Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар берілген бірнеше жауаптардың ішінен бір дұрыс жауапты таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 10 тапсырмадан тұрады.