Докторнатураға түсу емтиханының бағдарламасы


Қазақстан Қазан революциясы және азамат соғысы жылдарында



Pdf көрінісі
бет14/44
Дата13.02.2023
өлшемі0,62 Mb.
#67376
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44
Қазақстан Қазан революциясы және азамат соғысы жылдарында. Ресейдегі Қазан 
революциясы. Қазақстанда 1917 жылдың қазан-сәуір айлары аралығында Кеңес үкіметінің 
орнауы. Кеңес өкіметі және Алашорда мен Қоқан автономиясы үкіметтерінің тағдыры. Ұлт 
зиялыларының Кеңес өкіметіне көзқарастары. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының 
таратылуы. Кеңес үкіметінің алғашқы шаралары. 1917 жылы Кеңес өкіметіне қарсы біріккен 
күштер. Қазақстанның 1918-1920 жж. азамат соғысына тартылуы. Ақ гвардияшылар мен 
Қызыл Әскер арасындағы әскери қимылдың бүкіл Қазақстан жерін қамтуы. Азамат соғысы 
жылдарындағы экономикалық жағдай. «Әскери коммунизм» саясаты. Ә.Жангельдин 
экспедициясы. Черкасск қорғанысы. Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстанда соңғы 
майдан Жетісу майданының жойылуы.
1919 ж. 10 шілдеде Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару үшін революциялық Комитеттің 
құрылуы. 1920 ж. Алашорда үкіметінің жойылуы. 1920 ж. 26 тамыз Қырғыз (Қазақ) АССР-нің 
құрылуы. Қырғыз (Қазақ) АКСР Орталық Комитетінің төрағалары. Қазақ АКСР-нің 
шекарасын межелеу. Орта Азия аумағында ұлттық республикалардың құрылуы.
 
Қазақстан Кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінде (1918-1939 жж.)  
Қазақ АКСР-і және Түркістан Республикасы. Мұсылман Бюросы және Түріккомиссия:
саяси билік үшін күрес. Тұтас Түркістан идеясы. Түркістандағы басмашылар қозғалысы. 1921 
ж. жаңа экономикалық саясат. 1921 ж. Қазақстандағы аштық. Алаш зиялыларының аштықпен 
күресі. 1921-1922 жж. жер-су реформасы. Жаңа билік және қазақ зиялылары.
Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы, оның мазмұны. Қазақ зиялыларының Кеңестік 
билікті ұлттық мүддеге жұмылдыру әрекеті, оның іске аспай қалуы. Алаш қозғалысы 
басшыларын репрессиялау саясаты (1927-1937). 1936 ж. Қазақ АКСР-ның одақтық статусқа 
ие болуы. 1937 ж. Қазақстанда бірінші Кеңестік Конституцияның қабылдануы. 
Ұжымдастыру жылдарындағы Қазақстан. Бай қожалықтарын тәркілеу туралы 
декреттің қабылдануы, оның саяси және экономикалық нәтижелері. Қазақ шаруаларын 
күштеп жаппай отырықшылыққа көшіру шаралары. Ауыл шаруашылығын жаппай 
ұжымдастыруға көшу. Жаппай ұжымдастырудың әдістері, түрлері, қарқыны. Қазақтардың 
дәстүрлі шаруашылық жүйесінің күйреуі. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға 
қарсы халық наразылығы. 1929-1931 жж. күшпен ұжымдастыруға қарсы шаруалардың қарулы 
күресі. 1931-1933 жж. аштық. «Бесеудің хаты». Демографиялық апат және оның салдары. 
Кеңестік тарихнаманың «ұжымдастырудың» нәтижелерін асыра бағалауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет