Дүниетаным туралы түсінік. Дүниетанымның тарихи формалары. «Дүниетаным»


ХVII ғасырдағы ағылшын эмпирист-философы Фрэнсис Бэкон «адам санасының ең терең адасушылықтарын» қалай атайды және жіктейді?



бет55/58
Дата22.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#95786
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
база

12. ХVII ғасырдағы ағылшын эмпирист-философы Фрэнсис Бэкон «адам санасының ең терең адасушылықтарын» қалай атайды және жіктейді?
#
Фр.Бэкон таным процесі өтетін жолдарды көрсетіп қана қоймай, адамғаның (адамзаттың) ақиқат білім алуына кедергі болатын себептерді көрсетіп берді. Ол себептерді Бэкон «елестер» («идолдар») деп атап, төрт түрге бөліп сипаттайды:
1.Тектік елестер 2.Үңгір елестер 3. Базар елестері 4.Театр елестері

Тектік және үңгір елестері – дүниені тануда таным табиғаты мен өз табиғатын алмастырудан туатын, адамдардың туа біткен адасушылықтары. «Тектік елестер» - танымның адам (танушы субъекттің) тұлғасының таным процесіне әсері, нәтижесінде адамның бұған дейінге сенім – нанымдары, қағидалары – таным нәтижесінде көрініс беретіндігі («үңгір» - адасушылық).


Базар – театр елестері – жүре пайда болған адасушылықтар. Базар елестері – тілдегі, ұғымдық аппараттағы сөздерді, анықтамаларды дұрыс қолданбаудан туатын адасушылық. Театр елестері – таным процесіне сол кезеңдегі таным процесінің әсері. Көп жағдайда ескі философия танымды дұрыс бағыттан кері бұрып, жаңа мүмкіндіктерге кедергі жасайды (мысалы, схоластикалық философияның танымға әсері). Осылайша, танымның 4 түрлі негізгі кедергелерін зерттей отырып, Бэкон аталған «елестерден» барынша алшақ жүріп, олардың ықпалынан жоғары болып, «таза білімге» ұмтылуға кеңес береді.


13. Ф.Ницшенің асқанадам туралы бастапқы тұжырымдамасының мәні неде?
“Асқанадам" философиясы "Барша құндылық атаулыны қайта таразылау" талабы мен Батырлық этика ұстанымының табиғи жемісі, ең жоғары арман тұлға образы. Мән беруге тиістісі, Асқанадам адамзатттың бір түрлі идеал арман үлгі ретінде қазіргі барша адамдарға ұқсамайтын өте жаңа адам, адамның биік деңгейінің жаңа көрінісі. Асқанадам көзсіз батырлыққа ие дүлей күш иесі емес, сұрқия тиран да емес. Ол өзінен үздіксіз асып түсуді сынақ ететін, құндылықтарды қайта бағалы ететін адам. Тәңіріге сенетіндер Асқанадамды Ницшенің жаңа Құдайы деп қателеседі. Ол табынатын Құдай емес, талпынатын ең биік мұрат болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет