«Дүниетану» сабақтарында пысықтау. Оқушылардың білімін тексеру. Дүниетану сабақтарында тест қолдану


​Дүниетану сабақтарының негізгі типтері



бет10/22
Дата14.08.2023
өлшемі82,48 Kb.
#105255
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
14.Дүниетану сабақтарының негізгі типтері.
Бастауыш сыныптың дүниетану пәнінің басқа сабақтардан біраз айырмашылығы бар.Оқушылар дүниетану сабақтарында кейіннен орта мектепте биология,анатомия ,физикалық және экономикалық география сияқты пәндерді өтуде қажетті іскерлік пен дағдылар алады.Мұның өзінде мұғалімдер оқытудың жаратылыстану ғылымдарына тән алуан түрлі әдістерін қолданады.Бұл бәрінен бұрын балалардың логикалық ойлау негіздерін тәрбиелеуге қолайлы жағдай туғызатын табиғат объектілері мен құбылстарын тікелей бақылауға қатысты.Жергілікті жерге бақылаулар мен топсаяхаттарын жүргізу,тәжірибелер мен сарамандық сабақтарды жүзеге дүниетану сабақтарында оқытудың сан алуан көрнекі құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді.Дүниетану сабақтарында алған білімді басқа пән сабақтарында пайдаланады.
Ол туралы ұлы педагог Я.А.Каменский былай деген «Адам баласы білімді кітаптан ғана емес,аспаннан,жерден,ағаштан,топырақтан да алуы қажет.Ал оларды үйрету үшін бақылауды,зерттеуді жергілікті жердегі объектілерден өздері күнделікті көріп жүрген таныс жерлерден бастау керек»Заттардың саны да,сыны да табиғат арқылы түсіндірілмек.
Педагогикалық іскерлік пен дағдыны жетілдіруде мұғалім дүниетану сабағын жоспарлауда мынандай талаптар қояды:
1.Мұғалім сабақтың оқу мақсатын оқушылардың жалпы дамыту жөнінен,әсіресе олардың таным әрекетін дамыту жөнінен қандай жұмыс жүргізілетінін дұрыс елестете білуі тиіс.
2.Дүниетану материалының мазмұны ғылыми және осы жастағы балаларға түсінікті болуы кеерк.
3.Мұғалімнің жұмысында және оқушылардың оқу әрекетінде ең үлкен жетістікке жеткізетін әдістер мен тәсілдер жүйесін тыңғылықты түрде ойластырған жөн.Белгілі ұстаз ғалым : Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек,оларды өзіне сүйеніш,қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек-дегені әр мұғалімнің жадында болуы керек.
4.Дүниетануға байланысты түсініктер мен ұғымдарды саналы және берік игеруді қамтамасыз ету керек.
5.Көрнекілік әдістерді тиімді пайдалану.
Ең көп таралған әдіс-аралас әдіс.
1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Табиғат және еңбек күнтізбесімен жұмыс
3. Үй тапсырмасын тексеру
4. Үй жұмысын қорыту
5. Оқушыларды жаңа материалды өтуге дайындау
6. Жаңа материалды түсіндіру
7. Пысықтау
8. Сабақты қорытындылау,бағалау,рефлексия.
9. Үйге тапсырма
2.Заттық сабақтар
Заттық сабақтардың мақсаты – оқушылар қоршаған ортаның құбылыстарымен, заттарымен нақтылы танысып, олардың арасындағы байланысты анықтайды. Мұғалім заттық сабақтарды өткізгенде ең алдымен осы пән туралы оқушыларға қаншалықты нақты түсініктер мен ұғымдар беретіні айқын елестетіп алуы керек. Белгілі бір затпен жұмыс атқара отырып, балалар әр түрлі сарамандық іскерлік пен дағдыларды тудыруға жәрдемдесуі керек. Заттық сабақтар топсаяхатынан кейін өткізіледі. Топсаяхат кезінде оқушылардың зерттейтін затымен нақтылы табиғат ортасында танысуларына, оның басқа заттармен және құбылыстарымен байланысын көрулеріне мүмкіндік береді.Мұғалім заттық сабақтың мазмұны мен барысын, оның білімділік және тәрбиелік мәнін мұқият ойластырады. Сабаққа жабдықтар және табиғи объектілер дайындауға ерекше көңіл бөлу керек. Мұғалім объектіні өзі мұқият қарап, белгіленген жұмыстардың барлық түрін, әсіресе тәжірибеге байланысты жұмыстарды жасап шығуы керек. Жұмысты жүргізуге кететін уақытты дәл анықтауға, бұл жағдайда пайда болатын қиындықтарды болдырмауға мүмкіндік береді. Сабақта қарастырылған зат әрбір оқушының алдында болғаны жөн. Ол балаларды қарастырылатын заттарды тиімді қарауға баулиды. Олар заттардың әрқайсысының белгілі бір айқын белгілерін, көлемін, түсін, қозғалуын формасын байқайды. Оқушылардың затты қабылдау белсенділігі әр түрлі болуы мүмкін. Егер мұғалім затты көрсетіп отырып, оқушыларды сабаққа белсенді араластырмай,бәрін өзі айтып берсе, онда балалар тез шаршайды, материалды нашар ұғынады. Мұғалім балаларды ойландырып, сұрақтар берсе, сонда сыныпың жұмысы жандандырылады, оқушылар зейінін күшейтеді, оларды ойлануға, өздігінщше қорытындылар жасауға мәжбүр етеді, түсінуін және есте сақтауын оңайлатады.Ал бұл әдіс-белсенді оқу.
Кезеңдері:
· Заттарды көрсету және оның атын атау
· Заттың жалпы көрінісін байқау және оның негізгі белгілерін белгілеу
· Затты жан-жақты қарап,басты және екінші дәрежедегі белгілерін анықтау
· Оқушыларға жақсы таныс басқа заттармен ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтау
· Зат туралы алған білімдерін қорыту және одан әрі жетілдіру
Проблемалық сабақ—бұл сабақ түрі оқушылардың шығармашылық жеке дамуына қалыпты ықпал етеді.Сабақта бір немесе бірнеше проблемалық жағдай туғызып,оны шешу арқылы оқушының өз-өзіне деген сенімі артып,шығармашылық тұрғыдан дамиды.Мысалы, «Жергілікті жерді бағдарлау»тарауында төмендегідей проблемалық жағдай туғызылса «Біз саяхат кезінде қызығушылықпен өз жолымыздан шығып кетіппіз.Кері қайту үшін жолымызды табу үшін не
істеуіміз керек?»Мұнда оқушы сабақ үстінде алған білімді аталған проблемалық жағдайды шешуге пайдаланады,яғни көкжиек бағыттары,жергілікті жерге қарап бағдарлай беру дағдылары дамиды.
Оперативтік (шешімді ) сабақ.Мұғалім сабақты ұйымдастыра отырып,оқушыларды теория мен практиканың арасын ажыратуға,адамдардың іс-әрекетін түсінуге,оны өз практикасында пайдалана білуге үйретеді.Мысалы,топырақ қабаттарын,кенді пайдалы қазбалар,мұнай және газ тақырыптарын өткенде жасалатын тәжірибелер мұғалімнің басшылығымен орындала отырып, оқушының білімін тереңдете түседі.
Сайыс сабақ.Тарау бойынша оқушылардың алған білімдерін пысықтау,логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында қайталау сабағын сайыс сабақ ретінде өткізудің маңызы зор.
Бастауыш сынып үшін тиімді дәстүрлі емес сабақ түрлері : саяхат сабақ,брейн-ринк ,жарыс сабақ,КВН сабақ,аукцион сабақ.
3.Экскурсия сабақтары.
Бастауыш оқу-білім мен дағды берудің,іскерлік қалыптасудың бастамасы.Дүниетану пәні «Адам» «Табиғат» «Қоғам»туралы оқушыларда ой-пікір қалыптастырады,олар адам-табиғат-қоғам арасындағы тығыз байланысты зерделейді.Дүниетануды оқытуда топсаяхаттардың маңызы өте зор.
Топсаяхаты-сабақ түрі,мұнда балалар табиғатпен шынайы танысады.Топсаяхаты кезінде балаларды таза ауада болу,далада хош иісті,көз тартар әдемі гүлдер арасында қыдыру-терең ой,ширақ қозғалыс,көтерінкі көңіл-күй тудырып,оларды жан-жақты тәрбиелеуге ықпал етеді.
4.Үй тапсырмасы.
1. Оқушылардың үйдегі оқу жұмысының танымды және тәрбиелік мәні зор. Үй тапсырмасын күнделікті орындаудың нәтижесінде оқушылардың дербестігі артады, олар өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады. Баланың үйдегі оқу жұмысы сабақтағы жұмысты жалғастырып, толықтырып отырса, оқушылардың алған білімдерінің терең және берік болуына әсер етеді. Баланың үйдегі оқу жұмысының тәрбиелік мәні мынада: оқу тапсырмаларын күнделікті өздігінен орындау оқушыларды еңбекқорлыққа, жүйелі түрде ой еңбегімен шұғылдануға тәрбиелейді. Баланың үйдегі оқу жұмысы сабақтағы жұмысымен ойдағыдай ұштасса, оқушының жалпы дамуына жақсы әсер етеді. Баланың үйдегі оқу жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мынадай шарттары бар:
1/ Үй тапсырмасын бергенде мұғалім оларды орындаудың қандай тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануға болатыны туралы нұсқау беруі қажет.
2/ Үйге берілетін тапсырмалар оқушыларды қызықтыратындай, өмірмен, балалардың іс – тәжірибесімен байланысты болғаны жөн.
3/ Үй тапсырмасы барлығына бірдей біртүрлі мазмұндағы емес, балалардың қызығулары мен қабілеттеріне қарай жекеленген түрде, бірнеше нұсқада берілгені пайдалы.
4/ Үй тапсырмасының мазмұны біркелкі емес шығармашылық сипатта болғаны жөн, түрлі графикалық, практикалық, тәжірибе жасау, бақылау сияқты жұмыстарға байланысты орындалуы керек.
5/ Үйдегі баланың оқу жұмысының жемісті болуы ең алдымен сабақтың сапасына байланысты: оқушылар жаңа материалды сабақта жақсы түсініп алса, оларға тапсырмасын орындау барысында ауыртпалық және үлкен қиындық тумайды.
6/ Үй тапсырмасын оқушылардың шамасы мен жас ерекшеліктерін ескеру негізінде ұйымдастыру керек.
7/ Үйге берілген тапсырманың орындалуына мұғалім мұқият бақылау жүргізіп, бағалап отыруы тиіс.
8/ Жүйелі бақылау арқылы мұғалім оқушылардың білімдері мен біліктеріндегі кемшіліктерді дер кезінде байқап, түзетіп отыруы керек.
9/ Үйге берілген тапсырманы бағалауда оқушылар жауаптарының дұрыс немесе теріс, толық, терең немесе шала, үстірт екенін түсіндіріп отыру пайдалы. Сондай-ақ оқушылар тапсырманы орындауда өздерінің ықыласын, дербестігін көрсете білсе ,оны мұғалім ерекше атап бағалауының тәрбиелік маңызы зор.
10/ Мұғалімнің берген бағасы әділетті болса, ол оқушының үй тапсырмасын жақсы орындауына себеп болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет