Дүниетаным туралы түсінік. Дүниетанымның тарихи формалары. «Дүниетаным»


Философия тарихындағы адам бейнелері



бет42/58
Дата22.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#95786
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   58
18. Философия тарихындағы адам бейнелері.
Философияда біртіндеп адам бейнесі мен адам табиғатына деген негізгі ойлар қалыптаса бастады- Антикалық философтар, әсіресе натурфилософтар адамды ғарыш бейнесі, «шағын дүние», микроғарыш ретінде қарастырды. - Сократтан бастап антикалық философтар адамды дене мен жаннан құралатын қосарлы жаратылыс деп есептеді. - Батыстың ортағасырлық философиясында Адам табиғаты үш бөліктен: дене-жан –рухтан құралады деп түсінілді. Батыстың ортағасырлық діни философтары адамның руханилығы оның ар-ұжданынан, құдаймен байланысынан құралады деп есептеді. - Жаңа уақытта адам ерекшелігі зердеде, ойлауда, рационалдылықта деп қарастырылды. Жанның айқын мазмұны – бұл сана. Декарттың (1596-1650) көзқарасы осындай болды, ол өзінің әйгілі: «Мен ойлаймын, демек, өмір сүремін де» деген сөзін айтты. Екі нәрсе айқын: мен өмір сүремін және мен ойлаймын. Жаңа уақыт философияның бастапқы нүктесі – ойлаушы субъект, зерделі адам.- ХХ ғасырдың философиясы адамның шынайылығын іздестіруді жалғастырды. Феноменолог Гуссерль (1859-1938) адамның шынайы табиғаты ретінде оның санасының тәжірибесін – идеялар-эйдостардың құрылуын, заттар дүниесін және өмірді солармен сәйкестігінде түсінуді жариялады. - Философ-аналитиктер адамнан өзінің тілдік қабілеттіліктерін белсенді түрде іске асыратын жаратылысты көрді. Тіл саласында адам нені неліктен және қалай істеу керек екендігін шешеді. Постмодерншілерге ("осы заманнан кейінгі", "соңғы", "жаңа заман" дегенді білдіреді) сәйкес, адам – асқақтықты және бірсарынды, бірөлшемді, көңілсіз, ұжымдық, тоталитарлық нәрселердің тұншықтырушы құшағынан құтылуды іздестіру жолындағы бүлікшіл жаратылыс.
19. Діннің шығу тегі мен мәні. Діннің алғашқы формалары. Дәстүрлі (әлемдік және ұлттық) және дәстүрлі емес діндер.
# Дін (ағылш. Religion) дегеніміз- сенушілерінің əрекеті мен ойлауын, моралы мен сенімін белгілеуді жəне шектеуді көздейтін, табиғаттан тысқары, яғни тылсым, трансцендентті құдіретке, рухани нышан-түсініктерге нанатын жəне сиынатын, бақи, періште, шайтан секілді тылсым құбылыстарды шын деп есептейтін мистикалық түсінік жүйесі, əлеуметтік-мəдени құбылыс болып, оның көбінесе тауап ететін қасиетті заты, не орыны, киелі кітабы, пайғамбары, діни наным жүйесі, сиыну ережелері мен культтары, саяси-мəдени ұйымдары болуы мүмкін.Дегенмен, діннің тұтастай дəл неден құралатыны туралы ғылыми келісім жоқ, əр діннің өз ерекшелігі бар, бəрін бір түсінікпен түсіну мүмкін емес.
Қоғам өмірі мен рухани болмысы жайында ғылыми зерттеулер жүргізген философтар, əлеуметтанушылар мен дінтанушылар алғашқы діни жүйелер жайында түрлі тұжырымдар айтқан. Əр ғалым өзінің зерттеу нысанының шеңберінде дінге түрлі түсінік береді. Нəтижесінде, алғашқы діни жүйе ретінде, ғалымдар анимизм, тотемизм, натуризм, магия, фетишизм, паганизмдерді бөле-жара атайды.
ЕРТЕ формалары: магия, фетишизм, анимизм.
РУ-ТАЙПАЛЫҚ формалары: тотемизм, шаманизм, көсемге табыну
Магия – сиқыршылық. Бұл адам бойында табиғатқа немесе басқа да құбылысқа әсер ете алатын күші бар деген сенім. Мысалы, американдық үндістер биі. Денені өртеп, қалдықтарын шашу немесе сақтап қою.
Емшілік магия: Түйе аяғының сүйрегін сүйреп, суға түсу. Тұсау кесу. Кемпірлердің бұтынан өткізу.
Қорғаушы магия –табу, тиым салу.
Дуалау, сөз тию, көз тию. (зерттеушілер: )
Фетишизм – лат: тағдыр, пұтқа құлдық. Фетишо – сиқырлы зат. Бұл затқа, бұйымға немесе жанды нәрсеге сену. Мысалы, итке, мысыққа сену. Олардың мүсініне сену. (зерттеушілер: 8 ғасырда Шарль де Бросс, 9 ғасырда Огюст Конт )
Анемизм – лат. Жан, рух. Бұл адамның, жан-жануарың, өсімдіктің, өсімдіктердің ғажап ұқсас көшірмесі/двойнигі болады деп сену. Орман рухы. Бұл кейін – өлімнен кейін жан басқа денеге қонады деген түсінікке әкелді. Түс көргенде жан денеден кетеді. Көлеңке – ол жан деген сияқты соқыр сенімдер. (зерттеушілер: Э. Тайлор)
Тотемизам – қанда да бір адамдар тобының жан-жануарлар немесе өсімдіктермен баланысы. Арғы баба, ортақ тек. Мысалы: Ұмай ана.
(зерттеушілер: 8 ғасырда ағылшын Д.Фрезер «Алғашқы мәдениет» кітабы)
Көсемдерге табыну – тайпа көсемінің ғана бойында ерекше күш болады деп санау. Мысалы, Ваканданың қара пантерасы, Африкадаңы кей халықтар.
Шаманизм – сібір халықтарының тілінде «саман»сөзінен шыққан. Адамдар мен рухтар арасында байланыс жасайтын ерекше делдал адам. Болашақты болжау; алысты көру. Бізде оны бақсы дейді. Мысалы, Алдар көсе фильміндегі бақсы, Көшпенділер фильміндегі ханның бақсы-балгер кеңесшісі.
(зерттеушілер: Уалиханов, Орынбеков, Потапов)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет