«Дүниетану» сабақтарында пысықтау. Оқушылардың білімін тексеру. Дүниетану сабақтарында тест қолдану



бет7/22
Дата14.08.2023
өлшемі82,48 Kb.
#105255
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Байланысты:
дуниетану)

Өздігінен жұмыс істеу. Бұл метод жаңа материалды баяндаған кезде де, сондай-ақ ұғымдарды қайталап, бекіткен кезде де пайдаланылады.Оқулықпен, хрестоматиялармен, оқуға арналған кітаптармен оқушылардың өздігімен жұмыс істеуін ұйымдастыру, мүмкіндігі оқытып үйретілетін материалдың негізгі қасиетіне орай анықталады. Бұл методты пайдалануға тым шектен тыс әуестенуге болмайды, алайда сипаттамалы информацияны зерттеген кезде, сондай-ақ оқу әдебиеттерінде айтарлықтай толық, түсінікті, жақсы иллюстрациялармен баяндалған проблемаларды оқып үйренген кезде мұны пайдалануға әбден болады.
10. Биосфера туралы қазіргі түсінік берудегі ақпараттық технологияны қолдану
Болашақ мұғалімдерді даярлайтын жоғары оқу орындарында байланыс құралдары мен қазіргі ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолдануда, ақпаратты іздеуге және қабылдауға, танымдық және коммуникативтік қабілеттерін дамытуға, күрделі жағдайлардан шығудың тиімді жолдарын таба білуге үйретуде оңтайлы жағдайлар жасалуы керек. Шартты білім беруден босатылған оқытушы білім алушымен бірге өзара қарым-қатынас формасын таңдауға мүмкіндік алады. Білімгерлердің жекелеген мүмкіндіктері мен талаптарын ескере отырып, кандай да бір пәнді оқудың жағдайы жасалады. Бұл жағдайда қалыпты аудиториялық сабак кезінде де ақпараттық-қатынастық технологияларды қолдана отырып уақытты үнемдеуге, яғни мазмұнды жұмыс жасауға болады, ал болашақ мұғалімдерді даярлайтын оку орны үшін жаңа талаппаен оқыту өте маңызды. Ақпараттандыру жағдайында білімгерлер меңгеруге тиісті білім, іскерлік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отырады. Жоғары оқу орындарында білім беру саласында ақпараттық-қатынастық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін жетілдіру мен жаңалаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары әрдайым жүргізілуде. Осыған орай, болашақ мамандардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастырып, оны одан әрі дамыту оқу орындарының алдында тұрған ең бір негізгі мәселе болып табылады. Ақпарат беретін технологиялар оқу үрдісіне енуіне байланысты оқыту әдістеріне, түрлеріне, мазмұнына өзгеріс енеді. Сонымен білімді ақпараттандыру дидактикалық үрдістің мәнді жағы- оқытушы мен білімгердің іс-әрекетін өзгертуде. Білімгер алуан түрлі, өте көп акпараттармен жұмыс істеп, оларды біріктіріп, оны автоматты түрде меңгеріп, үрдістерді модельдейді, оқу іс-әрекетін өз бетімен жасайды. Еліміздің ақпараттандыру жүйесін ары қарай дамыту үрдісін оқып үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын білімді жетілдіруге арналған бағдарламалық құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Өз функционалдық мүмкіндіктеріне қарай компьютер қазіргі кезде оқытудың ең керекті жабдығына айналды, бірақ оны тиімді түрде пайдалану жолдарының әлі ашылмаған тәсілдері, күнделікті сабақтарға қолдану үшін әлі де айқындалатын жақтары көп екені бізге белгілі. Соған байланысты білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген педагогикалық бағдарламалық құралдарды ұйымдастыру қазіргі кездегі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Оку жүйесінде ақпараттық технологияны жалпы қолданудың мазмұнынан гөрі оны пайдалану ісі білім беру жүйесіндегі қойылған талаптарға қаншалықты жауап бере алатыны маңыздырақ. Сондықтан компьютермен оқыту әдісін жүзеге асыру жалпы білім беру әдісін жетілдіру тәсілдерімен бірге онымен тығыз байланысты белгілі бір пәннің өз ерекшеліктерін де есепке алуды талап етеді. Білім беру аясындағы мәселелерді ақпараттық және компьютерлік технология көмегімен шешу мүмкіндіктері жайлы соңғы кезде жиі естиміз. Компьютер қазіргі кезде оқытудың ең керекті жабдығына айналды, бірақ оны тиімді түрде пайдалану жолдарының әлі ашылмаған тәсілдері, күнделікті сабақтарға қолдану үшін әлі де айқындалатын жақтары көп екені бізге белгілі. Соған байланысты білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген ана тідіндегі оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру бұл күнде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет