Дүниетаным туралы түсінік. Дүниетанымның тарихи формалары. «Дүниетаным»


Ежелгі Үндістанның философиясы. Буддизм: болмыс азап ретінде. Буддизм этикасы



бет8/58
Дата22.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#95786
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58
Ежелгі Үндістанның философиясы. Буддизм: болмыс азап ретінде. Буддизм этикасы.

Ежелгі Үнді гносеологиясының ерекшелігі – заттар мен құбылыстардың сыртқы, көрінетін белгілерін емес, сананың нәрселер құбылыстар дүниесімен қатынасы барысындағы процестерін зерттеу.
Осыған байланысты Үнді философиясында сана үш түрге жіктеледі «пракрити»-материалды сана; «пуруша»-таза сана; «майя»- түстер, елестер. Үнді философиясында жан екі бастамадан тұрады;
1.Атман – Брахманнан адам бойына берілетін бөлшек, ұшқын. Атма бірінші, тұрақты, мәңгі.
2.Манас - өмір барысында қалыптасқан адам жаны. Манас адам тәртібі мен әрекетіне, тәжірибесіне, тағдырына байланысты жоғарылап, жетіледі немесе төмендеп, нашарлауы да мүмкін.
Үнді философиясындағы түсініктер
Сансара – жанның тән мен космосты Брахман арасында тоқтаусыз, мәңгілік қозғаласы.
Карма – адамның келесі өмірде қандай бейнеде туылуы осы өмірдегі іс әрекетіне байланысты.
Мокша –карма тоқтайтын,жан эволюциясы,космостық Брахман мен жердегі тіршілік арасындағы үздіксіз қозғалыс аяқталатын адамшылық жетілудің жоғарғы шыңы.
Ахисма- жер бетіндегі тіршілік формаларының өзара байланыстылығы, біртұтастығы. Ахисманың басты қағидасы «Кіші бауырларға,тірі табиғатқа қиянат жасамау». Буддизм Ортағасырлардағы Үнді Философиясындағы Гаутама Шакьямуни ілімі – буддизм үстем болды.
Буддизм – Үндіде (б.д.д. V ғ. кейін), Қытайда, Оңтүстік Шығыс Азияда(б.д.д. III ғ.кейін), т.б аймақтарға кең тараған ілім. Негізін қалаушысы Солтүстік Үндіде ақсүйек отбасында дүниеге келген Гаутама Будда (Сиддхардха Шакьямуни)(б.д.д563-483 ж.ж). Аңыз бойынша Гаутама б.д.д. VI ғ. өмір сүрген патша (раджа) ұлы болып, қиыншылық көрмей өседі. Буддизмнің негізгі идеясы – орта жол – рахат, ләззат,жолы мен «аскетизм жолы» екеуінің арасындағы тепе- теңдікті сақтай білу мен тән қажеттілігін тежеу.Буддизмнің өзекті идеясы-Будданың «төрт ақиқаты» туралы өсиеттерінде берілген. Қасірет шегудің психологиялық негізі үміт пен үрейдің байланысында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет