Халықтың рухани мәдениеті. Күнделікті өмірдегі салт-дәстүрлер. Наурыз мерекесі.
Діни және басқа халықтық мейрамдар. Көшпелі және отырықшы тұрмысқа тән әдет-ғұрыптар,
дәстүрлер, олардың ерекшеліктері. Халықтың наным-сенімдері.
ХҮ-ХҮІІІ ғғ. ақын-жыраулар: Асан Қайғы, Шалкиіз, Қазтуған, Доспамбет, Жиембет,
Марғасқа, Ақтамберді, Бұқар. Олардың мұраларындағы негізгі идеялар.
Қазақстанда отаршылдық кезеңнің басталуы. ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысында Ресей
үшін Қазақстанның мәні. Әскери бекіністердің салынуы. Қазақстан. Қазақстанның Ресейге
бодандыққа өтуінің басталуы. Императрица Анна Иоановна Кіші Жүзді Ресей империясының
құрамына қабылдау туралы грамотаға қол қоюы. А.И.Тевкелевтің елшілігі. Әр түрлі саяси
топтардың Тевкелев елшілігіне қатынасы. Кіші жүз (1731 ж.) және Орта жүз (1734 ж.)
қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы. И.И.Неплюев. Кирилов бастаған Орынбор
экспедициясының мақсаты. Ор бекінісі. 1749 жылы Петербург сарайындағылардың Нұралыны
Кіші жүздің ханы етіп бекітуі. Отаршыл әкімшіліктің ХҮІІІ ғасырдың ортасы мен екінші
жартысындағы саясаты. Императрица Елизаветаның қазақтарға Жайық өзенінің оң жағында
мал жаюға тыйым салу туралы жарлығы.
Абылай хандығы (1771-1781 жж.). Абылай ханның
біртұтас қазақ мемлекеттігін құру әрекеті. Абылай хан – мәмілегер. Абылай ханның өлімінен
кейінгі Қазақ хандығындағы саяси дағдарыс. Қырғызстан мен Орта Азия хандықтарына
жасаған жорықтары. Қазақтардың Шығыс Түркістанға қоныстауы.
Кіші жүзде хандық биліктің дағдарысқа ұшырауы (ХҮІІІ ғ. ІІ-жартысы). Кіші жүз
қазақтарының Е.И.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы. Батыс Қазақстан
өңіріндегі Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі (1783-1797
жж.).
Достарыңызбен бөлісу: