Августиннің тарих туралы ойлары эсхатология деп аталады, өйткені ол ақыр заманға бағытталған. Тарих философисы – жүйелік философияның маңызды бір бөлігі. Оның тараулары бірінен соң бірі келетіндей және сондықтан бірін бірі алдын ала ұйғаратындай болып құрастырылған. Бірақ сол уақытта әрбір тарауға оның басқа тараулары кірігіп өтетіндей болып шығады. Тұтастық ретіндегі философияның тараулары сол мезгілде, оларда өзара қиысынды үйлескен, ерекше триадаларға үштіктерге біріктірілген. Бірінші үштікке мыналар енеді: 1) онтология (тұтастық әлем туралы ілім), 2) антропология (адам туралы ілім), 3) гносеология (таным туралы ілім) Ортағасырлық философ Фома Аквинскийдің ілімінде құдайдың бар екендігінің онтологиялық дәлелі.
Томас (Фома) Аквинат (1225-1274) — Сенім мен Ақылдың гармониясын негіздейтін ілім қалыптастырды. Оның негізгі тұжырымдары: 1) Сенім мен Ақылдың көмегімен жүзеге асырылатын таным процесінің тәсіл-әдістерінің ортақ жақтары кеп. Сенім де, Ақыл да бір затты — Құдайды және ол жаратқан дүниені танып-біледі;
2) Екі тәсіл де бірін-бірі жоққа шығармайды, толықтырып отырады. Адам Құдайға тәуелді болғанымен, оның ақыл-ойының салыстырмалы автономиясы бар. Теология философияны, Сенім Ақылды терістей алмайды, ақиқат көзі — осы тұжырымда.
3) Екі тәсілді де Құдай жаратқан, сондықтан өмір сүру құқықтары бірдей. Бірақ екі тәсілдің ерекшеліктері де бар:
1) Сенім Құдай-жаратушы туралы ақиқатты сезім, жігер, тілекке сүйене отырып қабылдайды.
2) Ақыл ақиқат туралы үнемі күмәнданады, тіпті Құдай Болмысы ту-ралы ақиқаттың да дәлелін іздейді.
Сондықтан, Аквинаттың ойынша, Сенім Ақылдан жоғары. Ол Қүдай-дың жаратылыстан тыс нұр-шапағаты. Інжілді толтырып тұрған да осы Құдайдың жарығы. Ақыл — адамның қабілеті, құралы, табиғи нұры, ол философияның ақиқаттарында көрініс тапқан. Ақыл «діннің қызметшісі» болу үшін жаратылған. Яғни, Аквинат дін мен философия-ғылымның’ арасындағы компромисс идеясын негіздеді.