Адам өмірге келеді, ер жетеді. Есейе келе, өзінің қайдан шыққанын, кім екенін ойлана бастайды. Ал сендер осы сұрақтар жөнінде ойланып көрдіңдер ме? Аталарыңның, арғы аталарыңның есімдері кім, білесіңдер ме?
Шежіре ағашы
Жаңа сабақ
– Жарайсыңдар! Аталарың жайлы жақсы біледі екенсіңдер. Ал арғы аталарыңның,
бабаларыңның есімдерін білесіңдер ме? Бұл сұраққа келгенде көбісі қиналып қалғаны көрініп тұр. Бірақ сендерге қызық бола бастады. Арғы аталарыңның кім екенін білуге деген қызығушылықтарың оянды. Көбісі осы сұрақтың жауабын алу үшін өзінің
шежіресін – шығу тегінің тарихын құрастыра бастайды.
Оқулықтағы бірінші азат жолды оқу.
Бүгін сендер ағаш түрінде өз шежірелеріңді құрастыруға тырысып көресіңдер. Ол үшін, ең алдымен, слайдты көріп алайық.
Электронды қосымшадан «Менің шығу тегім» слайдын көру.
Көптеген қазақтар өзінің шежіресін жақсы біледі.
Оқулықтағы мәтінді соңына дейін оқу.
Шежіре адамдарды көп нәрсеге міндеттеген. Ер адамдар лайықты өмір сүруге тырысқан.
Оқулық
Электронды қосымша Оқулық
Өйткені олардың өмірдегі жақсылықтары өздерінен кейінгі ұрпаққа азық болған. Олар аталарымен мақтанған. Немесе керісінше, аталары жаман іс-әрекетімен танылса, онда ұрпақтары өмір бойы ұялып өткен.