«Дүниетану» сабақтарында пысықтау. Оқушылардың білімін тексеру. Дүниетану сабақтарында тест қолдану


Дүниетану әдістемесінің пәні және міндеттері



бет8/22
Дата14.08.2023
өлшемі82,48 Kb.
#105255
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Байланысты:
дуниетану)

11.Дүниетану әдістемесінің пәні және міндеттері
Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі – педагогика ғылымының негізгі бағыты. Бұл Дүниетану пәнін негіздері циклінен алған білімдеріне сүйене отырып бастауыш сыныпта Дүниетану пәнін оқытуға қажетті теориялық, әдістемелік білім мен білікті, педагогикалық шеберлікті үйрететін курс болып табылады.
Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі пәнінің мақсатыболашақ мұғалімдерге арнайы мектептегі “Дүниетану пәнін” пәнінің теориялық негіздерін және оқыту мен тәрбиелеу әдістемесімен таныстырады. Ал «Дүниетану пәнін» пәнінің мақсаты оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, адам-адам, адам-қоғам, адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас туралы ғылыми ұғымдар мен дүниені танып білудің әдіс-тәсілдерін меңгерту болып табылады.
Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі пәнінің міндеті бастауыш мектеп мұғалімін мемлекеттік білім стандарты мен оның талаптарын, оқу бағдарламасын, пәннің мазмұны мен оқыту әдіс- тәсілдерін және технологиялары жөнінде білімдермен қаруландыру болып табылады.
Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері:
1.оқушыларға дүние туралы (көркем, аңыздық, т.б. түсініктер мен байытылған дүниенің ғылыми бейнесі);
2.оқушылардың қалыптастыруы тиіс әрекет түрлері (оқу, еңбек, ойын, қарым-қатынас т.б.);
3. дүниені танып білудің әдіс-тәсілдері (логикалық, ғылыми) туралы білім, білік- дағдыларды меңгертумен бірге оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту болып табылады.
12.Дүниетану сабағындағы сыныптан тыс жұмыстың маңызы. Сыныптан тыс жұмыстың формалары.
Сыныптан тыс жұмыстар. Сыныптан тыс ұйымдастырылатын оқу түрлері оқушыларға білім және тәрбие беруде үлкен маңызға ие. Бұл оқу үрдісінде балаларға қосымша білім және тәрбие беретін оқу түрі болып есептелінеді, бірақ міндетті бағдарлама талап етілмейді.
Сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыс түрлері оқушыларға табиғаттың құпия сырларына қаныға түсуге айқара жол ашады, құштарлығы оянады, өз беттерімен жұмыс жасауға белсенділігі артады, білімдері терендейді. Сыныптан тыс жұмыстар барысында бала бойында жауапкершілік, тәрбиенің баска да түрлі қырларының қалыптасуы жүзеге асады. Мұғалімге үлкен көмекші болып табылады. Сонынан түрлі іс- шаралардың ұйымдастырылуына мұрындық болып, жетекші болып шығады.
Бастауыш мектеп оқушыларының оқыту және тәрбиелеу әр түрлі ұйымдастыру формаларындаөтеді.Оқу
жұмысының әрбір формасы мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетінің сипатына,оқушылар құрамына, оларды сабак кезінде ұйымдастыруға,сонымен бірге оқу уақытының режиміне байланысты.
Қазіргі кезде бастауыш мектептегі дүниетану сабақтарында ұйымдастыру жұмысының мынадай формалары қолданылады.
А.Сынып сағаты
В.Топсаяхаты
С.Үйдегі оқу жұмысы
Д.Мұғалімнің тапсырмасымен жүргізілетін және тікелей оқу материалымен байланысты сабақтан тыс жұмыс (табиғаттағы,тірі табиғаттағы мүйісі,мектеп алаңындағы бақылаулар).
Дүниетану сабағы бұл пән бойынша оқыту мен тәрбиенің негізгі ұйымдастыру формасы болып табылады.Сабақ мұғалімге әр түрлі әдістер мен тәсілдер жүйесін қолдана отырып, негізгі дүниетану түсініктері мен ұғымдарын қалыптастыру бағытында жоспарлы және мұқият жұмыс істеуге мүмкіндік береді.Бірақ бұл жұмыстың бір
сабақтан екінші сабаққа ұдайы жүргізілетінін, сондықтан
бағдарламаның әрбір тақырыбы өзара логикалық байланыстағы сабақтар жүйесі болып табылатынын естен шығармау керек. Әрбір сабақтағы бұл жүйедегі орнын анық және айқын білу үшін мұғалім тақырыптық жоспарлауды жүзеге асырады да,онда өзінің оқыту және тәрбиелеу процесіне байланысты қойған мақсаттарына жетуге мүмкіндік беретінжұмыстың формаларын,әдістері мен тәсілдерін белгілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет