 
келіп-ақ еді, болмады.
Бір мезетте байқаса Далабай екеуі жалаңащ төбенің үстімен қатар жүріп келеді. 
Сол бүйірінен ызғар соғады, тоңғанын білдіргісі келмейді.
– Келіншегіңмен келдің бе? – деді Сая. 

Айтпауы керек еді. Жан тырнайтын сөздерді ауызға алмауы керек еді. Аңғал 
басы асығыс кетті. Байқайды, Далабай біртүрлі жасып қалды.
– Бұл жұмыстан шаршап жүрген жоқпысың, Сая?
– Неге шаршайын. Барлығың туған жерді тастап, жан тыныштығын іздеп, 
безіп кеттіңдер. Туған жерде де біреу қалуы керек емес пе.
Сая тағы бүлдіргенін сезді. Әлгі аузынан шыққаны сезімтал, намысқой, ақылды 
Далабайға айтар сөз бе еді. Осыны ойлағанда Сая сұмдық шошынды, өзінен шошынды. 
Өзінің тау арасында жүріп сөз білмес, сезімді ұқпас болып бара жатқанын сезді. Адамға 
әдемі әңгіме, әсерлі сезім беретін махаббат екен ғой. Махаббаттан жұрдай боламын деп, 
бойындағы ең жақсы қасиетінен мақұрым қала жаздапты-ау. Далабайды ғана жоғалтты ма 
десе... Жоқ, көп нәрсесін жоғалтқан екен, көп нәрсесін.
– Шығармашылығың қалай?
Далабай «шығармашылық» деген сөзді естігенде жасып, езіліп, жерге бір елі 
шөгіп, төмендегендей болды, желкесінен әлдекім қатты шұқығандай сезілді.
– Ауыз толтырып айтатындай ештеңе жаза алмай жүрмін.
Сая: «неге?» деп сұрағысы келді. Бірақ «табалағандай болмайын, көңіліне келіп 
қалар», – деп тоқтады тағы. Әңгіменің нәрі бұзылды.
Екеуінің де жан-дүниесі алай-түлей-тұғын. Ағытыла алмады. Ағынан 
жарылмады. Енді тап осылай Сәл жүрсе бәрінің бітерін білді Сая. Енді Далабайдан 
мүлде айырыларын сезді. Екі арадағы асыл махаббат тасқа түскен қымбат құмырадай 
быт-шыты шығады қазір. Сосын кеш болады, қайтып қалпына келтіру жоқ. Сол ыдыстың 
сынықтары жүректі тырнап іште жата береді, сөйтіп бірте-бірте ұмытылады, оның 
орнын бөгде мақсат, бөтен біреу алады. Сол сынықтар қайтып бүтінделмеген күйі керге 
түседі, тәнімен бірге шіриді. Мұны Сая да, Далабай да анық түсінді. «Адамның 
сырты мен іші екі басқа дүние болатыны несі? Неге сол екеуі қосылып кетпейді екен? 
Сол екеуінің кереғарлығы кімдерді күйретпеді дейсің?» деп ойлады Сая.
– Сая, есіңде ме, мынау баяғыда екеуміз мотоциклмен мінгесіп өткен жол ғой. 
Сүрлеуі көнере бастапты. Өзімен кісі аз жүреді-ау.
– Ұмытылған жол ғой бұл.
– Осы жолмен тап баяғыдай іңкар көңілмен кете берейікші, жүре берейікші, 
бәрін ұмытшы... жүре берейікші осы жолмен... сөйлесейікші армансыз!.. – деді Далабай. 
Қыстығып, қиналып айтты. Далабай бәзбірде түнді күнге ұрып жұмыс жасайтын. Нота 
қағаздарын тау ғып жыртатын. Әлдебір әуеннің қайырымын, иірімін таппай 
күйсандықты сағаттар бойына безектететін. Ақырында аспап ернеуіне маңдайын 
сүйеп мызғып кететін. Дыбыстардың асау толқынында малтып жүзетін. Қазір дәл 
сондай сандырақ хал кешті.
– Жонға келгенімде айтарым соншама көп секілді еді. Сенің мына қалпың 
ойымды пышыратып жіберді. Уыстағы құмдай болды тегі. 
– Шекарадан өтіп кеткен жанмын мен. 
– «Шекарасы» қалай?
– Әр сезімнің өз шекарасы болады екен. Сәл нәрсеге епектеп, өрекпитін 
жастан кеттік. Жақсылардың ақыл тоқтатар ауылына жеттік. Енді сол ауылдан 
іздейсің де. 
– Бұлай салқын қарсы аларыңды білсемші. 
Далабай ойлаған: бұл келіншек маған бұйырудан кеткен деп, құдай 
тастөбемнен ұрған екен деп. 

Сая ойлады: әлі сол аңқау, адал қалпы деп. Түк те өзгермепті деп. 
Екеуіміз де қателік жібердік, – деді Сая дауысы дірілдеп.
Омақасқан өзім. Менің қатігездігім, кещелігім болмағанда Құлшығаштың 
қармағына түспейтін едің. Сенде кінә жоқ. 
Осы мезет Саяның өксіп жылағысы келді. Бетін Далабайдың кеудесіне 
басып «неге қинай бересің? Түсінесер кез жеткен жоқ па?» деп ышқына 
айқайлағысы келді. Іштегі қапасын жаспен жуғаны жөн. Әйтпесе беріш болып 
қалары хақ. «Құдай-ау бұрынғы сезімтал, сергек Далабай қайда? Ұяттың 
табалдырығынан аттай алмай тұрғанымды неге ұғынбайды. «Сүйемін» деп ән 
шырқауым керек пе енді?» деп күйзеле ойлады. Қасының арасы түйіліп жігітке 
жаутаңдады. «Бұрынғының бәрі әшейін бос сөз болғаны ма? Махаббат дегені 
айықпас дертке айналып үлгергені ме?» 
Сөйтіп, бұрынғының бәрі құр әшейін жастық желігі болды де. 
Өйдемеші, Далабай.
– Бір актер досым «өмір деген сахнаның ойыны», – деуші еді. Сонікі рас 
білем. Біз де кейіпкерімізді сахнада шынайы ойнап шыққан секілдіміз. Қазір 
шымылдық жабылады. Жұрт тарайды. Театр бос қалады. Ендігісін көрерменнің 
өзі талдап, бағалап, қосып ала жатар. Біз енді гримді жуып, киім ауыстырып 
күнделікті күйкі-тіршілігімізге кірісейік. Сен алтын ізде, мен қобызымды 
қиқылдатайын. Менің бұл өмірім Қорқыттың қобызы, соның сарыны секілді. 
Бұл жолы Далабай өзінің артықтау кеткенін сезді. Кеш сезді. Ауыр айтты. 
Сая енді жүрегіндегі асыл сезімнің ешқашан сөз боп сыртқа шықпайтынын 
түсінді. Манағы қымбат құмыраны қолынан түсіріп алды. Ол жердегі тасқа 
соғылып быт-шыты шықты. Енді қайтып құрастыра алмайды. Ішінен тынды. 
Аузына қан дәмі білінді. Ернінің қаны. 
– Сенімен қайта табыссам ба деп келіп едім. Өзіңсіз өмірім мағынасыз, 
күйкі. Күнді өлтіріп жүріп жатқан жанмын. 
– Менің жұмысқа кірісетін уақытым болып қалды. 
Осы сөзді айтып тұрып Саяның көздері өздері жүріп келе жатқан жолға 
түскен. Дір ете қалды. Жол қызыл жоса екен. Жоса аяғына жұғып жатыр. Жоса 
дегені көкжиекке домалап жеткен күннің жалқын шапағы боп шықты. Дүниенің 
бәрі қызыл бояуға малынған. Бұлар сол алау жалаған көкжиекке жақындап келеді. 
Арғы жағы тұңғиық. Сол көкжиекке жетсе-ақ болды бұлардың өмірі таусылады 
екен. Екеуі де анық сезді. Сезсе де үрістерін баяулатқан жоқ, жылдамдата түседі. 
Тезірек жетіп құзардан құлағысы келеді. Тезірек мұңы мол, жалаңқай, ашкөз 
тіршіліктен аулақтап: жоқтыққа батып тыншығысы келеді. «Сая, сөзіме құлақ 
салып келе жатқан жоқсың ғой».
Қалың таулар түсіме енетін боп жүр, Далабай. 
Сол қалың тауда кісікиік боп кетіпсің. 
Болса-болар. Қайт дейсің енді. Мен тұшынған қапалықтың бірін де сезіп-
білген жоқсың. Қылдан тайған адамдай әлі күнге қылтылдаумен келемін. 
Саяның сүйрік саусағынан ұстады. Тұла бойына лапылдап ыстық қан тепті. 
Жас келіншек ешқандай қарсылық белгісін танытпады: әйтсе де оның нәумез күйі, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет