«Дүниетану» сабақтарында пысықтау. Оқушылардың білімін тексеру. Дүниетану сабақтарында тест қолдану


Дүниетану оқытудың материалдық базасы



бет9/22
Дата14.08.2023
өлшемі82,48 Kb.
#105255
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
13.Дүниетану оқытудың материалдық базасы
Дүниетануды оқыту процесін жоғары деңгейде жүргізу үшін материалдық базаның маңыздылығы жоғары.
Дүниетану пәні бойынша материалдық база 3 негізгі топқа
жинақталады:
1.Класта сабақ өту үшін қажетті құрал-жабдықтар
Класта сабақ өту үшін қажетті құрал-жабдықтар немесе оқу жабдықтары өз кезегінде үш топқа жіктеледі: 
1) Табиғаттың тірі және өлі табиғи объектілері
2)Иллюстративті (суреттер, кестелер, модельдер т.б.) 
3) Қосымша көмекші құралдар (лабораториялық құрал- жабдықтар, приборлар) және техникалық құралдар
(кодоскоп, диапроектор, микроскоп, теле-видеоаппараттар, компьютер т.б.)
2.Тірі табиғат бұрышы
Дүниетану сабақтарында табиғи көрнекі құралдар басқа көрнекі құралдардан басым түсуі шарт. Табиғи тірі объект жайында нақты шындыққа үйлесімді ұғым береді.
Оларды төмендегідей типтерге жіктеуге болады:
1.Табиғаттың өлі объектілері(топырақ, тау жыныстары мен минералдар және қазба түрлері)
2. Тірі өсімдіктер мен жануарлар
3. Гербарийлер
4. Жануарлар және олардың мүшелерінің коллекциялары
5. Консервленген және фиксацияланған объектілер
6. Жануарлар тұлыптары
3.Мектеп маңындағы оқу-тәжірибе үлескесі, географиялық алаң
“Дүниетану” пәні бойынша оқу-материалдық базаға қойылатын талаптар:
“Дүниетану” пәніне арналған арнайы кабинет болуы тиіс. Бұл кабинетте бүкіл көрнекіліктер. әдістемелік және техникалық құралдар болуымен қатар. Тірі табиғат бұрышы орналасады. Дүниетану сабақтары осы кабинетте өткізіледі. Топсаяхат кезінде жинақталатын өлкетану материалдары да осы кабинетте жинақталып сақталады.
Бастауыш мектепте “дүниетану” кабинетіне қажетті құрал-жабдықтардың тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен ережеге сәйкес жасалады. Бұл тізім оқу құралдары мен жабдықтардың. Экрандық және баспа құралдарының өзара сәйкестендірілген жиынтығы болып табылады.
“Дүниетану” пәні бойынша оқу процесін оқу-әдістемелік және оқу-материалдық жағынан қамтамасыз етуді мектеп әкімшілігі және жергілікті білім беруді басқару органдары (департаменттері) жүзеге асырады.
“Дүниетану” пәніне төмендегідей материалдық-техникалық база жатады:
Альбом (көркем суреттер (1-4 сыныптарға арналған).
Бастауыш сыныптарға арналған географиялық атлас (1-4 сыныптар).
Бастауыш сыныптарға арналған контур карталары (3,4 – сыныптар).
Аудио-бейне құралдар (оқу фильмдері, слаидтар, диафильмдер, магнитофондық жазулар (1-4 сыныптарға).
Өсімдіктердің гербарийлері (1-4 сыныптар).
Жан-жануарлардың макеттік коллекциялары (1-4 сыныптар).
Пайдалы қазбалардың коллекциялары (1-4 сыныптар).
Ұлттық ою-өрнектердің коллекциялары (1-4 сыныптар).
Қазақстанның физикалық, экологиялық және саяси карталары (бастауыш сыныптар үшін).
10) Глобустар.
11) Табиғаттағы мезгілдік өзгерістерді бейнелейтін суреттер (1-4сыныптар).
12) Табиғаттың орман-тау, шөл-шөлейт жағдайлары бейнеленген суреттер (1-4 сыныптар).
13) Жергілікті жерлердің жоспары (3, 4-сыныптар).
Жергілікті жер жоспарындағы шартты белгілер (3, 4 –сыныптар).
Теллурийлер.
16) Қазақстан Республикасының рәміздері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет