Докторнатураға түсу емтиханының бағдарламасы


ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан



Pdf көрінісі
бет12/44
Дата13.02.2023
өлшемі0,62 Mb.
#67376
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44
Байланысты:
6D011400 – Тарих каз

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан  


Қазақстанды басқарудың әкімшілік-территориялық және сот реформалары. 1867-1868 
ж. «Уақытша ережелер». 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша қазақтардың әкімшілік-
орталық аппарат жүйелерінде қызметінің шектелуі. Реформа бойынша сот және салық 
жүйесіндегі өзгерістер. 1867-1868 жылдардағы патша үкіметінің әкімшілік-территориялық 
реформаларының енгізілуіне байланысты туған ұлтазаттық көтерілістер (1870-1873 жж.). 1886 
жылғы «Түркістан өлкесін басқару жөніндегі Ереже», 1891 жылғы «Ақмола, Семей, Жетісу, 
Орал және Торғай облыстарын басқару жөніндегі Ереже». Аталған облыстар құрамына енген 
уездер. Дала генерал-губернаторлығының құрылуы. ХІХ ғасырдың соңындағы қазақ жерінің 
территориялық-әкімшілік құрылымы. 1886 және 1891 жылғы Ережелерге байланысты барлық 
буындағы отаршыл-әкімшілік жүйенің одан әрі жетіле түсуі. Көшпелі және отырықшы 
тұрмыстағы халыққа белгіленген алым-салық пен міндеткерліктер. Сот жүйесіндегі 
өзгерістер. Жалпы империялық сот позициясының нығая түсуі.
Патша өкіметінің аграрлық саясаты: себептері, барысы, салдары. Экспедициялар. 
ХІХ ғ. аяғы-ХХ ғ.басында Қазақстанға қоныс аударған қоныстанушы шаруаларға жер бөлудің 
түрі. ХХ ғасыр басында Қазақстандағы қоныстандыру қоры жұмысының негізгі бағыттары.
Ресей әскерінің Іле аймағындағы саясаты. 1881 ж. Санкт-Петербург келісімі. 1881-1884 
жж. Жетісуға Іле аймағына ұйғырлар мен дүнгендардің қоныс аударуы. Қазақ ауылына 
нарықтық қатынастың енуі. Шаруашылық. Қазақ қоғамында әлеуметтік жіктелудің күшеюі.
ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы өнеркәсіп орындары 
қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері және сипаты. Қазақстанның қалалары. 
Қалалардың экономикалық өмірі. Қалалардың халқы, әлеуметтік-демографиялық құрамы. 
Қазақстанда өндіріс орындарының құрылуы. Алғашқы өнеркәсіптік акционерлік қоғамдардың 
құрылуы. Жұмысшылар табының қалыптасуы.. ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ.басында қазақ 
буржуазиясы және сауда. Сауда байланыстары. Жәрмеңкелер. Темір жолдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет