Докторнатураға түсу емтиханының бағдарламасы


Қимақ қағанаты (ІХ ғ. соңы – ХІ ғ. басы)



Pdf көрінісі
бет6/44
Дата13.02.2023
өлшемі0,62 Mb.
#67376
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
6D011400 – Тарих каз

Қимақ қағанаты (ІХ ғ. соңы – ХІ ғ. басы). Қимақ тайпалары туралы араб-парсы 
тарихшыларының мәліметтері. Қимақтардың шығу тегі, орналасуы, этникалық құрамы. Қимақ 
мемлекетінің құрылуы. Қағанаттың сыртқы саяси жағдайы. Қоғамдық құрылысы, 
шаруашылығы, қалалары. Қыпшақтардың әскери ақсүйектерінің күшеюі. Қағанаттың құлауы.
Оғыз мемлекеті (ІХ ғ. соңы – ХІ ғ. басы). Оғыз тайпалары туралы жазба деректер. 
М.Қашғари оғыздар жөнінде. Оғыз мемлекетінің құрылуы. Мемлекеттің ішкі және сыртқы 
саясаты, салт-дәстүрі. Оғыздардың Хорезммен, қимақтармен қатынасы, селжүктермен 
соғысы. Оғыз мемлекетінің құлдырауы мен құлауы.
Қыпшақ хандығы (ХІ ғ. басы – 1224 ж.). Қимақ мемлекетінің мұрагерлері Қыпшақ 
тайпалары туралы араб-парсы, қытай, европалық (комондар), орыс деректерінің мәліметтері. 
«Дешті Қыпшақ» термині. Қыпшақ хандығының құрылуы (ХІ-ХІІІ ғғ). Қыпшақтардың 
тайпалық құрамы және иерархиясы. Қыпшақ хандығы мен Хорезм мемлекеті, ежелгі орыс 
княздықтарымен арасындағы байланыстар. Мемлекеттің екі бірлестікке бөлінуі. 
Қыпшақтардың қазақ және басқа түркі халықтарының қалыптасуындағы рөлі. Қыпшақ 
хандығының құлауы. Әл- Идрисидің «Кіші картасы» («Қыпшақ даласы» туралы мәліметтер).
Қарақытай мемлекеті (1128-1213 жж.). Шығыс Қарахан қағанатын қарақытайлардың 
басып алуы. Елүй Дашы. Қарақытайлардың саяси ықпалының Мәуереннахрға тарауы. 
Қоғамдық құрылысы және шаруашылығы. Қарақытай мемлекетінің құлауы.
Найман, керей ұлыстары (Х-ХІІІ ғғ.). Найман, керей тайпалық одақтары жөніндегі 
деректер. «Моңғолдардың құпия шежіресі». Қытай дерегі – «Юань-Ши». Рашид ад-Диннің 
«Жылнамалар Жинағы» - ХІҮ ғасырға дейінгі түркі- моңғол халықтарының тарихы бойынша 
ауызша және жазбаша дерек көзі. Найман, керейлердің бастапқы орналасқан жері, олардың 
тегі мен тілі жөніндегі тарихнамалық мәселе. Х ғ. Керей мемлекетінің құрылуы. Найман 
тайпалық одағының қалаптасуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет