ХҮ-ХҮІІІ ғғ. Қазақ хандығы. Қазақ хандығының құрылуы (1465-66 жж.). Қазақ
хандығы құрылуы туралы жөніндегі жазба деректер, тарихи аңыз-әңгімелер. М.Дулати
“Тарихи Рашиди”. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары. Қазақ хандығының
құрылуы, оның күшейе бастауы. Есен-Бұға ханның қайтыс болуы. Жүніс хан. Дешті Қыпшақта
Қазақ хандары билігінің орнауы. Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы. Сыр бойы.
Тарихи-географиялық сипаттама. Сыр бойы қалаларының қазақ қоғамының саяси-әкімшілік,
экономикалық, әскери-стратегиялық және діни-мәдени өміріндегі орны. Қазақ хандығының
Сыр бойы үшін күресінің басталуы, оның кезеңдері. Бұрындық хан. ХҮ ғ. 90-шы жж.
шиеліністі жағдайлар және 1495/96 жж. келісімдер.
Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында Қазақ хандығының күш-қуатының артуы.
Қасым хан тұсында Сыр бойы мен Жетісудың Қазақ хандығына өтуі, оның маңызы. ХҮІ ғ.
басындағы көрші мемлекеттермен арадағы қатынас. Еділ мен Жайық аралағының Қазақ
хандығына өтуі. Орыс мемлекетімен қарым-қатынасты орнату. Қасым ханның «Қасқа жолы».
ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. 30-шы жылдары аралығындағы Қазақ хандығы. Қазақ хандығының Мамаш
хан (1518-1523). Тахир хан билігі (15231533). Хандықтың ішкі және сыртқы саяси жағдайы.
Бұйдаш хан (1533-1534). Хақназар хан (1538-1580). Қазақ хандығының қайта өрлеуі.
Мауреннахрмен және Ноғай ордасымен арадағы қатынас. Хақназар ханның өлімі. Шығай ханның (1580-1582) билігі. Билікке Тәуекел ханның (1586-1598) келуі.
Мауреннахр билеушісі Абдолла ІІ-мен қатынасы. Сібір хандығымен байланысы. Қазақ
елшілігінің Москваға баруы (1594). Оның мақсаты. Тәуекел ханның 1598 ж. Мауреннахрға
жорығы, оның қорытындылары.
Есім ханның (1598-1628) билікке келуі. Есім хан мен Тұрсын хан арасындағы
қайшылықтар. Тұрсын ханмен күресте қазақ ханы Есімге қырғыздардың қолдау көрсетуі.
Тұрсын ханның өлімі. Есім ханның қайтыс болуы. Есім хан мен Рабиға бегімнің кесенелері
орналасқан қала. Салқам Жәңгір ханның билікке келуі. Орбұлақ шайқасы.